Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Поэзиялық шығармаларды оқыту





Поэзиялық шығармаларды оқытудың прозалық шығармаларды оқытуға қарағанда әлдеқайда қиын екендігін күнделікті сабағымыздан байқаймыз. Себебі, лирикалық шығармаларда ақынның өз ойы- сезімі, көңіл-күйі алдыңғы орынға шығады. Ақынның сол сәттегі сезінулерін түйсіну кез-келген оқушы тұрмақ, кез-келген үлкен адам үшін де оңай емес. Ол үшін ең алдымен тыңдаушыға әсер ете білу керек. Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың бірі – оқушылардың поэзиялық шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері.

Поэзияны оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең бастысы, оқушылардың оған деген көзқарасы, қарым - қатынасында. Әсіресе, оқушылардың көбі поэзиядан гөрі қызықты мазмұны бар, айтайын деген ойының бәрі айқындалып тұратын прозалық шығармаларды ұнатады. Мұғалімге оқушыларды поэзиялық шығармаларға қызықтыру, тарту жұмыстарынан гөрі прозалық шығармаларға қызықтыру, тарту жеңілдірек тиеді. Өкінішке орай ондай оқушылардың да сирек кездесетіні жасырын емес. Олай болса, оқушының поэзияға деген қызығушылығын қалай туғызу керек, оның тиімді әдістері қайсы, осы мәселеге тоқталайық. Әдебиет пәні ешқандай жоспарға сыймайды. Демек, мұғалім – өз қиялы арқылы баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ете алатын бірден-бір қозғаушы күш. Оқушы әдебиет сабағында поэзиялық шығарманы қабылдау керек. Бұл – оңай үрдіс емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние. Қандай жақсы поэзиялық шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.

Қазіргі технологияларда «миға шабуыл», дебат, модель, жоба жасату, қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі қолданылып келеді. «Сын тұрғысынан ойлау», «Дамыта оқыту», «Саралап деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы» т.б. көптеген технологиялар туралы жиі естиміз. Сондай-ақ, қазіргі әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс немесе репродутивтік әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше. Оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет. Мұғалім оқушыға көркем шығармаға қатысты өзінің жеке пікірін таңуды, жаттанды ойларды айтқызуды мақсат тұтпауы керек. Әдебиетті, оның ішінде поэзиялық шығарманы оқытуда ең алдымен, шығарма туралы оқушы пікіріне, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. Өзге пәндерге қарағанда эмоция, әсер, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу осы пәнде ерекше көрінеді.

Поэзиялық шығарманы оқытуда тәжірибеде жиі кездесетін төмендегідей қажеттіліктерді атап өтуге болады:

Поэзиялық шығарманы оқытуда ең алдымен, оқуға ұсынылып отырған өлеңді мұғалімнің өзінің мәнерлеп оқи білуі алдыңғы кезекте тұруы керек. Өйткені, көп жағдайда бала – мұғалімнің көшірмесі. Әсіресе, төменгі сынып балалары көркем шығарманы дауыстап қалай оқу керектігін ең алдымен әдебиет пәні мұғалімінен үйренеді. Бәрімізге белгілі, поэзияда ақын сезімі өмір сүреді, оқушы оны өз сезімімен қабылдайды. Екі сезім түйіскенде ғана, яғни ақын сезімі мен оқушы сезімі түйіскенде, бір-бірін тапқанда ғана ол туралы сөз қозғау тиімді болмақ. Оқушыларды лириканы сүюге, түсінуге, оны өз еріктерімен оқуға, өмірлік сырлас досы етуге талаптандыру оны оқытудың басты мақсаты болып табылады. Сөзімізді дәлелді ету үшін бәрімізге таныс ақын Мұқағали Мақатаев поэзиясымен байланыста алып қарап көрелік. Айталық сабақ тақырыбы: «М. Мақатаев поэзиясы» деп аталды делік.

Ең алдымен, егер мүмкіндік болып жатса, поэзияға арналған сабақтарда тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу, жағымды ахуал жасау. Мысалы табиғатқа шығу немесе табиғаттың әсем көріністерін пайдалану. Болмаса, парталарды өзгеше қою. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» еңбегінің авторы әдіскер-ұстаз Қ. Бітібаева: «Поэзиялық сабақтарда сабақты бастамас бұрын көңілді, назды музыка қойып қою, өткелі отырған өлеңнің әні болса әнімен қойып қоюдың оқушыны сабаққа әзірлеуде маңызы зор», - дейді.

Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы. Мысалы:

Қазынам бар.

Біреуге берсем бе екен?!

Өкпелейді-ау бермесем, берсем, бөтен.

Бар байлықты қойныма тығып алып,

Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?!

 

Қазынам бар,

Біреуге қисам ба екен?!

Ренжиді-ау қимасам,

Қисам бөтен.

Әлде мына даладай бар байлықты

Бір өзім иемденіп, жисам ба екен?!

 

Қазынам бар,

Тәуекел сатсам ба екен?

Өзіңдікін өзгеге сатсаң, бөтен.

Әлде мына таулардай бүркеніп ап,

Бүк түсіп, теріс қарап жатсам ба екен?!

 

Қазынам бар.

Қисапсыз шектеледі.

Қызғанады біреулер, жек көреді.

Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін

Алам десең,

Алдымен зертте мені...

Поэзиялық шығарманы оқытуда ең алдымен, оқуға ұсынылып отырған өлеңді мұғалімнің өзінің мәнерлеп оқи білуі алдыңғы кезекте тұруы керек. Өйткені, көп жағдайда бала – мұғалімнің көшірмесі. Әсіресе, төменгі сынып балалары көркем шығарманы дауыстап қалай оқу керектігін ең алдымен әдебиет пәні мұғалімінен үйренеді. Бәрімізге белгілі, поэзияда ақын сезімі өмір сүреді, оқушы оны өз сезімімен қабылдайды. Екі сезім түйіскенде ғана, яғни ақын сезімі мен оқушы сезімі түйіскенде, бір-бірін тапқанда ғана ол туралы сөз қозғау тиімді болмақ. Оқушыларды лириканы сүюге, түсінуге, оны өз еріктерімен оқуға, өмірлік сырлас досы етуге талаптандыру оны оқытудың басты мақсаты болып табылады. Мұғалімнің өлеңді нақышына келтіре оқуы – баланың поэзияға деген құштарлығын оятып, ынтасын арттырудың ең ұтымды тәсілі.

«МИҒА ШАБУЫЛ» әдісі арқылы сұрақтар арқылы «шабуылдар» жасаймыз.

ҚЫЗЫҚ ДЕРЕК! 1938 жылы ірі жарнамалық компанияның иегері Алекс. Ф. Осборн фирмасынада қызық әдісті қолдана бастады. Қызметшілер бұны ми шабуылына балады. Осындай ми шабуылы кезінде кез-келген пікірге рұқсат етілді, тіпті ақылға қонымсыз болса да. Ешбір адамға сын айтуға не айтылған пікірге күлуге болмайтын. Барлық пікірлер қабылданып, тек келесі аптада қатаң сынға салатын. Фирманың жетекшілері ғажап идеялар санының көптігіне таңғалумен болды. Осборн сыйлықтарға арналған кеңістікті босата алды. Әдіс өте табысты болып шықты, 50-ші жылдары бүкіл Америка корпорациялары осы әдісті қолдана бастады.

«Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек.

«Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және/немесе қатысушылардың белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.

Өткізу алгоритмі:

1. Қатысушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырып немесе сұрақ беру.

2. осы мәселе бойынша өзінің ойын айтуға ұсыныс жасау.

3. Айтылғандардың барлығын жазу (олардың бәрін қарсылықсыз қабылдау керек). Егер сізге ол түсініксіз болатын болса, айтылғандарды қайталап анықтауға жол беріледі (кез-келген жағдайда идея қатысушының аузынан қалай шықса, солай жазылады).

4. Барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткеннен кейін, берілген тапсырма қандай болғанын қайталау керек, және қатысушылардың сөзінен сіз не жазып алдыңыз соның барлығын тізіп шығу керек.

5. Қатысушылардан, олардың пікірі бойынша алынған нәтижеден қандай қорытынды жасауға болатынын және тренингтің тақырыбымен байланысты оның қалай болатынын сұрай отырып жұмысты аяқтау қажет.

«Ми шабуылы»аяқталғаннан кейін (көп уақытты алмай, орташа 4-5 минут), жауаптың барлық нұсқаларын талқылау керек, бастыларын және келесілерін таңдау қажет. «Ми шабуылы» қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады:

- даулы мәселелерді талқылау

- талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;

- қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау;

- дәрісханалардың дайындығы мен хабарландырылуын анықтау.

«Ми шабуылы» ( «мозговой штурм»)– туындаған мәселені шешу үшін аз уақыт ішінде жеткілікті ұсыныстар жинау.«Ми шабуылы» әдісін қолдану барысында мына ережелер есте болуы қажет:

- Оқушылардың айтқан пікірлері сыналмайды, талқыға салынбайды;

- Басқарушылар мен бағынушылар болмайды;

- Әртүрлі мазмұндағы пікірлер неғұрлым көп болса, соғұрлым мақсатқа жақындау мүмкіндігі мол болады;

- Қатысушыларды, олардың пікірлерін, идеяларын мадақтап, мақтап отыру қажет;

- Айтар пікірлер қысқа және жүйелі түрде жеткізілуі керек.

 

Ытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген.

Д емек, бұл кезеңде оқушыларға «Мұқағали туралы мен не білем?» деген ортақ сауал тасталып, әркім ақын туралы білгенін бір ауыз сөзге сыйдырып айтады.

 

«Сократ» әдісін қолдану арқылы, яғни тек қана сұрақ қою арқылы бір шешімге келу. Неге? Не үшін олай ойлайсыз? Т.б. мысалы: Ақынның мына бір өлеңіне сіздер қалай деп ат қояр едіңіздер? Бәрі өз нұсқаларын айтады, студенттер ішінен ең жақсысын таңдап алады.

Оқушының өздеріне шумақпен, сонан соң түгелімен мәнерлеп оқытуға болады. Демек, өлеңді әуенімен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға, ерекше көңіл бөлу; Өлеңдегі ақынның көңіл күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне де назар аудару; Оқушының өлеңді оқуы да бірсыдырғы зудыратып оқу емес, өлеңнің ішкі сырына, ақынның айтпақ ойына мән бере тереңдей оқу болуы керек. Ақынның сол кездегі жан-күйіне, жүрек сырына бала назарын аударта білу қажет. Образға еніп, автормен бірге күйініп, қатар қуанған оқушы ғана өлең табиғаты толық түсінбек. Осы бір ақын өлеңін нақышына келтіріп оқу арқылы оқушының ойын оятуға болады. Оқушы бей-жай қала алмайды. Осындағы «қазына» туралы әңгімелесуге болады. Егер, оқытушы өзі өлеңді ойдағыдай оқи алмаймын деп ойласа, ақын өлеңдерінің үнтаспаға жазылған нұсқаларын пайланануға болады. Немесе біреуге оқытып, диктофонға жазып алуға болады. Автордың өмірбаянын жалаң айта салмай, оны ақынның өзінің өлеңдерінен тауып оқып беруге болады. Шығармашылық лабораториясына барлау жасау,сол өлеңнің жазылуына себеп болған ойтүрткіні табу. Ақынның күнделіктерін, берген сұхбаттарын, қолжазбаларын пайдалану. Ол туралы айтылған сын мақалалар мен ғылыми-зерттеу еңбектер туралы мағлұмат беру.

Әдебиет теориясымен жұмыс істеу. Әр сыныпта, әр жанрда әдеби-теориялық ұғымдар оқушының жас ерекшелігіне сәйкес оқытылады, жекеден жалпыға қарай оқытылады. Поэзиялық шығармаларды оқытуда өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын білуі және оларды практикалық қолданыста ажырата алуы сабақ барысында жүзеге асырылатын құбылыс. Шығарманың мәнерлеп оқытудың барлық элементтерін (дауыс ырғағы мен екпіні, олардың бірде жоғары, бірде бәсең болуы) білуін жаңа технологиялық әдіс үлгілерін басшылыққа алу арқылы үйрету. Біріншіден, мазмұндық - тақырыптық талдау, шығарманы тұтастай ала отырып, бөлім бойынша мазмұнын, тақырыбын таныта отырып талдау. Екіншіден, тілдік эстетикалық талдауға көңіл бөлу. Шығарманың тілдік ерекшелігін, сөз өрнегін, суреттемелік шеберлігін, көркемдігін, сөздер табиғатын, стилдік айырмашылықтарын таныту. Үшіншіден, кейіпкерлік-бейнелік талдау. Шығармадағы кейіпкерлерге талдау, олардың өзара сабақтастығын шығарма тақырыбы мен оқиға желісіне қатысын айқындата отырып, ажырату әрі салыстыру.

Шығарманың тіл ерекшелігін талдау – поэзияны талдауда қарастырылатын аса маңызды мәселелердің бірі. Егер көркем шығарманың тілі деп автордың тілі мен кейіпкердің тілін ұғатын болсақ, бұл образ – характерлерді танытуда, шығарманың идеясын ашып түсінуде басты қызмет атқарады. Әрбір ақын, жазушының өзіне тән, даралық сипаты бар стиль, тіл өзгешеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның лексикасынан, қолданған троптары мен фигурасының түрлерінен көрініп тұрады (теңеу, эпитет, метафора, әсірелеу, метонимия, арнау, қайталау, шендестіру, дамыту т.б.). Шығарманың тілін талдағанда, көркемдік өзгешеліктерін әңгімелегенде, осылардың бәрі қарастырылуы керек.

 

Date: 2015-07-10; view: 5161; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию