Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Геоиконика туралы жалпы түсінік беріңіз. 2 page





14. Азимуттық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.

Глобустың градустық торын жанама жазықтыққа проекциялай түсіру арқылы жасалынған картографиялық проекция азимуттық проекция деп аталады. Жазықтық, полюсте жанасқан жағдайда қалыпты азимуттық тор немесе қалыпты азимуттық проекция, экватор нүктесінде жанасқанда көлденең азимуттық проекция, ал жазықтық глобус бетінің басқа нүктелерінде жанасқанда қисық азимуттық проекция пайда болады. Азимуттық проекцияларда жанасқан нүктесінде ғана нөльдік бұрмалану нүктесі болады, нөлдік бұрмалану нүктесінен шеңбер түрінде жан-жаққа бұрмалану өседі, сондықтан изоколалар шеңбер түрінде болады. Азимуттық проекицялар перспективтік және перспективтік емес болып бөлінеді. Перспективтік азимуттық проекцияларда картографиялық тордың сыртқы көрінісі және тор бойынша бұрмаланудың бөлістірілуі проектілеу орталығының орналасуына тәуелді. Орталық картографиялық торда ұзындықтардың бұрмалануы орталықтан қашықтаған сайын жоғарлайды, яғни аудандар және пішіндер бұрмалануының күшеюіне алып келеді Проекцияның қасиеттеріне қарай бұл проекцияны еркін проекцияға жатқызады.Перспективтік емесе проекциялардан Постельдің азимуттық тең аралықты (равнопромежуточная) (XVI ғасыр) және Ламберттің азимуттық тең мөлшерлі азимуттық проекциясы (XVIII ғасыр) қарастыруға болады.

Постельдің азимуттық тең аралықты (равнопромежуточная) проекциясы. Бұл проекцияның қалыпты торында полюс картаның тура ортасында орналасқан, меридиандар полюс нүктесінен тік сызықтар түрінде, ал параллельдер шеңбер доғалары түрінде болады. Тор салудың басты талабы бас масштаб меридиан бойынша өзгермеу керек. Бұл шарт көршілес параллельдер арасындағы меридиандар кесінділері арасындағы қашықтықтар бірдей және ол кесінділер меридиандардың тіктелген (выпрямленные дуги) доғалары болғанда орындалады.

15. Бұрмалану сипатына қарай картографиялық проекциялардың жіктелуін көрсетіңіз

Бұрмалану сипатына қарай картографиялық проекциялардың жіктелуі. Бейнеленген картографиялық тордың қасиеттеріне қарай оларды тең мөлшерлі, тең бұрышты және еркін проекциялар деп бөледі.

Тең мөлшерлі картографиялық проекцияларда аудан масштабы карта бойынша бір шамаға ие болып келеді. Тең мөлшерлі проекциялардың мұндай қасиетін мынадай формуламен көрсетуге болады:

Р = a•b = Const = 1

Бұл проекциялардың тең мөлшерілігінің шарасыз салдары карталардағы бұрыштардың және пішіндердің күшті бұрмалануы.

Тең бұрышты проекцияларда ұзындықтардың масштабы картаның кез келген нүктесінде және барлық бағыттары бойынша бірдей, сондықтан бұл карталарда шексіз кіші фигуралардың бұрмалануы болмайды, және бұрыштар бұрмалаусыз болады (3.4 сурет, Б). Тең бұрышты проекциялардың мұндай жалпы қасиеті мына формуламен көрсетуге болады: ω = 0°

Бірақ картаның үлкен учаскелерін алатын географиялық объектілердің пішіндері бұрмаланады. Тең бұрышты проекцияларда ауданы бұрмалануы өте күшті болады.

Бұрыштардың, пішіндерінің, аудандардың бұрмалануымен болатын картографиялық проекцияларды еркін проекциялары деп аталады. Бірақ бұл бұрмаланулардың шамалары көп емес. Еркін картографиялық проекциялар арасында масштабы бір бағыт бойынша сақталатын тең аралықты тобы ерекше болып келеді

16. Қалыпты азимуттық проекциялардағы проектілеу орталықтарына баяндама беріңіз.

Жазықтық, полюсте жанасқан жағдайда қалыпты азимуттық тор немесе қалыпты азимуттық проекция. Азимуттық проекцияларда жанасқан нүктесінде ғана нөльдік бұрмалану нүктесі болады, нөлдік бұрмалану нүктесінен шеңбер түрінде жан-жаққа бұрмалану өседі, сондықтан изоколалар шеңбер түрінде болады.

Азимуттық проекицялар перспективтік және перспективтік емес болып бөлінеді. Перспективтік азимуттық проекцияларда картографиялық тордың сыртқы көрінісі және тор бойынша бұрмаланудың бөлістірілуі проектілеу орталығының орналасуына тәуелді. Шардың бетінен жанама жазықтыққа проектілеу орталығы шардың ортасында (К1) және жазықтық жанасатын нүктеге қарама-қарсы орналасқан шардың бетінде (К2) орналасу мүмкін. Біріншісін орталық, екіншісі – стереографиялық картографиялық тор деп атайды. Сонымен бірге бұл орталық полярлық осьтің жалғасында (К3) және осы осьте шексіздікте (К4) орналасқан болу мүмкін. Үшіншісі сыртқы, ал төртіншісі – ортографиялық картографиялық тор деп аталады.

Орталық картографиялық торда ұзындықтардың бұрмалануы орталықтан қашықтаған сайын жоғарлайды, яғни аудандар және пішіндер бұрмалануының күшеюіне алып келеді. Проекцияның қасиеттеріне қарай бұл проекцияны еркін проекцияға жатқызады.

17. Поликонустық, жалған цилиндрлік және шартты картографиялық проекцияларға баяндама беріңіз.

Поликонустық проекцияда глобустың градустық торы бірнеше жанасқан конустардың бетіне түсіреді. Әр бір конустың бетіне глобустың жанасқан параллельдің жанындағы учаскелері ғана түседі. Конустарды жайған кезде бұл учаскелер жазықтыққа белдеу түрінде бейнеленеді. Белдеулер картаның орта меридианы бойынша бірігеді. Поликонустық проекцияда ортадағы меридиан мен экватор тік сызықтары түрінде, меридиандар қисық сызықтар, ал параллельдер доға түрінде бейнеленеді.

Шартты проекцияларды аналитикалық жолымен, яғни теңсіздіктер жүйесін шешу негізінде жасалынады. Шартты проекциялардан жалған цилиндрлік проекциялар ерекшеленеді, мұндай проекцияда экватор және параллельдер тіке сызықтар, ал меридиандар қисық с ызықтар түрінде болады, жалпы сыртқы көрінісі цилиндрлік проекциясына ұқсас болады.

Жалған цилиндрлік проекциялар – параллельдері параллель түзу сызықтармен, орта меридианы осы сызыққа перпендикуль түзумен, қалған меридиандары қисық сызықтармен кескінделетін проекциялар.

18. Антикалық кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.

Егін шаруашылығы, қол өнер мен теңіз жүзушіліктің дамуы, айналадағы территория туралы мәлімет жиналуына алып келді. Ол мәліметтермен танысу үшін адам бірінші карталарды жасап шықты. Яғни шаруашылықта қажеттілік картографиялық бейне дамуының негізгі себебі болып келеді.

Ең ежелгі карталар сазды плиткалар бетіне түсірілген, Вавилондағы археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған, олардың жасы шама мен б.з.д. 2200 жыл. Бұл картада таумен қоршалған теңізге құятын өзен және өзен аңғары бейнеленген. Ежелгі Мысрда, карталар үшін папирус қағазын қолданған, сондықтан олар бізің уақытқа дейін жетпеген, ал сақталған папирустар арасында алтын кендері орналасқан план бар, оның жасы шамамен б.з.д. 1400 жыл.

Картография мен географияның ғылыми негіздері Ежелгі Грекиядан басталады. Ежелгі Грекиядағы географиялық ой өрісі кеңеюі және астрономияның дамуы Жердің шар тәрізді екендігі ілімнің пайда болуына алып келді. Бұл ілімнің пайда болуында Аристотельдің (б.з.д. IV ғасыр) үлесі өте маңызды. Осы ілімге негізденіп астроном және географ Эратосфен (б.з.д. IІІ ғасыр) Жердің диаметрі мен меридианның ұзындығын анықтады. Ол өзінің «География» деген еңбегінде сол кездегі белгілі территорияны картаға түсірген. Б.з.д. ІI ғасырда Гиппарх меридиандар мен параллельдер бойынша карта жасауды ұсынды.

І – ІІ ғасырларды Клавдий Птоломей «География бойынша колданба» еңбегінде сол кездегі барлық картографиялық проекцияларға сипаттама берді және конустық пен жалған конустық проекцияларды ұсынды. Птоломей осы еңбегінде сол уақыттағы белгілі территория туралы жүйеленген мәліметтерді келтірген (шамамен 8000 географиялық объектілердің координаттары берілген), сонымен қатар 27 карта келтірілген, оның 26 құрылықтың аймақтары келтірілген, ал бір картасы дүние жүзінің картасы болып келеді.

Ежелгі Римге, территориясы бойынша үлкен империя болуына байланысты жол карталары өте қажет болды. Әдеби деректерден империяда карта жасау мақсатында арнайы түсіріс жұмыстары мен маршруттардың баяндамасы жүргізілген. Бізің заманға дейін бір көшірмесе сақталған, ол XVI ғасырда Аугусбург қаласында неміс тарихшысы Пейтингер тапқан, әдебиетте ол карта «Пейтингер кестесі» деп аталып кеткен. Бұл карта пергаментте жасалынған, оның ұзындығы 7 метр, ал ені 30 см, бұл картада сол кездегі адамға белгілі территория бейнеленген.

19. Орта ғасырлар кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.

ХІІІ – XVI ғасырларда Шығыс пен Батыс арасында Қара және Жер орта теңіздері арқылы сауданың күшті дамуы картографияның дамуына алып келді. Осыған байланысты XIV ғасырдың аяғында теңізде жүруге арналған портолан деп аталатын арнайы теңіз карталары пайда болды.

Бұл карталарды Қара және Жер орта теңіздердің жаға бойы өте жоғары дәлбдікпен бейнеленген. Кеме жүрісінің бағытын көрсету үшін карта бетінде арнайы компастық сызықтарының торы көрсетілген. Бұл карталардың масштабы да болған. Бұл карталар тек ғана осы акваторияда жүруге арналған, ашық мұхитта мұндай картаның пайдасы аз. Сондықтан, дүниежүзілік теңіз карталары қажет болды, осыған байланысты глобустар жасау қажет болды.

Еуропада бірінші глобусты 1492 жылы неміс картографы және астрономы Мартин Бехайм жасап шықты. XV ғасырда картаны ойып баспадан шығаруды ойлап табуы картографияның дамуына аса маңызды әсері болды, географиялық карталардың бағасы маңызды төмендеді. 1477 жылы Птоломейдің «География бойынша қолданба» латын тілінде жарық көрді. Картографияның дамуында фламандық Г.Меркатордың (1512 – 1594 ж.ж.) үлкен үлесі бар, ол бірнеше картографиялық проекцияларды ойлап шығарды, соның ішінде теңіз жүрушілерге қолайлы тең бұрышты цилиндрлік проекция. Г. Меркатор карталар жинағын атлас деп атады, оның атласы 1595 жылы жарық көрді. XVII – XIX ғасырлар бойы Жер беті картаға түсіру жұмыстары жалғасып, көптеген территориялар ашылды. Орыс зерттеушілері Ресей империясының ішкі аудандарын карталастырды, 1598 жылы «Большой чертеж всему Московскому государству» деген картографиялық еңбек жарияланды. 1627 жылы оны екінші рет шығарғанда арнайы мәтін қосылды. 1667 жылы П. Годунов Сібірдің картасын жасап шықты. 1701 жылы Семен Ремезовтың Сібірдің географиялық атласы жарық көрді, мұнда қазіргі Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс бөліктері бейнеленген.

20. Қазіргі картография дамуына сипаттама беріңіз.

Қазіргі заман картографиясының дамуы ғылыми-техникалық революция және ғылыми-техникалық прогреспен байланысты. ХХ ғасырдың екінші жартысында техника мен технологияның дамуы картографиялық шығармалар түрлерін көбейтті, олардың бағасын төмендетті және картографиялық материалдардың кең таралуына және пайдалануына алып келді. Осы кезде картографияның бірнеше бағыттары дамыды. Карта жасауда әр түрлі шартты проекциялары қолдана бастады, Жер бетінің барлық жері картаға түсті, көптеген тақырыптық атластар пайда болды, Дүние жүзінің 1:1 000 000 масштабтағы шолу топографиялық карталары жасалынды. Мысалы, Қазақстан Республикасының дерлік түгелдей территориясына ірі масштабты топографиялық карталары жасалынды, 1982 жылы Казақстанның физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық атластары, геологиялық карталар сериясы тағы басқа да тақырыптық атластар және карталар жарық көрді.

Бүгінгі картографияның дамуы компьютерлік, аэроғарыштық түсіру технологияларымен, қазіргі заман техника және әдістерімен байланысты. Бүгінгі картография ол сандық картография, электрондық карталар және атластар, мультимедийлік картография, яғни географиялық объектілердің кеңістіктегі орнын және оның динамикасын көрсетеді.

21. Картографиялық жалпыластыруға (генерализация) жалпы сипаттама беріңіз.

Географиялық картада жер бетінің ірі учаскесінде орналасқан объектілерді кішкене қағаз парағына бейнелейді. Яғни берілген территориядағы барлық объектілер картаға түсіру мүмкін емес. Сондықтан, картаға түсірілетін объектілерді таңдайды. Географиялық объектілер мен құбылыстарды картада бейнелеу мақсатында ғылыми негізденген таңдау процесін картографиялық жалпыластыру (генерализация) деп атайды.

Жоғары деңгейде кішірейтілетін ірі аумақты бейнелейтін ұсақ масштабты карталарда ерекше үлкен жалпыластыру жүргізіледі. Мысалы, масштабы 1:2500 000 жалпы географиялық картаның 1 см2 ауданына жергілкті жердің 625 км2 сәйкес келеді, ал 1 мм2 – 6,25 км2 сәйкес. Тұрығындары тығыз орналасқан территорияда мұндай территорияда 1-2 елді мекеннің орнын алу мүмкін, ал картаның 1 мм2 тек ғана бір пунсон, яғни елді мекеннің шартты белгісі сияды. Ал елді мекеннің аты картада өте көп орын, яғни бірнеше елді мекеннің орнын алады. Демек, халық тығыз орналасқан аумақтың картасында ондаған елді мекен орнына бір елді мекен көрсетіледі. Бұл масштаб Казахстан Республикасының қабырға картасына сәйкес, ал географиялық атласта Қазақстанның территориясы 1:7 500 000 масштабына көрсетілген, масштабтың екі есе кішіреуі, ауданның масштабы 4 есе кішірейеді. Яғни жоғарыда көрсетілген мысалда картаның масштабы 3 есе, ал аудан масштабы 9 есе кішірейді. Мұндай жағдайда картада бейнеленетін елді мекенді, жұздеген елді мекендерден таңдайды.

22. Картографиялық жалпыластыруда мөлшерлі іріктеу туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.

Объектілердің мөлшерлі көрсеткіштерін жалпыластыру. Бұл жалпыластыру бейнеленетін құбылыстың мөлшерлі сатыларының үлкеюінде байқалады, яғни көрсеткіштердің үздіксіз шкаласынан сатылы шкалаға өту, кейін шкаланың интервалдарын үлкейту немесе тең шкаладан тең емес шкалаға өту. Мысалы, топографиялық карталарды жалпыластыруда жер бедерінің қима биіктігін ірілету немесе тұрғындар саны бойынша елді мекендердің топтарын ірілету. Кейбір жағдайда объектілердің мөлшерлі көрсеткіштерін бейнелемейді.

Іріктеу (іріктеп алу). Объектілерді іріктеп алудың қажеттілігі нақтыдағы объектілердің саны мен оларды карта бетіне түсіру мүмкіндгі арасындағы қарамақайшылқтан шығады. Іріктеу барысында карта бетінде картаға түсіретін территорияның ерекшелігі, картаның мақсаты мен масштабы көз қарасынан қажетті және маңызды объектілерді қалдырады. Ол сапалы және мөлшерлі жалпыластыруымен тығыз байланыста болады. Іріктеу өзгерген легендаға сәйкес жүреді. Іріктеуде екі мөлшерлі көрсеткішті пайдаланады – ценз және норма.

Іріктеудің цензі – жалпыластыруда карта бетінде сақталатын объектілердің мөлшерін және маңыздылығын көрсетеді. Мысалы, ауданы 10 км2 жоғары жерді қамтитын ормандарды карта бетінде көрсету, масштабы 1:1 млн картасында осы картаның 25 мм2 ауданын алатын батпақтарды көрсету немесе барлық аудан орталықтарын бейнелеу.

Іріктеу нормасы – объектілерді жалпыластыруда орта мәні сақталатын іріктеумен қабылданған дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш. Іріктеу нормасы картаның нагрузкасын реттейді, яғни картаның аудан бірлігіне келетін объектілер саны. Мысалы, масштабы 1:200 000 топографиялық картадан масштабы 1:500 000 картаға өткенде тұрғындар тығыз орналасқан аудандар үшін елді мекендерді бейнелеу нагрузкасының нормасы 1/3 құрайды. Ол деген, жасалынатын картада елді мекендердің 1/3 бөлігі ғана сақталады. Объектілер картаға көлемі және маңыздылығына қарай реттеліп түсіріледі. Алдымен ең маңызды және ірі объектілер бейнеленеді, кейін екінші дәрежелі, орнатылған оптимальдық нагрузкаға дейін.

23. Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың мөлшерлі сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.

Картографиялық жалпыластыруда мөлшерлі таңдауға төмендегілер жатады.

1. Картаға түсірілетін аумақта таралған табиғи және әлеуметтік-географиялық құбылыстар.

Таңдалған және картада бейнеленген құбылыстар карта мазмұнының элементтері болып табылады. Мұндай жалпыластыру тақырыптық және жалпы географиялық карталар үшін қолданылады.

2. Карта мазмұнының элементіне қатысты объектілер, мысалы, көлдерден бейнелеуге қажетті көлді таңдайды.

Бір текті объектілер арасында таңдағанда алдымен аса маңызды, ірі, қажетті т.с.с. ажыратады, мысалы, қалалардан бірінші болып астаналар, байланыс жолдарынан – магистралдық жолдарды, өзендерден – кеме жүретін өзендерді т.с.с.

3. Карталастырылатын объектілердің ерекшеліктері. Картографияның теориясында мұны объектілер суретін жалпыластыру деп атайды. Географиялық объекттің суретіндегі детальдарын қысқарту барлық карталарда қолданылады. Мысалы, ұсақ масштабты сонымен бірге шолу топографиялық карталарда өзендердің, көл мен теңіздер жаға бойы сызықтарының барлық бұрылыстары толық көрсетілмейді, егістікке қатысты жерлер шекараларының сызықтары да дүрыс көрсетілмейді. Бірақ объектілердің сипатты белгілері мен оның жалпы конфигурациясы толық бейнеленеді.

Кейбір жағдайда бірдей бірнеше объекттілердің орнына бір объекті көрсетеді, мысалы бірнеше көлдің орнына бір көл, өзендердің орнына бір өзен т.с.с.

Құбылыстың мөлшерлі көрсеткіштерін жалпыластыру деген картада жеке бір объекттің мөлшерлі көрсеткішінің шамасын көрсете алмайтын интервалдарды қолдану. Жалпыластырудың мұндай бағытында объекттің жеке ерекшеліктері картада бейнелеуге мүмкіндік жоқ. Картаның масштабы ұсақ болған сайын картаның дәльдігіне талап азаяды. Мысалы, мұғалімдерге арналған Дүние жүзінің атласындағы масштабы 1:1 млн-нан 1: 10 млн дейін карталарда тұрғындар саны 100 мыңнан астам қалалар үш топқа бөлінген.

24. Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың сапалы сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.

Құбылыстың сапалы көрсеткіштерін жалпыластыру төмендегіден тұрады:

1) құбылысқа қатысты объектілердің типтер мөлшерін кеміту;

2) құбылысты анықтайтын қасиеттерінің мөлшерін азайту.

Мұндай жалпыластыру объектілердің қысқару есебінен жүргізеді, ол классификациялық белгілерді жалпыластыруымен байланысты. Жалпыластыру жеке құбылыстардан олардың топтарына, түрлерден түптерге және типтерге өту жолымен картаның легендасындағы таксономиялық бөлінуін біріктіруден басталады. Мысалы, шолу карталарда орманда ағаштардың негізгі түрлерін көрсетудің орнына тек ғана орманның шартты белгісі болады.

25. Картографиялық жалпыластыру дәрежесіне әсер ететін негізгі факторларға баяндама беріңіз.

Картографиялық жалпыластырудың негізгі көрсеткіштері (параметрлері) – іріктеудің нормасы мен ценздері (шектелімі), сызықтар мен контурлардың дәльдік дәрежесін, сапалы және мөлшерлі көрсеткіштерін жалпыластыру шарттарын орнату.

Осы параметрлерге жалпыластырудың жалпы факторлары әсер етеді: картаның мақсаты, тақырыбы, масштабы, типі, картаға түсірілетін объекттің (территорияның) ерекшеліктері, объекттің зерттелу деңгейі, картаны графиктік безендіру тәсілдері.

Картаның мақсаты. Картада тек картаның мақсатына сәйкес объектілер көрсетіледі. Басқа объектілер картаны оқуға кедергі болады. Мысалы, қабырғалы әкімшілік оқу картасында ең маңызды элементтер ғана бейнеленеді, күшті жалпыластырған қалалар, шекаралар, жолдар т.с.с.

Картаның масштабы шектеуші рольді атқарады. Оның ықпалы ірі масштабтан ұсақ масштабты картаға өткенде бейнеленетін аумақтың көлемі азаюынан байқалады. Ірі масштабты картада түсірілген объектілерді ұсақ масштабты картада осылайша дәльдікпен және барлық ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік болмайды, сондықтан белгілі бір дәрежеде таңдау, жалпыластыру, алып тастау т.с.с. жұмыстарды жүргізу қажет. Мысалы, ірі масштабты карталар үшін маңызды объектілер – жергілікті ориентирлер ұсақ масштабты карталарда өзінің маңыздылығын жоғалтады, сондықтан оларды ұсақ масштабты карталарда көрсетпейді.

Картаның тақырыбы және типі қандай элементтердің жоғары дәльдікпен, ал қай элементтерді жалпыластыру қажет екенін анықтайды. Мысалы, геологиялық және топырақ карталарында гидрографиялық торды толық көрсетуге болады, бірақ жолдар торын және елді мекендерді күшті жалпыластыруға болады, ал әкімшілік шекараларын көрсетпесе де болады.

Керісінше экономикалық тақырыптарға сай карталарда барлық елді мекендер, жолдар, әкімшілік бөлінуі жоғары дәльдікпен көрсетіледі, ал өзен желісін қысқартуға болады, тек кеме жүретін өзендерді сақтап қалуға болады.

Әртүрлі типтегі карталарда жалпыластыру деңгейі де әртүрлі болып келеді. Ең жоғары дәльдікпен жасалынатын карталар инвентаризациялық типтегі аналитикалық карталар, ең күшті жалпыластырылған карталар синтетикалық карталар (мысалы, аудандастыру карталары) (в особенности карты-выводы, карты-умозаключения).

Картаға түсірілетін объекттің (немесе территорияның) ерекшеліктері. Бұл фактордың ықпалы картада объекттің немесе территорияның өзіндігін көрсету қажеттілігінде, оның ең сипатты элементтерін, типтік белгілерін бейнелеуде байқалады. Мысалы, құрғақ дала немесе жартылай шөл және шөл аудандарында ұсақ көлдерді көрсету аса маңызды, кейбір жағдайда ұсақ көлдерді үлкейтіп көрсетеді. Тундра зонасында мыңдаған көлдер таралған, сондықтан кейбір көлдерді көрсетпейді, ең маңыздысы бұл территорияның көлдік сипатын дұрыс бейнелеу қажет.

Объекттің зерттелу деңгейі. Объекттің зерттелу деңгейі картаның берілген масштабына және тақырыбына сәйкес болған жағдайда картограиялық бейнелеу өте жоғары дільдікпен болады, ал нақты материал аз болғанда бейне жалпыластырылған және схема түрінде болады (гипотезалық немесе болжау карталары).

Картаны безендіру (бейнелеу шаралары). Көп түсті карталар бір түсті картамен салыстырғанда көбірек шартты белгі көрсетеді. Басылымның жақсы деңгейінде және фондық бояуларды, изосызықтарды, шартты белгілерді дүрыс таңдағанда бір картада бір-біріне жабу жолымен оқу үшін күрделі емес өзара жабатын алты белгісін көрсетуге болады. Бір түсті картада мұндайды жасау күрделі болады, аса маңызды жалпыластыру қажет болады.

26. Ұсақ масштабты географиялық картада колданылатын жазуларға сипаттама беріңіз.

Географиялық карталардағы жазулар оның мазмұнының маңызды элементі болып табылады. Түсіндірме жазуларымен географиялық объектілердің тегін көрсетеді. Көрсеткіштер-жазуларымен географиялық объектілердің сапалы ерекшеліктерін және олардың қасиеттерінің мөлшерлі көрсеткіштерін түсіндіреді.

Date: 2016-05-24; view: 1956; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию