Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Геоиконика туралы жалпы түсінік беріңіз. 1 page





Экзамен

1. Картография пәніне ғылыми анықтама және картографиялық пәндер жүйесіне баяндама беріңіз.

Картография – карталар туралы ғылым, яғни картаны нақтылықты бейнелеудің ерекше тәсілі ретінде қарастырып, оларды жасап шығу және пайдалану мәселелерін қарастырады. Бұл анықтама Халықаралық картографиялық ассоциациясымен бекітілген.

Картография шартты түрде үш формада болады:

- карта арқылы табиғат пен қоғамның құбылыстарын бейнелеу туралы ғылым;

- картографиялық шығармаларды жасап шығу және пайдалану технологиясы мен техниканың саласы;

- картографиялық өнім (карталарды, атластарды, глобустарды т.б.) шығаратын өндіріс саласы.

Картография ғылыми және техникалық пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан өтуде. Картография теориясының негізгі әдістемесі – картатану. Математикалық Картография картаның математикалық негіздерін зерттейді. Ол картографиялық проекция теориясын әзірлейді, картографиялық тор құрудың әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды талдайды. Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картографиялық семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді. Картаны басып шығару – картаны, атласты, т. б. картографиялық өнімдерді технологиялық әзірлеу, көбейту, картаны полиграфиялық безендіруден тұратын техникалық пән. Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы – салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді. Картография тарихы картографиялық өндірістің дамуын, көне картографиялық өнімдердің тарихын зерттейді. Картографиялық топонимика – географиялық атаулардың мағыналық мәнін зерттейтін пән.

2. Географиялық картаның анықтамасын беріңіз және оның қасиеттерін көрсетіңіз.

Географикалық карта – жер бетнің, басқа да аспан денесенің немесе ғарыштық кеңістіктің кішірейтілген, жалпыластырған, қабылданған шартты белгілер арқылы оларда орналасқан немесе проектіленген объектілерді көрсететін бейнесі.

Географиялық карта атауына берілген толық анықтамадан картаға тән мынадай қасиеттер туындайды:

- масштабтылық. Картографиялық бейнелеулер нақты өлшемдерімен салыстыруда белгілі бір пропорцияда кішірейтіліп кескінделеді;

- картографиялық бейнелеудің іріктелуі. Карта бетінде ең басты, кейіпті деген құбылыстар мен объектілер көрсетіледі;

- картографиялық бейнелеудің өзгелілігі. Сызбалық кейіптеу шартты картографиялық белгілеулер мен құбылыстар картографиялық бейнелеудің тәсілдері мен келбетуеледі;

- математикалық айқындылығы. Картаны жасау картографиялық салынды деп аталатын кескіндеудің математикалық тәсілімен жүзеге асады. Мұнда бейнелеуге қойылатын шарттар: үздіксіздік пен бір мағыналылық сақталып қалады, яғни жер әлемі бетіндегі әрбір нүктеге сай карта бетінде бір ғана нүкте сәйкестенеді;

- картографиялық бейнелеулердің әр алуандылығы. Кеңістікті таралған қай құбылыс немесе объект болмасын оны карта бетінде 11 келбеттеуге болады. Тіпті картаның көмегімен өткен уақытқа көз жіберуге болады. Мысалға, тарихи карталарды еске түсіріңіз.

3. Географиялық картаның негізгі функцияларына баяндама беріңіз.

Қазіргі тақырыптық картографияда тұтынушылардың қолданбалы және ғылыми мәселелерін шешу үшін карталардың жаңа типтерін жасап шығу ұздіксіз жүреді. Әр түрлі функционалдық типтердегі карталар жасалынған: инвентаризациялық, бағалау, индикациялық, болжау және кепілдемелік.

Инвентаризациялық карталары объектілер мен құбылыстардың бар болуын, орнын және жағдайын жан-жақты тіркейді. Бұл карталар қатынастары мен байланыстарын көрсетпей, қабылданған жіктелуіне сәйкес табиғи және еңбек ресурстарының нақты тізімін көрсетеді. Әдетте бұл аналитикалық типтегі карталары болып келеді, мысалы, пайдалы қазбалардың орналасу, дәрілік өсімдіктер, жайылымдар т.с.с. карталары.

Бағалау карталарын инвентаризациялық карталары негізінде құрастырады. Бұл карталар қолданбалы болып табылады, оның мазмұны белгілі бір бағытта, немесе белгілі бір көз қарастан мақсатталған бағы болады. Сондықтан, бір құбылысқа немесе объектке әр түрлі бағалау карталарын жасауға болады. Мсыалы, жол салу, азаматтық құрылыс, ауыл шаруашылық мақсатта игеру, мұнай және газ кендерін пайдалану, халық өмір сүруінің экологиялық жағдайын талдау, табиғатты қорғау шараларын өткізу т.с.с. үшін аумақтың табиғат жағдайын пайдалану карталары болады. Оның барлығы қоланбалы мәселеге және бастапқы мәліметтер жиынтығына тәуелді.

Бағалау карталардың басым адам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сипаттайды. Карталардың мұндай түріне инженерлі-географиялық, инженерлі-геологиялық, агроклиматтық, медико-географиялық тағы да әр түрлі экологиялы-географиялық карталары жатады. Сонымен қатар, табиғаттың жеке компоненттерін бағалайтын карталары (мысалы, мелиорация мақсатында жер бедерін немесе егін шаруашылығы үшін топырақты бағалау карталары) және жалпы бағалау карталары (мысалы, халықтың өмір сүруі үшін таби,ат жағдайын бағалау).

Индикациялық карталар, жоғары дәрежеде зерттелген құбылыстарды зерттеу негізінде белгісіз құбылыстарды анықтау және болжау үшін мақсатталған. Мысалы, өсімдіктердің индикациялық картасы тектоникалық жарықтарды анықтау үшін қолданылады (себебі ол зоналардың үстінде өсімдіктердің түрлік құрамына әсер ететін еспе сулар циркуляциясының ерекше жағдайы пайда болады). Кейбір өсімдіктер белгілі бір пайдалы қазбалардың индикаторы болып табылады, жануарлардың жеке ареалдары адамның ауруымен байланысты т.с.с. Сөйтіп, индикациялық карталары болжау карталарына жақын болып келеді.

Болжау карталары қазіргі таңда жоқ немесе тікелей зерттеуге мүмкіндігі жоқ, белгісіз құбылыстар мен процестерді бейнелейді. Мұндай карталарда:

уақыт бойы болжау - ертеңгі күннің синоптикалық жағдайы, қоршаған ортаның 5 жылдан соң жағдайы т.с.с.

кеңістіктегі болжау - аумақтың мұнай және газ бар болуы, Айдың жер қойнауының құрылысы т.б.

Аумақты қамту бойынша болжау карталары глобальдық, аймақтың және локальдық болып бөлінеді.

Тақырып бойынша табиғи және еңбек ресурстарын болжау, зиянды және қауіпті табиғи-техногендік құбылыстар картасы, аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму карталары т.с.с. болып бөлінеді.

Сонымен қатар, қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжау карталары болып бөлінеді.

Болжамның ықтималдық деңгейі бойынша болжау карталарын алдын ала болжау, ықтимал болжам, аса ықтмимал перспективтік есептеу карталары деп бөлуге болады.

Кепілдемелік карталары бағалау және болжау карталарының логикалық жалғасы болып келеді. Мұнда берілген аумақта белгілі бір қолданбалы мақсатқа жету үшін қандай нұсқа, ұсыныс және нақты шараларды сәулеленген. Мысалы, мелиорация, эрозияға қарсы шаралар, табиғатты қорғау шаралары т.б. карталары.

4. Географиялық картаның негізгі элементтеріне баяндама беріңіз.

Картаның элементтері картаны құрайтын құрамдас бөліктері, ол картографиялық бейне, легенда, рамкадан тыс безендіруі және картографиялық бейне салынатын математикалық негіз.

Картаның негізгі элементі – картографиялық бейне болып табылады, яғни картаның мазмұны, бұл объектілер мен құбылыстардың орналасуы, қасиеттері, өзара байланыстары, динамикасы туралы мәліметтер жиынтығы. Жалпы географиялық карталардың мазмұны төмендегідей: елді мекендер, әлеуметтік-экономикалық және мәдени объектілер, жолдар және байланыс желісі, жер бедері, гидрография, өсімдік және топырақ, саяси-әкімшілік шекаралары.

Тақырыптық және арнайы карталарда картографиялық бейненің екі құрамдас бөлігін ажыратады. Біріншіден, географиялық негіз, яғни тақырыптық немесе аранайы мазмұнының элементтерін орналастыру және байланыстыру (привязка) қызметін атқаратын, сонымен қатар карта бойынша ориентир алу үшін мазмұнының жалпы географиялық бөлігі. Екіншіден, тақырыптық немесе арнайы мазмұны (мысалы, территорияның геологиялық түзілісі немесе навигациялық жағдайы).

Кез келген картаның аса маңызды элементі картаның легендасы, яғни картада қолданылған шартты белгілер және оларға мәтіндік түсіндірмелер жүйесі. Топографиялық карталар үшін шартты белгілердің арнайы кестелері құрастырылған. Олар стандартталған және сәйкес келетін масштабтағы карталарда қолдануға міндетті болып табылады. Тақырыптық карталардың шартты белгілері бір жүйеге келтірілмеген, сондықтан легенданы карта парағында орналастырады. Легендада картаға түсіретін құбылыстардың логикалық негізімен және олардың арасындағы иерархиялық бір-біріне бағынуын (иерархическую соподчиненность) көрсетеді, белгілерді түсіндіреді. Белгілердің бірізділігі, олардың легендасындағы бір-біріне бағынушылығы (взаимное соподчинение в легенде), түстер гаммасын, штрихтік элементтерін және шрифттерді іріктеу, бейнеленетін объекттің немесе процестің классификациялау логикасына бағынады. Күрделі карталарда легенданың ақпараттылығын жоғарлату үшін легенда кесте түрінде көрсетіледі. Мүндай легендада қатар бойынша бір көрсеткіш (мысалы, объекттің генетикалық сипаттамасы), ал столбец бойынша – басқа көрсеткіш (мысалы, осы объекттің морфологиялық ерекшелігі).

Картографиялық бейне математикалық негіз үстінде салынады, оның негізгі элементтері координаттық тор, масштабы және геодезиялық негіз. Ұсақ масштабты карталарда геодезиялық негіздің элементтері көрсетілмейді. Математикалық негізбен картаның компоновкасы (рамкадан тыс безендіруі) тығыз байланыста болады, картаның аталуы, легенданың, қосымша карталардың тағы басқа мәліметтердің бейнеленген территорияның рамка шегінде өзара орналасуы.

5. Географиялық карталардың мазмұны бойынша жіктелуі.

Географиялық карталар мазмұнына қарай жалпы және арнайы немесе тақырыптық болып бөінеді.

Жалпы географиялық карталарда физикалық географиялық және әлеуметтік экономикалық тұрғыдан алғанда қамтылған аумаққа жалпы шолу жасалады. Жалпы географиялық картаның мазмұнының әлеуметтеріне су нысандары, жер бедері, елді мекендер, жол торлары, әр түрлі шекаралар, топырақ пен өсімдік жамылғысының кейбір элементтері енгізілген.

Арнайы немесе тақырыптық карталардың қатарына төмендегі карталар жатады.

ü Жалпы географиялық карталардың бірнеше элементтері енгенімен солардың бірі басым болатын карталар, оған гипсометриялық карта мысал болады, өйткені оның басты мазмұны жер бедер болып саналады.

ü Белгілі бір құбылыстарды сипаттау жалпы географиялық картаның элементтерінен басқа арнайы деректер берілген карталар.

Арнайы тақырыптық карталарда жалпы географиялардың элементтері толық берілмейді.

6. Географиялық картаның қосымша сипаттайтын және өрнектеу элементтерін баяндаңыз.

Картаның қосымша өрнектеуі картаны оқуға және пайдалануға көмек береді. Мұнда әр түрлі картометриялық графиктер (мысалы, топографиялық карталарда беткейлердің еңкіс бұрышын анықтау үшін крутизна шкаласын орналастырады), картаға түсірілетін территорияны зерттеу және пайдаланған материалдардың схемалары, әр түрлі анықтама мәліметтер болады.

Қосымша мәліметтерге – қосымша карталар (врезные карты), суреттер, диаграммалар, графиктер, профильдер, мәтіндік және сандық мәліметтер жатады. Олар картографиялық бейнеге немесе легендаға қатысы болмағанымен, тақырып бойынша картаның мазмұнымен байланысты, оны түсіндіреді және толықтырады.

7. Географиялық карталардың жіктелу түрлерін келтіріңіз.

Барлық географиялық карталар көптеген белгілері бойынша жіктеуге болады, соның ішінде негізгі белгілері: бейнеленген территорияның қамтылуы бойынша, масштабы бойынша, мазмұны бойынша, бейнеленген құбылыстардың көрсеткіштерінің жалпыластыру дәрежесі бойынша, мақсаты бойынша, пайдалану тәсіліне қарай.

Бейнеленген территорияның қамтылуы бойынша географиялық карталардың төмендегідей топтарын ажыратады: 1) жер бетінің немесе дүние жүзінің карталары; 2) Жарты шарлар карталары (батыс және шығыс жарты шарлар, солтүстік және оңтүстік жарты шарлар, мұхиттық және құрлықттық жарты шарлар карталары); 3) материктер мен мұхиттардың карталары, олардың ірі бөліктерінің карталары; 4) мемлекеттердің және оның бөліктерінің карталары.

Масштаб бойынша географиялық карталардың төмендегідей топтарын ажыратады: 1) ірі масштабты немесе топографиялық карталар – масштабы 1:200 000 дейін; 2) орта масштабты немесе шолу топографиялық карталар – масштабы 1:200 000-тан – 1:1 000 000 дейін; 3) ұсақ масштабты шолу географиялық карталар – масштабы 1:1 000 000 және одан да ұсақ.

Мазмұны бойынша барлық географиялық карталар 1) жалпы географиялық және 2) тақырыптық топтарға бөлінеді. Жалпы географиялық картада территорияның жалпы көрінісі бейнеленеді: табиғи жағдайы, елді мекендер, көлік жолдары, саяси-әкімшілік бөлінуі т.б. шаруашылық және мәдени объектілер. Табиғат жағдайынан картада өзендер, көлдер, теңіз жаға бойы, жер бедері және өсімдік пен топырақ жамылғысының кейбір белгілері, сонымен қатар, аталған элементтері ерекше ажыратылмайды. Топографиялық карталар жалпы географиялық карталарға жатады.

Бір немесе бірнеше табиғи немесе әлеуметтік-экономикалық элементтер жоғары толықтылығымен бейнеленген карталарды тақырыптық деп атайды, себебі осы элементтер картаның тақырыбы болып келеді. Тақырыптық карталар жалпы географиялық картаның мазмұнына жататын бір немесе бірнеше элементтердің ерекше қасиеттерін ашып көрсетеді. Тақырыптық карталарда жалпы географиялық картада көрсетілмейтін элементтерді де бейнелейді, мысалы, климаттық көрсеткіштер, территорияның геологиялық құрылысы, тұрғындардың мамандығы бойынша, ұлттық тағы басқа да белгілері бойынша бөлістірілу карталары т.с.с.

8. Географиялық глобустың қасиеттеріне баяндама беріңіз.

Географиялық глобус планетамыздың моделі болып табылады. Жердің пішіні Крассовскийдің эллипсоидына сай келеді. Бұл эллипсоид миллиондаған рет кішірейтіліп глобус бетіне түсірілгенде шар фигурасынан айырмашылығы жоқ. Мысалы, Крассовский бойынша экваторлық және полярлық жартылай осьтердің айырмашылығы 21,5 км, бұл мектептік глобуста (масштабы 1:50 000 000) не бары 0,4 мм құрайды, яғни планетарлық масштабта бұл айырмашылық байқалмайды.

Глобус бетінде, жер беті мұхиттарға, материктерге және олардың бөліктеріне бөлінуінің дәл пішінін және өзара орналасуын дүрыс көрсетеді. Глобуста меридиандар мен параллельдердің пішіні, өлшемдерінің дәл ара қатынасы және өзара орналасуы Жердің градус торының нағыз пішініне сәйкес келеді.

Глобуста кез келген сызық кесіндісі жер бетіндегімен салыстырғанда бірдей кішірейтіліп бейнеленген, яғни қашықтық масштабы глобустың барлық бөліктерінде бірдей болады. Мұндай ерекшелігін тең масштабтық немесе тең аралық қасиеті деп атайды. Бұл дегенеміз, мысалы глобустың масштабы 1:50 000 000 болса, онда Жердің радиусы, оның шеңбері, жалпы жер бетіндегі кез келген қашықтық 50 млн рет кішірейтілген.

Тең масштабтық қасиетіне байланысты Жер бетінде бірдей болатын меридиандар глобустың бетінде де бірдей болады, ал параллельдер Жер бетінде де, глобус бетінде де экватордан қашықтаған сайын кішірейеді. Көршілес параллельдер арасындағы меридиандар доғалары глобустың барлық жерінде бірдей болады.

Глобустың барлық жерінде масштаб бірдей болғандықтан, аудан масштабы да бірдей болады, глобустың мұндай қасиетін тең мөлшерлік деп атайды.

Глобустың беті тең бұрыштылық қасиетке ие, ол деген жер эллипсоиды бетіндегі екі бағыттың арасындағы бұрыш, өзгермей глобустың бетіне бейнеленеді. Меридиандар мен параллельдер қиылысқан бұрыш, тік бұрыш болып келеді. Планетаның бетін бұрмалаусыз тек ғана глобус көрсетеді.

9. Ұсақ масштабты географиялық картаның масштабы деген түсінікті және оның ерекшеліктеріне түсіндірме беріңіз.

 

10. Картографиялық бұрмалану және оның түрлеріне анықтама беріңіз.

Жердің сфералық беті картада бейнелеудегі ұзілусіз немесе бір-бірін жабусыз болмайды. Үздіксіз картографиялық шығарманы жасау үшін оның бөліктерін созу немесе қысу қажет. Бұл, бейнелейтін беттің геометриялық қасиеттерінің бұзылуына алып келеді. Демек, жер беті учаскелердің және ондағы объектілердің жазықтықта бейнелеуде геометриялық қасиеттерінің бұзылуы картографиялық бұрмалану деп аталады. Картографиялық бұрмалануды төрт түрге бөлуге болады, сызықтар ұзындығының, бұрыштардың, пішіндерінің және аудандарының бұрмалануы.

Сызықтар ұзындығының бұрмалануы берілген картада ұзындықтар масштабы бірдей болмайды, яғни жер бетіндегі бірдей кесінділер, карта бетінде ұзындығы әртүрлі кесінділермен бейнеленеді. Картаның бас масштабы шамасынан айырықша болатын масштаб жеке масштаб деп аталады.

Бұрыштар бұрмалану көрсеткіші деп картографиялық тордың сызықтары арасындағы бұрыштардың 90º-тан өзгеру шамасын есепке алады, әдетте ε (эпсилон) деген грек әрібімен белгілейді: ε = θ – 90º

Картада берілген жердің ұзындықтар бұрмалануының ең жоғары және ең төмен көрсеткіштерінің көбейтіндісі ауданның бұрмалану көрсеткіші (p) болып табылады: p = a x b

Картада пішіндердің бұрмалану көрсеткіштері картаның берілген жерінде ұзындықтар бұрмалануының ең жоғары және ең төмен көрсеткішетерінің айырмашылығына тәуелді және мынадай формуламен анықталады:K = a/b.

11. Картографиялық проекция және перспективтік пен перспективтік емес проекцияларға түсіндірме беріңіз

Картографиялық тор түрлі тәсілдерімен жасалынады. Перспективтік проекцияда картографиялық тор шардың бетіндегі торапты нүктелерді жазықтыққа немесе басқа бір геометриялық бетке (конус, цилиндр) проектілеу арқылы пайда болады, ол кейін жазықтыққа жайылады. Карталарды перспективтік проекцияларда жасау жоғары математиканың әдістерін талаб етпейді, сондықтан оларды антикалық кезеңінен пайдаланып бастаған.

Бүгінгі таңда картографиялық торды перспективтік емес әдіспен, яғни картографиялық тордың торапты нүктелердің орнын жазықтыққа есептеу жолымен түсіреді. Есептеуді, торапты нүктелердің ендігі мен бойлығын олардың жазықтықтағы тікбұрышты Х және У координаталарымен байланыстыратын теңдіктер (теңдеу) жүйесін шешу арқылы орындайды. Мұндай есептеу жұмыстарында күрделі формулаларды қолданады. Мысалы, салыстырмалы жеңіл формулар төмендегідей:

Х = R × sin φ

Y = R × cos φ · sin λ

12. Цилиндрлік картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.

Цилиндрлік проекция жасауда глобустың шар тәріздес бетіндегі градустық торды цилиндрдің бетіне түсіреді. Цилиндр мен шардың диаметрлері бірдей және осьтері бір-біріне сәйкес келеді Көмекші бет ретінде жанама цилиндрді пайдаланғанда экватордың торапты нүктелері әрі шар бетінде, әрі цилиндр бетінде орналасқандығын есепке ала отырып, басқа торапты нүктелерді цилиндр бетіне проекциялау жолымен түседі. Цилиндрдің бетін жазықтыққа жайған жағдайда меридиандар мен параллельдер тік сызықтар болып шығады. Мұндай картада меридиандар мен параллельдер бір-біріне перпендикулярлы сызықтар түрінде, ал олардың арасындағы қашықтар бірдей болып келеді. Мұндай проекцияда жасалынған картада экватор нөлдік бұрмалану сызығы болып табылады, яғни картада экватор бойынша масштаб толық сақталады. Изоколалар, яғни бұрмылану көрсеткіші өзгермейтін сызықтар экваторға параллель болатын сызықтар болып келеді. Экватордан қашықтаған сайын бұрмалану көрсеткіші жоғарлайды.

Цилиндрдің бағытына байланысты картографиялық проекцияларды қалыпты, қисық және көлденең деп бөлінеді. Қалыпты проекцияларда глобус пен цилиндрдің осьтері бір-біріне сәйкес болады, қисық проекцияларда осьтер сәйкес келмейді, ал көлденең проекцияларда осьтер перпендикуляр болып табылады. Мұндай проекцияларда бұрмалану сызығы біреу болады, яғни глобустың бетімен цилиндрдің беті жанасқан жері, осы сызықтардан алыстаған сайын масштаб өзгереді. Картографиялық проекцияларда жанама және қима түрлері қолданылады. Жанама проекцияларда глобус пен цилиндрдің диаметрлері бірдей, ал қима проекцияда цилиндрдің диаметрі глобустың диаметрінен үлкен болады, яғни мұндай карталарда екі нөлдік бұрмалану сызығы болады, денелердің беттері жанасқан учаскелері. Екі нөлдік бұрмалану сызықтары арасында шардың беті қысылады, оны қысылу облысы деп атайды, ал осы нөльдік бұрмалану сызықтардан сыртқа қарай созылу облысы деп атайды.

13. Конустық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.

Конустық проекцияда картографиялық торды жасау үшін жанама және қалыпты конустар қолданылады. Барлық қалыпты конустық проекцияларда сыртқы көрінісі ерекше болып келеді: меридиандар, конустың жоғарғы нүктесінде жиналатын тік сызықтар, ал параллельдер – ортасы меридиандар жиналатын нүктесінде орналасқан шеңберлерінің доғалары түрінде болады. Жанама конуста жасалынған проекцияда нөльдік бұрмаланау сызығы біреу болады. Изоколалар параллельдерге сәйкес келетін шеңберлердің доғалары болып келеді. Қима конустағы проекцияда сыртқы көрінісі жанама конустық проекциямен бірдей, бірақ нөльдік бұрмаланудың екі сызығы болады. Бұл проекцияда нөльдік бұрмалану сызықтары арасындағы учаскелері қысылады, ал сыртқа қарай созылады. Поликонустық проекцияда глобустың градустық торы бірнеше жанасқан конустардың бетіне түсіреді. Әр бір конустың бетіне глобустың жанасқан параллельдің жанындағы учаскелері ғана түседі. Конустарды жайған кезде бұл учаскелер жазықтыққа белдеу түрінде бейнеленеді. Белдеулер картаның орта меридианы бойынша бірігеді. Поликонустық проекцияда ортадағы меридиан мен экватор тік сызықтары түрінде, меридиандар қисық сызықтар, ал параллельдер доға түрінде бейнеленеді.

Date: 2016-05-24; view: 1959; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию