Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дүниежүзі тарихы





Дүние жүзі тарихы пәнін оқытудың мақсаты: оқушыларды ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзат тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен таныстыра отырып, жүйелі білім негіздерін қалыптастыру.

Оқу пәнін оқытудың міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.

Оқу жүктемесінің көлемі: 6-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 7-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 8-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 9-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Деректер мен материалдарды таңдау кезінде, оқиғаларды, тарихи үрдістерді сипаттауда, ғылыми ұғымдарды қолдануда жас ерекшеліктері мен оқушылардың дайындық деңгейі ескеріледі. 6-9 сыныптарда тарих білімінің мазмұнын құрайтын адамзат қоғамының даму тарихы бойынша білімді толық игеруге мүмкіндік береді. «Дүниежүзі тарихы» пәні пәнаралық байланыстар (математикалық сауаттылық, жаратылыстану ғылыми сауаттылығы) оқушыларға ақпаратты зерттеу мен талдауға, сабақ материалдарын игеру үшін мұғалімнің сол және басқа да міндеттерді өздігінен шешімін іздеуге мүмкіндік береді. Алған білімін оқушылар өз бетінше және шығармашылықпен практикада қолдана алады (эссе жазу, шығармашылық жұмыс, рефераттар, жобалар және т.б.).

6-сынып. «Ежелгі дүние тарихы»

Мектепте тарихтың жүйелі курсы тарихи білім беру құрылымы мен мазмұнына сәйкес 6-сыныптағы «Ежелгі дүние тарихы» курсынан басталады. Ежелгі мемлекеттердің тарихымен танысу барысында оқушылар табиғаттың адам өміріне ықпалы, оттың маңызы, мемлекеттердің пайда болу алғышарттары, алғашқы діни түсініктер туралы білім алу арқылы ұқсас тарихи оқиғаларды салыстыру, сипаттама бере білу, тарихи картаны оқи білу дағдылары қалыптасады.

7-сыныптағы «Орта ғасырлар тарихы» бойынша орта ғасырлық кезеңдердің ерекшеліктері, ерте ортағасырлық мемлекеттердің пайда болуы, феодалдық құрылыстың белгілері, орталықтанған мемлекеттер, Еуропада білім мен ғылымның дамуы туралы оқытқанда тарихи білім аясын кеңейту қарастырылады. Бұл сыныпта ортағасырлық тарихи ұғымдар мен оқиғаларды талдауға ерекше назар аударылады.

8-сыныптағы «Дүниежүзі тарихы» бойынша оқушылар аграрлық өркениеттен индустриалдық өркениетке өту кезеңдерімен, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында капиталистік қатынастардың дамуымен, буржуазиялық революциялар тарихымен танысады. Бұл оқушылардың жаңа замандағы тарихи оқиғалар мен үдерістердің мәнін анықтауына, халықтың өткені мен бүгінін салыстырып, ой елегінен өткізе алуына және тарихи мұраларды пайдалана алуына көмектеседі.

9-сыныпта «Қазіргі дүниежүзі тарихын» оқыту барысында Еуропа және Америка, Азия және Африка елдерінің 1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап бүгінгі күнге дейінгі саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени даму жолдары туралы нақты білім беріледі. Бұл сыныпта осы кезең тарихындағы маңызды оқиғалардағы жеке жетекшілердің, көрнекті тұлғалардың және халық бұқарасының мақсаты мен орнын айқындау оқушылардың өздігінен ақпарат іздеу дағдыларын жетілдіреді.

Мектепте тарихты оқыту әдістемелік тәсілдердің көп түрлілігі негізінде іске асырылады. Педагогтың басты міндеті - оқушылардың өздігінен жұмыс жасауын ұйымдастыру. Оқушылардың өзіндік жұмысы ұжымдық жұмыс түрінде, брэйнсторлинг, рөлдік ойындар, дебат, жоба қорғау, портфолио, коллоквиум, сөздік пинг-понгтар, жазба жұмыстар (эссе, шығармалар, реферат және т.б.) ұйымдастырылады. Тапсырмалар жиынтығы оқушылардың қажетті білім деңгейін, білік пен дағдыларды игеруге мүмкіншілік береді. Мысалы, хронологиялық тапсырмалар – оқушылардың оқиғалар сабақтастығы мен уақыт шеңберін анықтау, уақыттың әртүрлі категорияларын ажырату қабілеттерін, «тарихи география» тапсырма- карталарды қолдана білу, тарихи кеңістік туралы түсініктерінің қалыптасуын тексереді, «Тарихи тұлғалар» тапсырмалары Отан тарихындағы тұлғалар туралы білімін анықтайды. Пәнді оқытуда оқушының тарихи танымын, шығармашылық ойлауын дамытуға оң ықпал ететін оқыту әдіс-тәсілдері таңдап алынуы қажет.

Таңдау бойынша ұсынылатын курстар мазмұнының тақырыптары: «Алғашқы діни түсініктер», «Жазудың пайда болуы», «Әлемнің ежелгі дүниедегі жеті кереметі», «Саяхатшылар естелігінен» және т.б.

 

Date: 2015-11-14; view: 1026; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию