Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ықтық қатынас субьектілері мен олардың жіктелуінің теориялық құқықтық мәселелері





Адамда қоғамдық заңды қасиеттің болуы, құқықтық субъективтік ретінде, оған құқықтық қатынасқа түсуге заңды мүмкіндік береді, адам нақтылы заңды құқық пен міндетті алып жүруші болады. Сондай заң бойынша құқықтық қатынастардың қатынасушысы болады, оларды құқықтың субъектілері деп атайды

Құқықтың әрекетінің тетігін түсіну әртүрлі түсініктерді болжайды: «құқық субъектісін» және «құқықтық қатынастың субъектісін». Құқық субъектісі - бұл құқықтық қатынастардың «потенциалды» мүшелері, бұл адамдар заңды құқық пен міндетерді ғана алып жүруші бола алады. Құқықтық қатынастар субъектісі - бұл құқық субъектісі өзінің құқықтық субъективтігін іске асырып, нақтылы құқықтық қатынастардың қатынасушысы болғандар. Әрбір құқықтық қатынастар субъектісі – бұл әр уақытта құқық субъектісі (онсыз ол жәй ғана сондай бола алмас еді) көрінген құқық субъектісі соның не басқа нақты құқықтық қатынастардың субъектісі бола бермейді.

Құқықтық субъектісі құқықтық қатынастар субъектісі болу үшін міндетті түрде белгілі заңды фактілер пайда болу үшін міндетті түрде белгілі заңды фактілер пайда болу қажет, сондықтан ал сол тәртіппен байланыстағы әртүрлі материалдық және рухани игіліктерді – «материалдық объект» (мысалы, профессор Л.И.Спиридонов) дейді. Басқа кезде, оған қарсы, құқықтық қатынастар пәніне материалдық, не материалдық емес игіліктерді жатқызады, ал объектіге әртүрлі факті негізіндегі қоғамдық қатынастарды еңгізеді

Құқық субъектілері құқық нормаларымен қатар заңды фактілермен, құқықтық қатынастардың өмір сүруіне және пайда болуындағы алғышарттарды жасайды.

Құқық қатынастар субъектілері – бұл әр уақытта құқық субъектісі, жалпы сипатын құқықтық сипатын құқықтық субъективтік және құқықтық статуспен байланыстыру керек (құқықтық қабілеттілікпен, әрекеттілікпен, деликтоқабілеттілікпен)

Құқықтық субъектілерінің түрлерінің түрлерүне қарап (құқықтық қатынастар субъектілерімен) былай бөлуге болады.

а) Азаматтық тұлға

ә) Ұйымдар

а) Қоғамдық құрылымдар (ұлттар халықтар).

Азаматтық тұлға азаматтар шетел азаматтары азаматтығы жоқтар апатриттер екә азаматтығы бар адамдар бипотридттер.

Ұйымдарға жататындар:

а) мемлекеттің өзі;

ә) мемлекеттік ұйымдар;

б) мемлекеттік емес ұйымдар (қоғамдық,карпоративтік, комерциялық, т.б.) ұйымдар [30, 168].

Мемлекеттік ұйымдар ішінен мемлекеттік органдарды бөлуге болады билік окілеттілігі бар мемлекеттік органдар.

Ерекше атап өтуге жататын зыңды тұлға категориясы, оның ааматтық (заттық) айналымға қатысуға қажетті құқықтық субъективті болуы міндетті. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі бойынша ұйымдар заңды тұлға ретінде мынандай жағдайда танылады:

а) өзінің жеке мүлкі болуы және өзінің міндеттері бойынша сол мүліктері арқылы жауап беруі міндетті.

ә) өз атынан заттық және жеке адамға заттық емес құқыққа ие болуға және міндеттерін өтеуге мүмкіндігі бар;

б) сотта талапкер және жауапкер бола алады.

Көніл аударатын жағдай, «заңды тұлға» құқық субъектілерінің түрліліігін емес, құқықтық субъективтіктің түрлерін корсетумен қатар, осы субъектілердің қоғамдық заңдық қасиетін білдіреді. Заңды тұлға ретінде мемлекеттің өзін айтуға болады. [6, 97].

Құқықтық қатынастардың қатысушылары болып субъектілер табылады. Құқық субъектілері ретінде заңда көзделген құқықтар мен міндеттерге ие тұлғалар мен олардың бірлестіктері табылады. Түптеп келгенде, құқық субъектілерінің шеңбері мемлекет еркіне байланысты болады.

Жалпы алғанда, «құқық субъектілері» және «құқықтық қатынастар субъектілері» бір мағынаны білдіреді, дегенмен, ғылыми әдебиетте бұған қатысты бірқатар ескертулер бар. Біріншіден, құқықтың тұрақты субъектісі боп табылатын нақты бір азамат бір мезетте барлық құқұықты қатынастардың қатысушысы бола алмайды; екіншіден, жана туған нарестелер жас балалар, жүйке ауруларына шалдыққан тұлғалар құқұық субъектісі бола отыра, көптеген құқықтық қатынас субъектісі бла алмайды; үшіншіден, құқықтық қатынастар құқықты жүзеге асырудың жалғыз нысаны емес. Әрине, бұл ерекшеліктерді ескеру қажет.

Тарихқа көз жүгіртіп қарайтын болсақ бұрынғы кезде қоғамның барлық мyшелері құқық субъектісі болып танылмағанын байқауға болады. Мысалы, құлдар құқық объектісі (сату және сатып алу пәні) ретінде танылған. Рим құқығында құлдар сөйлейтін құрал, зат, мүлік ретінде карастырылған. Дегенмен, ол заманда еркінадамдардың арасында теңдік болмаған

Феодалдық қоғамда да басы байлы шаруалар тоық құқылы азамат және құқықтың толыққанды субъектісі ретінде танылмаған. Олардың құқықтары елеулі түрде шектелді. Феодалдық құқық ақ суйектердің мүддесін қорғап, адамдардың әлеуметтік жағдайына, атағыны, сословиесіне қарай бөлді. Бүгінгі өркениетті елдерде мұндай кемсітушілік жойылған. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде (1966ж.) бекітілгендей, «Әрбір адам өзінің қайда жүргеніне қарамастан құқық субъектісі ретінде танылады». Бұл ереже 1948 жылы. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында бекітілген. [31, 57].

Құқық субъектілерінің түрлері. Құқық субъектілері ең алдымен, жеке дара (жеке тұлғалар) және ұжымдық (заңды тұлғалар) деп жіктеледі. Жеке дара субъектілерге мыналар жатады: а) азаматтар; ә) шетелдік азаматтар; б) азаматтығы жоқ тұлғалар (апатридтер); в) қос азаматтыққа ие тұлғалар (бипатридтер).

Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. Құқық қабілеттілік ретінде мемлекетпен танылатын, заңда көзделген құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігі мен қабілеті түсініледі. Бұл жағдай құқықтарды іс жүзінде иеленуді емес, ал оларды иеленуге қатысты алдын ала бекітілген мүмкіндікті білдіреді. Барлық азаматтар құқық қабілеттілікке ие. Құқық қабілеттілік адам өмірге келгенде пайда болып, қайтыс болғанда тоқталады.

Қазіргі заманғы өркениетті қоғамда жалпы құқық қабілеттілікті иеленбейтін азаматтар жоқ және болуы мүмкін емес. Бұл тұлғаның саяси құқықтық және әлеуметтік мәртебесінің аса манызды алғышарты және ажырамас элементі. Құқық қабілеттілік субъектілердің табиғи емес, ал қоғамдық құқықтық қасиеті және ол апсалюдті, әмбебап сипатқа ие. Құқық қабілеттілік адам құқықтары туралы халықаралық пактілерден, гуманизм, бостандық және әділдік қағидаларынан туындайды. Кез келген мемлекеттің міндеті құқық қабілеттілікті тиісті түрде кепілдеу және қорғау.

Құқық қабілеттіліктегі басты мәселе құқықтар емес,ал оларды иелену қабілеті немесе мүмкіндігі. Бұл өте манызды жағдай себебі, тарих көрсетіп отрғандай, барлық замандарда тұлғалардың барлығы мұндай мүмкіндіктерге ие болмаған (мысалы құлдар) немесе ішінара иеленген (басыбайлы шаруалар).

Құқық қабілеттілік ұғымы алғаш рет онтоғызыншы ғасырда буржуазиялық кодекстерде бекітілді. Ол заманда құқық қабілеттілік санаты ағалшындық азаматтық құқықта да қолданыста болады.

Байқап отырғанымыздай,қарастырылып отырған институт азаматтық заңнаманын негізінде пайда болған, бірақ, кеиіннен әлде қайда кең мағынаны иеленнген.[32, 7].

Алайда, құқық қабілеттілік өз бетінше ешқандай шынайы игіліктер бермеиді. Ол тек құқыққа қатысты құқық яғни құқық иелену құқығы. Тек шын мәніндегі құқық қана қандайда бір игілікті иеленуге белгілі бір әрекеттер жасауға, талаптар қоюға жағдай жасайды. Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсілІне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды

Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде, заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: «Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды». Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде, сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:

1. белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);

2. елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аудару-мен шектелу).

Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық, басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз — қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады. [33, 53]

Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында кай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.

Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште калған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.

Құқық қабілеттілігі адамның — құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз — азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі — азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның, дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның, өз еркімен мүлікті иеленіп, оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқықпен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстін 17-бабы 2-тармағына сәйкес, заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заң, 10-бап).

Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі болып бөлінеді. Онық өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.

18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің, 17-бабы, 1-тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құлсық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құкықтар мен міндеттерге де ие болады.

Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.

Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:

а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар;

б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.

14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:

- өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, корғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер; — ата-анасының (асырап алушының, қамкоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.

14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге: [34, 71].

1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;

2) интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;

3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;

4) банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс

Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.

Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.

14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар, Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардың әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жауап береді, ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәмілех[8, 407].

Date: 2016-06-06; view: 663; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию