Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептерге арналған «Қазақ тілі» пәні





Болашақ бағдарын айқындайтын Елбасының «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы Қазақстан дамуындағы аса маңызды межелерді анықтап берді.

Білім сапасы көтерілмей, еліміз қарқынды дамудың жолына түсе алмайды. Мұны Елбасы бұрынғы жолдауларында да, басқа да сөйлеген сөздерінде айтып жүр. «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - дейді Жолдауында Н.Ә. Назарбаев.

Елбасымыз өз сөзінде «... Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік қазақтың перзенті. Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – «Мәңгілік Ел» - деп, қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген жиі талқыға түсіп жүрген сауалға нақты жауап берді. Сондықтан бүгінгі ұрпақ үшін ұлттық идея айқын, ендігі міндет болашағымызға бағдар ететін – «Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастыру жолында қызмет ету.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық жоспардың басты мақсаттарының бірі – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:

- басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);

- ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);

- коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау);

- әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);

- тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);

- азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі);

- технологиялық (әр азамат өз мамндығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы). Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс.

Еліміздің білім беру жүйесі тілді оқытуды дүниежүзілік стандарттық үлгілерге жақындастыруды және оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын іздестіруді міндеттейді. Осыған сәйкес 10-11-сыныптардағы қазақ тілі пәні тілдің танымдық, коммуникативтік, кумулятивтік, экспрессивтік т.б. қызметтерін қатар әрі өзара бірлікте меңгертуді көздейді.

Жалпы орта білім беретін мектептерде қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттардың ерекшеліктеріне сәйкес айқындалған.

Пәнді оқытудың басты мақсаты: ұлттық және әлемдік құндылықтарды салыстыра түйін жасай алатын, ҚР халықтары мен әлемдік қоғамдастықтың мәдениетін игерген, қоғамда қолдануын талап етілетін тілдердің коммуникативтік құзыреттіліктерін игерген Тұлғаның даралануы мен әлеуметтенуіне мүмкіндік жасайтын тілдің лексика-фразеологиялық, грамматика-стилистикалық, мәдени-этикалық және шешендік нормаларын меңгерту, жоғары деңгейде күрделендірілген түрлі жанрдағы мәтінді салыстыру, талдау, ойқорыту әрекеттерін жетілдіру, мәтін түрлеріне сай тілдік бірліктерді қолдана алу біліктілігін арттыру, ғылым негіздері мен жаңа технологияларды мақсатқа сай қолдану әдістерін игерту, тілдік бірліктерді сөйлеу әрекетінде нормаларға сай қолдануға төселдіру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- қазақ тілінің байырғы тіл екендігін тіл дамуындағы кезеңдерді оқыту арқылы меңгерту;

- қазақ тілінің байлығын мәдени мұралар тілін талдату арқылы игерту;

- сөз байлығы ұғымына енетін лексика-фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерді меңгерту;

- тілдің табиғи қасиеттері мен функционалды қасиеттерін ажырата білгізу;

- тілдік құзыреттілікті қалыптастыратын тәсілдерді меңгерту;

- стиль түрлеріне сай тілдік бірліктерді таңдап қолдануға төселдіру;

- сөйлесім әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;

- ұлттық этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;

- сөз мәдениеті мен шешендіктің бірлігін, сабақтастығын таныту;

- шешендік өнердің тұлға қалыптастырудағы және тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлін пайымдату;

- шешендік өнердің адамның мінез-құлқын тәрбиелеудегі күшін таныту; пікірталас мәдениетіне төселдіру;

- мәтін құраудың және диалогқа түсудің амал-тәсілдерін меңгерту;

- тілдің қатысымдық қызметін тілдік жағдаяттарда қолдануды меңгерту;

- ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай білуге төселдіру;

- зерттеу және шығармашылық әдістерді тиімді қолдану біліктілігін қалыптастыру;

- сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінде тілдік бірліктерді мақсатқа сай қолдана білуге жеткізу;

- шешендіктің дамуына қойылатын алғы шарттарды өмірден алынған фактілер бойынша негіздеу;

- қазіргі шешендіктің түрлерін меңгерту;

- тілдің мәдени-этикалық нормаларын меңгерту;

- ұлттық құндылықтар мен әлемдік адамзаттық құндылықтарды салыстыра пайымдату;

- әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін шешендікпен дұрыс бағалауға төселдіру;

- қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы көзқарасын шешендікпен негіздеудің және жұртты сендірудің тәсілдерін меңгерту.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта сөз мәдениеті және шешендік тілдің жоғарыда айтылған қызметтерін тереңдеп оқытуға бағытталған.

Жаратылыстану-математикалық бағытта оқушылар сөз мәдениеті мен шешендік өнердің талаптарын білуге ұмтылады. Сөз мәдениетінің нормалары өзіндік мені қалыптасып келе жатқан жастың тілдің қатысымдық қызметін орнымен пайдалануға, кәсіби бағдарын айқындауға көмектеседі.

Оқыту үдерісінде «Қазақ тілі» пәні төмендегі оқу пәндерімен тығыз байланыста оқытылады:

1) «Қазақ әдебиетімен»: қазақ тілі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты;

тіл – әдебиеттің бірінші элементі; қазақ тілін оқытып-үйретуде кез келген көркем туынды; әдеби шығарма тіл үшін құнды материал болып саналады, көркем шығармаларды оқу барысында стиль түрлерінің авторлық қолданысын ажырата білу, әдеби шығармалар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, көркемдік тәрбие беру, әдеби шығармаларды талдау арқылы сөз мәдениетіне үйрету көзделеді;

2) «Қазақстан тарихымен»: Қазақстан тарихы пәнімен байланыстырып оқыту оқушының тілді ұлттық құндылық ретінде тануына мүмкіндік береді; тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді; қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі;

3) Жаратылыстану циклі пәндерімен: тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болады; биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді; басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз байланысты; тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады;

- дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен де байланысты;

- танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.

Оқушылардың тілдік біліктілігін одан әрі жетілдіре түсу және сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктеріне сай сөйлесім дағдыларын жетілдіру, пікірталас әдебін меңгерту мақсатында арнайы курстар ұйымдастырылады. Мысалы, 10-сыныпта: «Сөз байлығы»; «Тілдік норма және стиль», «Этнолингвистикалық атаулар сыры», «Сөз мәдениетінің негіздері»; 11-сыныпта: «Ұлттық шешендіктанудың алғашқы бастаулары», «Шешендік сөз – шеберлік өрнегі», «Журналистика және баспасөз негіздері», «Пікірталас мәдениеті» сияқты үлгі-тақырыптарды алуға болады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

Жаратылыстану-математикалық бағыт: 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, эссе, диктант, т.б.) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.

 

Date: 2015-11-14; view: 703; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию