Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






V. Территорияны қосымша сипаттайтын элементтері: мәтіндік мәлімет, қосымша (врезные) карталар, профильдер





VI. Картаны үйлестіру тәсілі (компоновка карты):

Картографияланатын территорияның, оның шекараларын, картада орналасқандығын талдау, картаның рамкасына қатысты орта мериданның орны, олардың оптимальдық вариантқа сәйкестілігі.

58. Картометрияға түсінік беріңіз.

Картометрия - карталар бойынша әр түрлі географиялық нысандардың ауданын, ұзындығын, бедердің орташа биіктіктерін және баска да сандық сипаттамаларын зерттейтін картография тарауы.

Объектілер мен құбылыстардың тығыздығын анықтау, бірінші түрі аудан бірлігіне (Р) сәйкес келетін объектілер немесе құбылыстар мөлшері (n),

W = n/Р

екінші түрі – объектілер немесе құбылыстар қамтитын ауданның (Рқұбыл) жалпы берілген жердің ауданына (Ржалпы) қатынасы

T = Рқұбыл / Ржалпы * 100 %

Жер бетінің горизонталдық тілімденуі:

D = ∑l / P

∑l - гидрографиялық немесе эрозиялық желісінің жиынтық ұзындығы, Р – аудан бірлігі.

Жер бетінің тіктік тілімденуі:

A = Zmax – Zmin

мұнда Zmax және Zmin биіктіктің ең биік және ең төмен көрсеткіштері.

Беткейлердің еңкістерін көрсетуге болады:

i = tg α = (Н1 – Н2) / l

59. Географиялық картаны пайдалануда картометриялық және морфометриялық тәсілдерін қолдануына сипаттама беріңіз.

Картометрия және морфометрия. Ауданды өлшеу. Аумақ (көлемді - объем) өлшеу. Бұрыштар мен бағыттарды өлшеу.

Карта бойынша контурдың немесе өзеннің иректелу көрсеткішін анықтауға болады, бұл барлық иреңдер ұзындығының байсалды қисықтың ұзындығына қатынасы (отношение длины линии со всеми извилинами к длине плавной огибающей).

Картометрия мен морфометрия басым топографиялық карталарға қатысты дамыған. Бүгінгі таңда бұл бағыттар тақырыптық карталар үшін да қолдануда. Мұның нәтижесінде геологияда құрылымдық морфометрия, гидрологиялық морфометрия, ландшафтометрия, медико-географиялық морфометрия т.с.с. ғылыми бағыттар пайда болды.

Объектілер мен құбылыстардың тығыздығын анықтау, бірінші түрі аудан бірлігіне (Р) сәйкес келетін объектілер немесе құбылыстар мөлшері (n),

W = n/Р

Жер бетінің горизонталдық тілімденуі:

D = ∑l / P

∑l - гидрографиялық немесе эрозиялық желісінің жиынтық ұзындығы, Р – аудан бірлігі.

Жер бетінің тіктік тілімденуі:

A = Zmax – Zmin

мұнда Zmax және Zmin биіктіктің ең биік және ең төмен көрсеткіштері.

Беткейлердің еңкістерін көрсетуге болады:

i = tg α = (Н1 – Н2) / l

60. Карта және атлас жасау үшін дерекетерге жалпы сипаттама беріңіз.

Бірыңғай бағдарлама бойынша жасалынған, жалпы мақсатымен және нақтылықты картографиялық бейнелеудің бірыңғай жолдарымен біріккен, басты құрамдас бөлігі географиялық карталар жүйесі болып табылатын картографиялық шығармаларды географиялық атлас деп атайды. Атластың тұтас шығарма түріндегі бірлігі карталар масштабтарының, проекциялардың, бейнелей әдістерінің және карталардың мазмұнының келісушілігі.

Атластарда жеке карталармен салыстырғанда аумақты бейнелеуде мүмкіндігі өте жоғары, сонымен қатар атластарда картографиялайтын аумақтың географиялық баяндамалары, түрлі кестелер, графиктер, суреттер т.с.с. болады.

Бүгінгі таңда географиялық атластарды мақсаты бойынша оқу, туристік, әскери т.б. түрлерге бөлінеді. Мазмұны бойынша географиялық атластар жалпы географиялық, тақырыптық және кешенді болып келеді. Аумақ бойынша дүние жүзінің атласы, материктердің, жеке мемлекеттердің және оның бөліктерінің атластары.

Бүгінгі формадағы алғашқы географиялық атластар орта ғасырларда пайда болды, дегенмен, Птоломейдің карталарын атлас деп есептеуге болады. Кеңес үкіметі кезінде көптеген түрлі бағыттағы географиялық атластар жарық көрді. Дүние жүзінің үлкен кеңестік атласы дүниежүзілік алғашқы атластардың бірі болып табылады. Бұл карта Ұлы Отан соғыс алдын жарық көрді. Кеңес үкіметі кезіндегі баспадан шығарылған ең маңызды географиялық атластары мынады:

• Дүние жүзінің анықтама жалпы географиялық атласы – 1954 ж., 384 бет, 280 карта

• Дүние жүзінің физикалық-географиялық атласы – 1964 ж., 308 бет, 247 карта.

• Теңіз атласы. 3 том., - 1974 – 1980 жылдары.

• Орта мектептің муғалімдеріне арналған географиялық атласы – төртінші басылым 1983 жылы, 191 бет, 149 карта.

• Қазақ ССР географиялық атласы, 1 том Физикалық-географиялық 1982 жылы, 2 том экономикалық-географиялық 1985 жылы.

 

Date: 2016-05-24; view: 1101; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию