Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







ARP адресті анықтау хаттамасы





ARP– рұқсат етілген адрестер хаттамасы. IP-адрестері бойынша МАС-адрестің қандай екениін анықтайды. Желідегі түйіндерге ARP request арнайы кадр жібереді. Ол кадрда MAC-адресі ізделінетін компьютердің IP-адресі көрсетіледі. ARP жауап қайтарады, онда талап етілген MAC-адрес көрсетіледі, ARP хаттамасының жұмыс нәтижелері жедел жадыдағы арнайы кестеде сақталады, оны ARP cash деп атайды. ARP cash-те келесі ақпарат көрсетіледі

· IP-адрес

· MAC-адрес

· Жазбаның типі: динамикалық, статикалық. Динамикалық жазбалар жауап алынғаннан кейін 2 минуттан кейін жедел жадынан алынып тасталады.

ARP IP адрестер мен сәйкес аппараттық адрестер арасында динамикалық салыстыруды көрсетеді. Динамикалық терминін пайдалану себебіміз, бұл салыстыру автоматты түрде, әдетте, қолданбалы программалар немесе жүйелік администратордан тәуелсіз жүретіндігінде.

RARP, көбінесе, қатты дискісіз жүйелерде қолданылады (қатты дискісіз жұмыс станцалары немесе X терминалдар), бірақ мұнда жүйелік администратордың көмегімен қолдан конфигурациялауға тура келеді.

Мысал. Егер % ftp bsdi бұйрығын енгізетін болсақ, келесі іс-әрекеттер тізбегі орындалады:

1. FTP клиент қосымшасы хост (bsdi) атын 32-биттік IP адреске конверсиялау үшін DNS функциясын шақырады.

2. FTP клиент көрсетілген IP адреспен TCP қосылысты талап етеді.

3. TCP көрсетілген IP адреске IP дейтграммаларды жібере отырып, алыс хостан қосылыс орнатуды сұрайды.

4. Егер қабылдау хосты желіге (Ethernet, Token Ring, немесе арнаның басқа ұшына) қосылған болса, IP дейтграмма тікелей хостқа жіберілуі мүмкін. Егер қабылдау хосты алыстағы желіде орналасса, IP дейтграмманы оған жіберу үшін, IP бағыттауыш келесі берілістегі тікелей қосылған бағыттауыштың Internet адресін анықтайды. Екі жағдайда да IP дейтграмма берілген желіге тікелей қосылған хостқа немесе бағыттауышқа жіберіледі.

5. Егер Ethernet пайдаланылатын болса, жіберуші хост 32-биттік адресті 48-биттік Ethernet адреске конверсиялауы керек. Басқаша айтқанда, логикалық Internet адресті оған сәйкес физикалық аппараттық адреске түрлендіруді орындауы керек. Мұнымен ARP айналысады. ARP көптеген хостар немесе бағыттауыштар бір желіге қосылған, кең таратылатын желілерде жұмыс істейді.

6. ARP сұраныс (ARP request) деп аталатын фреймді ARP Ethernet-тегі әрбір хостқа жібереді. Жіберудің мұндай әдісін кең таратылған сұраныс (broadcast) деп атайды. ARP сұраныста қабылдаушы хостың IP адресі (оның аты bsdi) және "егер Сіз осы IP адрестің иесі болсаңыз, Өзіңіздің аппараттық адресіңізді маған хабарлаңыз" хабарламасы бар.

7. Қабылдаушы хост ARP деңгейінде бұл кең таратылатын сұранысты алып, жіберушінің нақ өзінің IP адресін сұрап отырғанын анықтайды да оған ARP (ARP reply) жауап қатады. Бұл жауапта IP адрес пен сәйкес аппараттық адрес сақталған.

8. ARP үн қату қабылданады, ARP сұраныс пен ARP жауапты тудырған IP дейтграмманы жіберуге болады.

9. IP дейтграмма қабылдаушы хостқа жіберіледі.

RFC (request for comments). Интернеттің TCP/IP бекітілген ресми стандарттары RFC құжаттары түрінде жарияланады. Стандарттар ISOC және интернет қауымдастығында дайындалады. ISOC-тің кез келген мүшесі RFC-ге жариялау үшін құжаттарды тексеруге ұсынады. Одан әрі құжат техникалық сарапшылар, дайындаушы топтар және RFC редакторының қарауынан өтеді. Дайындау кезңдері:

- Алғашқы нұсқа (черновик). Бұл кезеңде құжат пен сарапшылар танысып, өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

- Ұсынылған стандарт. Құжатқа RFC нөмірі меншіктеледі.

- Стандарттың қара жобасы. Ұсынылған стандарт бекітілгенін білдіреді. Оған кішігірім өзгертулер енгізіле алады.

- Интернет стандарты. Стандарттарды бекітудің ең жоғарғы кезеңі. RFC нөмірінен басқа, STD нөмірлеуі бар.

Стандарттардан басқа RFC құжаттары ретінде жаңа желілік концепциялар, идеялар, әдістемелік нұсқаулар белгілі бір зерттеулердің нәтижесінде бола алады. 2007 жылғы август айындағы статистика бойынша RFC құжаттарының саны 5000-нан асқан.


 

29. DNS қызметтері. ТСР хаттамасы және оның негізгі функциялары.

DNS қызметі.Домендер аттарының жүйесі (DNS - Domain Name System) – TCP/IP-дің қосымшалары хостар аттары мен IP адрестері арасында қосылысты орнату үшін қолданатын таратылған деректер қоры. DNS электрондық поштада бағыттауыш ретінде қолданылады. Біз таратылған терминін қолданатын себебіміз, барлық қажетті ақпарат Internet-тің бір ғана түйінінде сақталмайды. Әрбір түйіннің (университет, университет қалашығы, компания немесе компанияның ішіндегі бөлім) жеке ақпараттық деректер қоры бар, ол басқа жүйелерге Internet арқылы сұраныс жіберуге мүмкіндігі бар сервер программасын іске қосады. DNS клиенттер мен серверлерге бір-бірімен қатынас жасауға мүмкіндік беретін хаттаманы ұсынады.

Әрбір түйіннің ұзындығы 63 символдан тұратын таңбасы бар. Ағаштың тамыры – таңбасы жоқ арнайы түйін. Таңбалар үлкен және кіші әріптерден тұруы мүмкін. Ағаштағы кез-келген түйін үшін домен аттары (domain name) дегеніміз – тамыр рөліндегі түйіннен басталатын таңбалар тізбегі, сонымен қатар таңбалар нүктелермен ажыратылады. Ағаштың әрбір түйінінің қайталанбайтын ерекше домендік аты болуы керек, бірақ бірдей таңбалар ағаштың әртүрлі нүктелерінде қолданылуы мүмкін.

Доменнің нүктемен аяқталатын атын оның абсолюттік домендік аты (absolute domain name) немесе доменнің толық аты (FQDN - fully qualified domain name) деп атайды. Мысалы, sun.tuc.noao.edu. Егер домен аты нүктемен аяқталмаған болса, ол әлі аяқталуға тиіс дегенді білдіреді.

Суретте жеті негізгі доменнің әдеттегі жіктелуі келтірілген.

 

Домен Сипаттамасы
com Коммерциялық ұйымдар
edu Оқу орындары
gov АҚШ-тың мемлекеттік ұйымдары
int Халықаралық ұйымдар
mil АҚШ-тың әскери ұйымдары
net Желілер
org Басқа ұйымдар

 

сурет. 3-символдық жалпы домендер.

DNS-тің суретте көрсетілмеген маңызды сипаттамасы – DNS ішінде жауапкершіліктің берілісі. Әрбір ағашты бүтіндей, ал таңбаларды жеке-жеке басқаратын және оған қызмет көрсететін бірде-бір ұйым жоқ. Оның орнына бір ұйым (NIC) ағаштың тек бір бөлігіне (жоғары деңгейдің домендері) қызмет көрсетеді, ал нақты аймақтар үшін жауапкершілікті басқа ұйымдарға береді.

Аймақ (zone) – DNS ағашының жеке басқарылатын бөлігі. Мысалы, екінші деңгейдің домені noao.edu – бұл бөлек аймақ. Екінші деңгейдің көптеген домендері кішігірім аймақтарға бөлінген.

Аймақты басқару жауапкершілігін өзіне алған ұйым таңдалған уақыттан бастап, ол ұйым осы аймақ үшін бірнеше DNS серверлерін (name servers) ұйымдастыруы керек. Аймақта жаңа жүйе пайда бола салып, бұл аймақтың администраторы жаңа хостың атын және IP адресін DNS серверінің деректер қорына енгізеді.

DNS кез-келген Internet-ке қосылған хостың маңызды бөлігі, бұл жүйе жеке біріккен желілерде де кең қолданылады. Ұйымдастырудың негізі – DNS аттарының кеңістігін құратын тармақталған ағаш. Барлық DNS сұраныстар мен жауаптардың форматтары бірдей. Бұл хабарламаларда сұрақтардың ресурстар жазбалары (RR), жауаптары және RR қосымша ақпараттар болуы мүмкін.








Date: 2015-09-02; view: 715; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.016 sec.) - Пожаловаться на публикацию