Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ТСР хаттамасының негізгі функциялары





1. Деректердің негізгі берілісі. ТСР модулі деректердің үздіксіз ағындарын екі бағытта да жіберуді орындайды. Бұл ағынды ТСР октеттер ағыны ретінде қарастырады. Ол бұл ағынды бөліктерге (дейтграммалар) бөледі, деректерді жіберу үшін ТСР IP модулін шақырады.

2. Деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету. ТСР модулі деректерді бұзылудан, жоғалып кетуден, қайталанудан және деректердің кезегінің бұзылуынан қорғайды. Ол үшін барлық октеттер өсу ретімен нөмірленеді. Әрбір сегменттің тақырыбы ондағы октеттер санынан және бірінші октеттің реттік нөмірінен тұрады. Содан кейін әрбір сегментте бақылау қосындысының мәні бар, ол бойынша деректердің бұзылуы тексеріледі (5.6 - сурет).

3. Арналарды бөлу. ТСР хаттамасы бір уақыт мезетінде бірнеше қосылыстың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан ТСР-сегменттің тақырыбында порт нөмірлері бар. Интернеттің кең тараған барлық қызметтерінің порттарының стандартты нөмірлері болады. Мысалы, электрондық поштаның портының нөмірі – 25, FTP – 21 және т.б. IP-адрес пен порт нөмірінің жиынтығын сокет деп атайды. Сокет Интернеттің қолданбалы процесін ерекше түрде идентификациялайды.

4. Қосылыстарды басқару. Қосылыс дегеніміз – деректер ағындарының жағдайы, оның ішінде, сокеттер, жіберілген және қабылданған октеттердің нөмірлері, терезелер өлшемдері туралы ақпараттар жиынтығы.


30. Байланыс орнату процедурасы. UDP хаттамасының қолданылу ерекшеліктері.

TCP хаттамасының көмегімен партнерлер арасындағы әрекеттесу үш кезеңнен тұрады:

· Логикалық қосылысты орнату;

· Деректермен алмасу;

· Қосылысты жабу.

Логикалық қосылысты орнату кезеңі "үшқадамдық қол алысу " (three-way handshake) түрінде орындалады. 1) A TCP-модулі, клиенттің рөлін ойнай отырып, B TCP-модуліне SYN жалаушасы орнатылған және деректер тізбегіндегі алғашқы нөмірінің мәні белгілі пакетті жібереді. 2) B TCP-модулі, өз жағынан қосылысты орнатуға дайын бола отырып, сұраныстың дұрыс қабылданғанын және қосылысты орнатуға дайын екендігі туралы ақпарат беретін TCP-пакетпен жауап береді 3) үшінші қадамда A TCP-модулі B-дан TCP-пакеттің дұрыс қабылданғандығын растайды.

TCP хаттамасы, бір жағынан, қолданушымен немесе қолданбалы программамен, екіншіден, Internet хаттамасы сияқты неғұрлым төмен деңгейдің хаттамасымен әрекеттеседі.

Қолданбалы процесс пен TCP хаттамасы арасындағы интерфейсті тереңірек түсіндірейік. Бұл интерфейс қолданбалы процеске файлдарды басқару үшін берілетін операциялық жүйенің шақыруларына ұқсас. Мысалы, бұл жағдайда қосылыстарды ашу және жабу, орнатылған қосылыстарда деректерді жіберу және қабылдау үшін шақырулар орын алады. TCP хаттамасының қолданбалы программалармен асинхронды әрекеттесуі мүмкін екендігі де жорамалданады. TCP хаттамасын құрушылар нақты операциялық жүйенің қасиетіне сай интерфейстерді құруда біршама еркіндікке ие болғандарымен, кез-келген қолайлы орындалудан TCP хаттамасы мен қолданушы арасындағы интерфейстен кейбір міндетті минималды функциялардың орындалуын талап етеді.

Date: 2015-09-02; view: 1516; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию