Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Классыз үлгі. Желі маскасы қалай анықталады





Классыз үлгі. Қолдануға болатын адрестік кеңістіктің тиімділігін арттырудың қажеттігі IP адрестеудің жаңа классыз домен аралық бағыттауыш үрдісін CIDR (Classless Inter-Domain Routing) құруға жағдай жасады.

Интернетке қосылған ЖЕЖ-сінде 2000 компьютер бар болсын. Адрестік кеңістікті қосу үшін сізге С класының 8 адресі немесе бір В класы керек. Бірақ В класына 65534 түйін сияды – бұл сіздің қажетіңізден анағұрлым көп. Егер С класының 8 адресін пайдалансаңыз, ол желілерді қосқан кезде, қызметші ақпараттың трафикті толтырып жіберу проблемасы туады.

Бағыныңқы желі – IP адрестің түйін идертификаторын сақтайтын бөлігінен желі идентификаторын сақтайтын бөлігіне бірнеше биттің көшірілуінің көмегімен құрылған желі немесе желі идентификаторы.

Бағыныңқы желінің маскасы – адрестердегі қанша биттің желі идентификаторы үшін пайдаланылатынын көрсететін 32-биттік адрес.

Желілік маска төмендегі қағидаға сай құрылады:

1) Желі нөміріне сәйкес позицияда биттер орнатылған (1).

2) Түйін нөміріне сәйкес позицияда биттер орнатылмаған (0).

CIDR үлгісінде жазуды ыңғайлы ету үшін IP адресті a.b.c.d./n, түрінде көрсетеді, мұндағы a.b.c.d - IP адрес; n – желілік бөліктегі биттер саны.

Мысал. IP адрес 137.158.128.0/17 берілген, яғни, бағыныңқы желі маскасындағы 17 бірлік (желі идентификаторы), 15 0-дер (түйін идентификаторы) және ол 255.255.128.0.-ге тең.

Егер IP адрес белгілі болса, бағыныңқы желідегі түйін нөмірін қалай табуға болады? Мысалы. С класының IP адрес 205.37.193.134 берілген болса, түйін нөмірі –134. Енді желіні бағыныңқы желіге 205.37.193.134/26 түрде бөліңіз. Бұл жағдайда түйін адресі қандай?

 

  IP адрес Желі идентификаторы Түйін идентификаторы у
Бастапқы түйіннің IP адресі 205.37.193.134 11001101.00100101.11000111.  
бағыныңқы желінің маскасы 255.255.255.192 11111111.11111111.11111111.11  
логикалық «Және» операциясының нәтижесі 205.37.193.128 11001101.00100101.11000111.10  

 

Нәтижесінде бағыныңқы желінің IP адресін 205.37.193.128 аламыз, ал бұл бағыныңқы желідегі түйін нөмірі 6-ға тең.

Үндемей тағайындалатын маскалар:

- А класы үшін 255.0.0.0;

- В класы үшін 255.255.0.0;

- С класы үшін 255.255.255.0.

Date: 2015-09-02; view: 1513; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию