Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
СөзжұмбақТақтаға келесідей сөздер жазылады: «Бірлік, бекінген, күш, төрткүл, әбестік, қалтырау, жетіген, қонақ, келу, жүзім, жымыңдаған Сұрақ: Бұл сөздерді қандай жәйт біріктіреді? Жауабы: Келтірілген сөздердің барлығында сан есімдер жасырылған: «Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, он, елу, жүз, мың». «Өзіңе тілегенді – басқаларға тіле!» әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тідек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Мұғалімнің де бұл іске қатынасқаны дұрыс. Сөздерден әңгіме құрастыру. Оқушылардың әрқайсысына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20 сөздей) тақтаға жазып, оқушыларға осы сөздерді қолданып, өз өмірлерін суреттейтін әңгіме құрастыруды ұсыну керек. Әңгімеде оқушылар мен мұғалімнің есімдері міндетті түрде аталуы керек /әлімов А, 124/. Яғни, интербелсенді оқуда білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді: - терең ойлануға; - ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға; - ақпаратты жан-жақты талдауға; - өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға; - пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге; - басқа да балама пікірлерді ескеруге; - шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге; - жауапкершілікке (өз біліміне, өміріне); - басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға. Инновациялық технологиялар төмендегідей жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: - бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның), - жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, - ситуативтік және рөлдік ойындар, - ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т.б.), - шығармашылық жұмыстар, т.б. Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.
|