Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Олигофрения немесе кешіккен психикалық даму (КПД): түрлері, диагностикасы, түзету мәселелері жайында нақты ұғымдарды атаңыз





Олигофрения деген терминді 1915ж неміс психиатры Крепелин еңгізген. Олигофрения кемақыл деген сөз. Кейінгі жылдары «ақылдың артта қалуы» деген термин қолданылып жүр.

Олигофрения туа пайда болатын, туғаннан кейінгі ақыл кемістігі ауруы.

Г.Е.Сухареваның ойы бойынша олигофренияның шығу тегі ми дамудағы ауытқушылыққа, организмнің әр түрлі жүйелері мен ағзаларында болатын дизонтогенезге байланысты. Г.Е.Сухарева бойынша екі түсінік бар: 1. Мидың дамуындағы ауытқылыққы байланысты интеллектуалдық кемістік; 2. Қалыптасқан ми құрылысының зақымдануына байланысты интеллектуалды бұзылулар.

Зақымданудың уақытына және патогендік әсердің сапасына Г.Е.Сухарева (1965) олигофренияны үш топқа бөлді: 1 топ: ата-анасының генеративті клеткаларының патологиясымен байланысты. 2 топ: құрсақ мерзіміндегі залалды әсерлерге байланысты.

3 топ: туған кезінде және туғаннан кейін әуелгі үш жыл ішіндегі залалды әсерлерге байланысты.

Олигофренияның клиникасы. Олигофренияның әр түрлі этнопатогенездік механизміне байланысты клиникалық білінуі де түрліше. Бірақ психикалық қызметтің жетіспеуі салдарынан әр түрлі ауыру жағдайлары бір топқа біріктіріледі. Оның ішіндегі ең маңыздысы танып-білу қабілетінің, ең алдымен интеллектуалды қызметтің артта қалуы. Олигофрениядағы психикалық бұзылулар тұрақты, бірақ кейде адамның жасына қарай өзгеруі де мүмкін. Олигофренияның бөлінуі негізен интеллектуалды дамудың жетспеуімен байланысты. Ақыл кемістігін көрсеткіштер арқылы анықтау шет мемлекеттерде, біршама бізде қолданылады. Егер орташа адамның интеллекті 100-ге тең болса, оның өзгеруі 70-тен 130-дейін болса онда 70-тен кем ителлект коэффиценті (І. Q) ақылдың кемдігін көрсетеді. Олигофренияның клиникалық жіктелуі әр түрлі. Бұл бөліну интеллектуалды кемістікте, клиникалық көріністердің және ерекшеліктерге негізделген. Дебильдік (І. Q. 50-70) – олигофренияның жеңіл түрі; Имбецильдік (І. Q. 20-50)- ақыл кемістігінің орташа және айқын түрі. Абстракті ойлауға мүлде қабілеті жоқ, тілі мүкіс, сөз қоры ондаған сөздермен шектеледі; Идиотия – ең терең ақыл кемістігі (І. Q. 20-дан аз). Ойлау мен сөйлеу қабілеті дамымаған, тек түсінік дыбыстар ғана шығарады. Айналадағыларға реакциясы төмен болады. Ауру тұра да жүре де алмайды.

Емдеу және реабилитация. Олигофрениямен ауырған адамдарды реабилитациялау мен емдеуде медициналық,педагогикалық және әлеуметтік өзара байланысты шаралар қолданылады. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін ауру балаларды іріктеп, арнайы балалар үйіне, бала бақшасына, қосымша мектептерге, арнайы кәсіптік-техникалық училищеге, интернаттарға орналыстыру қажет. Осы мекемелерге іріктеуді медико-педагогикалық консультациялар атқарады. Онда ауру балаларды еңбекке үйретеді.

Олигофренияны этиологиялық түрде емдеу мүлде жоқ. Аурудың кейбір түрлерінде (фенилкетонурия және басқа) патогенетикалық емдеу қолданылады.

Аурудың белгісіз түрлерінде арнайы емес әр түрлі әдістер қолднаылады. Дәрілерден мидағы зат алмасуды жақсартатын аминалон (гаммалон), ноотропил (пирацетам), пиридитол (энцефабол), пантогам сияқты ноотроптар қолданылады. Глутамин қышқылы, В тобындағы витаминдер (В1, ВG, В15) емдеуге ұсынылады. Бас сүйек ішіндегі қысым көтерілген кезде суды айдайтын заттар (магний сульфаты, эуфиллин, дикарб және басқалар) қолданылады. Психомоторлық кезінде қозу кезінде транквилизаторлар мен нейролептиктер (элениум, реланиум, нозепам, тазепам, тизерцин, неулептил) қолданылады.

Олигофренияның алдын алу үшін медико-генетикалық консультациялар өткізу керек. Бұл консультация арқылы аурудың диагнозын қойып, емдеу шараларын белгілеп, ақыл кемістігі бар балалар тууының алдын алуға болады. Баланың туу тумасын ата-анасы шешеді. Халық арасында балалрдың психикалық кемістігінің себептері туралы кең түрде әңгіме өткізу керек.

Date: 2016-08-31; view: 1069; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию