Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстан тарихы





Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.

Оқу пәнін оқытудың міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.

Пәнді оқытуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі №961 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 27-тармағын басшылыққа алу керек.

Оқу жүктемесінің көлемі: 5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.

5-сынып. «Қазақстан тарихынан әңгімелер»

Пәнді оқытуда бастапқы кезең пропедевтикалық, яғни кіріспе курс маңызды рөл атқарады. Тарихқа кіріспе ретінде берілетін бұл курстың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық деңгейіне сәйкес болу керек.

Пропедевтикалық курстың негізгі міндеттері:

- оқушы бойында тарих туралы қарапайым ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру;

- Отан тарихына деген қызығушылықты ояту, отандық және әлемдік тарихтың маңызды оқиғаларымен және құбылыстарымен таныстыру;

- танымдық қызметтің қарапайым тәсілдерін игеру, тарихтың жүйелі курсын қабылдау мен игеруге оқушыларды дайындау.

Бұл кіріспе курста барлық материалды жүйелі түрде сипаттау талабы қойылмайды, алайда уақыттық және логикалық бірізділік сақталуға тиісті.

Тарихтың пропедевтикалық курсын оқыту процесінде оқиғалардың хронологиясын жасау, кезеңдестіру, тарихи оқиғалардың сабақтастығы мен ұзақтығын анықтау, әңгімеде қосымша материалдарды қолдану, салыстыру және ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау біліктері қалыптасады.

6-сынып. «Ежелгі Қазақстан тарихы»

Негізгі орта білім деңгейінде тарихтың жүйелі курсы тарихи білім беру құрылымы мен мазмұнына сәйкес 6-сыныптан бастап оқытылады.

Ежелгі Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдардың қоршаған ортасы, қола және ерте темір дәуіріндегі шаруашылықта, қоғамдық-мәдени өміріндегі өзгерістер, көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы, ежелгі адамдардың антропологиялық бейнесі туралы түсініктер беріледі. Оқушылар бұл сыныпта тарихи таным негіздері, негізгі ұғымдар, категориялар, тарихи үдерістің заңдары туралы түсініктерімен танысады. Оқыту барысында тарихи мәтіннің қысқаша жоспарларын жасауы, басты мәселені анықтау және тарихи картадан ертедегі адамдар мекендеген аймақтарды, олардың қоныстанған орындарын көрсете білу дағдылары қалыптасады.

7-сыныпта «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» бойынша орта ғасыр кезеңдерінің ерекшеліктері, түркі кезеңі, қазақ жері арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының қалалық мәдениеттің дамуына әсері мен ортағасырлық Шығыстың ұлы ғұламалар тарихы, моңғол, жоңғар шапқыншылықтарының зардаптары, біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы мен оның дербес саяси бірлестікке, орталықтанған мемлекетке айналуы туралы білім алады. Мемлекеттердің құрылуы, олардың саяси, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері туралы тақырыптарды қарастыруда ұқсас тарихи оқиғаларды салыстырып, айырмашылығын таба білу, орта ғасырлардағы қалалар мен сәулет өнері ескерткіштеріне сипаттама бере білу, көрнекті қайраткерлердің мемлекет қалыптастырудың тарихтағы рөлін ашып көрсету біліктері мен дағдылары тереңдетіледі.

8-сыныпта «Қазақстан тарихы» бойынша XVIII ғасырдағы Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы, қазақ-жоңғар соғыстары, Қазақстанның Ресейге қосылуы және тәуелсіздік үшін күрес, отаршылдық саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, ХІХ ғасырдағы әкімшілік реформалар, патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі, жұмысшылар қозғалысының басталуы, қоғамдық және саяси қайраткерлер қызметі, ХХ ғасырдың басындағы мәдени өмір туралы білім алады.

8 сыныпта оқушыларда саяси тарихтағы өзгерістерді талдауына, тарихи құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтауына, хронологиялық, синхронды кестелер жасауына, тұлғалар мен тарихи оқиғаларға өздігінен сипаттама бере алуына ерекше назар аударылады.

9-сыныптағы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқушылар бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, 1917 жылғы ақпан, қазан төңкерістерінің қоғамдық өмірге әкелген өзгерістері, саяси партиялардың құрылуы, Ұлттық Алашорда үкіметінің қызметі, Қазақ Кеңес мемлекетінің құрылуы, азамат соғысының негізгі оқиғалары, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан, ағарту ісі мен ғылымның дамуы, «қайта құру» мен тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан туралы жүйелі білім беріледі.

Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау мақсатында 9-сынып оқу бағдарламасы мазмұнында келесідей тақырыптарды оқыту жүзеге асырылады. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі; Қазақстан Республикасын халықаралық аренада тануы; Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы негізгі басым бағыттары; саясаттағы көп векторлық және стратегиялық одақтастық; Қазақстан және халықаралық ұйымдар және т.б.

Мәтін мазмұны қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарына- «Mәңгілік Ел» патриоттық актіге бағытталуы керек.

Осы сыныпта оқушыларда тарихи ақпараттарды жүйелеп іздеу, зерттеушілік, тарихи деректердің түрлерімен кешенді жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Тарих сабағында оқушыларды ойландыратын және өздігінен жұмыс жүргізуге ынталандыратын оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушылардың өзара мағұлмат алмасу белсенділігін арттыруға, зерттеліп отырған тақырыпқа ғылыми дұрыс бағыт ұстануына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған интерактивті әдістер, жаңа педагогикалық технологиялармен қатар, тарихи анықтамалық, тапсырмалар жинағы, ғаламтор материалдары, мультимедиялық құралдар, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану тиімді.

Тарихи білімді зерделеу кезінде оқушылар шығармашылық жұмыстарды жазуға үйренеді (жобалар, рефераттар, эссе). Пәннің негізгі мазмұнына: тапсырмалар мен қызмет түрлерін таңдау; пән міндеттерін шешу стратегиясын жасауға ықпал ету; оқушылардың зерттеулері мен зерттеу тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуды қолдау; оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту, дағдыларды дамыту үшін жағдай жасау қосылатын болады.

 

Date: 2015-11-14; view: 793; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию