Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






OSI желілік үлгісі





Желінің атқаратын қызметі деректерді бір компьютерден басқа компьютерге жіберу. Бұл процесс барысында бірнеше жеке мақсаттарды атап өтуге болады:

деректерді айырып тану;

деректерді басқарылатын блоктарға бөлу;

деректердің орнын анықтап кабылдаушыны көрсету үшін әрбір блокка ақпаратты қоса білу;

деректерді синхронизациялау және тексеру үшін ақпараттарды қоса білу;

деректерді желіге орналастырып, берілген адрес бойынша жіберу.

Бұл мақсаттарды орындауда желілік операциялық жүйеге қатаң талаптарды орындауға тура келеді.

1984 жылы ISO (International Standards Organization) ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің эталондық OSI (Open System Interconnection) үлгісін ұсынды. Содан бері ол халықаралық стандартқа айналды: желілік өнімдерді шығаруда өндірушілер осы үлгінің спецификацияларын пайдаланады, желілерді құруда да осы үлгіні ұстанады. OSI үлгісі жүйелердің әрекеттесуінің әртүрлі деңгейлерін анықтап берді, әрбір деңгейдің функциясын көрсетіп оларға стандартты аттарды тағайындады. OSI үлгісі бойынша әрекеттесу құралдары жеті деңгейге бөлінеді: қолданбалы, көрсету, сеанстық, транспорттық, желілік, арналық және физикалық.

Физикалық деңгей (Physical layer) Бірінші физикалық деңгей (Physіcal) OSІ үлгісінің ең төменгі деңгейі. Бұл деңгей құрылымдық емес деректерді, биттердің ағындарын физикалық орта арқылы (мысалы, желілік кабель) жібереді. Мұнда интерфейспен кабель арқылы электрлік, оптикалық, механикалық және функционалдық бай­ланыс орнатылады. Физикалық деңгей өзінен жоғары жатқан барлық деңгей­лер­ден түсетін деректерді тасымалдайтын сигналдарды құрады. Бұл дең­гейде желілік кабель мен желілік адаптер тақшасының қосылу тәсілі және де желілік кабель арқылы деректерді жіберу тәсілі анықталады. Физикалық деңгей бір компьютерден екіншісіне биттерді (0-дер мен 1-лерді) жіберуге арналған. Биттердің мазмұнының бұл деңгейге қатысы жоқ. Бұл деңгей деректерді кодтауға, биттерді синхронизациялауға жауап береді. Физикалық деңгей желілік кабель арқылы жіберілетін әрбір биттің ұзақтығын және оның сәйкес электрлік немесе оптикалық импульсқа көшірілуін орнатады. Бұл деңгейде сонымен қатар разъемдердің типтері анықталып, әрбір қосылыс тағайындалады.


 

Date: 2015-09-02; view: 1926; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию