Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ықтық қатынастардың өзгертілуі мен тоқтатылуының мәселелері





Құқықтық қарым-қатынас – құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қарым-қатынас. Бұған қатысушылар субъективті құқық иелеріне айналып, оларға міндеттер жүктеледі. Құқықтық қарым-қатынас – жекелеген тұлғалар (азаматтар, ұйымдар, мемлекеттік органдар мен азаматтар) арасындағы қарым-қатынас, олар заңмен қамтамасыз етілген ықтимал және парыздық мінез-құлық өлшемдерін айқындайтын құқықтармен және міндеттермен өзара байланысты. Мүмкіндік пен парыз нақты іс-әрекетпен, нақты мінез-құлықпен іске асырылады. Құқықтық қарым-қатынас заңда көзделген фактілер орын алғанда, яғни шарттар жасасылғанда, әкімшілік актілер қабылданғанда, құқық бұзушылық немесе оқиға болғанда, т.б. жағдайларда туындайды. Құқықтық қатынас — қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар. Құқық нормасы құқықтық реттеудің статистикалық жағдайын білдіретін болса, құқықтық қатынас оның динамикалық, яғни қозғалыстағы жағдайын көрсетеді. Құқықтық қатынас абстрактілі құқықтық нормаларды жекеленген байланыстар, яғни белгілі бір субъектілер үшін субъективті құқықтар мен заңды міндеттер деңгейіне аударуға мүмкіндік береді. Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөліктерден: құқық субъектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен тұрады. [41, 123]

Құқық субъектісі – заңды және жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекет органдары, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктәк және мүлітік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңдф тұлға деп танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып саналады. категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс — қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.

Субъективтік құқық – тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс – әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етіге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге қақылы. Сондай – ақ, заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шеңбер аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па, ол тұлғаның өз еркі.

Заңды міндет – заң белгіленген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жүктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата – ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

Құқықтық қатынастың объектісі – табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді.

Субъективтік құқық – субъектілердің ықтимал мінез – құлықтарының түрі және мөлшері.

Субъективтік заңды міндет – субъектілердің тиісті мінез – құлықтарының түрі және мөлшері.

Құқықтық қатынас объектісі – табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндет аталған объектілерге бағытталған болып келеді. [41, 123]

Заңды айғақтар (фактілер) – нақтылы өмірлік мән – жайлар. Сол айғақтармен құқық нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстырады. Кейде бұл айғақтың құқықтық нәтижесі болады, ал кейде бірнеше айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, өзгертеді немесе жояды. Мысалы, зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет: жас, жұмыс өтілі және зейнетақы тағайындау туралы акт. Айғақтардың мұндай жиынтығын айғақтық құрам деп атайды.

Заңды айғақтар бірнеше негіздер арқылы жіктеледі. Нәтижесінің сипатына қарай олар мына топтарға бөлінеді:

-Құқықты құратын (еңбек шартын жасауға байланысты жалдаушы мен жалданушының құқықтары мен міндеттері пайда болады);

-Құқықты тоқтататын (үй – жайды сату нәтижесінде үй – жайға меншік иесі өзгереді, сатып алушының меншік құқығы пайда болады, сатушы ол құқықтан айырылады).

-Құқықты өзгертетін (үй айырбастау нәтижесінде құқықтық қатынастың объектісі өзгереді, соған сәйкес құқықтары мен міндеттері де өзгереді).[42, 159]

Заңды айғақтар ерік белгісіне байланысты да жіктеледі. Оған жататын әрекет (шарт, заңды бұзу, мұра қалдыру, т.с.с.). Әрекеттердің өздері заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді. Мысалы, адамдардың әскери қызметте болуы, некеде тұруы, т.с.с. заңда белгіленген заңды айғақтар болып табылады. Заңды айғақтарға оқиғалар да жатуы мүмкін. Олар – жер сілкіну, өрт, дауыл, су тасқыны оқиғалары. Әрине, мұндай мән – жайлар тек заңда белгіленген болса ғана айғақтарға жатады[43, 154].

Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және тағы басқалары [46, 151].

Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру – осылардың бәрі де құқықтық қатынасты тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.

1.Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда бір алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.

Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.

2.Осыған орай құқықтың жалпы теориясының бір мәселесіне тоқтала кеткеннің еш артықтығы жоқ. Әдетте «құқық» сөзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ шын мәнінде мүлдем бөлек екі мағына білдіретіндігін айтпасқа болмайды. Оның біріншісін «Азаматтық құқық» «құқық нормалары» дегенге қолданамыз. Бұл сөз тіркесіндегі «құқық» дегеніміз мемлекетте қалыптасқан құқықтық рәсімдер жүйесі, жиынтығы. Қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы мемлекет күшіне сүйенеді. Осы мағынасында қолданатын «құқықтын объективті мағынасындағы құқық» деп немесе «объективті құқық» деп атайды.

Әрбір құқық қатынасында қатысушының бірінің субъективті құқығына екіншісінің заңдық міндеттілігі сәйкестендіріледі, яғни біреуінің екіншісі алдындағы міндеттілік аясы айқындалады. Мысалы, үйді сатып алу-сату шартына сәйкес сатушы мен сатып алушы арасында екі бірдей құқық қатынасы пайда болады. Оның біріншісінде сатып алушы үйді алуға құқылы да, сатушы оны беруге міндетті.

3.Заңдылық фактісінің түсінігі. Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қасқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т.т. заңдылық фактрлер болып табылады.

4.Заттар – азаматтық құқық қатынастарының объектілері. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері деп заттарды (мүлік және мүліктік құқық), жұмыс пен қызметті, ақпаратты, материалдық деп есептелмейтін игіліктер (мәселен атау) мен интеллектуалды меншікті, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дәл осы объектілерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады және де бұл объектілердің құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі [47, 6].

Заттар азаматтық айналымдағы қатынасына орай шектеулі айналым қабілеттігіне байланысты азаматтық айналымнан шығарылмаған және азаматтық айналымнан шығарылған деп бөлінеді. Азаматтық айналымнан шығарылмаған заттарды олардың иелері өзгеге еркін түрде бере алады, сөйтіп, ол ешқандай шектеусіз қолдан қолға өте береді.

Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп жіктейді. Бөлінетін заттар бөлінген күннің өзінде тұтынушылық қасиетінен, бастапқы сапасынан айырылмайды[49, 73].

 

ОРЫТЫНДЫ

Сонымен қорытындылай келе, мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.

Мемлекет және құқық теориясы жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және мемлекеттанудың бастапқы түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады

Мемлекеттік-құқықтық білімдер жүйесінде базалық тұрғыларды иемденіп мемлекет және құқық теориясы студенттерге мемлекет пен құқықтың мәнін, қоғамдық тағайындалуы, олардың басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыстары, мемлекет пен құқықтың пайда болу және дамуының заңдылықтары туралы білімдер береді. Ол мемлекет пен құқықтың негізгі түсініктері мен категориялары туралы алғашқы түсініктер береді, оларсыз салалық және басқа заң пәндерінің нақты білімдерін игеру мүмкін емес. Мемлекет пен құқықтың жалпы теориясын оқу, студенттердің игерген білімдері негізінде мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың мәнін және әлеуметтік тағайындалуын дербес сипаттауды, қазіргі заманның барлық мемлекеттік-құқықтық мәселелеріне шығармашылық жағынан келуді, қоғамдық өмірдің күрделі саяси-құқықтық құбылыстарына дұрыс бағалауды беруді, олардың мәнін, негізгі үдістерін, орнын, ролін, функцияларын және қоғамдық өмірдің басқа құбылыстары мен байланыстарын ашуды, сонымен қатар әртүрлі өмірлік жағдайларда алынған білімдерді қолдануды өңдеуге бағытталған. Бұл ғылым жалпы құқықтық мәдениетті қалайды, студенттерде заңдық көзқарастың ғылыми негізін қалыптастырады

Мемлекет және құқық теориясын терең оқып зерттемейінше салалық заң ғылымдарын және басқару сипатындағы пәндерді жемісті игеру мүмкін емес.

Мемлекет және құқық теориясының жалпы ғылыми теориялық маңызы түсінігін ашу негізгі міндет болып табылады. Осы міндеттерді зерттеу нәтижесінде белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге болады

Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық немесе мүлік болып табылады. Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу-сату, айырбас, займ және т.с.с.) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады

Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктік (имущественность) дегеніміз заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық пәнінің мазмұны оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсты бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы. Міне, осы тәрізді белгілері болады[50, 32].

Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушылардың құн заңына сүйенетін мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықтық экономика жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне айналады.

Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.

Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа субъектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.

Мүліктік емес жеке қатынас Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі. Конституцияның ІІ тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің пәні, міне осындай. Енді әдістеме жөніндегі мәселеге тоқталайық.

 

 

Date: 2016-06-06; view: 675; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию