Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ықтық қатынас мазмұны мен оның ерекшеліктері





«Нысан» және «мазмұн» категориялары отандық ғалымдармен, зангерлермен кең көлемде қиын құқықтық құбылыстарда тұтастықты сипаттауға пайдаланылған объективтік құқық, құқықтық қатынастар, т.б. деп есептеледі. [35, 188]

Шын мәнінде бұл философиялықкатегориялар пәндерді және процестерді зерттеуге бағыт береді және олардың диалектикалық байланысарын, бір біріне ауысқанда, қарама қайшылықта болған кездеріндегі ерекшеліктерді көрсетеді. Олар барлық компоненттердің құбылысын қамтып, олардың ішкі құрылымдары мен сыртқы көріністері жөнінде ой елегнен өткізуге материялдар береді. Дегенмен, есепке алатын жағдай «нысан» мен «мазмұнды» жалпы заңдылықтармен байланыста зерттесек тиімді. Көлемді және қиын объектілерді толық және нақтылы зерттеуде, бұл категориялардың философиялық көпжақтылығы қалай болса да авторларды нысан мен мазмұнды әртүрлі трактовкалар аркылы зерттеуге мәжбүрр етеді яғни бір құбылысты әртүрлі тұрғыда қарайды.

Бұл мәселелер бойынша негізгі жалпы теориялық бағытамаз мынандай:

Құқықтық қатынас нысанына (формасына) субъективтік зағды құқық пен міндеттер, ал онын мазмұнына фактілер негізіндегі субъектінің ұқықтық тәәртібі жатады, олар сол құқық пен міндетін іс жүзіне асырады (Профессор В.Н. Шеглов, Профессор Л.С.Явич, т.б.). Бұл вариантта категория «нысанның» әдістемелік мүмкіндігін «мазмұнын» толықтау пайдаланған. Осы негізде құқықтық қатынастың нағыз манызды жағы бөлінген және олардың функйионалдық байланысы дұрыс белгіленген: нысан (құқық және міндеттер) мазмұнға белсенді (тәртіп), оны құрайды ал заңды нормалар құқық шығармашылық әрекеттер арқылы өзгеріп мазмұн нысанды белгілейді:[36, 153]

Профессор С.С. субъективтік занды құқықтар мен міндеттерді «заңды мазмұны» деп аталады ал фактілі субъектілердің құқықтық тәртібі «материалдық мазмұн». Автордың пайымдауынша,көрсетілген екі мазмұн құқықтық қатынастың элементтеріне жатады,ол сонымен қоса, басқа элементтерді бөліп көрсетеді: құқықтық қатынастардың субьектілері және обьектілері. Философиялық көзқарасқа байланысты, жоғарыдағы айтылған автордың ойлары шындыққа жатпайды. Біріншіден, бір объектінің өзінен екі мазмұнды және бірде бір нысанды бөліп шығаруға болмайды. Себебі, бұл категориялар қатар, әрбір мазмұнға өзнің нысанын табуға міндетті. Екіншіден, нысан және мазмұн құбылысты толығымен бітіреді, егер бірдеңе мазмұнға жатса онда қалғандарының барлығы нысанға жатуы керек және ешқандай басқа «элементтер» құбылыста болуы мүмкін емес. Үшіншіден, мазмұн ешқандай жағдайда,элементтің орнында көрінуі мүмкін емес. Керісінше, мазмұн бұл құрылымды ұйымдастырылған элементтердің бірлігі.

Ертеректе профессор О.С. Иоффе құқықтық қатынастардан жалпы үш мазмұнды бөліп көрсеткен: зандық, материалдық және идеологиялық.

Құқықтық қатынастар тұтасымен нысан ретінде көрініп, нормамен реттелетін қоғамдық қатынастар және ол құқықтық қатынастардың мазмұны. Бұл кқзқарасқа байланысты айтатынымыз, біріншіден, философия мұндай нысан мен мазмұнның байланысын білмейді, олардың сыртқы байланысын тек нысан болуы мүмкін, бірақ мазмұн ешкашан болмайды. Екіншіден авторлар егер сондай жағдай болса, құқықтық қатынастардың бірлігімен қандай құбылыстар құрылады (нысан ретінде) және қоғамдық қатынастар (мазмұндар) сұраққа жауап бермейді.

Жоғарыдағы айталғандарды есепке ала отырып, құқықтық қатынастарды сипаттауға философиялығ категориялар «нысанды» және «мазмұнды» пайдалануымыз қажет [6].

Қоғмда алуан түрлі қатынастар кездеседі – экономикалық, саяси, құқықтық, моральдық, рухани, мәдени және басқа да. Түптеп келгенде, адамзат қоғамының өзі қатынастар жиынтығы, адамдар қарым – қатынасының нәтижесі болып табылады. Сондықтан да, қоғамда жекелеген тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің арасында пайда болатын және реттелетін қатынастардың барлық түрлері мен нысандары (табиғаттағы өзара байланысты қоспағанда) қоғамдық немесе әлеуметтік болып табылады.

Заң ғылымы, ең алдымен, заңды немесе құқықтық қатынастарды зерттейді. Олардың ерекшелігі неде? Қысқаша айтқанда, құқықпен табиғи түрде үйлесуінде[37, 81].

Құқық – қоғамдық қатынастарды реттеудің ерекше, ресми және мемлекеттік құралы. Оның басты мақсаты осында. Құқық қандай да бір қатынастарды реттей отырып, оларға құқықтық нысанды тән етеді, осының нәтижесінде аталған қатынастар жаңа қасиетпен ерекше түрге ие болып, құқықтық қатынастар түрінде қалыптасады.

Дәл осындай нормативтік ықпал етудің көмегімен мемлекеттік билік белгілі бір қатынастарды өзінің құзыреті мен қорғауына алады, оларды ретке келтіреді, тұрақты және орнықты етіп, қажетті арнаға салып отырады.

Құқық бір әрекеттерге тыйым салып, екіншілеріне рұқсат беріп, үшіншілерін ынталандырып, өзінің ұйғарымдарын бұзғаны үшін жауаптылық бекіте отырып, субъектілер жүріс – тұрысының қажетті, қоғамға пайдалы нұсқаларын көрсетеді, олардың жеке ықылас пен ұмтылыс саласын шектейді немесе кеңейтеді, зиянды әрекеттерінің алдын алады.

Басқа әлеуметтік реттеу құралдарымен салыстырғанда құқық – анағұрлым тиімді, билеп – төстеуші, мәжбүрлі және соған қоса өркениетті реттеу құралы. Бұл – кез келген мемлекеттің ажырамас белгісі. Кез келген қатынастар құқықтық нормалардың негізінде және оларға сәйкес пайда болып, мемлекет еркіне қайшы болмаған жағдайда ғана құқықтық қатынастар сипатын иеленеді.

Тиісінше, жалпы алғанда, құқықтық қатынастарды құқықпен реттелген қоғамдық қатынастар ретінде анықтауға болады. Бұл жағдайда реттелетін қатынастар іс жүзіндегі мазмұнын жоғалтпайды (экономикалық, саяси, отбасылық, мүліктік және т.б.) тек жаңа қосымша қасиетке ие болып, түрін өзгертеді. Басқаша айтқанда, құқықтық қатынас өзімен тығыз байланысты іс жүзіндегі қатынастан ажыратылмайды, одан жоғары немесе төмен орналаспай, онымен бірге қалыптасады. Себебі, кез келген құбылыстың нысаны мен мазмұны өзара байланыста болатыны белгілі.

Мемлекет құқықтық қатынастардың көмегімен қандай да бір қатынастардың бастапқы сипатын өз бетінше өзгертіп, жаңа қатынастарды қалыптастыра алмайды. Бұл мүмкін болған жағдайда қоғам өмірінің көптеген мәселелерін шешу салыстырмалы түрде жеңіл болар еді. Мемлекет заң шығару арқылы белгілі бір қатынастардың дамуын жеделдетеді, позитивтік бастамаларға мүмкіндік береді және керісінше, теріс және ескірген байланыстар мен процестерді тежеп, шеттетеді [38, 141].

Құқық қоғамдық қатынастарды қалыптастырмайды, ол реттеу және тұрақтандыру құралы. Құқық өз бетінше ештеңе жасамайды, ол тек қоғамдық қатынастарды санкциялайды. Ал заңнама экономикалық қажеттіліктерді білдіріп, бекітеді. Мысалы, қазіргі заманғы нарықтық қатынастар осыған қатысты құқықтық нормалар қабылданғандықтан емес, шынайы өмірде оларға деген қажеттілік туындауының нәтижесінде қалыптаса бастады. Бұл қатынастардың элементтері қайта құру кезінде «көлеңкелі» жартылай ресми экономика түрінде қалыптасты. Тек кейіннен ғана бұл процесті заңдастырған тиісті актілер қабылданып, ол ерекше қарқынмен дами бастады.

Алайда, тек құқықтық қатынас ретінде пайда болып, басқаша түрде өмір сүре алмайтын қатынастар да болды. Мысалы, конституциялық, әкімшілік, іс жүргізушілік, қылмыстық және басқа да қатынастар. Дәл осындай құқықтық қатынастар өздерінің нысаны мен мазмұны бойынша қоғамдық қатынастардың шын мәніндегі дербес түрі мен типін құрайды. Тек осы тұрғыдан құқық қоғамдық қатынастарды туындататын және жаңа байланыстарды қалыптастырады деп айтуға болады.

Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды. Қоғамның дамуындағы белгілі жағдайлардың деңгейіне сай келетін жаңа мазмұндармен толығады.

Құқықтық мемлекет – бұл мемлекеттік билік қызметінің ұйымдасу нысаны, ол құқық нормаларының қарым-қатынастарымен бірге құрылады. Құқық алдыңғы рөлді тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің және жеке адамдардың бостандық мөлшеріне сай болса, қызметтегі заңдар шын мәнісінде, халықтың және мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе, оларды пайдалану шындықтың іске асқандығы. Өткендегі тәжірибеге көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерде құқықтық актілер үзілмей шығарылып тұрды, оларды іске асырудағы қаталдық қамтамасыз етілді, бірақ, мұндай құқықтық реттеу, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына қарсы болды.

Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізіне әр түрлі меншік формаларына, көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар (мемлекеттік, ұжымдық, арендалық, жекешеленген, акционерлік, кооперативтік т.б.) тең құқықты және бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар жатады. Құқықтық мемлекетте меншіктік, тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға жатады, жекелеген өндірушілер өзінің жеке еңбегінің нәтижесі мен өнімдердің меншіктенушісі болып есептеледі[39, 87].

Мемлекеттіліктің құқықтық бастамасы, тек өзін-өзі билегенінде, меншіктік бостандығында. Құқық үстемдігін экономикалық жағынан қолдап, өндіріске қатысушылардың теңдігін, қоғамның қолайлы жағдайының тоқтаусыз өсуін және оның өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.

Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізін құраушы – өзін-өзі реттейтін азаматтық қоғам. Ол қоғамдық прогрестің иелері – бос азаматтарды біріктіреді. Мұндай мемлекеттің дәл ортасында, өзінің әр түрлі мүдделерімен адам тұрады. Әлеуметтік институттардың жүйесі, қоғамдық қатынастар арқылы, әр азаматтың шығармашылық, еңбек мүмкіншіліктеріне қажетті жағдайлар жасауына болады, ой плюрализмі, жеке адамның құқығы және бостандығы қамтамасыз етіледі. Тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық мемлекеттікке көшу, мемлекеттің әлеуметтік жұмысын, тез арада өзгеше бағытқа бұрумен тікелей байланысты болады. Мемлекеттің әлеуметтік негізінің беріктігі, оның құқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын ала белгілейді. Құқықтық мемлекет – бір мезгілдегі әлеуметтік мемлекет. Құқықтық мемлекеттің адамгершілік негізін, жалпы адамдық гуманизм принципі және адалдық, теңдік жеке адамның бостандығы, оның ары және адамгершілігі құрайды. Құқықтық мемлекеттің режимін шын мәнісінде, адамның жоғарғы адамгершілік құндылығы бекітеді, олардың қоғам өміріндегі басқару рөлін қамтамасыз етеді, жеке адамға жасалатын басынушылықты, күшейтуді жояды. Дәлірек айтсақ, ол мемлекеттік басқарудың демократиялық тәсілінен, сот процесінің адалдығынан, жеке адамның мемлекетпен қарым-қатынасындағы құқығының және тәуелсіздігінің артықшылығы, аз топтың құқығын қорғау, әр түрлі діни сенімдерге көнуден көрінеді. Мемлекеттік өмірдің рухани толықтығы көп жағдайларда, қоғамның адамгершілік жетілгендігінен, оның өркениетті деңгейінен, әлеуметтік-экономикалық, гуманизмінен және саяси қатынастарынан толығымен көрінеді.

Құқықтық мемлекет – бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл халықтың, ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды. Мұндай мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің толықтығын, ерекшелігін іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдық қатынастарын, бостандығын қалтықсыз қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекетке мәжбүр ету, мемлекет тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде, құқықпен шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа жол бермейді. Мемлекет өз күшін, құқық негізінде, тек өзінің тәуелсіздігі, азамааттарының мүдделері бұзылса ғана пайдаланады. Ол жеке адамның да бостандығын тежейді, егер оның әрекеті басқа адамдардың бостандығына қауіпті болса [40, 89].

Мемлекеттің саяси табиғаты оның тәуелсіздігінен анық көрінеді. Қоғамның саяси жүйесі, бөліктерінің мүдделері және барлық гамма қажеттіліктер тек тәуелсіздікке келіп жиналады. Тәуелсіздікке байланысты ғана мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мүдделері біріктіріледі, адал құқықтың теңдігі және еркін дамуы қамтамасыз етіледі. Енді құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне көшейік:

1. Барлық қоғам өмірінің аясындағы заң деңгейінің жоғарылығы. Құқық жүйесіндегі жоғарғы құқықтылықтың нысанына ұйымдарды және адамдардың бостандығын қорғаушы заң жатады. Заңда мемлекет бәріне тәртіп жолын белгілейді, адалдық пен теңдіктен бастау алып, қоғам дамуындағы объективті қажеттілікті толық есепке алады. Міне, сондықтан да заң – жоғары заңдылық күшке ие. Басқа құқықтық актілер заңға сай болуы қажет. Заң қоғам өміріндегі ең маңызды қажеттілікті, жағдайларды реттейді. Ол өмірге, маңызды ортадағы бостандықтың мөлшерін белгілейді, қоғамның адамгершілік құндылығын қорғайды (мысалға, меншік туралы заңдар, кәсіпкерлік туралы баспа т.б.). Қосымша заң актілері (подзаконные акты) оның ішінде ведомстволық, қажетті кезінде, заңдардың кейбір қағидаларын анықтайды, бірақ заңды ешқашанда «жетілдірмейді», «түзетпейді», «ауыстырмайды». Сонымен бірге, құқықтық заң, оны шығарушылардың өз еркіне жібермейді. Заңда бекітіліп жатқан қоғамдық қатынастардың объективтігі, олардың дамуы және өз-өзінен жаңалануы көрсетілуі қажет. Заң шығарудағы әр түрлі тежеулік жүйе, субъективтік сипаттағы тыйым салу, құқықтық мемлекеттің негізіне зиян келтіреді, қоғамдық прогресті тежейді.

Құқытық мемлекеттің негізгі – конституциясы. Онда мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық принциптері көрсетілген. Конституция қоғамның жалпы құқықтық моделін көрсетеді, барлық ағымдағы заңдар, соған сәйкес келуі міндетті. Мемлекеттің ешқандай құқықтық актілері конституцияға қарама-қайшы келмейді. Конституцияның артықшылығы – құқықтық мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі. Сондықтан құқықтық мемлекет – конституциялық мемлекет.

2. Жеке адамның құқығының шындығы, оның еркін дамуын қамтамасыз етуінде. Әлеуметтік, саяси өмірде, адам бостандығы оның құқығы ретінде көрінеді. Құқықтық мемлекет жеке адамдарға белгілі бостандықтың болуын қолдайды, ол мөлшерден әрі қарай мемлекеттің араласуы дұрыстыққа жатпайды. Мемлекеттік биліктің «араласпауы» міндеттілігі, адамдардың өз құқығын сақтауды талап етуіне сәйкес келеді. Егер белгіленген құқық бұзылса, ол соттың қорғауымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдай, нағыз құқықты бостандыққа айналдырады. Құқық жалпыға бірдей, көлемді және бір деңгейдегі бостандық. Оның шын көрінісі мына формулада қамтылады: «тұлғаға тыйым салынбаған нәрседен басқаның бәріне рұқсат етіледі».

Жеке адамдардың құқықтық сипаттағы бостандығы, қоғамның әр түрлі жағдайынан көрінеді. Қазіргі демократиялық мемлекетте объективті құқық бостандығы, өзінің әр қыйлы мазмұндарына байланысты жеке адамның субъективтік құқығымен іске асырылады. Ондағы ең маңыздысы – жеке адамның құқығы, оның мүддесін орындауға ұмтылған мемлекеттің қимылы (әрекеті), жеке адамның дербес құқығына, білім алу, әлеуметтік қамсыздандырылу, сотпен қорғалу, мемлекеттің көлемінде еркін жүру жатады

3. Мемлекет пен жеке адамның арасындағы жауапкершілік. Саяси өкіметті алып жүруші мемлекет пен оның құрылуын іске асыруға қатынасушы азаматтың арасындағы қатынас, теңдік және адалдық негізінде болуы қажет. Мемлекет жеке адамның бостандық деңгейін заңда белгілей отырып, сондай мөлшердегі өзі қабылдаған шешімінде, қимылында өзін тежейді. Ол әр азамат туралы адалдықты қамтамасыз етуді міндетіне алады [41, 123].

Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдары оның жарлығын бұза алмайды және бұзғаны үшін, не ол міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Заңның міндеттілігі, мемлекеттік билікке кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі, ол жағдай әкімшілік басынушылықты жояды. Оған жататындар: депутатардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі (депутатты кері шақырып алу), үкіметтің өкілетті органдар алдындағы жауапкершілігі, әкімшілік, азаматтық-құқықтық не болмаса, мемлекет қызметкерінің қандай деңгейде болмасын белгілі құқық субъектілерінің алдында өзінің міндеттерін орындамағаны үшін, қылмыстық жауапкершілігі. Сондай құқықтық бастама негізінде, мемлекет алдында жеке адамның жауапкершілігі құрылады. Мемлекеттік мәжбүрлеуді пайдалану, құқықтық сипатта болуы қажет, жеке адамның бостандық деңгейін бүлдірмеу, болған құқық бұзушылық оның ауырлығына сай жазалануы қажет.

Мемлекет пен жеке адамның бірге жауапкершілігіндегі құқықтық сипаттама – қоғамдағы құқықтың объективті құрылуының маңызды бөлігі, мемлекет еріктілігінің нәтижесі емес. Құқықтық талаптарды сақтау – ең алдымен, мемлекеттің және барлық адамдардың да заңды міндеттері. Осыдан адамның табиғи құқығын, құқықтық мемлекетте көре аламыз.[42] 216

Құқықтық мемлекет – саяси ұйымның билігі, адамның, азаматтың құқығын, бостандығын толық қамтамасыз етуге жағдайлар жасайды және мемлекеттік билікті құқықтың негізінде өз пайдасына пайдалануға мүмкіндік берілмейді.

Құқықтық мемлекеттің негізгі екі принципі бар:

Адамның және азаматтың құқығын, бостандығын толық түрде қамтамасыз ету, жеке адамдарға құқықтық ынталандыру режимін жасау (әлеуметтік, мазмұнды жақтары);

Құқықтың көмегімен, мемлекеттік билікті біртіндеп байланыстыру, мемлекеттік бөлімдер үшін құқықтық тежеу режимін құру (формалды – заң жағы);

Бірінші принцип – Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-баптың 2-тармағында мынандай сөздермен бекіген. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Құқықтық ғылымға, қазіргі кезде, табиғи түрінде мойындалатыны азаматтық (жекелеген), саяси, экономикалық, әлеуметтік және жеке адамның мәдениеті, ол «Адам құқығының 1948 жылғы жалпыға бірдей Деклорациясында» және басқа да халықаралық актілерде бар.

Басқа негізгі принциптің жүзеге асырылуы мынадай жолдарды пайдалану арқылы жүргізіледі:

-биліктің заң шығару, атқару және сот органдарына бөлу мақсатын теріс пайдалануға жол бермеу;

-Федерализм көлденең бөлінген билікті, тағы да жоғарыдан төмен бөлу арқылы толықтыру жүргізеді;

-Заңның үстемдігі (барлық конституциялық талаптарды қатаң сақтау арқылы жоғарғы билік органымен қабылданған заң, атқарушы билікпен өзгертілуге не жойылуға жатпайды);

-Мемлекет пен жеке адамның екі жаққа бірдей жауапкершілігі;

Жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа, әр түрлі деңгейде оларға жағдайлар жасайтын принциптерді бөліп айтуға болады. Оған: қоғамдағы жоғарғы деңгейдегі құқықтық сана және құқықтық мәдениет азаматтық қоғамның болуы және барлық құқық субъектілерінің жағынан заңдардың орындалуына бақылау жүргізуді ұйымдастыру кіреді.[43, 424]

 

 

Date: 2016-06-06; view: 433; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию