Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ықтық қатынас белгілерінің заң ғылымында нақтылауы





Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе — саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына карай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады [10, 4].

Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етедіҚұқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді Мемлекет және құқық теориясы ғылыми пәнінің түсінігі. Жалпы мемлекет және құқық теориясының пәні — негізгі заңдылықтардың пайда болу, мемлекет және құқықтың функцияларымен дамуы.Мемлекет және құқық теориясы пәні мен объектісінің ұғымы.

Қоғамдық құбылыстарды зерттеудегі ғылым жүйесінде мемлекет және құқық теориясының орны. Мемлекет және құқық теориясының философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен, мәдениеттанумен қатынасы.Рулық құрылыс. Рулық құрылыс кезіндегі басқару органдары және жүріс-тұрыс нормалары. Алғашқы қауымның рулық-тайпалық ұйымнан біртіндеп мемлекетке ауысуы.Мемлекеттің құрылуының нышындары: бұқаралық билік (аппарат), тұрғындардың территориялық бөлінуі, салықтар мен займдар. Мемлекеттілік. Егеменділік. Құқықшығармашылық мемлекеттің нышаны ретінде.Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары: шынайы-құқықтық (шарттық), теологиялық, психологиялық, материалистік (класстық).Мемлекет және құқықтың уақыт аралығындағы хронологиялық көзқарас. Ежелгі әлемдегі, орта ғасырдағы, жаңа және жаңа уақыттағы мемлекет және құқық. Қазіргі замандағы құқықтық жүйесінің классификациясы романо-германдық және англосаксондық құқтық жүйелер. Мемлекеттің түсінігі. Мемлекеттің түрлерінің түсінігі. Мемлекеттің түрлерін анықтайтын факторлар: географиялық, экономикалық, саяси, тарихтық, ұлттық. Басқару формасы. Мемлекеттік құрылым формасы. Мемлекет механизмі туралы түсінік. Мемлекет аппаратының негізгі орналасу міндеттерімен қызметтері: бөлінуі, интернацмонализм, демократизм, профессионализм, егеменді мемлекет билігінің халыққа тиістілігі, азаматтардың құқық қорғау және жеке бостандықтары. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызмет кадрлары мен олардың жіктелінуі. Мемлекет органдары, оның белгілері. Мемлекеттік органдардың мақсаты, қызметі және компетенциясы. Мемлекет қызметінің мазмұны және түсінігі. Мемлекеттің мәні, оның мақсаты және қызметі. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері. Мемлекеттің тұрақты және уақытша қызметтері. Мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, саяси, идеологиялық қызметтері. Мемлекет қызметі және мемлекет механизмі (аппараты). Мемлекет қызметі және мемлекеттік органдардың қызметі. Мемлекет қызметінің іске асырылуының құқықтық формасы: құқықтық шығармашылық, құқықтық қолданыс, құқықтық қорғаныс [11, 97].

Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік.

Құқықтың мемлекеттік тұжырымдамасы: теория мен тәжірибе. Құқықтық мемлекеттің мақсаты, міндеттері және қызметі.

Құқықтың анықтамасы.Құқық институт ретінде. Объективтік құқық және субъективтік құқық.

Құқық нормасының түсінігі. Құқық нормасы - үлгі, ереже, шара, жүріс-тұрыс масштабы. Құқық нормасының белгілері: формалды анықтаушылық жалпы міндеттілік, жүйелілік, әрекеттің қат-қабаттылығы, адресаттық кейіптеушіліксізі мемлекетпен қамтамасыз етілуі, ұсынушылық міндеттілік сипаты.

Құкықтыңқайнар көздерінің формаларының түсінігі. Санкциялы дәстүр. Әдет-ғұрпы құқығы. Сот және әкімшілік прецеденті. Нормативтік құқықтық акт.Зандық доктрина құқықтың қайнар көзі ретінде.

Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі және жалпы ситапттамасы. Нормативтік құқықтық актілерлің түрлері, заңдық күші, әрекет ету ортасы, оларды шығару субъектілері және әрекет ету мерзімі бойынша саралануының критериилері.

Қағида шығармашылығының, құқық шығармашылықтың заң шығарушылықтың түсінігі. Халықтың бірден-бір құқық шығармашылығы. Референдум түсінігі. Заң шығару процессінің сатысы және түсінігі.

Құқық жүйесінің түсінігі. Құқықтың құрылымы. Құқықтық институттар және олардың түрлері.Құқықтық қатынастардың түсінігі.Құқықтық қатынастардың құрамы. Құқықтық қатынастардың мазмұны. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі, оның түрлері мен әдістері.

Құқықты қолдану — құқықтық жүйе асырудың ерекше формасы (әдісі). Құқықты қолдану субъектілері: мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, құқық қорғау органдары.

Нормативтік құқықтық актілерді талқылаудың түсінігі. Құқық нормаларының мазмұмын түсіндіру және анықтау.Құқықтық сана — қоғамдық сананың түрі. Құқықтық сананың басқа да қоғамдық санамен арақатынасы: сасяси, өнегелік, діндік.Құқықтық мәдениеттің түсінігі элементтері жәнедеңгейлері.Құқықтағы кемтіктің түсінігі. Құқықтағы аналогия институты. Заңның аналогиясы және құқықтық аналогиясы.3аңды мінез құлық заң нормаларының нұсқауларына сәйкес мінез құлық ретінде.3аңды мінез құлықтың түрлері. Активті, пассивті және қалыпты мінезқұлық.Құқық бұзушылықтың түсінігі, түрлері. Қылмыстылықтық себептері және басқа да құқық бұзушылыктардың әлеуметтік табиғаты. Заңды жауапкершілік және оның түрлері. 3аңдылықтың түсінігі. Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конституцияның орны мен ролі. Конституциялық заңлылық заңдылық пен құқықтық тәртіптің негізі. Мемлекет және құқық теориясының көзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы. Азаматтық, Азамат және мемлекет.Адам және азаматты құқықтары мен бостандықтарының түсінігі, олардың жүйесі.Құқық саласының түсінігі. Құқық саласының негізгі компоненттері. Құқықтық сана, құқықтық тәртіп, құқықтық норма, құқыкқолданушылық, құкықшығармашылық, құқықтық ғылым, құқықтық білім, олардың жалпы сипаттамасы.[3, 226].

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. - Әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді [12, 122].

Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда зандылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың түрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.

Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.

Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу зандылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық бұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен занды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың түсінігін береді.

Құқық бұзушылық - биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.

Құқық бұзушылық - құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық - нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.

Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:

1. Құқық бұзушылық - қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.

2. Құқық бұзушылық - объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдықтәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.

Формальді - логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы, қоғамға зиянды әрекет - әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік байқалады:

1. Заңда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды немесе қауіпті.

2. Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға қайшы деп тыйым салынбаған.

Құқық бұзушылықтың мәні - оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді.

Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау - өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы ажырамас белгісі оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады.

Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының занды көрінісі құқыққа қайшылық деп саналады. Ол іс қимылдың белгілі бір түрінің нышаны ретінде құқық талаптарының саналы түрде бұзылуын білдіреді. Әрекет-әрекетсіздік заңды міндетін орындамау немесе құқықты теріс пайдалану, яғни егер оған құқықпен тыйым салынса және оны жүзеге асырған жағдайда, құқықтық нормалардың санкциясы қолданылуға жатса, бұл құқыққа қайшы деген сөз.

Егер де құқықпен тыйым салынбаса, құқық бұзушылық болмайды. Адамның өзінің тұлғалық құқықтарын қолданбауы, оның жеке қалауына байланысты болғандықтан, құқық бұзушылыққа жатпайды. Керісінше, адамның қоғамға, мемлекет және азаматтардың мүддесіне залал келтіре отырып, құқықтар мен бостандықтарды пайдалануы, құқыққа қайшы әрекет деп саналады.

Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:

1. Құқық бұзушылық - құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлвды, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. [13]104

2. Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері, түрлі болуы мүмкін.

Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:

1. Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.

2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.

3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.

4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.

Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет. Өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б.

5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын қоғамдық-қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге болады. Құқыққа келісті және ол рүқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.

Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен қорғала бермейді, сондықтан да оларға нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттер мен байланысты болады.

6. Құқық бұзушылық құқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқьшы ғана жүзеге асады. Кінәлі деп танылу үшін занды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болу керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімімен анықталады) құқық нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай алмайды. Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген болуы шартгы жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның өз еркімен саналы тұрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы, құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым-қатынасы.

-мемлекеттік мәжбүрлеу;

-құқық бұзушыны жауапкa тарту;

-құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру. Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қолдануға құқьшы.

Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заңсыз әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады - тергеу жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды. Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп, соның нәтижесінде шешім қабылдайды.

Әркез құқық бұзушы өзіне лайық жағымсыз қылықты жүзеге асырады. Ол оның мүлкіне немесе өз басының бостандығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі адам біреудің мүлкіие келтіретін зиянды төлейді немесе оның орнын толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады. Оны бас бостандығынан айырады, жүріп-түру еркіндігін шектейді. Осы айтылғандардың құқықтық жауаптылықтың мақсаты:

- кінәлі адамның зұлымдығын бетіне басып, оның іс-әрекетінің қоғам үшін қауіпті екенін көрсету;

- қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі адамның өз басына да күн туатынын дәлелдеу;

- заңды бұзушылықтан басқа адамдарды сақтандыру болып табылады.

Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы және құқыққа қайшылығын анықтау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіндік бергенмен де, оның мазмүнды белгілерін нақтылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта заң ғылымында құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың занды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.

Құқық бұзушылықтың,объективтік жағы құқыққа қайшы деп саналатын әрекет-әрекетсіздікті жасау немёсе құқық нормаларында көрсетілген құқыққа сай әрекетті жасамаудан туады. Қай жағдайда болмасын құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздік саналы түрде жасалып, әлеуметтік зиянды салалардың тууына әкеліп соғады. Ол құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға тікелей зиян келтіруі немесе осындай зиян келтіруге байланысты қауіп төндіреді.

Іс жүзінде жүзеге асырылмаған ой-өріс, сезім, болжам заң бойынша объектіге кірмейді. Кей жағдайда құқық қорғайтын мүддеге әдепсіздік, белсенділік (балағаттау, жалған сөз) арқылы да зиян келеді.

Құқық бұзушылықтың объективтік жағының элементіне әрекет-әрекетсіздікпен келтіретін зиянның арасындағы себепті байланыс және келтірілген залал жатады. Заң теориясында себепті байланыс дегеніміз - келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет-әрекетсіздікпен пайда болған нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою, азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу.

Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болып, жеке мүддеге, сондай-ақ жалпы қоғамдық мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің сипаты және одан келген зиян қоғамға қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін қалайды.[15, 192].

Құқық бұзушылық фактісін бекіту үшін барлық себепті байланыс айтарлықтай мәнге ие бола бермейді. Субъектінің кінәсі оның қоғамға зиянды салдарын болжаумен байланысты болады. Ал сол әрекеттен міндетті түрде келетін зиянды ғана болжау мүмкін болмақ. Демек, әрекет-әрекетсіздікпен қоғамға зиянды салдардың арасында қажетті себепті байланыс болады. Басқаша айтқанда, келтірілген зиян жасалған әрекеттің тікелей нәтижесі екендігі анықталуға жатады. Әрекет-әрекетсіздікпен оның нәтижесі арасындағы байланыстың қажетті немесе кездейсоқ сипаты істің барлық фактілік жағдайын жан-жақты зерттеудің негізінде ғана бекітіледі.

2. Объект - құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді.

Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері көп түрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықгың объектілері де бірнешеу болуы мүмкін.

3. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын адамның құқық бұзушылықты жасауға жол берген әлеуметтік-психологиялық механизмін сипаттайтын, элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қарағанда барлық құқық бұзушылық, алдымен кінәнің болуымен байланысты болады. Бұл тұрғыдан қарағанда құқық бұзушылық — құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол берген кінәлі әрекет болып табылады.

Субъектінің кінәсінің деңгейі оның өз іс-әрекетінің әлеуметтік зиянды нәтижесін алдын ала болжағандығы немесе болжамағандығына қатысты анықталады және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында бейнеленеді. Қасақаналықта адам өз іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді. Ал абайсыздықта адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызу мүмкін екенін білмеу, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді немесе қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда, ол зардаптарды болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін болжай алмайды. Яғни, кінә (қасақаналық немесе абайсыздық) адамның еркімен байланысты болатын, ішкі психологиялық жай-күй болып табылмақ.

Дегенмен, мұнда құқық бұзушылыққа жол берген психологиялық факторлар да ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей реттелген және белгілі бір мақсатты көздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына әрекет-әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты да кіреді. Мұндағы ниет деп отырғанымыз - құқық бұзушылықты жасауға түрткі салатын, ең басты негіз, ал мақсат - құқық бұзушы жетуге тырысатын нәтиже. Сондықтан осы элементтерін тани білу әрекет-әрекетсіздіктің барлық психологиялық ерекшеліктерін ашу және құқықпен қорғалатын қоғамның, мемлекеттің және азаматтардың мүдделеріне зиян келтіруші құқық бұзушылықтың субъективтік жағын айқындауға мүмкіндік береді.

Субъект - әрекет қабілеттігі бар заңды бұзушы тұлға. Егерде субъект құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл-есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік зиянды нәтижеге әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа қарсы әрекеттерді құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа толу керек. Айталық, қылмыстың жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас, әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтык жауапкершілік 15 жастан есептеледі.

Құқық бұзушылықтың субъектісі жайлы мәселелердің барлығы теория мен практикада біркелкі шешілмеген. Құқық бұзушылық субъектісінің түсінігіне келгенде қылмыстық және азаматтық құқықта алшақтық байқалады.

Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі мен жауапкершіліктің субъектісі сәйкес келеді, ал азаматтық құқықта жауапкершілікке тек құқық бұзушылыққа жол берген субъект қана тартылып қоймайды, құқық бұзушы субъект ретінде адамдардың ұжымын тану мәселесі де күрделі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша бұл сұрақ бір жолмен шешіледі - жауапкершілікке жеке тұлға тартылады. Қылмыс топ болып жасалса да, оның әрбір қатысушысы өзінің істеген жеке әрекеті үшін жауап береді. Өзге құқық салаларында, бұл тұрғыда мамандардың пікірі әр түрлі. Олардың бір тобы адамдардың тобын құқық бұзушылық субъектісі деп таныса, екіншілері бұлай санамайды.

Сонымен, құқық бұзушылық - әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің занды жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа қайшы және кінәлінің әрекет-әрекетсіздігі.

Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді.

1) Қылмыс.

2) Теріс қылық.

Объектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмұны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, кінәнің нысаны құқыққа қайшы әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының жеке мінездемесі арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі негіз болады [16, 210].

Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті фактор негіз болады.

Кылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктің және басқа да құқықтары. Қылмыстың занды сипаты - оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандык белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды.

Теріс қылық дегеніміз - қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.

Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктелінеді.

1. Әкімшілік құқық бұзушылық - мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік.

Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б.), азаматтардың құқықтары мен занды мүдделеріне нұқсан келтіреді.

Әкімшілік құқық бұзушылықгар тек объектілерінің жалпы сипаты және мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емес, жазалау сипатында қолданылатын санкциялармен де ерекшелінеді. Мәселен, ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.

2. Тәртіптік құқық бұзушылық қызметтік қатынас саласында бағынушылық тәртібін бұзуға бағытталатын, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында түрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолданылуы мүмкін: ескеру, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару және т.б.

3. Азаматтық құқық бұзушылық - азаматтық құқық нормаларымен реттелетін мүліктік және онымен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты - азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілерінің әрекетінен туындаса, шартсыз - азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады.

Азаматтық құқық бұзушылықтың қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы, олардың занда тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық құқық бұзушылыққа тән ерекшелік оларға мүліктік және мүліктік емес санкциялармен тыйым салынуы болып табылады. Мұнда және бұзылған құқықтың қалпына келтірілуі көзге түседі: заңға қайшы келетін мәмлені езгерту, келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру және т.б. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар азаматтық құқық бұзушылық келтірілген зиянды салдарын бағалау және азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтіруін көздейді.

Құқық бұзушылықтың себептері төңірегінде ежелден осы күнге дейін сан түрлі пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ, адамдардың құқықтық нормаларды бұзуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқаймыз.

Әлеуметтік жағдайлар - отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы қоғам өмірінің әсері. Бірақ бұлар әр адамға әртүрлі ықпал етеді. Тұрмысы ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп, өмір сүретіндер де, сонымен біреуге уайымсыз, тоқтықта өскендер де занды бұзуы мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз ежелден-ақ байқаған. «Жаманнан жақсы туар, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туар, бір ауыз сөзге алғысыз» деген мақал айғағы болса керек.

Биологиялық жағдайлар. Бір отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленіп, өскен балалардың ой-өрісінің сапасы әртүрлі болатыны белгілі. Біреуі мейірімді, салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз болуы мүмкін. Әрине балалардың жаратылысынан әр түрлі болуы, бұзақылық, адамның тегіне байланысты деген сөз емес. Бұзықтық түқым қуаламайды, бірақ, адамның жаратылысына тән жаман мінездерді өсіп-өнетін кезеңге тап болса, адам әдепсіздік заң бұзушылық қылықтан тайынбайды.

Маңызды мәселенің бірі заңдар туралы мәліметтердің жеткіліксіз болуы да олардың талаптарын орындамауға себебін тигізетіні сөзсіз. Шынында да мемлекетімізде жүздеген заңцар қабылданған. Оларда азаматтарға сан алуан құқықтар беріліп, көптеген міндеттер жүктелген. Азаматтар ол заңдардың бәрін біле бермейді. Әрине, занды білмей бұзғанмен, біле тұрып қасақана немесе абайсызда бұзғанның салдары арасында өте үлкен айырмашылық бар. Конституция бойынша қандай да болмасын қабылданған занды құжаттар баспасөз бетінде жариялануы қажет. Егер жарияланбаса, оның күші болмайды. Ондай құжаттың талаптарын орындамаған адам жауапқа тартылмайды

Құқық бұзушылықтың субъективтік себебі - бұл, мемлекеттік идеологияға, адами құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-қайшы құқықтық сананьщ төмен деңгейлігі. [17, 47].

Ал объективтік себебі - өмірдегі, экономикалық және әлеуметтік қатынас саласындағы нақтылы кайшылықтар. Құқық бұзушылықты тудырушы объективтік жағдайға - оның субъективтік және объективтік себептерінің орнын алуына жол беретін, ұйымдастырушылық және техникалық тәртіптің жеткіліксіздігін айтуға болады.

Құқық бұзушылық қашан да жекелік сипатта болады. Жеке тұлғаның қабылдаған және оның қажеттілік мақсаты арқылы анықталатын құқыққа қайшы шешім, құқық бұзушылықтың тікелей себебі болып табылады. Бірақ құқық бұзушылық себебін белгілі бір әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру жеткіліксіз.

Ғылыми зерттеу нәтижесі құқық бұзушылықтың себебі жеке адамның қажеттіліктерімен оны қанағаттандырудың әлеуметтік мүмкіндігінің арасындағы қайшылықга деп түсіндіреді. Яғни бұл өз кезегінде қоғамдық жағдайдың сипатына тәуелді болады. Бұл дегеніміз қоғамдық қатынастар жүйесінде: өндіріс, саясат, мәдениет, шаруашылық, түтыну салаларында белгілі бір орынға ие болу. Ал қалыпты өмір сүру жағдайда бұлар бір-бірімен сәйкес келіп отыруы тиіс. Қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі белгілі бір орынды иелену адамның кәсіпқойлық дәрежесін, білімін және мәдени мәртебелігін айқындайды.

Жеке адамның әлеуметтік мәртебелерінің бір-біріне сәйкес келмеуі оны қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейді. Яғни саяси-экономикалық үстемдікке әлеуметтік саладағы жағдай сәйкес келмеуі, жеке адамдардың білім мәртебесіне экономика, мәдениет саласында тиісті орынды қамтамасыз етпеген жағдайда, олар заңсыз әрекеттерге барады. Кейбір саяси қызметкер өзінің жағдайын мемлекеттегі рөлімен теңестіру үшін, билікті теріс мақсатта пайдаланады. Ең арысы жалданбалы жұмысшы да, сатылмалы жұмыс күшінің ақысы оның қоғамдық қажеттігін өтемесе, қолайсыз мүмкіндіктерді пайдалануға бет бұрады.

Жоғарыда айтып өткен құқық бұзушылықтың негізгі себептерін түжырымдай келе байқайтынымыз - заңды мінез-құлық, құқықтық сана, құқықтық мәдениеттің бұл тұрғыда алатын орны ерекше.

Занды мінез-құлық құқық нормаларының нүсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Ол арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құқықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.

Азаматтар құқық нормаларының талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді:

1) Белсенді заңды мінез-құлық лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген занды әрекеттері оның түрлері сан алуан.

2) Енжарлы мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен сапалы орындамайды, өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Әңине мұндай мінез-құлық, құқық нормаларына қайшы келмесе де адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлықтан қоғам да ештеме ұтпайды. Демек, екі тарапта ұтылыста болады. Мұндайда енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке зиян келеді. Азаматтардың енжарлығын, немқұрайлыган пайдаланып, теріс ниетті лауазымды тұлғалар мемлекет органының қызметін халықтың бақылауынан тыс қоюға әрекет жасауы мүмкін.

Міне осындай енжарлықты белсенділікке айналдыру қажет. Оның негізгі шарты - еңбекке баулу. Құқық нормаларын адал, ақ ниетпен іс жүзіне асырған азаматтарға көтермелеу шараларын белгілесе, ол нормалар белсенділікке негіз болары сөзсіз.

3. Занды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері

Занды жауапкершілік - жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі - құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе, онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.

Занды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құкық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтык, нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады [18, 137].

Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершіліктің түсінігі - тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Tap мағынада - мемлекеттің жасалған құқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.

Заңды жауапкершілік - тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытта жаза өзінің сыртқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және оның өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіруден тұрады.

Занды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттік күштеу мен заңды жауапкершілік қашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады.

Шарттың міндетін бұзған азамат немесе көсіпорын өз еркімен заңда көрсетілген айыппұлды төлеп, шығынды қалпына келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлым анық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Занды жауапкершілік - тек ғана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық - іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.

1. Мемлекеттік күштеу арқылы жүзеге асады.

2. Кінәліні белгілі бір шектеуге міндеттейді.

3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болады.

Занды жауапкершілік бір қатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:

Кінәлі әрекет үшін ғана жауаптылық қағидасы. Бұл қағида, негізінен, заң шығарушыға арналады. Оның тек қоғамға зиянды құқықтық табиғаты мен қоғам құндылығына қайшы келетін әрекеттерге ғана занды жауапкершілікті бекітуін талап етеді. Егер де субъект құқық бұзуға жол беру кезінде өз еркі болмаса, іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмаса, болжауға тиісті болмаса, оның болуын тілемесе және өзін басқара алмаса, ол жауаптылыққа

Date: 2016-06-06; view: 1107; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию