Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






RIP хаттамасы





RIP – орындалуы қарапайым болғандықтан, қазіргі кезге дейін кең тараған алғашқы хаттама. RIP қолдайтын бағыттауыш кестелерінде келесі ақпарат сақталады:

- IP –қабылдаушы түйін адресі;

- қайталап орындалатын трансляциялар саны (хоптар), 1-ден 15-ке дейін;

- жолдағы келесі бағыттауыштың IP-адресі;

- әрбір жол үшін жеткізу уақыты;

- бағыттауыштағы ақпараттың өзгеру уақыты (өмір сүру уақыты).

RIP хаттамасы ішкі бағыттауыштың қашықтық-векторлық хаттама болып табылады. RIP анықталған жолдардың әрқайсысы үшін ретрансляциялар санын тауып, ол ақпаратты ең тиімді жолды таңдау үшін қолданады. Егер RIP ретрансляциялар санын қадағаламаған болса, шексіздікті есептеу проблемасы туар еді. Кейбір желілерде арнаға ену мүмкіндігі болмаған жағдайда, RIP логикалық циклге әкелетін басқа жақсы жолды тізбектей іздеуді бастайды. Мұндай цикл шексіз қайталана беруі мүмкін. Ұқсас жағдайларды болдырмау үшін, RIP 1-ден15-ке дейінгі мәндерді қабылдайтын ретрансляциялар санағышын пайдаланады.


 

27. Жеке аймақтар үшін OSPF хаттамасы. OSPF хаттамасымен байланысты негізгі терминдерге тоқталыңыз. Қолдану мысалы.

OSPF (Open Shortest Path First – ең қысқа маршрутты таңдаудың ашық хаттамасы) – каналдың (link-state technology) қалпын зерттеп отыратын технологияға негізделген және ең қысқа жолды таңдау үшін қолданатын динамикалық маршрутизация хаттамасы. RFC 2328 толық сипатталған. Оның басты сипаттамалары келесідей:

• SPF алгоритмін қолдану;

• Топологияда қандайда бір өзгерістер болған жағдайда ғана маршрутизаторларға жаңартулар жіберу;

• Жылдам жинақтылық;

• Оқшауланған желілерді жəне VLSM қолдау;

• Маршруттарды аутентификациялау.

OSPF хаттамасын пайдаланылатын желілерде маршрутизаторлар байланыс арналарындағы өзгерістер туралы хабарламалармен алмасып отырады, мысалы, жаңа желілердің қосылуы немесе қандайда бір ақаулар туралы, байланыс арналарының қалпына келуі туралы.

Желі топологиясында өзгерістер болса, осы өзгерістер əсер ететін барлық маршрутизаторлар желінің басқа маршуртизаторларына хабарламалар жіберіп, бағыттар жаңартылып отырады. Барлық маршрутизаторлар сəйкес өзгерістерді топологиялардың мəліметтер қорына енгізіп, бағыттауыш кестесіндегі бағыттарды жаңартады.

OSPF хаттамасы маршрутизатордың ресурстарына талабы жоғары, мысалы, жедел жады, процессордың есептеу қуаттылығы, сонымен қатар инженерлік қызметкерлерден терең білімді талап етеді.

RIP салыстырғанда OSPF «екінші буынның хаттама» болып табылады және көптеген артықшылықтары бар: OSPF желіге ауырлық тудырмайды, үлкен желілерді қолдайды, «сөзшең» емес және жіберуші түйін мен қабылдаушы түйін арасында көптеген жолдарды табады.

- Әрбір арнаға өз салмағы беріледі (ретрансляциялар саны);

- Ретрансляциялар санына шек қойылады (хоптар) – 65535;

- Әрбір түйіннің төбесінде берілген түйін орналасқан, желілік жолдарының бұтақ тәріздес қоры бар;

- Егер бірдей салмақты жолдар кездессе, жүк олардың арасында бөлінеді;

- Бағыттауыш кестелерін кең тарату оларда өзгеріс пайда болғанда ғана орындалады;

- Бағыттауыш кестелеріндегі өзгерістер туралы хабарлама олармен байланысты бағыттауыштарға ғана жіберіледі, «өзің оқы да ары қарай жібер» әдісі, ол желіге түсетін жүкті азайтады.

Date: 2015-09-02; view: 3110; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию