Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Заңды фактілердің құқықтық қатынастың пайда болуына әсері





Заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастың негізінде жатқандықтан және оны орнатып, өзгертіп немесе тоқтата алатындықтан, оларды азаматтық құқықтық қорғаудың негіздемесі деп атайды.

Азаматтық заңдылықта сан алуан түрлі заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастардың негіздемесі ретінде қарастырылған. Бұл заңды фактілердің жалпы тізімдемесі ҚР АК 7-бабында көрсетілген.

Заңды фактілер ағымы сипатына байланысты азаматтық құқықта оқиға және әрекет деп бөлінеді. Оқиғаға жататын әрекеттер, адамның еркінентыс болатын әрекеттер. Мысалы, дүлей апат, адамның тууы мен өлуі, қандай да бір уақыттың өтуі және т.б. Ал әрекет адамның еркіне байланысты болады.Мысалы, келісімшартқа отыру, міндеттеменің орындалуы, шығарма жазу, мұрагерлікті қабылдау және тағы басқа.

Барлық әрекеттер мен оқиғалар азаматтық-құқықтық салдарларды

тудырмайды, тек қана азаматтық құқықтың нормаларын бұл салдарлармен байланыстыратындары ғана тудыра алады.

Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынасын реттейді, олардың осы әрекетінен осы қатынастар қалыптасады, яғни заңды фактілердің негізгі массасын азаматтық құқықта адамдардың әрекеттері құрайды.

Әрекет, өз кезегінде, заңды әрекет және заңсыз әрекет болып бөлінеді. Заңсыз әрекеттер заңның талаптарына немесе басқа да нормативтік актілерге қайшы болып келеді. Сондықтан заңсыз әрекет жасау құқық бұзушыға азаматтық заңнамада қарастырылған санкцияларды қолдануға әкеліп соғады.

Ал заңды әрекеттер азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес келеді. Азаматтық құқық экономикалық айналымның дұрыс дамуын жанамалау ететіндіктен, заңды фактілердің көпшілігі азаматтық құқықта заңды әрекеттер құрайды. Бірақ заңды әрекеттің азаматтық құқықтағы заңды мағынасы, маңызы біркелкі емес.

Өзінің заңды мәніне қарай барлық заңды әрекеттер заңды істер және заңды актілер болып бөлінеді. Заңды істер дегеніміз – азаматтық -құқықтық салдарды тәуелсіз тудыратын нақты бір заңды әрекеттер.

Заңды актілер бұл – сәйкес заңды салдарды арнайы шақыру ниетімен жасалынатын жағдайда ғана тудыратын заңды әрекеттер. Заңды актілердің қатарына әкімшілік актілер мен келісімдер де жатқызылады.

Әкімшілік актілер әрқашанда сәйкес әкімшілік-құқықтық салдарды шақыру ниетімен жасалады. Сондықтан әкімшілік актілердің көпшілігі әкімшілік құқықтық қатынастың негізі болып табылады және азаматық-құқықтық заңды фактілердің қатарына жатпайды. Сонымен қатар кейбір әкімшілік актілер тек әкімшілік қана емес, сонымен қатар азаматтық-құқықтық салдар шақыру пиғылымен де жасалынады. Осылайша, жергілікті әкімшіліктің азаматқа тұрғын үйге ордер беруі жергілікті әкімшілік пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы әкімшілік құқықтық қатынасты ғана тудырмайды, сонымен қатар азамат пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы тұрғын үй жалдау келісімін жасау бойынша азаматтық-құқықтық қатынастарды да тудырады.

Әкімшілік актілерден ерекшелігі келісімдер тек қана азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатында жасалады. ҚР АК 147-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқық пен міндеттемелерді бекіту, өзгерту мен тоқтатуға бағытталған әрекеті келісім болып саналады [7].

Осылайша, келісімдер қатарына мыналар жатады: әртүрлі келісімдер (сату-сатып алу, сыйға тарту, мердігерлік, мүлікті жалға алу, басқа жалға алу, қарыз және т.б.), конкурс жариялау, өсиетхат және басқа да заңды әрекеттер, бұлардың барлығы да нақты бір азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатымен азаматтық құқық субъектілерімен жасалады.

Осылайша, азаматтық құқықта заңды фактілер мынадай жіктеліске ұшырауы мүмкін:

а) оқиға мен әрекет;

б) заңды және заңсыз әрекеттер;

в) заңды әрекеттер және заңды актілер;

г) әкімшілік актілер мен келісімдер. Заңды фактілер – құқықтық нормалардың негізінде құқықтық қатынсатырдың туындауына, тоқталуына немесе өзгеруіне әкеп соғатын белгілі бір өмірлік жағдайлар.

Бұл фактілер өздерінің қандай да бір ерекше ішкі қасиеттері болғандықтан емес, оларды мемлекет және заңнама осылай танығандықтан, заңды фактіге айналады. Өмір – түрлі фактілер, құбылыстар, әрекеттер мен оқиғалардың үздіксіз тізбегі, алайда, олардың барлығы заңды деп таныла бермейді. Тек қоғамның анағұрлы елеулі мүдделерімен байланысты, құқықтық реттеу аясына енетін және белгілі бір заңды салалар туындататын фактілер ғана заңды деп танылады.

Осылайша, қандай да бір мән – жайларға құқықтық сипат ьеру қоғамдық қатынастарға қатысушылардың емес, толығымен заң шығарушы мен ресми биліктің еркіне тәуелді. Мұндай фактілерді құқық туындатпайды, олар құқықтан тыс пайда болады және әрекет етеді. Алайда, қоғам мен мемлекеттік өмірді ретке келтіру мақсатында құқық оларға заңды мәртебе береді. Бұл – құқықтық норманың өз гипотезасында көзделген нақты жағдайға жауабы. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың туындауы мен қызмет етуінің тікелей негізі болып табылады. категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс — қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.

Заңды фактілердің саны көп, олар алуан түрлі, сондықтан да олар заң ғылымында түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Бұл олардың ерекшеліктерін анықтауға, оларды терең түсінуге мүмкіндік береді.

Ерікті белгісі бойынша заңды фактілер оқиғалар және әрекеттер деп бөлінеді.

Оқиғалар – адамдардың еркі мен санасына объективті түрде тәуелді емес жағдайлар. Мысалы, табиғи апаттар – өрт, су тасқыны, жер сілкіну. Мұндай жағдайда адамдардың өмірі мен мүлкіне зиян келеді, яғни, зиян өтеумен, мұрагерлікпен, сақтандырумен және өзге де себептермен байланысты құқықтық қатынстар туындайды. Аталған құбылыстар өз бетінше заңды сипатты иеленбейді және ешқандай міндеттемелер туындатпайды, алайда, осындай міндеттемелер үшін себеп, негіз болып табылады.

Әрекеттер – адамдардың еркіне тәуелді фактілер. Себебі, оларды адамдар өздері саналы түрде жасайды. Өз кезегінде, әрекеттер құқыққа сай (жұмысқа тұру, оқуға түсу, зейнеткерлікке шығу, неке тіркеу) және құқыққа қайшы (құқық бұзушылықтардың барлығы) деп бөлінеді.

Сонымен қатар заңды фактілердің арасынан құқықтық жағдайлар (әскери қызметте болу, некеде, туыстық қатынаста болу, белгілі бір лауазымды иелену және т.б.) ажыратылады. Туындататын салдарының сипатына қарай құқықты қалыптастыратын, құқықты тоқтататын және құқықты өзгертетін фактілер мысалы, оқуға түсу студент пен оқу орнының арасында құқықтық қатынас туындатады, оқуды аяқтау – құқықты қатынасты тоқтатады, ал сол жоғары оқу орнында білім алудың басқа нысанына ауысу – аталған құқықтық қатынасты өзгертеді ажыратылады.

Тиісті құқықтық қатынастарды туындататын құқыққа сай әрекеттердің қатарына түрлі мемлкеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың көптеген акт – құжаттары жатады (сот үкімдері мен шешімдері, қаулылар, өкімдер мен бұйрықтар, азаматтық мәмілелер, шарттар, өсиеттер, келісімдер және т.б.). Ғылыми әдебиетте созылмалы сипаттағы заңды факт-әрекеттер де аталады. Мысалы, көркем шығарма жазу авторлық құқықтық қатынасының туындауына әкеп соғады.

Құқықтық қатынастардың дамуында заңды құрамдар немесе күрделі кешенді фактілер ерекше мәнге ие. Мұндай жағдайда белгілі бір құқықтық қатынас туындау үшін бір емес, бірнеше шарт (фактілер жиынтығы) қажет.

Мәселен, зейнеткерлік құқықтық қатынас туындауы үшін келесідей шарттар қажет:

а) тұлғаның тиісті жасқа толуы;

ә) еңбек стажының болуы;

б) қажетті құжаттарды ұсыну;

в) құзыретті органның зейнетақы тағайындауы туралы шешім қабылдауы. Студент пен жоғарғы оқу орнының арасында құқықтық қатынас туындауы үшін келесідей шарттар қажет:

а) орта мектепті аяқтағаны туралы атестат

ә) емтихан тапсыру;

б) конкурс бойынша қажетті балл жинау;

в) тиісті оқу орны ректорының бірінші курсқа қабылдау туралы бұйрығы.

Жалпы алғанда, заңды фактілер құқықтық жүйеде аса маңызды рөл атқарады. Олар құқықтық нормаларды өс жүзіндегі қоғамдық қатынастармен байланыстырып отырады. Заңды фактілердің дұрыс ойластырылған жиынтығының көмегімен, яғни, белгілі бір өмірлік мән – жайларды, заңды факт деп тани отырып, әлеуметтік процестердің даму барысында елеулі түрде ықпал етуге, оларды қажетті арнаға бағыттап отыруға болады [8, 56].

 

 

Date: 2016-06-06; view: 1330; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию