Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Технология





Пәннің оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.

Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

«Технология» оқу пәнін оқытудың мақсаты техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.

Оқыту міндеттері:

- техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

- құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

- технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

- оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

- еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

- оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқуыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын,орта білімді сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспекті ескеріле отырып: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.

Осыған байланысты 5-9 сынып оқушыларына (ер балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (5-кесте):

 

5-кесте – 5-9-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары

 

Ауыл мектептерінде Қала мектептерінде
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау. 2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника және технология. 3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы. 4. Металды қол және механикалық өңдеу технологиясы. 5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы. 6. Электротехника және электроника негіздері. 7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстар. 8. Шығармашылық жобалау саласы. 9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім. 1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау. 2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы. 3. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы. 4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы. 5. Электротехника және электроника негіздері. 6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстар. 7. Шығармашылық жобалау саласы. 8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.

 

Білім берудің негізгі түрлері оқушылардың оқу-тәжірибелік, жобалау іс әрекеті болып табылады. Жаттығулар, оқу-тәжірибелік жұмыстар, жобалау әдісі басым әдістері болып отыр. Бағдарламада қарастырылған барлық тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын, электромонтажды, құрлыс-әрлеу және жөндеу санитарлық-техникалық жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.

Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын таңдай алады. Сонымен қатар оқушының жасының шамасына сәйкес еңбек нысанын таңдағанп, оның қоғамдық және жеке мқұндылығы ескеріледі. Оқушылдар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды, экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті және жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өзі тапсырмаларының варианттарын қосуға құқысы бар.

«Қазіргі заман өндірісі, техникалық және кәсіби білім беру» (9-сынып) жаңа бөлім техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіби іс әрекетке қойылатын жаңа талаптар, кәсіп туралы түсінік, мамандық және жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсері, аймақтық еңбек нарығы және білім саласында қызмет көрсету туралы мәселелер қарастырылады.

Сабақтар ағаш, метал өңдеу шеберханасында, немесе құрамдастырылған шеберхана базасында өткізіледі. Технологиялық операцияларын орындау барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіне үлкен назар аударылуы керек. Электрқауіпсіздігі, санитария мен жеке гигиенасын сақталуына ерекше назар аударылу тиіс.

Сабақта қолдан жасалған электромеханикалық құралдар мен технологиялық машиналар қолдануға тыйым салынады. Кіріктірілген сипаттағы «Технология» пәні пәнаралық байланыстарды қолдану негіздерінде құрылуын көздейді. Есептеу операциялары және өлшем алуда алгебра мен геометриямен, материалдардың қасиеттерінің сипаттамасында химиямен, машина мен механизмдердің жұмыс принциптерін және құрылымын оқытуда физикамен, сәндік қолданбалы өнер технологияларын оқытуда тарих пен өнермен байланыстырылады.

Қала, ауыл және шағынжинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына бөлі сыныптың толықтандыруына қарамастан бөлінуі жүзеге асырылады.

Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (қыз балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (6-кесте):

 

6-кесте - 5-9-сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары

Ауыл мектептерінде Қала мектептерінде
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі. 2. Тағам әзірлеу технологиясы. 3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технология-сы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу (белдемше, шалбар) Мата түлерімен танысу. Киімді күту. Машинатану элементтері. 4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы. 5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік. 6. Тұрғын үй ішкі көрінісі. 7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы. 8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру. технологиясы. 9. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. Көкө-ніс өсіру – өсімдік шаруашылығының бір саласы. 10. Жоба. 11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы. 1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі. 2. Тағам әзірлеу технологиясы. 3. Маталармен таныс. Мата өңдеу технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайын-дау және көркем әшекейлеу (белдемше, шалбар) Мата түлерімен танысу. Киімді күту Машинатану элементтері. 4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы. 5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік. 6. Тұрғын үй ішкі көрінісі. 7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы. 8. Жоба. 9. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.

 

«Технология» пәні бойынша 5-9-сыныптарында оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылы ішінде 34 сағатты құрайды.

Сызу

«Сызу» – білім алушылардың графикалық мәдениетін қалыптастыруына, кеңістіктік ой қабілетін және шығармашылық потенциалын дамытуына бағытталған курс. Графикалық мәдениет деген адамзаттың ақпарат алмастыруға арналған графикалық әдістер игеруіндегі жетістіктер жиыны. Мектепте білім беруге қатысты алатын болсақ, графикалық мәдениет дегеніміз білім алушының сызба орындауы және оны оқи білу сапасымен бағаланатын графикалық әдіс-тәсілдері мен ақпарат алмастыру әдістерін игеру деңгейі. Техникада, ғылымда, өндірісте, дизайнда және басқа салаларда қолданылатын графикалық тілді игеру оқушының графикалық мәдениетін қалыптастыратын процесс болып табылады.

Сызу курсын оқытуда келесі мақсаттарға жету көзделеді:

- логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;

- геометриялық білімді негізге алып тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;

- еңбектену іс-әрекеті дағдыларын дамыту: ұзақ күш салуға және интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді;

- функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;

- шығармашылық потенциалын және эстетикалық талғамдарын дамыту.

Бұл мақсаттарға сәйкес мынадай оқыту міндеттері шешілуі тиіс:

- бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;

- әртүрлі арнауы бар тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін орындауды және оқуды үйрету;

- нәрсенің пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;

- оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді, Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету;

- кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпыинтеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;

- графикалық білімдерін жаңа ситуацияларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.

Пәннің ерекшелігін ескере отырып, сабақ уақытын тиімді пайдалану және сабақтан тыс жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін сызу сабақтарын жұптап өткізген қолайлы болады.

Нәрсенің пішінін талдау дағдыларын қалыптастыруға, яғни проекция жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық денелерді, тетікбөлшектерді тануды қамтамасыз ететін жеке белгілерін анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қерек.

Проекциялауды үйрету бір, екі және үш проекциялар жазықтығына біртіндеп күрделендіре отырып кескін тұрғызу арқылы ұсынады.

Графикалық жұмыстын өнімсіз элементтерін болғызбауға тырысу керек (мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс.

Сызбаның орындалуына да оқуына да ықыласпен қарау керек.

Аксонометриялық проекцияны орындаудын ұтымды әдістерін тандап алуға көңіл бөлген жөн. Уақытты үнемдеу үшін кей кезде изометриялық проекцияны техникалық суретпен алмастыруға болады.

Құрылымдарды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет алгоритмін қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру кезінде де өзекті мәселе болып табылады.

Білім алушыларды құрастыру сызбасын оқуға үйрету барысында бұйым туралы ақпаратты оқудын белгілі жүйелілігін қалыптастыру арқылы бұйымның геометриялық пішіні туралы, тетікбөлшектердің өзара орналасуы мен біріктіру түрі және басқа да техникалық және технологиялық сипаттамалары туралы қажетті мәліметтерді алуды үйрету керек.

Құрастырылған бұйымның құрамына кіретін тетікбөлшектердің эскизін немесе сызбасын орындау құрастыру сызбасын оқудың және бөлшектеудің ептілігін қалыптастырады. Оқу уақытының көбі тәжірибелік жұмыс орындауға бөлінуі қажет. Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында түрлі графикалық есептерді қолданған дұрыс.

Білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануымен және сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады.

Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеруге болады.

«Сызу» курсының аяқталған өзгешелігі мынада: сызба геометриясының негіздері мен геометриялық объектерді проекциялау әдістері берілген, сызбаны орындау мен оны рәсімдеуережелерінен құралған КҚБЖ стандарттары қарастырылған, машина жасау және құрылыс пен топографиялық сызудың жалпы мәліметтерінен туратын техникалық сызу негіздері жүйелі түрде берілген.

Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сай «Сызу» пәнінің аса маңызды бағыты ол білім алушылардың графикалық редакторларды (AutoCAD, Компас және т.б.) пайдалану негізінде ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдана білу қабілеттерін дамыту.

Графикалық жұмыстардың барлығы А4 немесе А3 пішіміне (оқытушы қарауына) орындалуы тиіс.

Міндетті графикалық жұмыстармен қоса білім алушылар дәптерінде машықтандыратын жаттығулар және тәжірибелік тапсырмалар орындалуы керек.

«Сызу» пәніне 9-сыныпта сағат саны аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат қарастырылған.

Date: 2015-11-14; view: 817; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию