Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шартты белгілер олардың түрлері мен картада орналасу реттілігі





Геологиялық картаның шартты белгiлерi Таужыныстарының жасы, құрамы жəне тегi геологиялық карталарда шартты белгiлер көмегiмен көрсетiледi. Шартты белгiлер үш түрлi болады. Түрлi түстi бояулар – шөгiндi, вулканогендi жəне метаморфты жыныстардың жасын, ал интрузивтiлердiң құрамын бейнелеу үшiн қолданылады. Картада олар əр түстілігімен, индекстерімен, штрихтарымен ажыратылады. Əр түрлі жасты таужынысының өзіндік түсі болады. Олар стратиграфиялық шкалаға сай болуы керек. Бөлімдер мен жікқабаттарды да белгілеу үшін шкаланы пайдаланады. Мұнда жүйенің төмен бөлімшелеріне қоюлау түстер қолданылады. Мысалы: Алғашқы девон - қою қоңыр, орта девон - қоңыр, жоғарғы девон - ашық қоңыр. Ал жергілікті (комплекстер, сериялар, свиталар, подсвиталар) жəне аймақтық (горизонт, лона) бөлімдер стратиграфиялық шкаламен сəйкес келеді. Бір ерекшелігі–олардың түс айырмашылығы болуы керек. Əріпті-цифрлі белгілер – таужыныстар жасы мен тегін, ал интрузивті, кейбір вулканогенділер үшін құрамын көрсетеді. Бөлімдерді индекстеу стратиграфиялық шкалада берілген. Шөгiндi, вулканогендi жəне метаморфты жыныстарды картада белгiлейтiн индекстер кiшi жəне үлкен латын грек əліпбиінің əрiптерiнен жəне цифрлардан тұрады. Алдымен үлкен немесе үлкен мен кiшi латын əрiптерiмен жүйе жазылады. Жүйенiң бөлiмi оның төменгi оң жағында араб цифрiмен көрсетiледi. Жікқабаттың қысқартылған атының индексi бiр немесе екi латынның кiшi əрiпiнен құрастырылады, ал оның бөлiмдерi араб цифрiмен белгiленедi. Жалпыға қабылданған стратиграфиялық бөлiмдемелерден өзге көптеген жағдайларда қосымша жергiлiктi бөлiмдемелер енгiзу қажет болады, оларға серия, подсвита, горизонттар, топтама (пачка) жəне қат-қабат (толща) жатады. Бөлімнің индекстері жүйеге берілген əріппен беріледі (үлкен əріппен), ол бөлімнің төменгі, ортаңғы, жоғарғы екендігін көрсетеді. Мысалы: J2 – Юра жүйесінің ортаңғы бөлімі; K2 - Бор жүйесінің жоғарғы бөлімі. Егер бір жүйеде екі жікқабаттың аты бір əріппен басталса, онда екі əріп қолданылады. Сонда көне жікқабаттың бірінші əріпі бір əріп болып бірінші жазылады, ал жас жікқабаттың екі əрпі жазылады (біріншісі жəне ең жақын дауыссыз əрпі). Мысалы: D3f - жоғарғы девонның фран жікқабаты, D3fm - жоғарғы девонның фамен жікқабаты, S1l - жоғарғы силурдың лландовер жікқабаты, S1ld- жоғарғы силурдың лудлов жікқабаты. Жікқабатшаның индексін жанына 1(төменгі), 2(жоғарғы) – екі мүшелік үшін жəне 1,2,3 сандарын қосу арқылы белгілейді. Мысалы: K1al3 – төменгі бордың жоғарғы альб жікқабатшасы. Зонаның индексі екі кішкентай латын əрпінен тұрады (біріншісі жəне жақын дауыссыз əрпінен) жəне жікқабат немесе жікқабатшадан нүкте арқылы ажыратылады. Мысалы: K1al.hs –жоғарғы альбтің Hysteroceras orbignyi зонасы. Жергіліктік жəне аймақтық стратиграфиялық бөлімдерді (комплекстер, сериялар, свиталар, горизонттар жəне провинциалдық зоналар) белгілеу үшін, оның жанына екі кішкентай əріпті жалғаймыз (бірінші жəне оған жақын дауыссыз əріп). Бір ерекшелігі олар курсивпен жазылуы керек. Мысалы: C1 vkz - төменгі карбонның визе жікқабатының қызыл свитасы, D1-2 ur төменгі-ортаңғы девонның ұрып сериясы. Егер стратиграфиялық атаулардың аты бір əріппен жəне қалған əріптері бірдей болса, онда үш əріп қолданылады. Мысалы: P3br - берік, P3brs - борисфей свиталары (олигоцен). Стратиграфиялық атауларға қосымша

(подсвиталар, подгоризонттар) 1,2,3 жəне 1, 2 сандары қосылуы арқылы белгіленеді. Мысалы: C1v1kz - төменгі карбонның төменгі визе жікқабатшасының қызыл свитасының төменгі подсвитасы. Пачкалар араб сандарымен белгіленеді. Мысалы: C1kz2 3 төменгі карбонның қызыл свитасының ортаңғы подсвитасының үшінші пачкасы. Масштабы 1:200000 жəне 1:50000 карталарда жыныс жасының индексін ғана емес эффузивтер құрылымының индекстерін де көрсету керек. Риолиттер λ (лямбда) Базальттар β (бета) Андезиттер α (альфа) Фонолиттер φ (фи) Дациттер ξ (дзета) Пикриттер, кимберлиттер Трахиттер τ (тау) ι (иота) Өзгертілген эффузивтер əріппен белгіленеді жəне оң жағының жоғарысында «прим» белгісі салынады. Мысалы: αN1 - плиоцендік андезит, α´P3 - олигоцендік андезит порфирит. Егер екі кезеңді, бөлімді, жікқабатты жəне т.б. көрсету керек болып жатса, онда (+) жəне (-) қолданылады. Егер екі бөлім бір-бірімен қосылып жатса, онда (+) белгісі қолданылады. Мысалы: D1+2 – төменгі жəне ортаңғы девонның қосылуы, ал екі бөлім бір-бірінің үстіне шығып жатса, онда (-) белгісі қолданылады. Мысалы: €3 -O1 – (шектес қатқабаттар) жоғарғы кембрий жəне төменгі ордовик. Стратиграфиялық бірліктер біреуден көп болып кетсе, онда индексте атаулар арасына тире қойылады. Мысалы: K1b-g - төменгі бордың берриас, аланжин __________жəне готерив жікқабаттары. Егер индексте əртүрлі бөлімдер болса, онда индексте бөлімдер көрсетіледі. Мысалы: Kal+s - бор жүйесінің төменгі бөлімінің альб жікқабаты жəне жоғарғы бөлімінің сеноман жікқабаты. Егер картада жас онша анықталмаған болса, онда оның жанына сұрақ белгісін қоюға болады. Мысалы: T3-J1? - жоғарғы триас жəне төменгі юраның (?) құрылымы. Масштабы 1:50 000 (1:25 000) карталарда төрттік жүйенің гентикалық типі, оның сол жағына символдардың қосылуымен қарастырылады. Мысалы: e – элювилік p – пролювилік d – делювилік l – көлдік ed – элювий делювилік m – теңіздік c – коллювилік g – мұздық s – солифлюкциалдық lg – көлдік-мұздық v – эолдық f – флювиогляциалдық a – аллювилік Мысалы: aQ1 - төменгі төрттіктің аллювилік жынысы; pdQIII – жоғарғы төрттіктің пролювий-делювилік жынысы. Төрттікті жыныстардың жасын көрсету үшін араб цифрлары қолданылады. Мысалы: gIQII жəне g2QII - төрттіктің мұздық жəне оны басып жатқан мұз-көлдік жынысы. Жатыстарда террас деген ұғым бар. Оны белгілеу үшін: егер террасаның аты беймəлім болса, онда араб сандарымен белгіленеді; ал аты белгілі болса, онда оның бірінші əрпі көрсетіледі. Мысалы: aQI - төменгі төрттік звеноның аллювиальді жатысы, pdQII - ортаңғы төрттік звеноның пролювиаль- делювиаль жатысы. Төрттік звенода терраса болады, егер терраса аты бізге беймəлім болса, онда араб сандарымен белгілейміз; ал егер аты белгілі болса, онда бірінші əрпімен көрсетеміз. Мысалы: a3QII - ортаңғы төрттіктің аллювиальдік жатысының үшінші террасасы, жоғарғы төрттіктің теңіздік жатысының хвалын террасасы. Индекстер картада қара тушпен анық болып жазылуы тиіс. Штрихты белгiлер - таужыныстар құрамын, ал бiртүстi геологиялық карталар үшiн қосымша жасы мен құрамын да көрсетедi. Интрузивті жəне страфицияланбаған вулканогенді құрылымдардың белгіленуі. Интрузивті жəне страфицияланбаған (экструзивті-субвулкандық фация) вулканогенді құрылымдардың белгіленуі картада түстер мен индекстер арқылы, кейде краптар арқылы көрсетіледі. Бояулары магмалық жыныстардың құрамын айқындайды. Əр петрографиялық топқа өзінің түсі беріледі Интрузивтік жыныстардың бояулары Бір-біріне жақын немесе бір кұрамды интрузивтік жыныстар əртүрлі түстермен боялады, жынысы жас болған сайын түсі де ашық бола бастайды. Стратифицияланбаған вулканогенді құрылымның экструзивті-субвулкандық фациялары өзіне сай түспен белгіленеді, бірақ масштабы 1:50 000 геологиялық карталарда индекс жəне қара түсті краптармен ажыратылады (эффузивті жəне вулканогенді жыныстарға сай келеді) (2-сурет); ал масштабы 1:200 000 карталарда негатифті (ақ) штрихтармен жəне индекстермен, желілер мен дайкалар сəйкес түсті сызықтармен беріледі. Бір петрографиялық топтың дайкалары (мысалы, аплит, микрогранит, гранит-порфир) картада бір түспен сызылады, ал олардың жасы мен құрамы индекстермен көрсетіледі. Гидротермальдық (кварцті, баритті, кальцитті жəне т.б.) желілер қара сызықтармен жəне минерал түзуші минералдардан тұрады. Мысалы, кварц желісі -индексі q. Стратифицияланбаған магмалық жыныстардың индекстері оның заттық кұрамын, жасын көрсетіп, дененің комплекстерге жəне комплекс ішіндегі фазаларға кіретіндігін көрсетеді. Магмалық жыныстардың заттық құрамын грек əріптерімен жəне оны жыныс топтарымен көрсетеді (2-кесте). 2-кесте Таужыныстар атауы Индексі Оқылуы Граниттер γ (гамма) Диориттер δ (дельта) Анортозиттер η (эта) Габбро ν (ню) Пироксениттер υ (ипсилон) Перидотиттер, Дуниттер σ (сигма) Сиениттер ξ (кси) Фельшпатоидты сиениттер φ ξ (фи, кси) Метаморфтық жыныстардың белгіленуі. Аймақтық метаморфизм түзілімдері индекс жəне түстер арқылы белгіленеді. Метаморфтық жыныстардың заттық кұрамын көрсету үшін, арнайы штрихтер мен краптар қолданылады (2-сурет). Топ жынысы Жəй қатар Субсілтілі қатар Қышқылды Қызыл Қызыл-сары Орта Қою қызыл Ашық қызыл-сары Негізді Қою жасыл Жасыл Аса негізді Қою фиолетті Ашық фиолетті Стратифицияланбаған ультраметаморфты кристалдық жыныстар мен метаморфтық ортожыныстар магмалықтар сияқты белгіленеді; яғни түсі құрамы көрсетіледі, индекс-құрамы, жасы мен қай комплекске жатуын көрсетеді. Мысалы: Аrpr - Архейдің приазов комплексінің мигматиті. Мигматиттер (мигматталған жыныстар), жапсарлы метаморфизмді жыныстар, тектониттер, диафториттер, т.б. болып берілген стратифицияланбаған бөлімшелер түрлі түсті белгілермен беріледі. Əр түрлі шартты белгілер. Ондай шартты белгілер 2-суретте берілген. Əр жасты геологиялық түзілімдер (стратиграфиялық, интрузивті, метаморфты) шекаралары қара сызықтармен сызылады, мүмкін сызықтар (болжамдар) нүкте-сызық болып келеді. Нақты анықталған жарылымдар қалың қара сызықпен, болжамдысы үзілмелісызықпен ьеріледі. Жарылымдардың түрлері (лықсыма, ығыспа, ысырма) бергштрихтер (бастырмалар) жəне тістер (жамылғылар) көмегімен көрсетіледі. Жанында жазылған сандар олардың еңістену бұрышын көрсетеді. Геологиялық картаға тек басты-басты палеонтологиялық ашылымдар жəне ұнғымалар, геологиялық құрылымда ерекше рөл атқаратын нүктелер кіргізіледі.

Date: 2015-09-05; view: 3575; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию