Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ықтық қатынас ұғымы мен мазмұнының теориялық мәні





Құқықтық катынастар – әртүрлі құқық субьектілерінің құқық талаптары негізінде қалыптасатын өзара қарым – қатынастары.

Өндірістік қатынастар - қоғамда материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау және бөлу процесінде адамдардың санасы мен еркінен тыс пайда болатын олардың арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Идеологиялық қатынастар - халықты, ұлтты, таптарды немесе теория негізінде біріктіруден туындайтын қатынастар жиынтығы.[4, 47].

Құқықтық қатынастардың субьектілері субъективтік құқық пен заңды міндеттерге ие болушылар, яғни адамдар (индивидтер) және ұйымдар.

Заңды тұлғалар меншігінде мүлкі бар, сол мүліктерін басқару процесінде, өз атынан мүліктік не мүліктік емес міндетке ие болып, міндеттері бойынша жауап беретін, сотта талапкер және жауапкер бола алатты заң тәртібімен тіркелген ұйымдар, тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер.

Жеке тұлғалар құқықтық қатынастарда субъетивтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленуші ретіндегі жеке адам. [5, 80].

Қоғамдық қатынастар – белгілі бір өндіріс негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас – қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.

Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары – саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар. Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы – өзара заңды байланыста реттелген бұлжымас бірізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бірізділікті табу, оның ең басты, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу – ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым – қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады. [6, 32].

Қоғамдық қатынас атагонистік және антагонистік емес болып екіге бөлінеді. Қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдық – экономикалық формацияда болады. Қоғамды қанаушылық бірте – бірте азаяды. Антогонистік мемлекет либеральды – демократиялық мемлекетке айналады. ХХ ғасырдың аяғында дамыған капиталистік елдер осы бағытқа көшті.

Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде – мақсаттары, саясат, мемлкеттік билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.

Сонымен құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым – қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір – бірімен қарым – қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым – қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс – әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым – қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде – мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамтыа отырып кейбір қарым – қатынастарға шектеу қойылды.

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моралдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс – қатынастар моральдық, әдет – ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастарының көншілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.

Сонымен, қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде – мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан – белгілері:

Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым – қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастің мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындамаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Екінші – қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттернің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.

Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде – мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.

Төртінші – егер қатынаста нормативті актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс. [7, 38].

Құқықтық қатынастардың түрлері:

1.Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе – саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемелекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық – процессуалдық, азаматтық – процессуалдық, т.б. құқықтар.

2.Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп – басқарып, дамытып отырды. Қорғаушы нормалар қарым – қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.

3.Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда – сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.

4.Құқықтық қатынастардың субъектілерінң жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілернің құқығы мен міндеттері бірдей болады.

Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.

Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез – құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас – бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлкеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті де жақсартуға мүмкіншілік жасайды.

Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.[8, 67].

Құқықтық қатынастың субъектісі – жеке адам мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары сондай - ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі қалыптасуы керек. Құқықтық қабілет – құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды.: меншігінде мүлік, оның ішінде шет елдік валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу; шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым – қатынас жасауға т.б. құқықтары бар

Әрекеттілік – адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әркеттіктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады.[9, 73].

Құқықтық субъектіліктің адамның тәртіп бұзғаны үшін заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі: қықытық жауаптылық мүмкіндігі (деликтоспособность) деп аталады. Бұл мүмкіндік Республиканы қылмысты істер заңы бойынша он алты жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау) жасаған жағдайда он төрт жастан басталады.

Құқықтық субъектіліктің шарттар жасап басқа да келісімдер жүргізуге негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп аталады. Толық әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Кәмелетке толмаған он төрт жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың атынан ата – аналары, асырап алушылары, не қамқоршылары жасайды. Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды. Адамдардың әркеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады:

-кәмелеттік жасқа толмаса адамдардың саяси құқығы болмауы, үйленуге (жанұя құруға), қылмыстық.жауапкершілікке тартуға, жұмысқа орналасуға, әскер қатарына шақыруға шектеулер бар. Оларды бұзуға тыйым салынған (шектеудің түрлері):

-адамдардың денсаулығының нашар болуы; туысқандық – қандас болу;

-егерде азамат сотталған болса;

-діни нормаларға шектеу.

Шет елдің азаматтары толық, құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға, әскер қатарына шақырылуға құқығы жоқ.

Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат – мекемелерғ лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтық қабілеті мен әрекеттілігі бар деп саналады, оның шеңбері олардың ережелері мен Уставында толық көрсетілуге тиіс. Соған сәйкес олар жұмыс жасайды. «Оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болатын оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады»

Құқықтық қатынастың объектісі – қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық әкімшілік, еңбектік, т.б. қарым - қатынастар. Материалдық дүние - заттар, рухани - шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер, құқық субъектілердің іс - әрекеті және құқық қатынастардың нәтижелері – құқық қатынастарының объектілері. Құқық, қатынастың объектісі – тек қоғамдық және жеке тұлғалар мүдде - мақсатын реттеп - басқарып отыратын қарым - қатынастарды қамтиды. Осы мүдде - мақсаттарды орындаудағы субъектілердің іс - әрекеті, атқаратын жұмыстары құқықтық қатынастың объектісі болады. [10, 142].

Субъективтік құқық – құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде – мақсаттарының орындалуы. Субъективті құқық пен заңды міндеттер құқықтық қатынастың, ең негізгі мазмұнын құрайды

Субъективтік құқықтың алдындағы негізгі мүдде - мақсаттар: бірінші – қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; екінші – көрсетілген іс – әрекетті дұрыс орындау; үшінші – көрсетілген міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші – егерде дұрыс орындалмаса сот арқылы орындау. Бұл әрекет екі жақты субъектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды. Субъективтік құқықтың орындалу әдіс – тәсілдері:

1) құқықтың алдында қойылатын өз мүдде – мақсаттарын анықтау;

2) құқықтық норманы дұрыс пайдалану;

3) құқықтық тәртіпті қатаң орындау.

Заңды міндеттер. Субъективтік құқық бар жерде сонымен бірге заңды міндеттер болады. Бұл екеуі бір – бірінсіз бола алмайды. Себебі соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Олардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс – әрекетіне, жұмысына байланысты. Егерде әр субъект өзінің тиісті міндеттерін дұрыс, уақытында орындаса, онда сөз жоқ құқықта дұрыс уақытында орындалады деуге болады.

Құқықтық қатынастың заңды міндеттерінің орындалуының екі түрі болады: бірінші – қатынастағы бір субъект басқа субхектілердің мүдде – мақсаты үшін міндетті түрде іс – әрекет немесе бір белгілі жұмыс жасауға тиіс; екінші – оның іс – әрекетіне шектеу қою. Сонда ғана қатынас дұрыс орындалып, нәтижелі болады.

Заңды себептер. Қоғамдағы толып жатқан неше түрлі, неше салалы құқықтық қатынастар өмірге келіп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның заңды себептері мен негіздері бар. Бұл объективтік процесс. Заңды себептер құықтық қатынастардың, пайда болуы, өзгеруі, ескіруі және жаңаруының негізі болады. Заңды себептердің екі түрі болады: оқиғалар және іс – әркеттер.

Оқиғалы себептер – табиғаттың объективті даму процесінен пайда болатын жағдайлар (өрт, жер сілкінуі, су тасқыны т.б.). Оқиға құқықта – азаматтық құқықтар мен міндеттің пайда болу негіздерінің бір түрі. Оқиға деп – адамның тууын, өлуін, стихиялық апатты, уақыттың өтуін т.б. табиғи құбылыстарды айтпайды. Азаматтық құқық пен міндеттемелер оқиға тек заңда көрсетілген реттерде ғана негіз бола алады. Мысалы, қауіпсіздендіруші ұйым (госстрах) қауіпсізденушіге тиісті ақшаны оның мүлкі заңда көрсетілген оқиғадан (жер сілкіну, өрт) апатқа ұшыраса ғана төлеуге міндетті. Азаматтың немесе заңды ұйымның кінәсінсіз пайда болатын кейбір оқиғаларға арнаулы мән беріледі. Мысалы жұмыс әрекеттері төңірегіндегілерге қатерлі қауіп туғызатын ұйымдар мен заттар егер зиянның келтірілуі бой бермейтін күштің салдарынан немесе жәбірленушінің қасақана іс – әрекеттен болмағаны дәлелденсе, зиянды өтеуге міндетті. Азаматтық құқықта мүліктің кездейсоқ апатқа ұшырауы немесе бүліну тәуекелін тиісті мерзімді өткізген жақ көтереді. Адамдардың және заңды тұлғалардың іс – әрекеттері арқылы қалыптасатын себептер – адамның өзінің жұмыстарының нәтижесінде пайда болатын жағдайлар. Бұл себептер заңды және заңсыз іс – әрекеттер болып екіге бөлінеді. Заңсыз іс – әрекеттер тоқтатылуға немесе жауапкершілігі анықталуға тиіс.

Құқықтық қатынастардың өмірге келуінің, өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының, дамуының заңды себептерінен басқа үш бөлімнен тұратын негізі болады: нормативтік актілер, заңды себептер, субъективтік құқық. Осы күрделі үш негіздер арқылы құқықтық қатынастар дамып, нығайып қоғамның объективтік даму процесін реттеп – басқарып отырады [1, 168].

«Құқықтық қатынас» категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс — қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарыпотырады. Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарыпотырады.

Құқытық қатынас дегеніміз - мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:

Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Екінші - қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.

Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып

Төртінші - егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етедіҚұқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін [2, 147].

 

 

Date: 2016-06-06; view: 490; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию