Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Геоиконика туралы жалпы түсінік беріңіз. 4 page





37.Аэроғарыштық картографиялау туралы жалпы түсінік беріңіз

 

38. Картография мен геоинформатика арасындағы өзара байланысына жалпы сипаттама беріңіз.

Геоақпараттық картографиялау – бұл ГАЖ және картографиялық мәліметтер мен білім негізінде бағдарламамен басқарылатын карталарды құрастыру және қолдану. Геоақпараттық картографиялау негізін геожүйелерді ақпараттық-картографиялық моделдеу құрайды.
Геоақпараттық картографиялау – салалық және кешендік, аналитикалық және синтетикалық болуы мүмкін. Географиялық ақпараттарды автоматты түрде өңдеу үшін мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізу жүйесін құру керек. Ол үшін геоақпараттық жүйелер – автоматты жинақтау жүйелерін сақтау, өзгерту және географиялық ақпараттарды ЭЕМ және автоматиканың түрлерінде беру мақсаты қойылады. Географиядағы ақпараттық жүйелер тарихы ЭЕМ – де өңделетін басқа ғылым салаларымен көбінде ұқсас болып келеді. Информатикада барлық жинақтау жүйелері мен ақпараттарды өңдеуді ақпараттық жүйелеу немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деп айту келісілген.ГАЖ – ды құрудың бірінші жұмыстары 60 – жылдардың ортасында Канада және Швецарияда басталған. Канадалық ГАЖ – дар Р. Тоалинсонның 1963 – 1971 жж. Библиграфиялық және қорша ортаның табиғи қорларын тиімді пайдалануға арналған, жасалған жұмыстарынан бастау алады. Ал Швецарияда О Саломонссон, Т Германсеннің 1976 жер кадастрына қажетті ГАЖ құру жұмыстарынан бастау алады. ГАЖ – ды құруға әр түрлі ұйымдар мен ғылыми ұйымдар қатысты. ГАЖ кешенді көп мақсат ақпараттық жүйе ретінде құрылды.Геоақпарат – классикалық география және картография дәстүрлері мен әдістерін, теориясын, қолданбалы математика, информатика және компьютерлік техниканың мүмкіншіліктерін сабақтастыратын ғылым. Геоинформатика ғылым ретінде XX ғасырдың 60- жылдарында, ақпараттық технологиялардың негізінде Пентагон қойнауларында географиялық ақпараттарды әскери мақсатта ЭЕМ көмегімен өңдеу қажеттілігінен пайда болған, кейіннен географиялық ақпараттық жүйелер (ары қарай ГАЖ) деп аталған бағыт батыс елдерде, Канадада, Швецияда пайда болды.Ол өзінде кеңістіктегі ақпаратты өңдейтін және оны қолданушыға, монитор экранына,басылым құралдарына немесе байланыс каналдарына жеткізетін есептеуіш машиналар және әдістемелік құралдардыадамның мүмкіншіліктерін қажет ететін қолданбалы мәселелерді шешуді біріктірді.Осылай алғашында қарапайым түрдегі ГАЖ көптеген функциялармен және мүмкіншіліктермен толықтырылып, осының негізінде сандық картография мен автоматтандырылғын картография пайда болды

39.Геобейне туралы жалпы түсінік беріңіз.

Көптеген карталар, түсірістер мен сол сияқты модельдерді атау үшін «геобейне» деген термин пайда болды және оған мынандай анықтама беріледі: геобейне – жер, планета объектілерінің, құблыстарының кез – келген кеңістіктік–уақыттық, масштабтық, генерализденген графикалық пішінді формада берілген моделі. Бұл формулировкада геобейнелерге тән басты қасиеттері (масштаб, генерализденуі, графикалақ бейнелердің болуы) мен олардың спецификасы – Жер мен планеталардың бейнелері екені көрсетілген.

Геобейнелер метрикалық касиеттері, алыну әдістері, динамикасы және тағайындалуына байланысты 3 классқа бөлінеді:
1.тегіс және 2 өлшемді геобейнелер;
2.көлемді және 3 өлшемді геобейнелер;
3.динамикалық 3 және 4 өлшемді геобейнелер.
Тегіс геобейнелер

Тегіс геобейнелер классына картографиялық проекцияны, құрылатын карталар, жобалар, генерализденген, шартты модельдер: әр түрлі масшабтағы топографиялық, түрлі тақырыптық карталар, сондай-ақ барлық картографиялық модель өнімдері жатады. Мысалы, анаморфтық карталар – картографияланылатын құблыстардың ерекшеліктерін шынайы кеңстіктік формада көрсететін бейнелер. Әуеғарштық суреттер, теңіз түбі суреттері, телевизиялық, радиолокациялық, гидрологиялық, сканерлік суреттер де тегіс геобейнелерге жатады. Олар объектілердің жеке немесе бейнелі сәулеленуін тіркейді, сонымен қатар түсіріс кадрлық, жолақтық жеке элементтік болады. Түсірістің геометриялық қасиеттері, өлшемі осыған тәуелді. Түсірісті электромагнит спектрінің әр түрлі диопазонында жүргізеді. Яғни көрінетін, инфрақызыл, микротолқын зонасында, бұл түсірістердің бейнелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі.
Тегіс геобейнелердің геометриялық және спектральдық қасиеттер комбинациясының түрлілігі сонша, оларды атап өту мүмкін емес. Барлық геобейнелердің ең негізгі қасиеті – объектілердің дәл қайталанып берілуі, яғни көшірмесінің берілуі, пішіні мен түрінің түсіру аппаратурасының рұқсат дәрежесіне байланысты шынайы болуы. Бұл суреттердің картадан шартты белгі түріндегі суреттерден ерекшелігін көрсетеді.
Тегіс геобейнелердің тағы бір тобы – электрондық карталар. Олар экранда растрлық және векторлық форматта беріледі немесе жоғары дәлдікті басып шығару құралдарынан өткізіледі. Электронды карталарда ерекше жанып тұратын белгілер, өзгеретін түстер пайдалануға, картаға жаңа ақпараттар қосуға (фотосуреттерді де), масштабы мен проекциясын ауыструға, т.б. трансформациялар орындауға болады Карталарды экран бетінде жеке–жеке көруге, барлығын біріктіріп көруге, бір сөзбен айтқанда, электронды карталармен интерактивті режимде жұмыс істеуге болады.
Көлемді геобейнелер
Геобейнелердің 2-классы шынайы әлемнің көлемділігін көрсететін үш өлшемді графикалық модельдерді біріктіреді. Оларға: блок – диаграммалар, жер бетінің үш өлшемді суреттері, стереоскопиялық модельдер – стереофотограмметриялық аспаптар мен суреттердің стереоқосақтарын қараудың нәтижесі, физгеографикалық панорамалар –көркем пейзаждардың көркемілігі карта дәрежесіне сай болатын модельдер,т.б.жатады. Мұндай панораммалар мен пейзаждар ландшафт архитектурасын жобалауда,онда ғимараттарды орналастыруға өте ыңғайлы.
Көлемді геобейнелерге жер беті бедері карталары, глобустар, көлемді галограммалар жатады. Олар пластиктен термовакуумдық әдіс арқылы жасалады. Қазіргі кезде голографикалық карталар мен жер беті түсірістерінің бір ғана экспериментальді данасы бар, бірақ бұл технологияның қарқынды дамуына қарағанда бұлар электронды картадай үйреншікті болып қалады.
Динамикалық геобейнелер
Жылжымалы геобейнелер объектілерінің тек қана кеңстікте өзгеруі ғана емес, уақытқа байланысты өзгеруін де береді яғни 4-өлшем ретінде. Бұл анимация деп аталатын тегіс немесе стереоскопиялық картографиялық фильмдер мен мультипликациялар. Бұлардың пайда болуымен картография жаңа мәнге ие болды. Дәстүрлі статикалық картография кездейсоқтық болып көрінетін анимациялық картография деп те аталатын болды. Динамикалық геобейнелер бойынша мұхит бетінің мұнаймен ластану уақыттарының көбеюін, эпидемия ошақтарының тасымалдану жолдарын, құрлық пен мұхиттағы температура алаңдар өзгерісін, мұздықтардың қозғалысын, т.б. анық көріп, зерттеуге болады.
Жаңа коммпьютерлік технологиялар картографиялық бейнелерді экран бойынша ауыстыруға, демонстрация жылдамдығын үлкейтуге, қажетті кадрға қайта келуге немесе кері бағытта қозғалтып көруге мүмкіндік береді.
Жеке белгілер жанып - өшіп тұрады, ал фондық бояулар қауіпті ескертіп тұрғандай жанып тұруы мүмкін. Сонымен қатар панорамалауға болады: түрлі жылдамдықта ракурсты өзгерту, барлық суреттерді бұру, картада қозғалыс эффектісін құру.
Күннен – күнге анимациялар күнделікті тіршілікке еніп бара жатыр. Біз телеэкранда ауа райының анимациялық картасында атмосфералық фронттар, бұлтты аудандар мен жауын–шашын зоналарының алмасуын жеңіл қабылдаймыз.
Геобейнелер жүйесі
Геобейнелер классификациясы түрлі негіздерге сүйене отырып жүргізіледі: жасалу технологиясына байланысты, визуализация әдісіне байланысты, генерелизация дәрежесіне байланысты, т.б.
Үш класта қаралған геобейнелерден басқа түрлі қасиетке ие көптеген комбинациялық модельдер бар. Мысалы, кең таралған ғарыштық фотокарталарда картографиялық белгі фотобейненің үстінен түсіріледі. Сонда оқырман бір уақытта генерализденген карта мен тура сол жер бетінің бөлшектік суретін көре алады. Басқа жағдайларда фотобейнелер жер бедерінің 3 өлшемді моделіне тартылған болады, нәтижесінде көрнекілігі жоғары фотоблокдиаграммалар пайда болады.
Комбинациялық геобейнеге фототелевизиялық және синтезделген көп спектральді түсірістер жатады. Барлық геобейнелерді зерттей отырып, олардың әр түрінің арасында үлкен шекараның жоқтығын байқауға болады. Мысалы, жай карта мен электронды карталардың аса айырмашылығы жоқ, соңғысында қозғалатын белгі мен өзгеретін түстер болмаса. Ал электронды карталардан анимацияға бір-ақ адым. Тура осындай карталардан фотокарталарға, одан иконокарталарға (ғарыштық фотокарта), одан соң түсірістерге біртіндеп ауысады. Сонымен қоса белгілердің қасиеттері азайып, дәлме–дәл түсіру мен түсірістік қасиеттері арта түседі. Ал түсірістен стереомодельге, фотоблок – диаграммаға, бедерлік карталарға ауысқанда бейненің үш өлшемділігі мен көлемділігі артады.

Геоиконика туралы жалпы түсінік беріңіз.

ХХ ғасырдың 60-ші жылдары иконика деп аталатын бейнелер туралы ерекше ғылым дами бастады. Иконика бейнелердің жалпы қасиеттерін зерттейді, яғни графиктік бейнелерді тану, өңдеу және жаңадан өндіру, оларды өзгертудің мақсаттары мен міндеттерін. Біртіндеп икониканың идеялары Жер туралы ғылымдарға және қашықтықтан зондлауға өтіп бастады. 1985 жылы А. Берлянт геоиконика деген жаңа ғылыми бағыт туралы идеяны шығарды. Оның пікірі бойынша геоиконика геобейнелер теориясын, оларды талдау әдістерін, практика мен ғылымда қайта өзгертуін зерттейтін білімнің синтетикалық саласы. А. Берлянт ойы бойынша геоиконика тек ғана шекаралас ғылыми бағыт емес, ол картография, аэроғарыштық әдістер және машиналық графика арасындағы байланыстыратын ғылыми бағыт болып табылады. А. Берлянт бойынша геоиконика картографияны, аэроғарыштық зерттеуді және машиналық графиканы байланыстырады. Бүгінгі таңда географиялық бейнелер теориясын жасап шығару әр түрлі бағыттары бойынша жасалынуда.

Date: 2016-05-24; view: 1724; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию