Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






География. Мектептiң бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде





Мектептiң бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде, патриоттық сезімдер мен ұлттық сана, жалпы және географиялық мәдениет, қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынас қалыптастыруда, функционалды сауатты, шығармашыл тұлға тәрбиелеуде, Жер бетiндегі тiршiлiктi сақтауда табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершiлiкті сезiнуде, қазіргі әлемде Қазақстанның орнын түсінуде және ел әлеуетін көтерудегі өз үлесін ұғынуда география пәнi үлкен рөл атқарады.

Білім берудің негізгі орта деңгейінде географияны оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі байланысы жайлы, саналы бірлестігі бар ғажайып ғаламшар ретіндегі, Жер туралы түсініктері пен көзқарастарын дамыту қазіргі география ғылымы, оның жетістіктері мен адамзат алдында тұрған маңызды проблемаларды шешудегі рөлі туралы түсінік қалыптастыру; Қазақстандағы және дүниежүзіндегі табиғи, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық үдерістердің географиялық аспектілерін анықтау үшін қажет географиялық ойын қалыптастыру; табиғат дамуының заңдылықтары, халықтың және шаруашылықтың орналасуы, географиялық кеңістікте болып жатқан үдерістердің динамикасы мен аумақтық ерекшеліктері туралы кешенді әлеуметтік-бағдарлы географиялық білім жүйесін қалыптастыру.

Оқыту мақсаттарына сәйкес «География» пәнін оқытудың мынадай міндеттері анықталды:география ғылымы және Жер туралы серіктес ғылымдардың негізін меңгерту, табиғатқа, оның дамуына, табиғаттың, қоғамның және экономиканың байланысына диалектикалық-материалистік көзқарас қалыптастыру; табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға, табиғи және экологиялық жағдайды бағалау мен болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгерту; қазіргі дүниежүзілік дамудың негізгі бағыттарымен, экономиканың және табиғат кешенінің дамуы барысында туындайтын жеке бір аймақты, сол сияқты барлық дүние жүзін қамтитын проблемаларды және сұрақтарды оқып-білу; оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, зерттеушілікке құштарлықты, зейін және байқағыштықты, логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, сөз шеберлігін және көптілділікті, қиялдау, аумақтық бейнені қалыптастыра білу шеберлігін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылық көзқарасын және өз білімін арттыруға, дамытуға талпынушылықты қалыптастыру; географиялық, саяси, экономикалық, басқа да ғылыми және әдістемелік ақпаратты, карталарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, ғаламторды, білім берудің цифрлық ресурстарын қолдана білу дағдыларын дамыту; өз өмірі және әрекеті барысында географиялық білімді тиімді пайдалана білуі үшін білім, дағды және шеберлікті меңгерту; жоғары отансүйгіштік сезімге, Қазақстан Республикасының Конституциясын сыйлауға тәрбиелеу, белсенді өмірлік көзқарас қалыптастыру.

География курсының құрылымы мен мазмұнын іріктеу барысында оқу материалы және пәнаралық байланысты жалғастыру тәсілі негізге алынған, 6–9-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескерілген, оқыту үдерісінің тұлғалық-бағдарлану тәсілі қарастырылған.

6-7-сыныптардағы «География» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың бойында Жер туралы жалпы түсінік қалыптастыруға; жергілікті жерде, план, карта бойынша бағдарлау тәсілдерін; жалпы географиялық заңдылықтар; материктер және мұхиттар табиғат кешендерінің қалыптасу тарихы мен географиялық ерекшеліктері туралы түсінік беруге бағытталған.

8-9-сыныптардағы « География» оқу пәні оқушыларды Қазақстанның физикалық және экономикалық-географиялық жағдайымен, геологиялық құрылысы және жер бедерімен таныстырады; елдің табиғи-аумақтық және экономикалық аудандары, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстары және Қазақстанның дүниежүзілік экономикадағы орны туралы білім қалыптастырады.

«Тұрақты даму», «Жасыл экономика» ұғымдарының ғылыми-теориялық мәнін оқу, меңгеру және олардың аймақтық, ғаламдық маңызын түсіну. Ұлттық «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы туралы ғаламдық геоэкономикалық кеңістікте қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде, ғылыми негізделген көзқарасты қалыптастыру және дамыту.

Оқушылар алған білімді картографиялық жұмыстар, далалық зерттеулер мен практикалық жұмыстарды орындауда, түрлі диаграммалар мен кестелер құрастыруда, экономикалық, тарихи-географиялық нысандар мен оқиғаларды суреттеуде, табиғи және экономикалық құбылыстар мен үдерістерді бақылауда пайдалана алады.

Сабақ барысында орындалатын практикалық жұмыстар, географиялық құбылыстарды бағалауға, болжауға, түсіндіруге, сипаттауға, анықтауға, сонымен қатар картамен, оның өлшеуіш ресурстарымен жұмыс істеуге бағытталған. Міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.

Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту көлемінде географиялық білімді өмірлік тәжірибеде, оқу және оқудан тыс әртүрлі жағдаяттарда қолдана білу біліктілігін қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды сабақта пайдалану ұсынылады. Бұл тапсырмаларды әзірлеу және сабақта пайдалану барысында PISA, TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің тапсырмаларына сүйену қажет.

«География» пәнінің сағат саны: 6-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты; 7-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты; 8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты; 9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

 

Date: 2015-11-14; view: 776; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию