Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Айголек» даярлық тобы





Күні:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Құрастыру

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Құстар.

Мақсаты: Балаларды табиғи материалдармен таныстыру, олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру. Ермексазды(сазбалшықты) пайдалану, оны табиғи материалдармен толықтыру, құстардың бейнесін жасату. Жұмыс орнын таза ұстау, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Еңбек дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдар: табиғи материалдар: үйеңкі жапырақтары, бұтақтар, шырша бүрлері, жаңғақтар, т.б. Ермексаз, тақтайша, құстар бейнесінің үлгісі(торғай, қораз) т.б.

Әдіс-тәсілдер: ермексазбен табиғи материалдарды біріктіру жолдарын көрсету, түсіндіру.Әңгімелесу, табиғи материалдардан жасалған үлгіге талдау жасап, құстардың денесінің жолдарын көрсету. Сұрақ-жауап, ойын іс-әрекеті.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері: Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Сәлеметсіңдер ме, балалар?   Балалар қайталап айтады.
Ұйымдастыру- ізденушілік Тәрбиеші құстар жайында балалар білімдерін тиянақтайды. Балалармен достасып, Жазда бақты қорғайды. Күзде кетер қоштасып, Кім біледі... (торғайды).   Бұрап қойған сағаттай, Айқайлайды таң атпай. (әтеш) Үй құстары мен түз құстарының ерекшеліктері жайында әңгімелейді.Осындай құстарды біз бүгін алдымыздағы табиғи материалдардан жасап үйренеміз.Табиғи материалдарды бір-бірлеп көрсетіп таныстыру. Шырша бүрлері, жаңғақтар, бұтақтар, әр түрлі кепкен жапырақтар, т.б. Бұлардан неше түрлі құстар, аңдар, ойыншықтар жасауға болатынын айтып, суреттер көрсету. Әліппе дәптердегі. Үлгіні талдай отырып, үй құстарынан әтештің, түз құстарынан торғайдың жасалу жолдарын түсіндіру. -ермексазды үлкен және кіші екі бөлікке бөліп ал; -денесін, басын ермексаздан алақан арасына салып домалақтап, оны сопақша пішінге келтіру, басын домалақтау; -бір-біріне екі бөлікті біріктіру; -тұмсығын шымшып созып шығару; -қанаттарының орнын стекамен сызып белілеп алу; -қанаттарына жұқа жапырақтар сызық бойымен денесіне батырып кіргізу арқылы орналастырылады (екі жағына); -құйрығын сүйірленген ұшына жапырақтарды шаншу арқылы жасайды (4-5 жапырақ); -аяқтарына бұтақтарды пайдаланып, оны ермексазбен біріктіреді. -ермексаздан тұғыр жасап орналастырады. -Қимыл-қозғалыс кезеңін бейнелеу балалның ой-қиялына байланысты болады. -әтештің айырмашылығы: айдары шымшып созу арқылы жасалады немесе жапырақтан, қағаздан қиып жапсыруға да болады. -құйрық қанаттары торғайға қарағанда көп, сондықтан біренше жапырақтар пайдаланылады. -екі құстың бірін таңдау, балалардың еркінде.   Сергіту сәтін өткізу: Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық. Бір отырып, бір тұрып, Сәл тынығып алайық.   Жұмыс дайын болған соң, бұл құстарға қанадай қамқорлық жасайға болатыны сұрау. «Жауабы: Жем шашамыз, ұя жасап, су береміз т.б.», «Жұмырқаны жарма» Балалар құстар жайында айтады. Жұмбақты шешеді.     Табиғи материалдармен танысады.     Тақтадағы суреттерді тамашалайды.   Жасалу жолдарымен танысады.     Сергіту сәтін жасайды.     Құстарға қандай қамқорлық жасайтындарын айтады. -жем шашамыз, -ұя жасаймыз, -су береміз.  
Рефлексивті- түзетушілік Қорытындылау: Балалар жұмыстарының сапасы, ерекшелігі айтылып, жақсы еңбектер мадақталады. Сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу: Құстар жайлы.

Игеру:Табиғи материалдардан құрастырып жасауды.

 

Бөлімдері: Құрастыру

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Жануарлар.

Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнына сәйкес кейіпкерлер жасауға қажетті материалдарды жинауға үйрету.Көріністерді әшекйлеуге, әдемілеуге жаттықтыру.Жануарлар бейнесін жасай білу дағдыларын қалыптастыру.

Алған білімді өндіріске қажетті заттармен жұмыс істеу арқылы бекіту.Шығарманы кейіпкерлендіруге дағдыландыру.

Керекті құралдар: әр түрлі табиғи материалдар, желім, пластилин, қайшы, жіп, фольга, түрлі-түсті қағаз, сым, мата, қылқалам, т.б, әліппе дәптері.

Әдіс-тәсілдер: шығарма мазмұнын қысқаша баяндау, табиғи материалдарды пайдалану жолдарын көрсетіп, түсіндіру, шығарманы сахналау. Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: шығарманы оқу, көріністерді көру, жануарларды бақылау.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Ормандар, жап-жасыл ормандар, Орманды отаушы болмаңдар! Отан мен орман жұп, бір ұғым, Орманды, Отанды қорғаңдар!   Балалар қайталап айтады.
Ұйымдастыру- ізденушілік Тәрбиеші Ы. Алтынсаринның «Жануарлар айтысы» атты ертегідегі кейіпкерлерді балалардың есіне түсіру. Шығарманы кейіпкерлендіріп, ойнауды ұсыну, ол үшін бәріміз әр түрлі табиғи материалдардан ертегі кейіпкерлерін жасауымыз керек. Жер жаңғақ, жүгері, қарбыздың тұқымы, жуан-жіңішке бұтақтар, емен ағашының дәндері және оның дәніндегі қалпақшалары, қауырсын, орман жаңғағы, итмұрын жемістері, жаңғақ, ракушка, тастар, шырша бүрлерінен өздері керегін таңдап алады. Тәрбиеші балаларды үш шағын топқа бөледі. Әр топтың баласынан не жасағысы келетінін сұрау. Балалар кейіпкерлерді қалауы бойынша таңдап алады, әліппе –дәптердегі суреті бойынша жасайтынын, қалай жасайтынын түсіндіру. Мысалы: Аттың денесін жүгеріден жасайтын болса, оған 6 тесік жасайды (аяқтарына, мойнына, құйрығына). Басын жүгерінің сүйір жағына орналастырады т.б.   Сергіту сәтін өткізу: Музыка әуенімен жануарлардың қимылын келтіріп билейді. Қоян сияқты секіреді, түлкі сияқты денелерін қимыл-қозғалысқа келтіреді. Балалардың өз бетінше жұмыстары. Әр топтың балалары не жасағандарын әңгімелейді.   Ертегіні естеріне түсіреді.   Табиғи материалдармен танысады.   Балалар өз қалаулары бойынша таңдап алады. әліппе дәптерді тамашалайды.     Сергіту сәтін жасайды.    
Рефлексивті- түзетушілік Қорытындылау: Балалар жұмыстарының сапасы, ерекшелігі айтылып, жақсы еңбектер мадақталады. Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу: Жануарларға деген қызығушылықтары.

Игеру:Табиғи материалдармен жануарларды жасауды.

 

 

Ұ йымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

Date: 2015-09-05; view: 1617; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию