Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билет № 22





1. Химиядан мектеп курсы мазмұнының қалыптасуы кезеңдері тарихи деректер/ Орта мектептегі химия курсы мазмұны бірден қалыптасқан жоқ. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы табиғаттың негізгі заңы болуымен қатар методикалық ашылу болып табылады. Ф. Энгельс айтуынша ғылыми ерлікпен қатар методикалық мәселелерді шешуге көп көмек көрсетті. Осыдан кейін Д И Менделеев «Химия негіздері» деген кітап жазды, ол химия тарихында жоғарғы оқу орындарына арналған тұңғыш оқулық болды. Бұл оқулықта ірі шрифтімен оқушыларға /орта оқу орындарына/ арнап жазылған жерлері болды. Бірақ бұл мектептерде оқушыларға түсініксіз, қиын деп оқылмады. Совет үкіметінің алғашқы жылдарында химиядан мектеп бағдарламасын жасау керек деген ұсыныс жасалып, арнайы 2 комиссия құрылды. 1) В Н Верховский басқарған Петроград комиссиясы. 2) П П Лебедев басқарған Москва комиссиясы

Олар 1920 жылы бір-бірінен айырмашылығы бар шамамен алынған екі бағдарламасының жобаларын жариялады. Шамамен алынған дейтініміз бұл бағдарламада әр класта өтілетін тақырып тізімі берілді, мазмұны ашылмады, Жергілікті жағдайларға байланысты мұғалімнің өзі анықтау керек болды.В Н Верховскийдің басқарған комиссияның жобасының мақсаты – оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, пәннің жалпы білімділік маңызын көрсету. Осы мақсатта заттарды классификациялауға, периодтық заңды оқылуы көзделді. Демонстрациялық тәжірибе, лабораториялық, практикалық сабақтар қарастырылды, химиялық символикаларды оқыту қарастырылды. Екінші Лебедев П П басқарған комиссияның программасының мақсаты – химияны өмірмен, қоғамдық сарамандылықпен байланысын көрсету, өздігінен істейтін жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.

Бұл программада теорияның жетекшілік мәні мойындалмады, оны тәжірибеден оқушылардың өздері қорытындылады. Сойтіп 1923 жылы өмірмен байланысы бар деп екінші бағдарлама қабылданды. Мектепте «қоғам», «табиғат», «еңбек» деген құрама тақырыптар еңгізілді. Өндіріс, өндіріс әрекеттер оқытылып, теориялық білім әр класс соңында қарастырылды. Жүйелі білім болмағандықтан оқушылар өндіріс әрекеттерін түсінбеді, білімнің сапасы төмендеп кетті.

2. Органикалық заттарды оқып –үйренудің әдістемесі, оқу –тәрбиелік манызы. Органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы. Органикалық заттардың құрылысы туралы ұғымды қалыптастыру. 1.Органикалық химия курсының оқу-тәрбиелік маңызы мен міндеттері. Орта мектепте органикалық заттар немесе көміртегі қосылыстарының химиясы арнайы курс ретінде өтіліп, бірқатар оқу-тәрбиелік міндетттерді шешеді.Органикалық химияда заттардың сан алуандығы және оның себептері жөнінде ұғым қалыптасады, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың бірлігі мен айырмашылығы ашып көрсетіледі. Органикалық заттар сан жағынан көп, қазіргі кезде белгілі қосылыстардың төрттен үші органикалық заттарға жатады. Органикалық заттардың құрамына негізінен көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және фосфор элементтері, яғни санаулы ғана элементтер кіреді. Кейінгі кезде металорганикалық және электроорганикалық қосылыстар көптеп алынуда, бірақ олар орта мектепте оқылмайды. Органикалық қосылыстардың құрамына оқушыларға таныс элементтер ғана кіргенімен әр алуан болуы көміртегі атомдарының өзара бір және еселенген химиялық байланыстар түзуге бейімділігімен түсіндіріледі. Оқушылардың теориялық білімі жаңа сатыға көтеріледі. Органикалық химияның теориялық көзқарастарын дамытуда және ғылыми жаңалықтарын ашуда ғалымдардың қосқан үлесіне баса назар аударылып, интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жүзеге асырылады. А.М.Бутлеровтың органикалық заттардың құрылыс теориясы, М.М.Марковниковтың атомдардың өзара әсері жөніндегі ережесі, Н.Н.Зининнің анилин алу реакциясы, М.Т.Кучеровтың ацетиленді гидраттау реакцияларының маңызы түсіндіріледі. Органикалық химияда ғылым аралық және пән аралық байланыстарды жүзеге асыруға зор мүмкіндік туады. Органикалық химия тірі организмдердің құрамына кіретін, олардың денесін құрайтын, биохимиялық бағыттарға қатысатын заттарды зерттейді, тіршілік барысын молекулалық деңгейде түсінуге жәрдемдеседі. Биологиялық аса маңызды заттар: көмірсулардың, майлардың және ақуыздың химиялық құрамын және қасиеттерімен таныстыру арқылы органикалық химия оқушыларды жалпы биологияны оқу материалын жете игеруге әзірлейді. Органикалық химияны өткенде оқушылардың зертханалық-сарамандық біліктері дамиды. Едәуір күрделі сапа және сан тәжірибелерін жасауды, эксперимент есептерін шығаруды үйренеді. Органикалық химияны игеру барысында оқушыларда дүниенің материадан тұратынын, бірлігі, үздіксіз дамуы, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы, оларды танып-білуге болатынын жөнінде ғылыми көзқарас қалыптасады. Өлі табиғат және тірі табиғаттың бейорганикалық заттармен органикалыз заттардың арасын бөліп тұрған шекара жоқ екені жөнінде пікір туады. Органикалық химия оқушылардың ақыл-ойының дамуына зор әсерін тигізеді. Қисынды ойлаудың дедукция, анализ және синтез, салыстыру және жалпылау тәсілдерін жиі пайдалынылады. Органикалық химияы оқытуда оқу жұмысын ұйымдастырудың бұрыннан келе жатқан түрлері пайдалынады. Солардың ішіндегі ең негізгісі-сабақтың типтері, мазмұны, әдістері мен құралдары материалдың сипатына, оқушылардың өсуіне және жасының есеюіне қарай елеулі өзгерістерге ұшырайды. Жаңа материалды үйрену, алған білімді жетілдіру, қайталау және қорытындылау сабақтары, көбінесе дәріс, семинар, пікір таласы және конференция түрінде өткізіледі. Бұларда қарастырылатын оқу дербестігі арттырылады. Дәріс пен әңгіменің мәселелік, әңгімелесудің эвристикалық түрлері жиі қолданылады. Оқыту әдістерінің сипаты, оларды қолдану кезіндегі мұғалім еңбегі мен оқушы іс-әрекетінің ара қатынасы өзгереді. Сөз, көрнекі және сарамандық әдістер оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын кеңінен және тиімді ұйымдастыру жағына қарай ауысады. Бірқатар деректі және суреттеме материалдарды оқушылар өздігінен оқып үйренеді. Оқыту құралдарының ішінде химиялық эксперименттің мәні артады. Органикалық химияда қойылатын тәжірибелердің техникасы күрделі болуынан, көбінесе, көрнекі көрсетулер жасалады. Көрнекі көрсету тәжірибелері тиісті нәтиже бермейтін жайдайларда ғана зертханалық тәжірибелер жүргізіледі. Тәжірибелер жасауда сурет бойыншы түсіндіру және зерттеу әдістері қолданылады. Сөз, көрнекілік және тәжірибені ұштастырудың түрлері материалдың мазмұнына және оқушылардың өткендегі әзірлігіне қарай анықталады. Байқалған қасиеттеріне сәйкес органикалық қосылыстың құрылымын іздеп табу, алдын-ала жасалған жорамалды сынау тәжірибелері көбірек орын алады. Сарамандық тәжірибелер эксперимент есептері түрінде беріледі. Сан есептерінен тәжірибе мәліметтері бойынша заттың химиялық формуласын табу жиі шығарылады. Органикалық химияны оқытуда оқушылардың қисынды оулыуын дамытуға баса назар аударылады. Органикалық қосылыстардың жеке кластарын өткенде салыстыру тәсілі жиі қолданылады. Қаныққан көмірсутектерінің құрылысы және қасиеттері қанықпаған қосылыстар қатарларының құрылысы мен қасиеттері өзара салыстырылады. Салыстыру кезінде табылған айырмашылықтар заттың құрылысы-қасиеттері-қолданылуы арасындағы себеп-салдар байланысы арқылы түсіндіріледі. Түсіндіру үшін анализ және синтез, жалпылау, қорытындылау және жүйелеу тәсілдері пайдалынады. Оқушылар даму идеясын нақтылау игеру үшін органикалық қосылыстар кластарының арасындағы генетикалық байланысқа ұдайы назар аударылады.Органикалық заттардың құрылысы А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы, электрондық теория және кеңістік құрылысының теориясы тұрғысынан қарастырылады. Соңғы кездегі бағдарлама бойынша органикалық химияның курсы органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын мына жоспарға сәйкес оқып-үйренуден басталады: құрылыс теориясы шығуының алғы шарттары; құрылыс теориясының мәні мен маңызы; эзомерия туралы алғашқы ұғым; кіші период элементтері атомдарының электрондық құрылысы және химиялық байланыс. Бұл материалды үйренуге арналған сабақтар әңгімелесу кірістірілетін дәрістер түрінде өткізіледі. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында органикалық химияның дамуына өндірістің, қоғамдық сарамандықтың тигізген әсері, деректі материалдың көбеюі мен оларды түсіндіретін көзқарастар арасында қайшылық туғаны баяндалады. Солардың ішінде органикалық заттардың сан алуан болуын, оларда валенттілік заңдылығының сақталмайтын тәрізді көрінуін, сапалық құрамы бірдей заттар қасиеттеріндігі өзгешіліктерді түсіндіру қажет болғаны айтылады. Бұл қайшылықтарды дәлелдейтін нақтылы мысалдар келтіріледі. Орта мектепте оқытылатын органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы ұдайы жетілдіріліп келеді. Оның алғашқы тұрақты бағдарламасын, оқулығын оқыту методикасын В.Н.Версовский, Л.М.Сморгановский жазды. 1950 жылдардан бастап орта мектептегі органикалық химияның мазмұны мен методикасын жетілдіруде Л.А.Цветков көрнекті еңбек сіңіріп келеді. Алғашқы бағдарламада оқу материалы құрамы қарапайым қосылыстардан басталып, құрылысы және атқаратын қызметі күрделі қосылыстарға дейін орналастырылады. Кейінгі бағдарламаларда осы негізгі методикалық негіз сақталып, оқу-тәрбиелік маңызы аз кейбір деректі материалдар қысқартылды, және теориялық көзқарастар мен толықтырылды. 1968 жылы жаңартылған бағдарламаға органикалық заттардың электрондық және кеңістіктік құрылысы туралы ұғым, химиялық байланыстың табиғаты жөніндегі соңғы көзқарастар орын басу және қосып алу реакцияларының механизмі, атомдардың өзара әсері туралы түсініктер енгізілді. 1988 жылдан бастап бағдарламаға пән аралық ұштастыруды, оқытудың өндіріс пен және өмір мен байланысын күшейтетін өзгертулер жасалды. Бес мүшелі моносахарид пентоза, азоты бар гетероциклді қосылыстар, нуклейн қышқылдары туралы мәліметтер беріледі, Этил спиртінің орнына метил спиртін өндіру өтіледі. Синтездік үлкен молекулалы заттар және полимер материалдар курсытың соңындағы жеке тақырыпта қарастырылады. Органикалық химия курсының құрылымын анықтағанда іс жүзінде сыналған дидактикалық және методикалық негіздер жүзеге асырылады.

Date: 2015-06-11; view: 1120; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию