Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тірек сызбалар, жинақтау әдісі арқылы





Венн диаграммасы, яғни екі заттың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру арқылы талдау. Мысалы, Мағжан мен Блок; Абай мен Шаһкерім, Мағжан мен Бернияз, Мұқағали мен Есенин, т.б.

 

Сөздікпен жұмыс. Ақын тілінде кездесетін көнерген сөздер, дербес сөз тіркестері, диалектизм, т.б.

 

Ақынның аударма саласындағы еңбектері мен ақын поэзиясының өзге тілдерге аударылуына көңіл аударту. Салыстырмалы әдіс. Өзге ақындардың сол тақырыптағы шығармаларымен салыстыру.

Өлең мазмұнын жазбаша жаздыру әдісі.Яғни, поэзияны прозаға айналдыру. Студенттің не сезінгендігі маңызды. Әдеби шығарма бойынша (кейіпкерлер мінездемесі, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме) сондай-ақ сол шығармалар бойынша салынған иллютрациялар мен суреттерге негіздеп өз толғамын, көзқарасын білдіре отырып, шығарма жазу арқылы да оқушының әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға болады.

 

Өлең мазмұнын ауызша айтқызу. Туындының мазмұнын, кейбір стилдік ерекшеліктерін сақтай отырып толық немесе қысқаша және іріктеп мазмұндап айтып беруге дағдыландырамыз. Оқылған, зерделенген мәтіннің, өзінің сөйлейтін сөзінің, шығарма жұмысының жай және күрделі жоспарын құра білуге үйрету керек.

Көркем шығарманы оқып үйретудің тиімді жолдарының бірі - проблемалық сұрақ қою. Проблемалық оқыту. Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты- мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынлуы заңды құбылыс. Проблемалық оқытуда мұғалім білім алушы білуге тиісті таным- түсінікті өзі айтып бермейді, қайта шәкіртке іздетеді. Олар ұғынуға тиісті заңдар мен заңдылықтарды, теориялық танымды, ақыл-ой тұжырымдамаларды білім алушының өздеріне іздету арқылы тапқызып, деркетерді талдап талқылау арқылы жетеізген нәтиже, түсінік-танымы тиісті білімді меңгеруі болып шығады. Сонда бұл жол проблеманы шешу, түрлі проблемалық ситуацияны талдау, болжамды айқындау, күрделі мәселе түйінін тарқату, мүмкіндігіне қарай тәжірибеде сынау нәтижесінде қол жеткен таным- түсінікті менгеруді білім алушының алған білімі деп танимыз. Мұндай іс- әрекет барысындағы жүйе мынау:

Проблемалық оқытуда мұғалім білім алушыны білім жүйесін ұқтыру мен іскерлік дағдысын қалыптастырумен қатар шәкіртің танымдық, шығармашылық бағдарда болуына жол нұсқайды. Тиісті тақырып бойынша проблемалық сұрақтарды шешудің варианттарын қарастырып, оны шешу шәкірттің үлесіне тиісті.Жаңа білімді игеру барысында білім алушының өздігінен ізденіп және оны практикада қолдана алу бағдарында еңбектенеді. Проблемалық оқыту білім алушының ғылым негіздерін мегерудегі дербестігін, қаблетін дамыру көзделеді. Білім алушының ойланту, іс- әрекеттегі ізденіс үшін репродуктивтік, продуктивтік және шығармашылық жолдар сәйкестіріле пайданылады. Репродуктивтік жолдар ұсынғанда атқарылатын іс- әрекет үлгі алгоритм бойынша орындалса, продуктивтік жолда білім алушы ситуацияны өзінше шешуге әрекеттеніп, жаңаша ізденуге мән береді. Ал шығармашылықта эвристикалық іс- әрекетке көшіп, проблеманы шешуде кенеттен келген ойларын ұсынып, жұмысты өзінше орындайды.

Мұндай әдісті көтеріп отырған мәселе проблемалық деңдейде болған жағдайда қолдануға болады. Мәселен, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы әйел-ана әрекетін алуға болады.

«Сот әдісін» қолдануға болады. Кейіпкерді соттайтындар, ақтайтындар екі топқа бөлініп, өз пікірлерін дәлелдеуі тиіс.

Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын, көрнекілікті үйлесімді, тиімді пайдалану. Мәселен, өтіліп отырған автордың сөзіне жазылған әндер болса, оқытушының өзі орындап берсе болады, немесе студентке орындатуға болады, болмаса үнтаспаларды пайдалануға болады.

 

Date: 2015-07-10; view: 1981; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию