Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Абаттылықтың түрлері





Қабаттардың бiр-бiрiмен жымдаса астасуы қабаттылық түзедi. Қабаттылықты зерттеу кезiнде қабаттардың сыртқы пiшiнi мен қалыңдығына ерекше көңiл бөлген жөн. Себебi олар шөгiндi түзу ортасының жылжу бағытын көрсетедi. Қабаттылық төрт негiзгi пiшiндерге бөлiнедi: параллельдi, толқынды, қиғашты жəне линза тəрiздес (6-сурет). Параллельдi қабаттылық қабаттасу беттерiнiң құрылысы жазықтыққа ұқсас болып келедi. Ол шөгiндi жиналған ортаның аз қозғалғышты, тiптi тыныш жағдайда болғандығын кепiлдейдi. Мұндай жағдайлар көлдер мен теңiздердiң толқын əсерiнен төмен орналасқан, су қозғалысы аз байқалатын бөлiктерiнде кездеседi. Қабаттылықтың қалыптасуының негiзгi себебi,

шөгiндi материалының мөлшерi мен көлемi. Толқынды қабаттылықта қабат беттерi толқындалып иiлген болып

келедi. Ол су қозғалысы бағытының кезеңдiк ауысуы мен қайталануы жағдайында, яғни қайту мен толысу ағысы мен теңiз жағалауларындағы шымырлану кезiнде пайда болады, қиғашты толқынды қабаттылық эолды шөгiндiлер арасында, əсiресе бархандар қозғалысына перпендикуляр бағытта орналасады. Қиғашты қабаттылық - қабат беттерi арасындағы қабатшалар əр түрлi бұрыштармен орналасады. Қабаттылықтың бұл түрi шөгiндi түзу ортасының бiр бағытты қозғалысы нəтижесiнде пайда болады, мысалы өзен, тасқын, теңiз, ауа ағысы. Пайда болу жағдайларына байланысты қиғашты қабаттылықтың диагоналды, қиылысты, сына тəрiздi, көпқабатты қиғаш түрлерi бөлiнедi Линза тəрiздi қабаттылық - сыртқы пiшiндерiнiң əртүрлiлiгi мен жеке қабаттар қалыңдығының өзгергiштiгiмен сипатталады. Мұндайда қабат көбiнесе, сүйiрлене тарамдалады да жеке бөлiктер мен линзаларға бөлiнедi Линза тəрiздi қабаттылық су немесе ауа ағыстарының қозғалыстарының күрт өзгеруi нəтижесiнде немесе бұрын пайда болған қабаттар шайылуы, су қоймасы түбiнiң ой-қырлылығына байланысты пайда болады. Кiшiгiрiм линза тəрiздi қабаттылық толқынсыз тыныш су қоймаларында iрi түйiртпектi материалдардың кезеңдiк келiп түсуiнен

қалыптасады.

Date: 2015-09-05; view: 1004; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию