Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Картаға түсіруде нүктелік тәсіліне сипаттама беріңіз





Нүктелік тәсіл карта бетінде кішкене диаметрдегі шеңберлер түрінде болады, мұны құбылыс немесе объект орналасқан жерде орнатады. Әр бір нүктеге құбылыстың көлемін көрсететін бірліктерде сандық мәні немесе «салмағы» болады. Картадағы бір нүкте 1000 адамның белгісі, немесе егістік көлемінің белгілі бір шамасы, мысалы, 100 гектар т.с.с.Нүктелік тәсілімен ареалдар тәсілі сияқты үлкен территорияда таралған құбылыстарды бейнелейді. Кейбір жағдайда нүктелік тәсілімен құбылыстың территория бойынша тұтас емес таралғанын көрсетеді. Мысалы, ауыл шаруашылық дақылдың егілген аудандардын. Әдетте, нүктелік тәсілімен түрғындар санын және олардың орналасуын, егістіктің орналасуы мен оның мөлшерін т.с.с. Картабетінденүктелердіекітәсілменорналастырады: статистикалықжәнегеографиялық. Статистикалық тәсіл бойынша құбылыс немес объект таралған шектелген ауданда, мысалы, әкімшілік ауданында, ауыл округінде, мемлекетте, нүктелер шектелген аудан бойынша бірқалыпты орналастырылады. Мұндай жағдайда карта бойынша құбылыстың нақты орналасқандығын анықтау қиын болады. Мұндай карталар бойынша құбылыс таралған шектелген аудандарды салыстыруға болады. Географиялық тәсілді қоланғанда нүктелерді құбылыс таралған аудандарда ғана қояды.Әдетте, нүктелік тәсілді құбылыстың абсолюттік мөлшерін көрсету үшін қолданады, бірақ нүктелік тәсілімен салыстырмалы көрсеткіштерді де көрсетуге болады, мұны пайыздық-нүктелік тәсіл деп атайды. Мұндай картада барлығы 100 нүкте болады, яғни құбылыс орналасуына сәйкес болады.Нүктлік тәсілмен құбылыстың құрылымын көрсетуге болады. Мысалы, ҚСРО атласының техникалық дақылдар картасында мақта қызыл түсті нүктелермен, ал зығыр (лен-долгунец) жасыл түсті нүктелермен көрсеткен. Нүктелік тәсілімен және құбылыстың уақыт бойы дамуын көрсетуге болады. Мысалы, қызыл түсті нүктелермен егістіктің 20 жыл бұрын алып жатқан ауданды, ал басқа түсті нүктелермен осы егістіктің бүгінгі жағдайын көрсетеді.

Date: 2016-05-24; view: 1184; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию