Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Емі және профилактикасы





Психотропты заттар маниакальды және депрессивті бұзылыстарды бақылап, басқарып отыруға мүмкіндік береді. Маниакальды қозуды басу үшін түрлі нейролептиктерді қолдануға болады. Олар әдеттегі дозада таблетка және инъекция түрінде беріледі.

Гипоманиакальды күйде бензодиазепин тобының транквилизаторлары тиімді әсер көрсетуі мүмкін. Олар тек психомоторлы қозуды басып қана қоймайды, сонымен қатар ұйқыны қалыптастырады.

Депрессия кезінде антидепресанттар тағайындау көрсетілген.

Емнің барлық түріне төзімді депрессивті күйлер орын алғанда ең соңғы қолданылатын әдіс электроқұрысулық терапия болып табылады. Психотропты және литий тұздарымен терапия жүргізгенде науқастың соматикалық күйін өте ұқыпты қадағалап отыру қажет.

Для профилактики психотических эпизодов назначаются нормотимики – так называемые стабилизаторы настроения. Длительный системный приём этих препаратов позволяет существенно снизить выраженность симптомов маниакально-депрессивного психоза и максимально отдалить наступление очередной фазы заболевания.

17. Эпилепсия және оның түрлері, эпилепсиялық және истериялық ұстамалар, олардың айырмашылықтарын көрсетіңіз

Эпилепсия және оның түрлері, эпилепсиялық және истериялық ұстамалар, олардың айырмашылықтарын көрсетіңіз

Қояншық ауруы (эпилепсия)- денені құрыстыратын және психиканы бұзатын, ұзаққа созылатын ауру. «Эпилепсия» деген түсінікті ұсынған Абу-Али-ибн-Сина. Бұл сөзі грек тіліне аударғанда «ұстаймын», «шабуыл жасаймын» деген мағынаны білдіреді.Бұған дейін орыстар «құлаушы» (падучая) деп атаған, мұның себебі ұстама кезінде адам есінен танып, құлайды. Қояншық ауруының екі түрі болады-нақтылы және сиптоматикалық. Нақтылы түрінде (идиопатиялық, генді) осы ауруға тән клиникалық көрініс болады. Симптоматикалық түрінде негізгі аурумен (ми ісігінде, зақымдану ауруында, энцефалитте) қатар жүреді. Қояншық ауруының үш түрлі көрсеткіштері бар; құрысу, жіті психикалық бұзылулар және ұзаққа созылған психикалық бұзылуы не жеке басының өзгеруі.

Қояншық ұзаққа созылатын ауру. Аурудың ұстамасы әртүрлі, кейде жылына бір рет болуы мүмкін. Ал кейде күнде күніне бірнеше рет болады. Ұстамасының жиілігінен аурудың ауырлығын анықтауға болады. Ұстамасы жиілеген сайын ақылдың кемістігі молая түседі. Кейде ұстамасы сирек болған жағдайда ақылдың кемістігі болады. Кейде ұстамасы болған жағдайда да ақыл кемістігі болмауы мүмкін.

Сананың бұзылуы

Сананың елестеушілік- сандырақ бұзылуында ауру адам қайда екенін, қанша уақыт болғанын, айналадағылардың кім екенін білмейді. Бұл кезде көру, есіту елестеушіліктерін сандырақ түрінде бағалайды. Аурудың осы мезеттегі қайғылары қорқынышты болады. Олар ұрыс майданын көріп, зәресі ұшады, өліктерді, оттарды көріп, біреу қуғандай, өлетіндей юолып сезінеді.

Амбулаторлық автоматизмдер. Кенеттен басталып, бірнеше сағат не күннің ішінде бірден аяқталады. Мұнда елестеушілік пен сандырақ болмайды.Сананың терең бұзылуына қарамай ауру адамның жүріс-тұрысы сырттай қарағанда байсалды, ол өзін-өзі қамтамасыз ететін әрекет жасайды.

Транс – ауру адамдар билет сатып алып қаланың басқа шетіне

Басқа қалаға кетіп қалып, есін жиғаннан кейін қалай келгенін білмейтін амбулаторлық автоматизмдер.

Қояншық ауруындағы қатты психикалық бұзылулардың бірі- дисфория ешбір себепсіз болатын сағыныш ызалы көңіл-күй. Ауру адам көңілсіз, бәрін де жаратпай, ашуланшақ, кейде төбелес бастайды. Мұнда сананың бұзылуы болмайды, сондықтан адам бәрін есіне сақтайды. Қояншық ауруының күшті түрінде психикалық бұзылулардан бұрын аурудың тырыспасы ұстайды. Тырыспа өз бетімен де пайда болады. Кейбір ауруларда аурудың күшті тырыспасы психикалық пароксималармен кезектесуі де мүмкін. Қояншық аурудың бұл түрі мидың самай бөлігінде орналасқан.

Дифференциалды диагноз- қояншық ауруының нақтылы не генді түрін басқа ауруларда кездесетін (зақымдану, ісіктер, улану)симптоматикалық не қояншық тәрізді синдромнан айыра білу керек. Бұл ауруларда қояншыққа тән өзгерістер болмайды. Бірақ мұндай бөлу үнемі мүмкін емес. Себебі ауыспалы түрлері кездеседі. Балаларда әртірлі ұнамсыз әсерлерге тырысып, қояншыққа тән реакциясының болатыны белгілі. Бұған фебрильді тырысулар, ыстығы көтерілгенде болатын қояншықтық реакциялар жатады. Кейінгі өмірде аурудың ұстамасы қайталанбауы да мүмкін. Бірақ 10% балалардың амнезі бойынша қояншықтық реакциялар келешекте қояншық ауруына ауысады. Сонымен, балалардың 10% қояншық реакциясымен ауыратын потенцальды аурулар.Мұндай қояншықтық реакциялар органикалық кемістігі бар балаларда жиі дамиды. Қояншықтық реакция, қояншық тәрізді синдром мен қояншық ауруының арасында айқын шекара жоқ. Осы айтылғандардың бір түрі екіншісіне ауысуы ауысуы мүмкін.Әр бір ұстамалы тырысу шыққан тегіне қарамай келесі ұстамалы тырысуларға жол ашады.

Қояншық ауруы (эпилепсия) денені құрыстыратын және психиканы бұзатын, ұзаққа созылатын, ауру. «Эпилепсия» деген түсінікті ұсынған Абу-Али-ибн-Сина. Бұл грек тіліне аударғанда «ұстаймын», «шабуыл жасаймын» -деген мағынаныкөрсетеді.Орыстар бұрын «құлаушы»(падучая)деп атаған,себебі ұстама кезінде адам есінен танып құлаған.

Қояншық ауруының екі түрі болады – нақтылы және симптоматикалық. Нақтылы түрінде (идиопатиялық,генді) осы ауруға тән клиникалық көрініс болады. Симптоматикалық түрінде негізгі аурумен (ми, ісігінде, зақымдану ауруында, энцефалитте) қатар жүреді.

Құрысу екі түрде үлкен мен кіші болады.

Үлкен қояншықтық құрысудың өзіне тән даму кезеңдері бар..Аурудың жаршысы ретінде бірнеше сағат не күн бұрын бас аурып, көңіл күйі төмендейді. Аурудың ұстамасы аурудан («леп соғу») басталады. Психикалық аура көру, есту, иіс сезу елестеушілігі ретінде болуы мүмкін (ауру адам ұшқындарды,шеңберді көреді,күйді естиді,иісті сезінеді).

Аурадан кейн тоникалық кезең басталады. Ауру адам толығынан есінен танып, барлық бұлшық еттері күрт тоникалық түрде тартылады,құлайды.Кейде бұл мезетте дыбыс саңылауы тартылып, демді шығарған кезде айғай естіледі. Тоникалық кезеңнің ұзақтығы жарты не бір минут. Мұнан соң клоникалық кезең болады.Бұл кезеңде қол аяқтар мен дененің бұлшық еттері бірінен кейін бірі жиырылып, ауру адам басын,денесін, аяқ қолдарын еденге соққылап,қосымша жарақаттар пайда болады.

Тоникалық пен клоникалық кезеңдерде тіл мен ауыздың кілегей қабаты тістеліп, сілекей араласып, ауыздан қан аралас көбік ағады. Клоникалық тырысулар 1-2 минуттан соң саябырлап,2-3 минутқа созылады.Егер құрысулар бірінің үстіне бірі болып,арасында ол есін жинай алмаса, онда қояншықтыық жағдайы (стасус эпилептикус)дамиды.Бұл өмірге қауіпті. Кезеңнің бірінде үзілген құрысуды абортивті дейді.

Кішкене құрысуда бірнеше секунд 1-2мин ішінде есінен айырылып, жекеленген тоникалық кезең болмайды,құламайды,клоникалық кезең қысқа болады.

Абсанс- қозғалыстар құрысуының болмауы, ол сананың аз мезгілге жойылуы.

Миоклоникалық тырысулар – қоыққандағы (шошынғандағы) селк ету сияқты.

Қояншық ауруындағы жіті психикалық бұзылуларына; Сананың елестеушілік – сандырақ бұзылуы, Амбулаторлық автоматизмдер (транс,сомнамбулизм).

Қояншық ауруындағы қатты психикалық бұзылулардың бірі дисфория ешбір себепсіз болатын сағыныш ызалы көңіл күйі.

Эпилептикалық ұстамалардың мінездемелеріне байланысты аурудың бір қатар түрлерін бөліп көрсеткен. Олар. Ұзақ тырысатын талмалы эпилепсия, аз талмалы эпилепсия, диэнцефальді эпилепсия, пихомоторлы ұстамалы эпилепсия, психосенсорлы ұстамалы эпилепсия, психикалық эквивалентті эпилепсия.

Ұзақ тырысатын талмалы эпилепсия.

Нейрондардың патологиялық қозуы алғаш өрістеуінде эпилептогенді ошақтың шегінен тыс әртүрлі психопатологиялық құбылыстармен бірге жүреді және ол- аура деп аталады.аураның мінездемесі мидағы эпилептогенді ошақтың шектен тыс шығармауына тәуелді, яғни патологиялық қозуға қай анализатор нейроны қатысатына байланысты.

Аз талмалы эпилепсия

Аз талмалы эпилепсияның көп тараған түрі— абсанс. Бұндай ұстама көбіне 4-5 жасар балаларда кездеседі. Ол сананың қысқа уақытты және терең түнеруінде көрінеді, ауру құлап қалмайды, олао бір позада қатып қалады.Сонымен қатар беттері қызарады немесе ағарып кетеді, көздері бір нүктеге қарап қалады, көздері жыпылықтамайды.

3. Диэнцефальді эпилепсия

Ол сананың бергі жағының бұзылуы түрінде көрінеді. Қалтырау, көп терлегіштік, құсу,тахикардия, ішектің дисфункциясы, кіші дәретке көп баруы, дене қызуы т.б. Ұстама ұзақтығы 10-15 минут, аптасына 1-2 рет болады.

Психомоторлы ұстамалы эпилепсия

Мұндай ауруға шалдыққандар жан-жағынан күдіктеніп, басын қолымен жауып, ұстамалы қатты күлу немесе жылау жүреді. Ұзақтығы 3-5 минут.

Психосенсорлы ұстамалы эпилепсия

Ол сананың онша терең емес қарауытуы фонында жүреді. Онда көлемнің үкендігін, мөлшерін және қоршаған ортадағы заттар мен өз дене мүшесінің қабылдауында бұзылулар болады. Ұстама ұзақтығы 2-3 минут. ОЛ ұйқы кезінде өршуі мүмкін. Ауру ұйқы кезінде бір сөздерді айытп немесе бөлмеде жүріп айналадағы заттар мен жиһаздарды жылжытып жүреді.

Психикалық эквивалентті эпилепсия

Бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылған ұстамалар және сананың қарауытқан кезіндегі қиын жүріс-тұрыс, галлюцинаторлы-сандырақты қосылулар немесе көңіл-күйдің дисфориялық бұзылулары.

Сананың бұзылуы синдромы: кома, ступор, онейроид, қарауытқан сананың күйі, сананың есеңгіреу күйі, делирий, деперсонализация туралы нақты мәліметтер беріңіз

Сананың бұзылуы.

Диалектикалық материализм тұрғысынан сана (сознание)-адамның айналадағы шындықты бейнелеудің ең жоғары түрі.Сана адамның қоғамдық еңбегінің арқасында пайда болып адамдарды жануарлардан ажырататын белгі болып саналады.Сананың бұзылуының кейбір жалпы белгілері бар.Санасы бұзылған ауру адамдар өздерін қайда екенін,уақыттың қанша болғанын,кейде өзін кім екенін білмейді.

Сана бұзылуының түрлері:

Кома- сананың және барлық сезімталдық пен рефлекстердің болмауы.

Сопор -сананың толық болуы.Ауру айналадағыларға көңіл бөлмей,ешбір сұраққа жауап бермейді.

Онейройдты сананың бұзылуы -түс көру тәрізді ойдың алжасуы.Мұнда делирийдегі сияқты қайда екенін шатастырып көру елестеушілігі басым болады.

Қарауытқан сананың бұзылуы -кенеттен басталып,қысқа уақыт болып (сағаттар не күндер,жылдам аяқталып,кейде қатты ұйқы тудырады).

Сананың есеңгіреу күйі -тітіркендіру табалдырығының күрт жоғарлауы.Қойылған сұрақтарға жауап бермейді,не бірнеше қайталанғаннан кейін,қыйналып,қысқа жауап береді.

Делироизды сананың бұзылуы немесе делерий -айналадағы жағдайды шатастыру және жалған қабылдау.Мұндау ауру қайда уақыттын қанша екенін және айналадағылардың кім екенін білмейді.

Транс- автоматты түрде әрекеттер жасайтын амбулаторлық автоматизмдер (сағаттар,күндер).Бұл әрекеттер аурудың есінде қалмауы.

Сомнамбулизм -(ұйқысырау)-ұйқыдағы адамның есінде сақталмайтын жүруі және сөйлеуі.Бұл жағдайда ауру адамды ояту мүмкін емес.

Фугалар -аурудың қысқа мерзімді амбулаторлық автоматизмдері.Ол кенеттен өзіне есеп бермей қашады,тоқтайды,киімін шешіп,бір жерде айналады.Мұндай жағдай бірнеше минутқа созылып,есін жинаған кезде өзінің не болғанын білмейді.

Сананың қарауытқан жағдайы қояншыққа,мидың органикалық ауруларында болады(ми зақымданғанда,менингитте,энцефалитте,атерооклерозда,гипертониялық ауруда және т.б).

Обьективті шындықтың субьективті бейнеленуін психика дейміз. Психиканың ең төменгі және ең жоғарғы сатылары бар. Ең жоғарғы сатысы сана. Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті, адам психикасының формасы.Сананың зақымдануы өте күрделі және психикалық бірліктердің,қасиеттердің барлығына ықпалын тигізеді. Әсіресе ақыл-ойдың дамуындағы кемістіктер. Ақыл-ойдың кемуі синдромологиялық ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
Қарапайым акыл-ойдың кемуi: интелектуалды-мнистикалық функциялар мен әр түрлі дәрежеде көрінетін жеке бастын регрссия белгілер аймағында негативті бұзылулармен көрінеді.

Психопатотәріздес ақыл-ойдың кемуі:- тұлғаның айқын өзгерістері немесе мінездің жаңа анамальді жақтарының пайда болуы, ол патологиялық церебральді процске байланысты дамымайды.
Галюцинаторлы-параноидты ақыл-ойдың кемуі:-деменция белгілерімен бірге галлюцинация, сандырақ көрінеді, олар бас миының деструктивті зақымдалуының, негативті симтоматиканың көріну деңгейі мен құрылымының ерекшеліктерімен байланысты. Негативті бұзылулардың ұлғаюына байланысты өнімділік редуцияланады, фрагменттеледі және жоғалады.
Амнистикалық-парамнистикалық ақыл-ойдың кемуі: - симптомдары корсаков синдромына сәйкес келеді. Ол негативті және өнімді симптомдардың тұтастылығымен сипатталады, олардың өзара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін.Соңғы этаптарында прогресивті амнезия пайда болады.
Паралитикалық ақыл-ойдың кемуі: - естің бұзылуы, паралитикалық конфабуляция, қатты интелектуалды дефекттер және эйфория. Оның құрылымына сандырақ және тұлғасын қайта бағалаумен сипатталатын сандыраққа ұқсас сөздер. Психикалық әректінің төмендеуі - бұл ақыл-ой кемістігінің бірден көзге түсетін жағы. Бұл синдром тек прогрессивті салда кездеседі. Басқа аурулар кезінде (мидың сифилисі, ми ісігі, травмалық аурулар, алкогольді энцефалопатия) оның аты өзгереді, ол псевдопаралитикалық деп аталады.
Асемикалық ақыл-ойдың кемуі: -деменция белгілері болады және афазия, агнозия, апраксия, алексия, аграфия, акалькулия симптомдары байқалады. Психикалық маразм -психикалық кемістіктің, негативті бұзылулардың ең ауыр түрі. Ол психикалық әрекеттің толық бұзылуымен, қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүкіндігінен айырылуымен,әректке итермелейтін түрткілер мен қызығушылықтың толық жоғалуымен ерекшеленеді. Проградиентті ақыл-ойы кем процесстерінің (терминалды ақыл-ойдың кемуі) соңғы сатысы маразм деп есептеледі. Физикалық күштің кемуі, трофикалық бұзылулар, ішкі органдардың дистрафиясы – бұл жалпы маразмның белгілері.

Негативті бұзылулар көп психикалық аурулар болған кезде байқалады. Әр нозологиялық формаға өзіне тән негативті симптоматиканың максималды жете алатын деңгейі болады.Маниакальді-депрессивті психозда психикалық әректтің төмендеуі немесе «мен» өзгерісін субъективті ұғуы байқалады. Шизофрения өзінің дамуында психикалық кемістігінің тек жетінші деңгейіне дейін жетеді – тұлға регрессі, бірақта ол төменгі деңгелерде тоқтап қалуыда мүмкін. Әдебиеттерде «шизофрениялық ақыл-ойдың кемуі», «шизофрениялық деменция» терминдері жиі кездеседі. Сын көзқарастын жоқтығы, интелектуалды өнімсіздік, тұлға регрессі сияқты клиникалық белгілер қалпы глобарлы ақыл-ойдың кемістігімен ұқсас келеді.

Эпилепсия жағайындағы негативті бұзылулар тоғызыншы деңгейге дейін баруы мүмкін, мұнда эпелепсиялық деменция жақтары болады. Оның негізгі белгілеріне ойдың, жалпы психикалық процесстердің, инерттілігінің жылдамдығының азаюы, сөз қорының кедейленуі (олигофазия). Сөйлеген сөздерінің мағынасы терең емес,жарамсыз ассоцияциялардан құрылған. Белгілі бір жағдайды талқылайды және одан назарын басқа жаққа аудару қиынға түседі. Естің бұзылуы – бұл эпелепсиялық ақыл-ой кемістігіне тән белгі. Оның құрылымына аффективті-тұлғалық өзгерістер кіреді: қызығушылықтары эгоисттік-утилитарлы қажеттіліктерге бағытталған. Жеке бас реакциясының эмоционалды-ерік аймағында полярлық көрінеді: тұрып қалумен бірге тез қозғыштық, тыныштықпен бірге ашушандық көрністері байқалады.

Бас миындағы ары қарай ұлғаймайтын органикалық зақымдар (жарақаттар, менингоэнцефалиттер, әр түрлі уланулар, странгуляционды асфиксия), мұнда негативті бұзылуларға үлкен мүмкіндік бар: психикалық әреттің төмендеуінен бастап тотальді ақыл-ой кемістігіне дейін. Бас миының прогресшіл органикалық аурулар мен деструкция: атрофикалық (сенильді және пересинильді деменция), дегенеративті процесстер (лейкодистрофия), көптеген тұқым қуалайтын энзопатиялар (гепатолентикулярлы дегенерация, амавротикалық идиотия және т.б.), ми қан тамырларының аурулары (церебральді атересклероз және эндартериит), мидағы прогресшіл инфекциялар (прогресивті сал, ағымды энцефолит) осылардың барлығы психикалық маразмға әкелуі мүмкін (тоғызыншы деңгей).

Date: 2016-08-31; view: 547; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию