Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жазықты қабаттар, жазықты жатысты қабаттардың негізгі белгілері





Жер қыртысының беткі қабаттарындағы жиі кездесетін шөгінді жəне вулканогенді-шөгінді қабаттардың көптеп кездесетін жатыс түрлеріне көлденеңді жəне көлбеу жатысты қабаттар жатады. Көлденеңді жатысты қабаттар мен жер бедерінің арақатынастылығын геологиялық карталарда да жақсы байқалады. Мысалы №1 оқу геологиялық картасында (19-сурет) ең жас төменгі бордың апт жікқабаты жыныстары (ашық жасыл) биік жерлерде орналасса, ең көнелері – төменгі таскөмірдің михайлов горизонты қарасұр Мышега өзенінің арнасында ашылып жатыр. Геологиялық картада кейбір жікқабат жыныстары бедер горизонталдарын қиып өткеніне қарамай қабаттардың басым көпшілігі көлденеңді жатысты қабаттардың типтік мысалына жатқызуға болады Таужыныстарының көлденеңді (горизонтальды) жатысы деп қабаттасу беттерінің горизонтальды жазықтықпен сəйкес орналасуын айтамыз. Жер қыртысында мүлтіксіз көлденеңді орналасқан қабаттар кішігірім болса да көлбеулікпен орналасып шөгінделеді. Еңістену бұрышы минуттармен, тіпті бірнеше градустармен өлшенеді. Сондықтан жалпы жазықты жатыстар дегеннің өзі шарты түрде ғана болып келеді. Сонымен қабаттардың жазықты жатыстарының түрін қабат беттерінің жер бетіне көлденеңді немесе соған жақын орналасуы деп қарау керек. Таужыныстарының бұл жатыс түрі эффузивті-шөгінді, шөгінді жыныстардың алғашқы бұзылмаған түрі болып саналады. Қабаттардың көлденеңді жатысы кезінде аттас қабат шекараларының абсолюттік биіктіктері өзара жақын болып келеді. Оны жер бедері горизонттарымен көрсетілген топографиялық картада қабаттармен стратиграфиялық кешендердің горизонтальдарға сəйкес немесе оларға параллелді орналасуынан байқаймыз. Қабаттардың көлденеңді жатысы кезінде қабаттасу беттері көлденеңді жер бедерінің бүгілістері мен иілістерін қайталайды, яғни құрамы мен тегі бірдей биіктік деңгейлерінде орналасады. Көлденеңді жатысты қабаттарда əрбір төменгі қабат жоғарғыға қарағанда, көне болып келеді, соңғылар жер бетіне шығып жатпайды. Жер бедерінің көлденеңді бөліктерінде жас, ал ойысты жерлерінде көне жыныстар орналасады, көлденеңді жатысты қабаттар кең аймақтарды алып жатады. Далалық зерттеулер кезінде, еңістенуін тау компасы арқылы ашылымдарда өлшеу мүмкін емес, яғни құлау бұрышы 1-20 аспайтын қабаттарды көлденеңдіге жатқызуға болады. Мұндай еңістенулер үлкен аумақтарды зерттеу кезінде жабыны немесе табаны биіктіктері айырмашылығын өлшеуге болатын таңбалы қабаттар арқылы анықталады. Көлденеңді жатыстар көбінесе, жас, оның ішінде төрттік қабат шөгінділеріне, сонымен қатар көне жыныстардың платформалық жағдайда пайда болғандарына тəн. Шөгінділердің трансгрессивті мен регрессивті орналасқан сериялары, егер кейінен деформацияға ұшырамаса практика жүзінде көлденеңді жатысты болады.

Date: 2015-09-05; view: 1088; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию