Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Йлесімсіздіктердің негізгі белгілері





Үйлесімсіздік жазықтығы шекаралары кəдімгі қабаттар арасындағы шекаралардан өзге, өзіндік белгілермен ерекшеленеді. Оларға үйлесімсіздіктің мынадай белгілерін жатқызуға болады: 1. Əдеттегі қабаттасу беттерінен өзге, үйлесімсіздік жазытықтары беттерінде кедір-бұдырлардың, үгілу іздерінің болуы; 2. Əртүрлі жасты свиталар арасындағы бұрыштық үйлесімсіздіктер; 3. Астыңғы жэне үстіңгі қабат фауналарының жас аралық өзгешелігі (бор фауналары мен триас фауналары); 4. Түйісіп жатқан свиталар метаморфизмінің əртүрлілігі жəне оларда желілі түзілімдердің жиі кездесуі; 5. Үйлесімсіз орналасқан көрші сериялардың табанында базалық конгломераттардың орналасуы; 6. Теңіздік шөгінділердің кенеттен континеттікке алмасуы немесе

керісінше; 7. Үйлесімсіздік жазықтың беттерінде əртүрлі үгілу іздерінің (мору қыртысының пайда болуы) сақталуы. 8. Үйлесімсіздікпен бөлінген қабаттар арасында интрузивтік пен желілік жыныстардың белгілі типтерінің кездесуі. Үйлесімсіздіктердің геологиялық картада бейнеленуі: 1. Əртүрлі қатқабаттар шекараларының бір-біріне кіріге түйісуі; 2. Параллелдік үйлесімсіздік жағдайында қимадан жекеленген стратиграфиялық бөлімшелердің түсіп қалуы; 3. Геологиялық картаның стратиграфиялық бағанасында толқынды жəне сынықты сызықтармен көрсетілуі. 16.Стратиграфиялық үйлесімсіздіктер

Стратиграфиялық үйлесімсіздік қабаттар арасында стратиграфиялық реттіліктің бұзылуынан және белгілі бір стратиграфиялық кешендердің қимада болмауынан пайда болады. Үйлесімсіздік бұрыш мөлшеріне байланысты: параллельдік, бұрыштық және географиялық болып бөлінеді.

Параллельдік үйлесімсіздік – параллель жатқан қабаттар арасында үзілістің пайда болуынан түзіледі (10Б-сурет).

Бұрыштық үйлесімсіздік - көлбеу бұрыштары әртүрлі екі қабаттар кешендері арасындағы үзілістерге байланысты пайда болады, мұндай үзілістер геологиялық картада және геологиялық қимада анық көрінеді. Үйлесімсіздік бұрышы 0-180° дейін өзгереді (10В-сурет). Егер үйлесімсіздік бұрышы 30° аспаса, онда ол жай бұрыштық, ал 30° асса, онда ол шұғыл бұрыштық деп аталады.

Географиялық үйлесімсіздік деп – үйлесімсіздік бұрышы 2° тан кем болып, үлкен аймақтарды алып жатқан қабаттарды айтамыз. Үйлесімсіздік жазықтары беттерінің анықтылығына қарай анық байқалатын және жасырын үйлесімсіздік болып бөлінеді. Үйлесімсіздіктердің таралу ауданына байланысты аймақтық және жергіліктік түрлері бар. Олар пайда болу жағдайларына байланысты: нақты, жалған және ішкі формациялық болып бөлінеді.

Date: 2015-09-05; view: 1183; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию