Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бұрмаланған психикалық даму: балалардағы аутизм, диагностикасы мен коррекциясын жасау жолдарын ұсыныңыз





Бұрмаланған психикалық даму - жалпы жетілмеудің, тежелген, зақымдалған және тездетілген дамудың қосындыларынын әртүрлі варианттары. Бұрмаланған дамудың себептері кейбір процессуалдық тұқцм қуалайтын аурулары, мысалы, шизофрения, зат алмасу процестерінің туа біткен жетілмеуі. Бұрмаланған психикалық дамудың мысалы ретінде ерте балалық шақты көрсетуге болады.

Ерте балалық аутизмнің негізгі симптомы - аутизм, яғни, қарым қатынасқа деген қажеттілігінің болмауы немесе ыдырауымен сипатталатын синдром. Сонымен қатар, ерте балалық аутизм үшін сөйлеудің, әсіресе, оның коммуникативтік жағынын бұзылуы, неологизмдердің болуы, символизм сияқты бұзылыстар тән.

Ерте балалық аутизмнің этиологиясыны қатысты бірнеше көзқарастар қалыптасқан. Егер кейбәр зерттеушілер оны психодинамикалық бағыт негізінде баламне ананын арасындағы эжмоционалдық суықтықты қарастыратын болса, басқалар оны шизофрениялық шеңбердің ішінде, балалық шизофренияның бастапқы кезеңі немесе анық көрінеті шизоидтік психопатияның формасы деп түсіндіреді.

Мінез акцентуациясы дені сау және психопатиядан зардап шеккендер арасында орналасқан. Оны көріну дәрежісіне байланысты екіге бөледі: анық және жасрын.

Анық акцентуация - бұл норманың шеткі варианты, ол үшін қанағаттарлық бейімділік, жүріс тұрыстың уақытша бұзылыстары мен ауытқулары, бірақ, мінездің үшкірленген көріністері тән.

Жасырын акцентуация - мінездің үшкірленген бітістері тек шамадан тыс психотравмалық жағдайларда көрінетін норманың қалыпты варианты.

Психопатиялар - бұл мінез аномалиясы, олар а) адамның психикалық сипатын анықтайды, б) өмір бойы үлкен өзгерістергі ұшырамайды, в) қоршаған әлеуметтік ортада бейімделуіне кедергі болады..

Балалық аутизм синдромы (ерте балалық аутизм,Каннер)- психофизикалық дизонтогенездің нұсқасы (асинхрония). Дисгармониялы психикалық дамумен көрінеді. Бұнда бір психикалық функциялар мен қасиеттердің озық дамуы және басқаларының артта қалып дамуының үйлестігі байқалады. Балалық аутизм ерте кезеңде көрінеді:туғаннан бастап психиканың дамуы диспропорционалды бұзылған, ол коммуникативті қылық-әрекеттің бұзылуымен сипатталады. Қыздарға қарағанда ұл балаларда бұндай зақымданулар 3-4 есе жиі кездеседі.Балалық аутизмге тән спецификалық психикалық зақымданулар баланың психикалық дамуының шамасына қарай пайда болады, дамиды және тасымалданады.
Басты симптомдары - өмірінің басынан бастап адамдармен қарым-қатынас орнатуда айқын қиындық туады; эмоционалды әсер етудің әлсіздігі; стереотипті және аутистикалық сипаттағы ойындар; жағдайлардың өзгерісіне және жаңалыққа деген қорқыныш(неофобия). Міндетті симптомдар - қорқыныш (фобиялар), түс көру мен тамақтанудың бұзылуы. Қосымша симптомдар - жақсы механикалық ес, агрессивті және аутоагрессивті қылық-әрекет.Балалық аутизмде ақыл-ой дамуының кез-келген деңгейі кездесуі мүмкін. Бұл синдром мына жағдайларды қамтиды:
1.Шектетілу – бұл кемістік, яғни қарым-қатынас қажеттілігінің толықтай болмауы, жалғыздыққа деген белсенді ұмтылысы, телефоннан қорқыныш (қоңыраудан, әңгімелесуден).
2.Коммуникативті қасиеттердің бұзылуымен сәйкес келетін сөйлеу дағдысының озық дамуы жиі кездеседі:
- «автономды сөйлеудің» жақсырақ дамуы- яғни, өз-өзімен сөйлесу, өзіне 3-ші жақтан сөйлеу,т.б.;
- сұрақ қоюға бейім, бірақ жауап қайтаруға бейім емес;
- жақсы ес, әсіресе ритмикалық информацияға (музыка, өлеңдер, тақпақтар), өлеңдер мен әуендердің айтылуы жаман емес, бірақ өтініштер мен тапсырмаларға жауап ретінде емес, қандай да бір ішкі заңдылықтарына байланысты;
- таңдаулы стереотипті қолданулар (көбінесе орынсыз) немесе қиын жеке сөздер мен сөз тіркестерін айта салуы («электрофикация», «квант», т.б.) немесе бірнеше рет сұрақтарды қайталуы («өмір дегеніміз не?»);
-сөз дағдысының патологилық формалары: эхололия, фонография- бұрын естігендерін сөзбе-сөз қайталауы, неологизмдер, өзіне қатысты есімдіктер мен етістіктерді 2-ші және 3-ші жақта қолдануы.
3. Өзінің сөзін кеңістікке, өз-өзіне үндеуі, оның монологтігі, табиғи емес модулирленуі.
4. Эмоционалды әсерленудің әлсіздігі («эмоционалды блокада»). Эмпатиясы мен құштарлығы жақындарына деген симбиотикалық тәуелділікпен алмастырылған, бірақ олар шын мәнінде оларға талғаусыздықпен, немқұрайлықпен қарайды.
5. Протодиэкризис- адамдарды, басқа да жанды және жансыз объектілерді саралай алмауы.
6. Көру және есту тітіркендіргіштеріне, стимулдарға, қаратуларға реакциясының жетіспеушілігі; бұнда бала алғашқыда өзін керең және соқыр сияқты көрсетеді, бірақ біраз уақыт аралығынан кейін стимул қабылданған және дұрыс бағаланған екендігіне көз жеткізетін жауап көрсетіледі.
7. Тепе-теңдік синдромы- тұрақтылықты, жағдайдың бірқалыптылығы мен бір типтілігін сақтап қалуға ұстаным, жаңаға деген қорқыныш (неофобия), басқа киім ауыстыруға қарсылық іс-әрекет көрсету, т.б.
8. Қозғалыс стереотиптерге бейім қылық-әрекеттердің бірқалыптылығы (секіру, тербелу, қолын айландыру, т.б.
9. Моторлы дағдының қалыптасуының бұзылуы немесе кешігуі, қозғалыстың епсіздігі, ебдейсіздік, бірлескен қозғалыстың болмауы (Мысалы, жүріп келе жатқанда қолдың қозғалуы), стереотипті – регрессивті қозғалысқа бейімділігі (тізбекпен жүру, баспалдақпен көтеріліп, түскендегі қиындықтар), өзін-өзі күту дағдыларын меңгеруде қиындықтар туады.
10. Тазалық дағдыларын бұзуы- кіші және үлкен дәретін күндіз де, түнде де ұстай алмауы.
11. Патологиялық үйреншікті іс-әрекеттер: яктация, онихофагия, саусақтарын сору, т.б.

Микроәлеуметтік ортаға бейімделуінің қиындықтары мынаған әкеп соғады, яғни орта оған эмоционалды дискомфорттың, қауіп-қатердің және эмоционалдық қысымның қайнар көзіне айналады. Осының әсерінен жылдар бойы сақталатын «қорқыныштар» пайда болады. Бала шындықтан алшақтатылып қалыптасады, әлем онымен толыктай емес, жеке аффективте маңызды белгілер негізінде қабылданады. Қылық-әрекеті, қызығушылығы, белсенділігі – «қолайлы» стереотипті сипатта болады. Ал бұл өз алдына күнделікті өмірде қатаң тәртіп орнатуға талпынысы және оны өзгертуге түрліше қарсыласуы (неофобия) көрінеді. Бұдан үлкен жаста балалық аутизм жағдайында инициативаның, творчествоның жетіспеушілігі байқалады. Балалық аутизм синдромы мына жағдайларда кездеседі: Каннер ауруында, ерте балалық аутизмнің ядерлы нұсқасы ретінде; психикалық процесстердің диссоциациясы түріндегі ерекшеліктерге ие бала кездегі шизофренияда; Аспергер синдромында.

Date: 2016-08-31; view: 1059; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию