Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мектепалды даярлық тобы. Йымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы





Йымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Құрастыру

Сабақтың тақырыбы: Тұқым салатын қораптар

Мақсаты: Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Тік төртбұрыш қағазды бұрыштарын теңестіріп бүктеу, бүктеу сызығын тегістеу, қабатталған қағаздарды бір-біріне желімдеу дағдыларын қалыптастыру.Дайындалған қораптарды әшекейлеп көркемдік тәрбие беру.Ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.

Керекті құралдар: әр балаға сурет дәптердің парағы, түрлі-түсті қарындаш немесе фламастер, желім, қайшы, қылқалам, сүлгі беріледі.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, қағазды қос бүктеу, шеттерін бір-біріне қарама-қарсы бүктеу және бүктеу сызықтарын тегістеу, саусақпен сипап сындыру жолдарын көрсету, түсіндіру.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері: Көк аспанда күн күлсін! Бірге күлсін бүлдіршін. Көк аспанда күн күлсін, Жерге ұдайы нұр жаусын! Балалар қайталап айтады.
Ұйымдастыру- ізденушілік Тәрбиеші балалармен күз мезгілінің ерекшелігін, күзгі еңбек жайында әңгімелеседі.Тұқым жинау туралы сурет бойынша әңгіме құрау.Бүгінгі сабақта қағаздан тұқым салатын қораптар жасайтынын айту.Дайындалған үлгіге талдау жасау.Әліппе дәптердегі үлгіні қарау, ұсынылған тапсырмаларды орындауға бағыт беру. Қорапты жасау жолдарын көрсетіп түсіндіру: -тік төртбұрышты қағаздың бұрыштарын, қабырғаларын теңестіріп бүктеу, бүктеу сызығын тегістеу дағдыларын бекіту. -тік төртбұрышты қайта жазып ашып, екі шетін мөлшермен қарындашпен белгілеп алып (2см), қарама-қарсы бағытта бүктеу, бүктеу сызықтарын тегістеу. -қарсы бүктелген бөлігінің бір жағына желім жағып, оң жағын желімдеп алады. -екінші бөлігіне желім жағып, оны да желімдейді, қорап дайын болады. -қораптың сыртын қарындашпен немесе фломастермен әшекейлеу ұсынылады. -серуен кезінде жинаған тұқымдар осы қорапқа салынып, табиғат бұрышында сақталатынын айту. Балаларды қағазбен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге бағыттап, кейбір балаларға көмектесіп, жұмыс барысына басшылық жасалады. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар Алдымнана жел еседі. Кіп-кішкентай балалар, Үп-үлкен боп өседі. Қорапты жасаудың барысында орындалу сатыларына мән беріп, қағаз бүктеу, желімдеуде әр балаланың іс-әрекеті қадағаланады. Дайын болған қорапты әшекейлеу арқылы балалардың көркемдік талғамын қалыптастыруда түрлі-түсті қарындашпен әдемілеп әшекейлеуде қандай өрнек жасауға болатынын үлгі бойынша түсіндіріп, бағыт беру. Балалардың іс-әрекеті мадақталып, еңбек нәтижелерін бір-біріне көрсетіп, кімнің қорабы әдемі болғанын айтып, өз жолдастарының еңбегін бағалайды. Тәрбиеші бүгін жақсы жұмыс жасағадарын айта келіп, еңбек арқылы қандай мақал-мәтел білетіндерін сұрау. Балалар: Еңбек түбі –зейнет. Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. Күз мезілі жайында әңгімелеседі.   Жаңа сабақпен танысады.   Үлгіге талдау жасалады. Әліппе дәптерді қарайды.   Қорапты жасау жолдарымен танысады.     Сергіту сәтін жасайды.   Дайын болған қорапты әшекейлейді.   Дайын болған қораптарды тамашалайды.     Балалар ұнаған қораптарына баға береді.   Мақал-мәтелдер айтады.
Рефлексивті- түзетушілік Қорытындылау: Тәрбиеші балалардың жауабын мадақтап, толықтырып бүгінгі еңбек жетістіктеріне талдау жасап, сабақты қорытындылау.     Сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу: Күз мезгілінің ерекшеліктерін

Игеру: Қағаздан қорап жасауды

 

Date: 2015-09-05; view: 3406; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию