Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билет № 10





1. Химиялық есептер –химияны оқытудың бір құралы. Химиялық есептер түрлері. Сан есептерінің оқу тәрбиелік маңызы, олардың жіктелуі. Оқу жылына орай оқушылардың есептеу біліктерін үйренуіне қойылатын талаптар. Мектеп курсындағы химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің біріне саналады. Сан есептері химияның ғылым ретінде қалыптасуына алғашқы зерттеулерде қолданылғаны белгілі. Есеп шығару – оқушылардың химиялық ой-өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың жолы. Оқу үрдісінде есептер шығару химияны оқытудың ажырамас бөлігі деп қарау керек, өйткені есеп шығару химиялық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды қалыптастырып, байытуға оқушылардың химиялық ойлауын өрістетуге, білімдерін іс-жүзінде қолдануға, табандылық, іскерлік, ізденгіштік, еңбек сүйгіштік, т.б. қасиеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Химиялық есептер: а) жаңа химиялық ұғымдар мен мағлұматтарды ұйрету; ә) сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; б) білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру; в) проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; г) материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; д) политехникалық ұстанымдарын іске асыру; е) оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін қолданылады.Есеп оқушыларды жаңа химиялық біліммен қаруландырып, қалыптасқан іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға да көмектеседі. Мектеп курсында химиялық есептер негізгі екі топқа бөлінеді:Сан есептері;Сапалық және сынақтық тәжірибелік есептер;

Бұларды шығару үшін химиялық тәжірибелер пайдаланылады; бұл химиялық тәжірибелердің кейде зерттеу сипаты да болуы мүмкін. Сапалық және сынақ-тәжірибелік есептердің типтері: Сынақ-тәжірибелік есептердің негізгі типтері мынадай:

1. Химиялық құбылыстарды байқау және оны түсіндіру;

2. Заттарды алу;

3. Химиялық заттарды бірінен-бірін ажырата білу;

4. Берілген заттарда қоспаның бар екенін анықтау және затты қоспадан тазарту;

5. Заттардың өздеріне тән реакцияларын жасау арқылы олардың қасиеттері мен құрамын анықтау;

6. Заттар мен құбылыстарды типтерге және жеке кластарға жатқыза білу;

7. Берілген мөлшердегі ерітінділерді даярлау;

8. Сынақ-тәжірибелік сан есептері;

9. Химиялық аспаптарды пайдалана отырып, шығарылатын есептер.

Сынақ тәжірибе есептерін оқушылардың таным әрекеттерінің сипатына қарай күрделендіріп те немесе жеңілдетіп те беруге болады. Ол мұғалімнің қолындағы әдіс. Кейбір авторлар сынақ-тәжірибе есептерінің түрін аналитикалық тәсілдерді пайдалану арқылы шамадан тыс көбейтіп жүр, оның қажеті жоқ. Сынақ-тәжірибе есептерін шығарудың тәсілдері де көп, бірақ логикалық тәсілдер талдау мен синтез индукция мен дедукция, салыстыру, қорытындылау, жүйелеу, дерексіздендіру, т.б. кең пайдаланылады. Орындайтын жұмыстар белгілі жоспар бойынша жүргізіледі. Химия бағдарламасында оқулықтарда қосымша әдістемелік әдебиеттерде сынақ – тәжірибе есептерінің кейбір түрлері қарастырылған ол түзетулер мен толықтырулар ендіруді қажет етеді. Сынақ-тәжірибе есептерінің ең жиі кездесетін кейбір типтері әдістемелік әдебиеттерде бар, мұғалім соларға арқа сүйеуі керек.

2. Химия тілі –химия танымындағы құрал және әдіс, оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың маңызды құралы. Химия тілінің құрамдас үш бөлігі, оның маңызы. Методикалық әдебиеттерді оқыту құралдарына табиғи объектілер және олардың алуан түрлі бейнелері, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары мұғалімге арналған методикалық әдебиеттер жатқызылады. Осылардың соңғылары химиялық тілімен жазылады да, алғашқылары тіл арқылы білім көзіне айналды. Кейде химия тілін химия ғылымының бір бөлігі деп қарайды. Әр ғылымның зерттейтін объектісі, оны тіркеп, заттандыратын таңбалар жүйесі болады. Білім сананың қызметі, ол бақыланатын, зерттелетін объектіге айналдыру үшін тіл арқылы берілуі керек. Сонымен,химиялық тіл дегеніміз химиялық білімді тіркейтін, сақтайтын, бірден бірге жеткізетін арнайы таңбалар жүйесі. Химия тілінің үш бөлігі бар. Химиялық тілдің бірінші бөлігі-ғылыми терминологиясы, жеке терминдер мен терминдер жүйесінен тұрады. Химиялық терминдер –ғылыми ұғымдардың атаулары. Химиялық элемент, атом, зат және химиялық реакция ұғымдары анықталғаннан кейін ғана химия ғылым ретінде қалаптасты. Мәселен, затпен байланысты заттың «қасиеттері», «құрамы», «құрылысы», «жіктелуі», «алынуы» және басқа толып жатқан терминдер қалыптасты. Әдетте бір ұғым бір ғана терминмен беріледі, мағынасы шектеулі келеді, теориялық тұжырымдамаларға тәуелді түрде өзгереді.Химия тілдің екінші бөлігі – химиялық номенклатура, заттарды атаудың белгілі негізге сүйенетін арнайы жүйесі. Ол кәдімгі және жүйелік, ұлттық және халықаралық номенклатура деп жіктеледі. Жүйелік және халықаралық номенклатура химиялық символикағанегізделеді.

Химиялық тілдің үшінші бөлігі-химиялық символика, химиялық таңба, формула және теңдеуден құралады. Оқулықтарда, кейбір методикалық әдебиеттерде химиялық тілге символика ғана жатқызылып келді. Химиляқ символика-халықаралық шартты тіл. Жүйелік номенклатура және химиялық символика ұлттық тілдің құрамына кірмейді.Химиялық терминология, номенклатура, символика және оларды сөйлемге,текске біріктіретін ұлттық тілдің сөздері арқылы оқушыларға білім беріледі. Ол жаңа материалды дәріс түрінде айту үшін, әңгімелеу үшін пайдаланылады, зертханалық тәжірибелер жасау, тәжірибелер мен көрнекі құралдарды көрнекі көрсету кезінде оқушылардың бақылауын, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және олардың нәтижесін қортындылауға негіз болады. Сондықтан болу керек химиялық тіл химияны оқыту әдісіне жатқызылады. Химиялық тіл арқылы оқушылардың алған білімі бір жүйеге келтіріледі,қорытындыланады, есепке алынады және бағаланады. Химиялық тіл- оқушыларға тәрбие берудің және оларды дамытудың ең тиімді құралы. Заттар мен құбылыстардың шарттастығын, олардың арасындағы себеп-салдар байланысын ашу,тікелей көзге түспейтін мәнін түсіндіру арқылы химиялық тіл оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырады. Химияның қоғам өміріндегі маңызын,экологиялық мәнін түсінеге мүмкіндік береді. Жаңа бағдарламада оқушылардың жеке кластарда алуға тиісті білімі мен біліктеріне қойылатын негізгі талаптар:

- Оқушылар элементтердің химиялық символдарын білуі керек.

- Оқушылар химиялық формулалар мен теңдеулердің мағынасын түсіндіре білуі керек.

- Валенттілікке сүйеніп, екі элементтен тұратын қосылыстардың формулаларын құрастыра білу

- Металдардың және қышқыл қалдықтарының валенттіліктері бойынша негіздердің және тұздардың химиялық формулаларын құрастыра білу

- Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздарды атай білу.

- Электрон қабаттарындағы электрон сандарын көрсетіп, атом құрылысының сызбанұсқасын сыза білу

- Қосылыстың формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтай білу

- Өтілген тотығу- тотықсыздану реакцияларының негізінде электрон балансын жазып, химиялық теңдеу құру

Date: 2015-06-11; view: 1143; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию