Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Картаға түсіруде қозғалу белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз





Қозғалу белгілер тәсілімен картада әр түрлі объектілер мен құбылыстардың кеңістік бойынша орнын ауыстыруын көрсетеді. Мысалы, көлік карталарында, жүк тасмалдаудың бағыттарын, биогеографиялық карталарда жануарлардың миграциясын т.с.с. Бұл тәсілде қозғалу бағыттарын сызықтармен, стрелкамен және белдеумен көрсетеді. Қозғалу құбылысы стрелкамен және түсіндірме мәтінімен көрсетіледі. Ауыстырылатын құбылыстың шамасын көрсету үшін стрелка мен белдеудің ені арқылы бейнелейді, оны эпюра деп атайды. Эпюраның ені ұздіксіз немесе сатылы шкалада қабылданған құбылыстың шамасын белгілейді.

51. Геологиялық карталарға баяндама беріңіз.

Геологиялық карталарда аумақтың геологиялық түзілісіне жан-жақты сипаттама береді. Бұл карталарда жер қыртысының түзілуін және қозғалуын, тау жыныстардың орналасу жағдайын, петрографиялық құрамын, жасын көрсетеді. Тау жыныстарды пайда болу кезеңіне қарай карта бетінде түспен, әріп және санмен белгілейді. Геологиялық карталарда магмалық тау жыныстарды әдетте грек әліпбесінің әріптерімен, түрлі тектоникалық жарылымдарды сызықтық белгілерімен бейнелейді. Ірі масштабты геологиялық карталарда горизонтальдармен жер бедері көрсетіледі.

Геологиялық Карта — жер қыртысының геологиялық құрылысын белгілі бір масштабта графикалық бейнелеу. Геологиялық Карта геол. түсіру, геол. зерттеулер нәтижесінде жиылған материалдарды қорыту арқылы жасалады. Жер қыртысының құрылысы мен дамуы, ондағы кен байлықтарының таралу заңдылықтары туралы тұжырым жасауға, іздеу мен барлау, құрылыс, сумен қамтамасыз ету, мелиорация жұмыстарын жобалауға мүмкіндік береді. Геологиялық Картада тау жыныстарының құрамы мен жаралу тегі, олардың орналасу жағдайы, бір-бірімен жапсарласу сипаты, белгілі түстер, арнаулы ұсақ сызықшалар, әріптер, цифрлар арқылы көрсетіледі. Түрлі түстер жыныстардың геол. жасын, ал сызықшалар литол. құрамын көрсетеді. Барлық шартты белгілер мен олардың түсінігі картаның жиегінде белгілі бір тәртіппен жазылады. Геологиялық Карталар антропоген (төрттік) шөгінділерінің Геологиялық Картасы, литологиялық карта, палеогеографиялық карта, инженерлік геология картасы, кен байлықтар картасы болып бөлінеді. Антропоген шөгінділерінің к-сында осы жыныстардың жасы, құрамы, қалыңдығы, жаралу тегі, мұз басу сатылары, теңіз трансгрессиялары мен регрессиялары, көп жылдық тоңның таралу шектері белгіленеді. Литол. карталарда түп жыныстардың заттық құрамы мен жатыс элементтері белгіленеді. Палеогеогр. карталарда Жер тарихының белгілі кезеңдеріндегі құрлық пен теңізді аудандары, оларда жиылған түрлі шөгінділердің құрамы, қалыңдығы көрсетіледі. Инженерлік геол. карталарында тау жыныстарының құрамы, жасы және физ. қасиеттері (қуыстылығы, су өткізгіштігі, т.б.) көрсетіледі. Кен байлықтары түрлерінің орналасу заңдылықтарын көрсетеді, белгілі бір аудандардың геол. құрылысы негізінде кен байлықтары табылуы мүмкіндігіне тиісті баға беріледі. Геологиялық Карталар масштабына қарай шолу, ұсақ, орта, ірі, дәл масштабты болып бөлінеді. Геол. шолу картасы (1:1000 000 және одан ұсақ) мен ұсақ масштабты (1000000 және 500000). Геологиялық Карталар белгілі бір аймақтың, мемлекеттің, құрлықтың не бүкіл дүние жүзінің геол. құрлысы жөнінде түсінік береді. Орта масштабты (1:100000, 1:200000) Геологиялық Карталарда белгілі бір ауданның геол. құрлысының негізгі сипаттары және олардағы кен байлықтарының болжамды мөлшері көрсетіледі. Ірі масштабты (1:50000, 1:25000) Геологиялық Карталар кен орындарының табылу келешегі бар, а. ш-на игерілетін, қалалар мен кәсіпорындар салынатын аудандардың геол. құрылысын толық сипаттау үшін жасалады. Дәл Геологиялық Карталар (1:10000 және одан ірілері) кен денелерінің орналасу заңдылықтарын анықтауға, кен байлықтар қорын есептеуге, кәсіпорындар, тұрғын және қоғамдық үйлер құрлысының тех. жобаларына байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Геологиялық Картаға стратигр. бағана мен геол. қималар беріледі. Қималардың масштабы мен шартты белгілері картаға сәйкес келуі тиіс. Қазақстанның аумағы әр түрлі масштабтағы Геологиялық Картамен түгел қамтылған.

52. Топырақ және өсімдік карталарына баяндама беріңіз.

Топырақ картасы. Ғарыштық түсірілімдегі топырық жамылғысының көрініс ерекшелігі мен оларды дешифрлеу кезіндегі мысалдар, топырақ карталарын құрастыруда құнды материалдар болып саналады. Аэроғарыштық тәсілдерді қолдана отырып, топырақты картографиялау өте тиімді. Себебі түсірілімдерде зерттеліп отырған территория жайында обьективті сипат беріп, топырақ жамылғысының көрінісін нақыты дәлдәктермен қамтамасыз етіп, топырақ картасын жасауды тездетеді. Ғарыштық түсірілімдердің осы мүмкіншілігіне байланысты топырақты картографиялау, топырақтануда аэроғарыштық тісілдерді қолдану негізгі және анағұрлым тиімді бағыт болып саналады.

Топырақ карталарды құрастырудың әдістемелері, негізінде қалыптасқан (танымал) негізгі үш топ: типологиялық, генетикалық және функционалдық әдіс бар:

А) Типологиялық әдістеме кезінде зерттелетін нысанның сыртқы көріністері негізінде ұқсастыратын және айырмашылықтарын белгілейді және олардың жіктелулері құрылады. Бұл жіктелулердің нәтижелерін картаға көшіріп, мұнда берілген белгілер қатынасы бойынша ұқсас пункттер біріктіріліп, ал ұқсас еместері ерекше бөлінеді. Осылай алынған контурлар изотропты, яғни таңдалған көрсеткіштерге қатысты барлық бағыттарда өзгеріссіз сақталады.

Б) Генетикалық әдістеме шегінде – нысандар және қасиеттер зерттелетін гысаның әртүрлі факторларына қатысты құралады. Нысандардың себептер бірлігі белгіленгенде, оларды жүйелеп біріктіреді. Қарапайым жүйелердің пайда болуы аналогты болып саналатын нысандардан тұрады, ал жүйелер бірнеше біртекті емес нысандарды біріктіреді. Мысалы, бір формалы бедер, бір типті тек шегінде орналасқан түрлі топырақтар және т.б.

С) Функционалдық әдістемені қолданған кезде жүйеге зат және энергия ағынына байланысты нысандар біріктіріледі. Бұл нысандарды бір бүтін етіп функционерленуін шарттайды. Геожүйелердің шекаралары ағындардың шекаралары мен сәйкес келеді. Осылайша геожүйені белгілеу мәні бойынша геофизикалық тапсырманы елестетеді және қатаң сандық негізде жүргізілуі мүмкін.

Өсімдік картасы. Өсімдіктер карталары жер бетіндегі өсімдіктер топтары сәулеленеді. Мұндай карталардың легендалары өсімдіктер жамылғысының жіктелуіне негізденеді. Өсімдіктердің жеке түрлерінің карталарын флористикалық карталары деп атайды.

Жер бетінің сыртқы жамылғысын құрайтын өсімдік ғарыштық түсірілімдерден бірден көрінеді. Сол себепті ол топырақ жамылғысының, жер бедері формасының, грунтты суларын және т.б. дешифрлеу индикаторы болып табылады. Кез келген ғарыштық суреттер де, тіпті ұсақ масшатбы болсын, орманды және ормансыз терриориялар дақсы ажыратылады. Осы территориялар шегінде орманды және ормансыз территорияның өсімдігінің зональді типтерінің дифференциясы аз болғанымен, экологиялық жағдайлардың әсерінен өзгеріске ұшыраған өсімдік жамылғысының варияциясы жақсы байқалады. Ғарыштық түсірілімдер арқылы құрастырылған өсімдік жамылғысының картасы басқа деректерге қарағанда, осы құрылымды толығырақ сипаттайды.

53. Жер бедері карталарына баяндама беріңіз.

Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жота-ойпаттардың жинагын жердің бедері дейді. Ал, жер бетіндегі әртүрлі құрылыстар, жолдар, т.б. жиынтыгын геодезияда ситуация дейді.

Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты мекен-жай, таулы, және жазық болып бөлінеді: тау, қазаншұңқыр, жота, өзен, қайқы, бел. Таудың ең биік жері-шың, ал тау табаны тау етегі деп аталады.

Жер бетінің бедері топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктерді жазу арқылы бейнеленеді.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық-тұйық сызықты горизонтальдар деп аталады.

 

Жер бедерінін түрлері:

1) тау, төбе-айналадағы жазық кеңістікпен биік көрсетілген, күмбез, конус тәрізді жер береді. Оның төбесі, беткейі және етегі болады

2) қазаншұңқыр-жер бетіндегі қазанга ұқсас ойпаң. Оның түбі, бүйірлік беткейі, кернеуі болады

3) жота, тау-жотасы-бір бағытта созылып жатқан таудың, не төбенің көтеріңкі беті. Ол екі жақты болып келеді, яғни екі беткейден тұрады

4) өзек-екі таудың, жотаның арасындағы ылдилап созылып жатқан, су жататын ойыс. Оның екі қабағы болады, өзек дами келе сайға айналады. Озектің ең төменгі нүктелері арқылы жүргізілген сызықты-су ағар (тальвет) деп атайды.

5) қайқы, бел-асу, тау жотасы қырқаларының бөліктері арасындағы ойпаң. Олар тау жоталарының бір жағынан өтуге мүмкіндік туғызады.

6) жыра-жауын мен қар суларының бұзу әрекеттерінен пайда болған рельефтің ойық формасы. Жыралардың терендігі 10-15 м, ал ұзындығы бірнеше километрге дейін жетеді. Жыралар мен жарлардың тік бейнелері картада ұсақ, ирек сызықтармен белгіленеді.

Рельефтің ерекше нүктелеріне таудың төбесі, шұңқырдың түбі, жоталардың ең төменгі және жоғарғы нүктелері, т.б. жатады. Горизонтальдарға перпендикуляр етіп жүргізілген кішкене сызықшалар-бергштрихтар беткейдің бағытын көрсетеді. Тауды, жотаны бейнелегенде бергштрихтар горизонталь бұрылысының сыртынан, ал қазаншұңкырлар мен өзектерді бейнелегенде, горизонталь бұрлысының ішінен қойылады. Карталарға горизонтальдардың биіктігі өрлеу бағытына бағытталып жазылады. Горизонтальдардың пландағы арақашықтығын салынды (заложение) табан деп атайды. Егер горизонтальдар бір—біріне жақын жатса, яғни салынды қысқа болса, беткейдің тік болғаны, ал аралары бір-бірінен алые болса онда беткейдің жатық болғаны. іргелес орнапасқан горизонтальдар биіктігінің айырмашылығын (һ) қима биіктігі деп атайды. Рельефтің қима биіктіктері карта мен пландардың масштабы мен рельефтің күрделілігіне тікелей байланысты. Осыған орай әртүрлі масштабтағы карталар үшін төмендегідей қима биіктіктер (һ) кабылданған.

Жер бедерінің халық шаруашылығының қай саласына болсын тигізетін әсері өте зор. Әсіресе, тау-кен жұмыстарын ашык әдіспен жүргізгенде, жер бедерінің ерекшеліктерін ескермеуге болмайды. Инженер мамандар жер бедерінің түрлерін айырып, құрылыстарды жобалауда, кеніштерді салуда және де оларды дұрыс та нәтижелі пайдалана білулері кажет.

54. Климаттық карталарға баяндама беріңіз.

Климаттық карталарды құрастырудың басты мақсаты атмосфералық құбылыстарды зерттей отырып, күнделікті климаттық циркуляцияны бақылай отырып, халықты қауіпті атмосфералық апаттардан сақтап қалу.

Жалпы климаттық карталар қоғам өмірінде атқаратын міндеттерді зор. Олар көптеген мәселелерді шешеді. Картографияда климаттық карталар түрлі әдістермен жасалады. Климаттық карталар физикалық сериялар карталарына жататындықтан картографиялық бейнелеу тәсілдерінің ішінде интерполиция жүргізу, яғни құбылыстарды изосызықтар арқылы бейнелеу кең қолданыста.

Климаттық карталар – көпжылдық, жылдық, маусымдық, айлық мәліметтері бойынша берілген территорияның климаттық ерекшеліктері көрсетілетін географиялық карталар.

Көбінесе, климаттық ерекшеліктері изотермалар, изобаралар және изосызықтар арқылы көрсетілерді. Жауын-шашындар әдетте, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері түстерінің шкаласы бойынша фондық бояулармен, желдер бағытты көрсететін – бағыттаушы сызықтармен көрсетеді.

Ерекше климаттық карталар аудандастырудың сызбасын көрсетеді, оларға климаттық белдеулер мен обылыстардың шекарасы салынады.

Климаттық құбылыстарды картографиялау кезінде жеке метеорологиялық элементтері бар карталарды және климаттық аудандастыру карталарын құрастырады. Карта мазмұнының обьектілері ретінде келесі сипаттамалар қарастырылады: температура, Күн радияциясы, атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы, атмосфералық жауын-шашын, жел, булану, тұман, бұлттылық, найзағай және т.б. Бұл сипаттамалар олардың әртүрлі уақытша мерзім бойынша бейнеленеді.

Климатологиялық картографиялауда сандық әдістер, әсіресе, изосызықтар әдісі кең қолданылады. Мысалы, бірнеше көрсеткіштердің жылдық режимін көрсетуде кең қолданылатын әдістердің бірі болып табылатын әртүрлі изохрондар қолданылады. Негізгі мәліметтер ретінде көпжылдық кезеңдер бойынша бірнеше біртекті бақылауларды алу үшін климатологтармен өңделген далалық стационарлық станцияналар мағлұматтары пайдаланылады.

Фондық климаттық карталарда элементтердің таралуы: атмосфераның ортақ циркуляциясы, материктер мен мұхиттар арасында болып жататын үрдістердің байланысы, климаттық айырмашылықтар циркуляциясы сияқты климат құраушы факторларды ескере отырып көрсетілген. Өзінің спецификасымен жел карталары ерекшеленеді, олар шектелмеген диаграммалардың сонымен қатар, ауа ағындарының бағытымен қозғалған сызықтардың көмегімен құрастырылады.

55. Экономикалық карталарға баяндама беріңіз.

Әлеуметтік-экономикалық карталардың топтары. Тақырыптық карталар- белгілі бір нақты тақырыпты ашады. Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар:

а) табиғат құбылыстарының карталары, яғни физико-географиялық карталар;

ә) қоғамдық құбылыстардың карталары, яғни әлеуметтік-экономикалық (экономика, халық, мәдениет, саяси-әкімшілік, тарихи) карталар.

Әлеуметтік-экономикалық карталар-әр түрлі қоғамдық құбылыстарды-халықтың орналасуын шаруашылық және экономикалық байланыстарды, қызмет көрсетуді, мәдениетті, ғылымды, политикалық-административті құрылғыларды тарихи-құбылыстарды және т.б жағдайларды көрсететін карталар. олар:

1)халықтар карталары- Халықтар тығыздығы, ұлттық құрамы, эммиграциялық, т.б. карталары.

2) экономикалық карталары- Өндіріс, ауыл шарушылығы, транспорттық, сауда, финанстық, т.б. карталары.

3) қызмет көрсету карталары- Денсаулық, туристік, демалыс орындары, т.б. карталары.

4) саяси және саяси - әкімшілік карталар- Саяси партиялар, геополитикалық, әкімшілік бөліну, т.б. карталары.

5) тарихи карталар-- Археологиялық, әскери –тарихи, тарихи–мәдени, саяси-тарихи, т.б.

Физикалық–географиялық:

1.геологиялық карталар-оларға тектоникалық, геотектоникалық, неотектоникалық, төрттік шөгінділер, стратиграфиялық, т.б. карталар жатады.

2. геофизикалық карталар- оларға Сейсмикалық, жер магниті, гравитация, т.б. карталар жатады.

3) жер бедері, мұхиттар карталар- Гипсометриялық, морфометриялық, батиметриялық, геоморфологиялық, т.б. карталар.

4) климаттық карталар- Климат құрушы факторлар, жел режимі, температура, жауын – шашын, ылғалдылық, ауа қысымы, т.б. карталар.

5) құрлық суы немесе гидрологиялық карталар- Су режимі, судың ластану, судың химиялық құрамын анықтайтын гидрографиялық, т.б. карталар.

6) мұхиттар, теңіздер карталар- Мұхит, теңіз режимі, физикалық – химиялық құрамы, т.б. карталар.

7) ботаникалық карталар- Фенологиялық құбылыстар, әр түрлі өсімдіктер таралуы, сирек кездесетін өсімдіктер, т.б. карталар.

8) топырақ карталар-Ластану, механикалық құрамы, геохимиялық құрамын анықтайтын, т.б. карталар.

9) зоогеографиялық карталар- Зоогеографиялық аудандастыру, сирек кездесетін жануарлар, жануарлар түрлерінің таралуы, т.б. карталар.

10) жалпы физикалық - географиялық карталар- Табиғатты қорғау, табиғи ортаның бұзылуы, ландшафтық.яғни эклолгиялық, т.б. карталар;

56. Тұрғындар карталарына баяндама беріңіз.

Тұрғындар карталары. Карталар мазмұнына қарай 2ге бөлінеді: тақырыптық карталар және жалпыгеографиялық карталар.Тақырыптық карталар- белгілі бір нақты тақырыпты ашады. Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар: а) табиғат құбылыстарының карталары, яғни физико-географиялық карталар; ә) қоғамдық құбылыстардың карталары, яғни әлеуметтік-экономикалық (экономика, халық, мәдениет, саяси-әкімшілік, тарихи) карталар. Тұрғындар карталары тақырыптық карталар болып табылады. Тұрғындар карталары халықтың қоныстануын, олардың аумақ бойынша қоныстану ерекшеліктерін, құрамын, ұлттық құрамын, миграциялық көрсеткіштерін әлеуметтік экономикалық ерекшеліктерін талдайтын карталар болып табылады. Олар: географиялық, демографиялық, этнографиялық және әлеуметтік экономикалық тұрғындар карталары болып бөлінеді. Халықтың қоныстануы жайындағы карталар 2 түрге бөлінеді: халықтың сандық көрсеткішінің карталары (белгілі бір елді мекен, аумақтағы, ареалдардағы халық саны) және аумақтағы халық тығыздығы карталары (халық санының берілген территорияның аудынына қатынасы). Демографиялық карталар халық санының динамикасын, жастық-жыныстық құрамын, отбасылық жағдайын, отбасылар құрамын, миграцияны зерттейді. Этнографиялық карталар халықтың ұлттық құрамын, жеке халықтардың қоныстануын, олардың айналысатын шаруашылығын, материалдық және рухани мәдениеттерін зерттейді. Бұл карталарға нәсілдік құрам карталары да кіреді. Әлеуметтік экономикалық карталарға халықтың әлеуметтік құрамын, еңбек ресурстарын, олардың пайдаланылуын, өмір сүру деңгейін зерттейді. Әлеуметтік-экономикалық карталарға-әр түрлі қоғамдық құбылыстарды-халықтың орналасуын шаруашылық және экономикалық байланыстарды, қызмет көрсетуді, мәдениетті, ғылымды, политикалық-административті құрылғыларды тарихи-құбылыстарды және т.б жағдайларды көрсететін карталар.

57. Жалпы географиялық картаны талдау үшін қажетті мәліметтерді көрсетіңіз.

Жалпы географиялық картаның талдауы төмендегідей мәліметтерді қамтиды:

І. Картографиялық басылымның қайдан және қашан шыққаны жөніндегі мәлімет:

Картографиялық шығарманың аты.

Мазмұны, мақсаты, авторлары т.б.

Басалымның шыққаны туралы мәліметтер (шыққан жері, баспаның аты және шыққан уақыты).

Картографиялық шығарма кімнің атынан шықты, мекеменің аты.

Безендіру ерекшеліктері.

ІІ. Математикалық негіз:

Талдайтын картаның бас масшатабы.

Картографиялық проекция – бұрмалану сипаты және құрастыру тәсілі бойынша оның қасиеттері; нөлдік бұрмаланудың нүктелері немесе сызықтарының орналасуы, бұрмаланудың шамасы, бағыты және бөлістірілуі, олардың экстремалдық көрсеткіштері. Проекция таңдаудың географиялық мақсатқа лайықтылығы.

ІІІ. Географиялық мазмұны:

Су объектілері: су объектілердің негізгі түрлері, шаруашылықтағы маңыздылығы, судың құрамы, режимі бойынша жіктелуі, гидрографиялық желісінің сипатты белгілері, картаның ерекшеліктерін, сипатын және жалпыластыру дәрежесін көрсететін шартты белгілері.

Жер бедері: бейнелеу тәсілдері, олардың сипатты ерекшеліктері (гипсометриялық болған жағдайда, биіктіктер мен тереңдіктер шкаласының сатыларын таңдаудың мақсатқа ылайықтылығын анықтау).

Өсімдіктер мен грунттар: оларды бейнелейтін әдістер мен тәсілдері, шартты белгілер жүйесі және қабылданған классификация, жалпыластырудың деңгейі және сипаты.

Әлеуметтік-экономикалық объектілер: а) елді мекендер: саяси-әкімшілік маңыздылығы және адам саны бойынша жіктелуі; тұрғындар орналасуының сипатты белгілері; жер бедері, өзендерге жергілікті жердің басқада эелменттеріне қатысты орналасуы; б) саяси-әкімшілік бөлінуі: шекаралар, орталықтар басқ да әкімшілік мәліметтер, оларды таңдау мен бейнелеудің сипатты ерекшеліктері; в) экономика және мәдениет: объектілер типтері, оларды картографиялық бейнелеу тәсілдері, орналасу ерекшелігі, аймақтың экономикалық потенциалының жағдайы мен дамуының көрсетілуі; г) көлік географиясы: жолдардың түрлері, оларды картографиялық бейнелеу тәсілдері.

Жазулар: объектілердің қандай категориялары географиялық жазумен, сапалы және мөлшерлі көрсеткіштерін түсіндірме жазулармен белгіленген, картографиялық шартты белгі сипатында шрифтің көлемі, түсі және сипаты қалай қолданылады.

IV. Өрнектеу (оснащение, или жабдықтау) элементтері:

Карта өрнектеуінің оның мақсатына сәйкестілігін зерттеу: картаның легендасы, масштабтың, картографиялық торының, рамкасының, рамкадан тыс безендірудің нұсқаулары.

Date: 2016-05-24; view: 2165; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию