Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Буриме әдісі





Студенттерге тақтаға өзара ұйқасқан бірнеше сөздерді тігінен жазады:

...жаралған

...бар арман

...нәр алған

...қара орман

осы шумақтарды пайдаланып, студ-ң әрқайсысы 1 шумақ өлең жазуы керек. Уақыт 1-1,5 минут. Өлеңдер топ ішінде оқылады.

 

Бес жол өлең әдісін де пайдалануға болады. Яғни, оқушыларға 3 зат есім, 3 сын есім, 3 сан есім, 3 етістік жазғызып, сол сөздер бойынша бір шумақ өлең құрастыртуға болады.

 

ДЖИКСО әдісі, яғни ұжымдық немесе топтық оқыту. Топтық оқыту технологиясы.Теориялық зерттеулер де практикалық тәжірибе де көрсетіп отырғандай, оқу іс-әрәкетінің пәні, қарым-қатынас құралы болған кезде алынған білімдер неғұрлым биік болады. Бұл кезде, яғни, топтық оқыту кезінде оқыту үдерісінде білім алушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге байланысты қарым-қатынас туындайды: «субъект (студент) – объект (пән) - субъект (студент)». Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас оқу үрдісінің оқыту және тәрбиелеу функцияларының қатар және тиімді жүруіне жағдай жасайды. Топтық оқытудың тиімді ойластырылған әдістері, әсіресе, шетел тілдерін үйретуде өте тиімді. Топтық жеделдете оқытуда әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына игі әсер ететін оқу ұжымы пайда болады. Оқу процесі барысындағы тұлға аралық іс-әрекет әлеуметтік қызығушылықтарды (стимул) қозғау арқылы мотивацияны күшейтеді: жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер білім алушының өз-өзіне сенім артыруына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді.

Мысалы, Студенттер 4 топқа бөлініп, ақынның 4 өлеңін алып топ ішінде талдайды. Содан кейін оны 1 студент басқа топтарға барып түсіндіреді. Студенттерді топқа бөліп жұмыс істетуде әр студентке бір өлең жолы (тармағы) жазылған карточка беріледі. Студенттер аудиторияны аралап, тармақтардан шумақ құрап, сол құрамда топқа бөлінуі керек. Берілген шумақтар саны топтардың санымен бірдей болуы керек. Мысалы, 16 студентті 4 адамдық 4 топқа бөлуге болады. Мұқағали Мақатаевтың 3 шумақты «Қазақ жері» өлеңін әр студентке бір жолдан тарратып беруге болады.

 

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

Студенттерге өздері туралы кластер жасатып алып, содан соң Мұқағали мұрасына арналған кластер жасатуға болады.

Әңгіме әдісі – сыртқы түрі жеңіл көрінгенімен, ішкі мазмұны күрделі оқцту әдістерінің бір түрі. Әңгіме әдісінің орталығында сөз емес, зат, сұрақ-жауап, мәтін, жаттығу, бірлесіп істеу, сабақты белсенділендіру тәсілі тұрады. Коменский айтқандай, етік тігуді сөзбен бастауға болмайды, оны адам жаттығу арқылы жаттығып үйренеді. Сұрақ-жауап арқылы жүргізілетіндіктен, сұрақ-жауап әдісі деп те аталады. Сабақты сұрақ-жауапқа негіздеп өткізу – қиынның қиыны. Ғалым Ә. Қоңыратбаев айтқандай: «Торғай бойындай өлеңге тоқсан сұрақ қойған мұғалімнің ісінен береке шықпайды. Сұраққа сараң болған жөн. Сұрақтың өзі шығарманың негізгі буындарын ретімен қамтып, жоспар сияқты болып көрінуі тиіс. Қысқа өлеңдерге сұрақ қою оңай емес. Өйткені, онда сюжет жоқ, бірақ мүшесіз емес. Кейбір өлеңдердің ойы тереңде жатады.» /1,125/Әңгіме әдісіне мынадай талаптар қойылады: түсіндірілетін нысана тіл жағынан мінсіз, мұғалімнің тілі жатық болуы абзал; әңгімеде айтылатын ой тиянақты болғаны жөн; оқушының белсенді әрекетін орынды ұйымдастыру.

Рөлдік ойын. Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.

Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.

Бұл әдістің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарларын сезінеді және шешім қабылдайды.

Жұмыстың аталған нысаны ойын жағдайларын құрастыру жолымен, тапсырылған шарттармен алдын ала белгіленген мінез-құлқын, сол немесе басқа жағдайларда адамдардың мінез-құлқы мен эмоционалдық реакциясын бейнелеу үшін қолданылады.

Date: 2015-07-10; view: 8520; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию