Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәстүрлі емес сабақтар. Конференция сабағы, оны ұйымдастыру, өткізу әдістемесі





 

Билет

1.Жалпы білім беру мен тәрбиелеу мәселелерін шешуге білім мен біліктілікті тексерудің ролі. Білімді, біліктілікті және дағдыны тексерудің әдістері мен амалдары. Білімді бағалаудың объектілігі. Бағаның тәрбиелік мәні. БIЛIМ МЕН БIЛIКТI ТЕКСЕРУДIҢ ОҚУ-ТӘРБИЕЛIК МАҢЫЗЫ. Оқытудың нәтижесiн шығару-оқыту барысындағы аса маңызды бөлiк. Оқыту мақсатының орындалуы, мазмұны, құралдары, әдiстерi және ұйымдастыру фортексеру арқылы анықталады. Тұтасынан алғандағы оқытудың барысы тәрiздi бiлiм мен бiлiктi тексеру де үйрену, тәрбие беру және оқушылардың ақыл-ойын дамыту мақсаттарын көздейдi. Оқушылардың бiлiмi мен бiлiгiн тексеру арқылы мұғалiм өз iсiне талдау жасайды, қолы жеткен табыстарын молайтып, жiберген кемшiлiктерiнiң себебiн ашуға ұмтылады. Оқыту мазмұнына, ұйымдастыру формаларына, құралдары мен әдiстерiне өзгерiстер енгiзедi, жетiлдiредi. Бiлiмi мен бiлiктi күнделiктi, тоқсандық жылдық және қортынды тексеру арқылы оқушылар кластан класқа көшiрiледi, мектеп бiтiру емтихандарында сыналады. Ата- аналар балаларының үлгерiмi жөнiнде хабар алады. Әр оқушының жетiстiгi ата-анасын қуанышқа кенелетiн болса, кемiстiгi жiне артта қалуы дер кезiнде шаралар қолдануға мүмкiндiк жасайды. Сонымен оқушылардың бiлiмiн, бiлiгiн және дағдысын тексеру дидактикалық жағынан алғанда бақылау, үйрету, бағдарлау, және тәрбиелеу мiндеттерiн атқарады. Мұғалiм оқытудың әр кезеңiнде оқушылардың өтiлген материалды қалай меңгергенiн бақылайды.Тексеру оқушылардың барлығын толық қамтитын болуы керек. Сонда өтiлген жеке тақырып бойынша әр оқушының бiлiмi нақтылы анықталады. Тексеру жүйелi және жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиiс. Тексеру үшiн қажеттi дидактикалық және техникалық құралдар, тексеру әдiстерi мен түрлерi материалдың мазмұнына сәйкес алдын- ала әзiрленедi. Тексерудiң оқушыларды ынталандыратын, өз күшiне сенiмiн арттыратын сипаты болуы керек. Оқушылар тексерудiң қажеттiгi мен пайдасын мойындайтын дәрежеге дейiн көтерiлiп, өзiн-өзi бақылайтын, өз iсiне сын көзiмен қарайтын күйге келуi тиiс. Iзгiлiк пен демократияландыру тұрғысынан алғанда бұл аса маңызды талаптардың бiрi.Тексерудiң түрлерi мен әдiстерi әр мұғалiм жүзеге асыра алатындай қарапайым және оңтайлы болуы керек. Сонымен бiрге бiлiмдi тексеру мен бағалау кезiнде ақиқаттан алыстамаудың әдiлеттiлiк пен парасаттылықтан айнымаудың тәрбиелiк маңызы зор екенiн айрықша айтпаса болмайды.Методикалық әдебиеттерде оқушылардың бiлiмi мен бiлiгiн тексерудiң дидактикалық мақсаттарына қарай күнделiктi, дүркiндi және қортынды тексеру деп жiктейдi. Күнделiктi тексеру жеке сабақтарда, дүркiндi тексеру бiр тақырыпты өткен соң, қортынды тексеру тоқсанның соңында, жыл аяғында жүзеге асырылады. Бұлардың әрқайсысы өткiзу әдiстерi немесе бiлiмiнiң алыну формасы бойынша ауызша сұрау, жазба жұмыстар және эксперименттiк тапсырмаларға бөлiнедi. Бұлардың өзi одан әрi жекелеп сұрау, топтық сұрау және жаппай сұрау, химиялық диктант, қысқа мерзiмдi бақылау жұмыстары, ұзақ мерзiмдi бақылау жұмыстары, жазбаша үй тапсырмасы, жеке дара көрнекi көрсету эксперимент, зертханалық жұмыс, сарамандық бақылау жұмыстары, үй экспериментi болып тарамдалады. Бiлiм мен бiлiктi тексеру құралдарына қарай машиналармен және машинасыз тексеру деп жiктеледi, соңғысына жататындар: карточкалар, перфокарталар, сұрақтар тiзбесi, билеттер, электрленген кестелер, құралдар, модельдер, сызбанұсқалар, т.б. Осы кездегi педагогикалық және методикалық әдебиеттерде айтылып жүрген оқушыларда қалыптасуға және тексеруге тиiстi бiлiктер мен дағдыларды үш топқа бiрiктiруге болады. Бiрiншiсi –оқу жұмысын ұйымдастырумен байланысты бiлiктер мен дағдылар: жоспарлау, оқулықпен жұмыс iстей бiлу; беретiн жауабының жоспарын жасау; айтқанын дәлелдей бiлу, өзiн-өзi бақылау және талдау. Екiншiсi –оқушылардың даму өрiсiн көрсететiн қисынды бiлiктер мен дағдылар: анализ және синтез жасай бiлу; салыстыру; жiктеу;жалпылау; негiзгiсiн таба бiлу; аналогия жасау; себеп-салдар байланысын ашу; жорамал жасай бiлу, оны дәлелдеу, қортындысын шығару. Үшiншiсi-еңбек iстей бiлумен байланысты бiлiктер мен дағдылар: еңбек iстей бiлумен байланысты бiлiктер мен дағдылар: еңбек iстеуге ыңғайы, жабдықтарды пайдалана бiлуi; реактивтермен жұмыс iстей бiлуi, сақтық шараларын орындауы; тәжiрибе жасау техникасын меңгеруi; құбылыстарды бақылай бiлуi; бақылауды тiркеп жазуға икемдiлiгi; уақытты тиiмдi пайдалануы, жұмыс орының тазылығы. Бағалау кезіндеоқушылар жауабының сапалық көрсеткіштері ескеріледі, олар: тереңдігі, толықтылығы, саналылығы, жіберген қателіктерінің саны мен сипаты. Оқушы жауабының тереңдігі теориялық деңгейінен көрінеді. Оқушылар минералды қышқылдардың қасиеттерін-электролиттік диссоциациялану, органикалық қышқылдардың қасиеттерін электрондық теория тұрғысынан түсіндіре білу керек. Біздің бақылауларымызға қарағанда мектеп бітірушілердің кейбіреулерінің білімі атом-молекулалық деңгейінде калып қояды. Оқушы жауабының саналылығы алған білімінен, қолдана білу дәрежесінен байқалады. Оқушы білімінің толықтылығ бағдарлама деңгейімен анықталады.

Оқушының жауабында жіберген қателері елеулі және болымсыз деп есептеледі. Елеуліге оқушы жауабының таяз және түсініксіз болуынан туындайтын мына қателіктер жатады: оқушы ұғымның негізгі белгілерін, аттардың маңызды қасиеттерін, заңның тұжырымын шатастырады, теориялық білімін құбылыстарды салыстыруға, жіктеуге, түсіндіруге, себеп-салдар байланысын ашуға және болжай білуге пайдалана алмайды. Болымсыз қателелерге оқушының жаңылып кетуінен, өз жауабына мән бермей сөйлеуінен және жазуынан туындайтын қателіктер жатады, мәселен реакция теңдеуіне кейбір коэффициенттер қоюды ұмытады, ион зарядтарын және санын дәл көрсетпейді, бірақ мұғалімнің ескертпесінен кейін оларды түзетеді.

2. Химиялық реакциялар туралы ұғымының дамуы. Негізгі білім мазмұны. Электрондық көзқарас тұрғысынан және иондық теория тұрғысынан химиялық реакция ұғымының даму. Зат және химиялық реакция - химия ғылымының анықтамасына кіретін іргелі ұғымдар, өзге аса маңызды ұғымдар осы екеуінен туындайды. Заттар химиялық эелементтердің қосылыстары болып табылатындықтан, бұлардың қатарына химиялық элемент ұғымын да жатқызады. Химиялық реакциядлар кезінде бастапқа заттар реакция өнімдеріне айналады. Бұл айналулар элемент атомдарының арасында жүзеге асады. Орта мектептің химия курсының алғашқы сабақтарында заттар және олардың қасиеттері жөнінде түсінік берілісімен химиялық реакция туралы ұғым қалыптастырылады. Содан соң зат және реакция туралы білім, элемент және атом ұғымдарын енгізу үшін пайдаланылады. Бұдан кейінгі оқу материалдарында осы үш ұғым жарыса қалыптасып, бірін – бірі толықтырып, кеңейтіп және өрбітіп отырады. Химиялық реакциялардың басталуы мен жүруі реакцияласушы жүйенің күйіне, ондағы заттардың құрылысына байланысты. Кәдімгі жағдайда кесек күйіндегі заттар бір – бірімен әрекеттеспейді, реакция басталуы үшін қажетті жағдайлар тудырылуы керек, олар: заттарды майдалау немесе еріту арқылы жанасу беттерін ұлғайту, қыздыру, жарық және электр энергиясын беру, т.б. Электрондық теория тұрғысынан түсіндірілетін химиялық реакциялардың ең маңызды тобы – тотығу, тотықсыздану реакциялары. Тотығу тотықсыздану реакциялардың мәнін төрт тұрғыдан қарастырады: 1) электрондар алмасуы; 2) электрондар тығыздығының өзгеруі; 3) элемент атомдары тотығу дәрежелерінің өзгеруі; 4) стихиометриялық валенттіліктьің өзгеруі. Оқулықтар мен оқу методикалық құралдарында осы төртеуі де кездеседі. Бұл олқылықтарды болдырмаудың негізгі жолы - алмасу реакцияларының иондық механизмін оқушылардың жете түсінуі. Иондық реакциялардың мәнін түсіндіретін теориялық көзқарастың негізгі ұғымдары: ион, катион; анион, ион алмасу, заттың иондық құрамы, нашар диссоциацияланатын зат, сатылап диссоциациялану, гидролиз, т.б. Бұл ұғымдарды саналы игеру нәтижесінде оқушылар мыналарды білім алады:1. Иондық және полюсті ковалентті байланысы бар заттар суда ерігенде иондар түзіледі. Тондар арасындағы химиялық реакциялар тұнба, газ және нашар диссициацмяланатын заттар түзіледі.

2. Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың суда ерігіштігі кестесіне қарап, тұнба түзілетіні және түзілмейтіні алдын ала болжауға болады. Ю.В.Ходаков (1988ж) оқулығында 10 анион мен 15 катиондардан түзілетін қосылыстардың суда ерігіштігі берілген. Кестеден шығатын қорытынды: а) азот қышқылының яғни нитрат анион және ацетат анион 15 катионның ешқайсысымен тұнба түзбейді; ә) хлорид ион тек күміс (Ag+) және қорғасын (Pb2+), катиондарымен тұнба береді; б) сульфат анион барий катионымен (Ba2+), иондар жеткілікті мөлшерде болса Ag+, Са2+, Pb2+ катиондарымен тұнба түзеді; в) кремний қышқылы суда ерімейді, натрий және калий силикаттарынан басқа тұздары тұнбада жүреді; г) сульфид, сульфат, карбонат, фосфат аниондарының аммоний, натрий және калий катиондарынан басқа қосылыстары тұнбаға түседі; ғ) негіздерден сілтілік және сілтілік жер металдары мен амоний сілтілерінен басқалары суда ерімейді. Ерігіштік кестесін түсіну және қолдана білу иондық реакциялардың теңдеулерін сауатты жазуға жәрдемдеседі. 3. Газ тұрақсыз қышқылдардың аниондарына сутегі катионы немесе гидроксоний ионы әсер еткенде түзіледі. 4. Нашар диссоциацияланатын заттарға су, әлсіз қышқылдар мен негіздер және нашар еритін тұздар жатады. 5. Алмасу реакцияларының ақырына дейін жүру жағдайларын білу көптеген реакциялардың бір механизммен жүреті нін түсінуге жәрдемдеселді, мысалы:

Келтірілген үш алмасу реакцияларының мәні бірдей, барий катионы мен сульфат анионы ерітіндіде кездесіп, қышқылда ерімейтін тұнба түзеді. Бұл реакция барий мен сульфат иондары бар кез келген ерітіндіде жүзеге асады. Сондықтан барий катионы сульфат анионы үшін, ал сульфат анионы барий катионы үшін реактив болып табылады. Осы заңдылыққа сүйеніп заттарды ажыратыптанитын, сапалық құрамын анықтайтын, т.б. эксперимент есептері шығарылады. 6. Оқушылар алмасу реакцияларының молекулалық иондық және қысқаша иондық теңдеулерін жазып жаттығады. Натрий сульфиті мен тұз қышқылының арасындағы реакцияның теңдеулері:

Молекулалық

Толық иондық

Қысқаша иондық

7. Ерімейтін негіз, қышқыл және тұз қатысатын реакциялардың мәнін түсіндіруге және иондық теңдеулерін дұрыс жазуға баса назар аударылғаны жөн, мысалы;

а)

 

ә)

 

б)

Бастапқы екі реакцияның қысқаша иондық теңдеулерінен бейтараптану реакциясы сутегі катионы мен гидроксид анионының арасында жүріп, негіз және қышқыл тұнбаларының иондарға ыдырайтыны көрінеді. Соңғы реакцияда карбонат ионды сутек катионы байланыстырып, тұрақсыз көмір қышқылы түзіледі, ол көміртек (IV) оксиді мен суға айырылады.

8. Ион алмасу жүзеге асатын реакциялардың толық және қысқаша иондық теңдеулерін жазып үйренетін жаттығуларды біртіндеп қиындату, олардың мазмұны мынандай болуы мүмкін:

а) дайын күйінде берілген молекулалық теңдеуді толық және қысқаша иондық теңдеулер күйінде жазу;

ә) бастапқы заттары ғана берілген реакцияның молекулалық, толық және қысқаша иондық теңдеулерін жазу;

б) іс жүзінде жүретін атаулары ғана берілген заттар арасындағы реакцияның үш түрлі теңдеулерін жазу;

в) атаулары берілген заттар арасында алмасу реакциялары жүретінін немесе жүрмейтінін болжау, жүретінінің реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазу;

г) бастапқы заттардың біреуі және шығатын заттардың біреуі ғана берілгенге реакция теңдеулерін құрастыру;

ғ) иондардың ерітіндіде қатарынан жүру мүмкіндігі табу;

д) берілген катионы және анионы бойынша бірнеше теңдеу құру;

е) берілген иондарды тұнбаға түсіретін бірнеше теңдеу жазу;

ж) көрсетілген иондардың ерітіндіде барын білдіретін теңдеулерді жазу;

з) берілген заттарды мүмкін әдістермен алудың молекулалық және иондық теңдеулерін құру;

и) қанық ерітінді мен берілген электролит арасындағы алмасы реакцияларының мүмкіндігін анықтау және реакция теңдеулерін жазу.

9. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын тиімді ұйымдастыру. Тапсырмаларды қиындығына қарай жіктеп беру. Карточкалармен, перфокарталармен, көрнекі құралдармен және оқулықтармен өздігімен жұмыс істету.

10. Химиялық экспериментті кеңінен пайдалану. Ерітінділер арасындағы реакцияларды пробиркаларда және аз мөлшердегі реактивтермен зертханалық тәжірибелер түрінде өткізу. Іздеу және зерттеу сипаты бар жұмыстарды көбірек таңдау. Өтілген деректерді материалдар негізінде эксперимент есептерін шығарту, оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға баса назар аудару.

3. Қазақстан ғалымдарының химияны оқыту әдістемесіне қосқан үлестері. Қазақстанда химияны оқыту методикасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – орта мектеп химиясының өзге пәндермен және өндіріспен байланысын ғылыми жағынан негіздеу. Д.Қоянбаев – Қазақстанның оңтүстік аймағындағы оқушылардың ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыстарындағы химия, С.Мұсабеков – химияны оқытудың биология және ауыл шаруашылық өндірісімен байланысы, А.Г.Гатаулин – ауыл мектептерінде химияны оқытудың топырақтану негіздерімен байланысы, Л.П.Калашников - химияны оқытудың жер туралы ғылымдармен байланысы, Л.З.Дюсупова – органикалық химияны оқытудың физикамен байланысы, К.А.Сарманова - химияны оқытуда оқушылардың IV – VI кластарда жаратылыстануда математикадан алған білімдерін пайдалану мәселелерін зерттеді. Педагогика мен мектеп сарамандығының дамуы қазіргі кезеңде пәнаралық сабақтастықты тиімді ұйымдастырудың, оқушыларға терең білім беру мен диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырудың пәрменді құралы ретінде танылып отыр. Зерттеу объектісінің аумақтылығы – аталып өткен жұмыстарға тән ерекшеліктердің бірі. Бұл еңбектерде зерттеліп отырған мәселелердің төңірегінде орта мектептегі химия пәнінің мазмұнын және оқыту әдістерін жетілдіру, оқушылардың тиянақты білім алуына жаңартылған мазмұнмен әдістерідің тигізетін әсерін жан-жақты зерттеу мақсаты көзделген.Химияны оқыту методикасы жөнінде зерттеу жұмыстарының бір тобы аса маңызды дидактикалық мәселелерді шешуге бағытталған. З.П.Петренко – металдармен байланысы оқушылардың өздігінен істейтін жұмыс формаларын салыстыру, О.Хаймолдин – химияны оқыту әрекетінде оқушылардың практикалық дағдылары мен икемділіктерін дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізді. Осы жолдарыдың авторы қазақ тілінде химия технологиясының шығуы және дамуы барысын, химия терминдерін оқыту методикасын, кейіннен ғылым тілінің оқыту әрекетіндегі дидактикалық қызметтерін зерттеді.Айтылған ғылыми зерттеулердің нәтижесінде көптеген мақалалар және методикалық құралдар жазылды.Мектепте химияны оқытудың озат тәжірибелерін жинақтап, көпшілікке таратуда, мұғалімдерге арналған методикалық кеңестер жариялауда бұрынға КСРО Педагогика ғылым академиясының оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институты қазақ бөлімщесінің қызметкерлері К.Ә.Сарманова., М.Д.Жадрина., методист М.Х.Хасенова едәуір еңбек сіңірді. Олар жетілдірген бағдарлама бойынша химияны оқытуға арналған бірнеше методикалық құралдар жариялады.Шығармашылық жұмыс істейтін химия мұғалімдерінің іс тәжірибесі атап айтқанда, Р.А.Болатқұлованың (Алматы), К.Н.Шабдаровтың (Алматы), Ж.Жұмахановтың (Шығыс Қазақстан облысы), Б.Торсықбаеваның (Жезқазған облысы) және т.б. еңбектері жеке кітапшалар түрінде басылып шықты.

Date: 2015-06-11; view: 2687; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию