Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Балалар мен жасөспірімдердегі ерікті әрекеттердің бұзылуы





Жас балалар патологиясы қозғалу анализаторларының бұзылуымен байланысты. Мұның себебі ми қыртысының нашар қызмет істеуі және қыртыс асты аймақтар қызметінің басым болып, ми қызметінің басқа да бұзылуларының болуынан. Балаларда ступор және субступор тәрізді қозғалмау жағдайы мен қозғалыстың қозуы оңай пайда болады.

Психика зақымданған кезде балаларда эмоциогендік ступор пайда болуы мүмкін. Мысалы, баланы жаңа танымайтын жерге апарса ұзақ уақыт қозғалу рефлекстері тежеледі. Мұндай тежелуі инфантилді жағдай әсіресе балалрды мектепке апарғанда, бақшаға орналастырған кезде болады. Бұл кезде мутизм сияқты үндеместік не жартылай ступор дамуы мүмкін. Мутизм толық емес, жартылай болғандықтан кейбір адамдарда ғана болады. Мысалы, бала мектепте, сабақ кезінде жауап беруден бас тартады, ал ата-анасымен, жолдастарымен жақсы сөйлеседі. Кейде мұндай мутизм ұзақ болса, баланың әрі қарай өсіп-дамуын тежелуі мүмкін.

Балаларда ересектерге қарағанда кататониялық құбылыстар ступор не қозу түрінде жиі кездеседі. Егер кататониялық ступор және қозу ересек адамдарда шизофрениямен ауырғанда жиі кезөдессе, балаларда органикалық, реактивтік жұқпалы ауруларда да кездеседі. Кататониялық ступор мен қозудың білінуі де басқаша болады. Мысалы, мектепке дейінгі балаларда кататониялық қозу біркелкі болады (балалар бірнеше сағат бойы бір жерде айналып, бір сөзді қайталай береді). Кататониялық қозу кезінде сананың бұзылуы жиі кездеседі.

Қозғалыстарды қайталау нерв жүйесінің реттеуіне байланысты болғандықтан дені сау балаларда да болады. Инфантилді балаларда қозғалыстарды қайталау патологияға ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда кататониялық қозудан айыра білуі қажет. Мысалы, ақылдың кемістігі терең болғанда ауру балада айлар мен жылдар бойы дененің шығыршық тәрізді қозғалысы болады.

Өндіріс көлесіндегі жабысқақ әрекеттер балалар өмірінде жиі кездеседі. Өндіріс көлеміндегі бұзылуға балалар мен жасөспірімдер құштарлығының өзгеруі жатады. Бұған көрсетіліп жасалынатын әр нәрселерді жұту (ине,шыны, шеге) өзін зақымдандыру (тамырды кесу) арқылы өзін-өзі өлтіру жатады. Құштарлықтың бұзылуына клептомания мен дромомания да жатады. Клептомания- мақсатсыз ұрлауға деген түсіндірілмейтін, тоқтаусыз құштарлық. Кейде ондайй бала ұрлаған заттарын басқаларға таратады. Дромомания- үйден немесе мектептен қашып, бірнеше күн, апта, айлар бойы мақсатсыз қаңғыру.

Date: 2016-08-31; view: 425; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию