Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Атақты француз ғалымы Луй де Брайль





Дебиет сабағындағы инновациялық технологиялар

«Әрбір бала жұлдыз, жарқырауына көмек бер!»

Жүсіп Баласағұн).

Ызықтыру мен үйрету – егіз.

Ылғи дайын термин, дайын ереже қуып, сабақты мәнсіз, қажеті кем нәрселермен шырмап алатын мұғалімді Каменский «басқа құстардың қанатын байлап алған Эзоп қарғасына» ұқсататын /Қоңыратбаев Ә/.

Заман талабына сай білім беру – қай кезде де күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Мектеп қабырғасында оқытылатын әрбір пәннің өзіндік ғылыми негізі, өркениетке қосар үлесі бар десек те, дәл бүгінгідей жаһандану заманында әдебиет пәнінің атқарар қызметі алабөтен болуы керек-ақ. Ақпараттану алға шығып, руханият екінші орынға ығыстырылып, әдебиетті сүйіп оқимын дейтін оқушының саусақпен санарлықтай болып отырғандығы да көп нәрсені аңғартса керек. Яғни, бүгінгі уақыт әдебиетке ғана емес, әдебиет пәнінің мұғаліміне де зор жауапкершілік жүктеуде.

Инновациялық оқу жұмысы оқу процесіне нәтижелі білім алуға бейімдейтін, жаңа технологияларды орынды енгізумен тұжырымдалады.

Бұлар – кабельдік және спутниктік теледидарлар, бейнеконференциялар, телефорумдар, телемарафондар, партфолио сияқты инновациялық технологиялар, оқудағы және тәрбиелеудегі, өмірлік дағдыларды қалыптастыру жөніндегі тренингтер, соның ішінде әлеуметтік тәлімдегі және т.б. жеке-дара жетістіктер.

Инновациялық тәсіл оқу процесіне – тіршілік және әрекет етудің даму динамикасы ерекшелігіне, дистанциялық оқудың өзгешелігіне және жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің талаптары мен әлеуметтік пайдалы білім алуына, сеніміне, мінез-құлықтың сапасы мен өзгешелігіне, тәлім тәжірибесі мен қатынасына негізделген жаңалық енгізуге бағыттайды.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл, педагог жұмысындағы артықшылық жанама педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді: тікелей жасалатын әдістерден, лозунгтардан және үндеулерден бас тартылады, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді.

 

Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерктивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді. Интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.

Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналардан тұрады:

* білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі;

* күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу;

* тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушілік;

* жақын эмоциялық жағдайларда онсол күйге бірге түсуі, тапсырмаларды қабылдау мен жүзеге асыруда бойда болатын үндес сезімдерді бастан кешуі.

Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады.

Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі.

Қазіргі таңда инновациялық технология туралы көп айтылып жүр. «Инновация» түсінігін ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу», «жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді. Ал тамыры тереңде жатқан термин латын тілінің «жаңару», «өзгеру» сөздерімен баламаланады, «бұдан бұрын болмаған жаңалық», «қоғамдық қажеттіктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі» деген түсініктерді білдіреді. Технология - өнерпаздық, шеберлік, іскерлік десек, әр пәннің мұғалімі өз ісінің шебері болуға тиіс. Біздіңше, жаңа педагогикалық технология ұғымы бұрыннан белгісіз, жаңаша амал-тәсілдерді қолдана отырып іздену, сол ізденістерді ғылыммен ұштастыру, сол арқылы жоғарғы көрсеткіштерге жеткізу деген сөз. Бұл турасында ХХ ғасырдың басында қазақ жазушысы Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», - десе, ұлт көшбасшысы Ахмет Байтұрсынов 1928 жылғы «Жаңа мектеп» журналының 8 санында жарияланған «Қай әдіс жақсы?» деген көлемді мақаласында Л.Н. Толстойдың «Үйрету әдістері туралы» деген еңбегіне талдау жасай отырып, «Әдіс деген – қатып-семіп қалған догма емес. Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олқылықтың белгісі – бір ғана әдіспен болу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісте болу» деп ойын тұжырымдайды.

«Жаңадан жаңаны табу», әдебиетті жаңа технология талаптарына сай оқыту пән мұғалімдерінен үлкен шығармашылық әрі ғылыми ізденістерді талап етеді. Әдебиетті оқыту – әрі ғылым, әрі өнер. Әдебиет – бала қиялына еркіндік беріп, ой-танымын кеңейтіп, адамның адам болып қалуына негіз болатын пән. Оқу барысының қызықты, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне байланысты. Әдістеме әлемінде тек қана әдебиет пәніне ғана емес, жалпы пәндерге қатысты орныққан бірнеше әдіс-тәсілдер бар. Алайда әдіс – тәсілдер деген не? Осы әдіс-тәсілдерді біз қаншалықты орынды пайдаланып жүрміз? Біз беретін білім қайткенде нәтижелі болмақ?

Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды бір сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, енгізіліп жатыр. Олар:

-Лысенкованың алдына ала оқыту;

- Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы);

- Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі;

- оқытудың модульдік технологиясы;

- В.М. Монаховтың оқытудың ұжымдық тәсілі;

- профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген инновациялық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қолданып жүр.

Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген инновациялық технологияның негізіне жататындар:

- әрбір білім алушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;

- оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Инновациялық технология түрлері:

- Ынтымақтық педагогикасы;

- Білім беруді ізгілендіру технологиясы;

- Проблемалы оқыту технологиясы;

- Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;

- Түсіндіру басқарып оза оқыту технологиясы;

- Деңгейлік саралап оқыту технологиясы;

- Міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;

- Модульдік оқыту технологиясы;

- Жобалап оқыту технологиясы.

Қарақынды күшейте (интесивті) оқыту технологиясы. Оқытуды интенсивтендіру (қарқындыкүшейте оқыту) дегеніміз – оқытудың сапасында, мерзімін де өзгертпей, бірақ оқу ақпаратын кеңірек көлемінде беру. Оқу үрдісін күшейте түсу үшін тұлғаның шығармашылық потенциалын іске қосатын танымдық үрдіске жетекші ететін ғылыми негізделген әдістерді жасау және еңгізу қажет.

Оқыту жылдамдығын арттыру үшін оқу материалының мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдіру қажет. Мазмұнды жетілдіру үшін:

- оқу материалын рационалды таңдап іріктеу, яғни оқулықтың негізгі, базалық бөлімі мен негізі емес, қосымша ақпараттық бөлімін айқындап алу және орналастыру; соған сәйкес негізгі және қосымша әдебиеттер қарастырылу тиіс;

- оқу материалын уақыт параметіріне сәйкес бөлген кезде жаңа материалды сабақтың бас кезінде – білім алушылардың зейініне барынша белсенді кезеңіне айықтап беру;

- аудиториялық сабақтарды курстың бас кезінде басымырақ қойып. өз бетімен жемісті жұмыс жасаған кезде студентке тірек боларлық білім қорын жақсарту;

- бұрынғы берілген және жаңа ақпараттардың логикалық бірізділігін қамтамасыз ету.

- күшейте оқыту үрдісі жеке психологиялық және ұжымдық – психологиялық факторлардың үйлесімді қарым-қатынасына негізделген.

 

Модулдік оқыту және рейтинг - бақылау жүйесініңерекшеліктеріне тоқталсақ, модульдегеніміз - міндетті түрде білім алушының білімен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған білім. Модульді құрастырыудың негізінен пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блогына сәкес келеді. Бірақ, тақырыптан айырмашылығы – модульде: тапсырма, жұмыс, білім алушылардың сабаққа қатысу, білім алушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгейі – бәрі – бәрі өлшеніп, бағаланып отырады. Оқу модулі қайта жаңғартушы оқу циклы ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу және қорытынды. Модуль білім алушыда өз бетімен еңбектену, оқу – танымдық процесті басқара алу икемділігінің дамуын қамтамассыз етеді.

Сонымен модулдік оқыту технологиясы құрлымының мынадай нұсқасын көреміз: 1.Оқу мақсаттарымен таныстыру: 2. Мазмұны жақын тақырыптар топ немесе тарау бойынша жасалған жалпы модульмен таныстыру. 3.Мұғалмнің оқу материалын қысқаша баяандауы. 4.Өзара сөйлесу негізінде оқущылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір білім алушынық қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру. 5.Жалпы тақырыпқа, тарауға («өсу» бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену. 6.Тұтас тақырып бойынша тестілеу. 7.Тақырып бойынша қалыпты сынақ (өзіндік жұмыс,бақылау жұмысы, т.б.).

Модульдік оқытуда оқу материалын үйренудің реті, игеруге тиісті негізгі ұғымдар, дағдылар мен біліктер, материалды игерудің деңгейі мен сапасы- барлығы алдын- ала жоспарланып қойылады. Модульдердің саны пәннің ішкі ерекшеліктеріне, сонымен қатар оқытудың қажетті бақылу жиілігіне де байланысты. Модульдік оқыту - рейтингілік бақылау жүйесімен тығыз байланысты. Модуль неғұрлым ірі және маңыздырақ болса, соғұрлым оған балалар саны көбірек беріледі. Пәннің базалық мазмұны ұғым құрамында базалық мазмұнды блоктар логикалық бір жүйеге келтірілген оқу модулі ұғымымен тығыз байланысты.

 

Витогенді технология – инновациялық технология, оның пайда болуы мен дамуы, түрлері туралы әңгімелеудің алдында қазір білім беру жүйесінің негізгі бағытарына тоқталу керек. Жаңа технологияны оқыту үдерісінде пайдалану қажеттіліктен туындады. Ғылыми- техникалық даму ғасырындағы жаңа қажетті жағдайдың бірі – интелектуалдық, шығармашылдық, гуманды жас ұрпақты тәрбиелеу. Даму педпгогикалық оқыту процесінің, терең мағыналы мәніне айналады. Осы жаңа педогогикалық технологиялардың бірі витогенді технология. «Витогенді»сөзі латын тілінен аударғанда «өмір», «тіршілікке қатынасты құбылыс» деген мағынаны береді. Витогенді технологияны оқыту үдерісінде өте тиімді пайдалануға болатындығын ғылымда дәлелдеген. Мұны голографиялық тәсіл деп атайды. Голография - заттың көлемді кескінін алуға мүмкіндік беретін әдіс. Голография ұғымы ғылымға 1993 жылы енгізілді. Одан әрі голографиялық сана деген ұғым пайда болды. Ғалымдар голографиялық ситуация деген ұғым да енгізді. Ол оқыту үдерісінде оқытудың мазмұнын ең аз деген мақсатты бағытталған үш проекцияның қосылуынан туындайтын көлемді ашуға бағыталды. Витогенді технология негізіне білім алушы өз білімін анықтай алады, оған жаңа білімді қосады, шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді, құбылыстар арасындағ байланысты көрсете алады, проект түзе алу мүмкіндігі туындайды, қиаядай алатын болады. Осылайша білім алушы алдына қойған мақсаты бойынша жұмыс істеуге дағдыланады.

Білім беру саласында түсіндірмелі- иллюстративтік оқыту жолының мәнділігі ой-пікірі айқын, жүйелі болғандықтан ондағы мағлұматты білім алушы қиналмай-ақ тез ұғынады, сол күйінде қайталап айтып бере алады. Алмұндағы әлсіздік-берілетін білім түсінік репродуктивтік, яғни қайталау түріне келеді де, білім алушының іс- әрекетегі өзіндік ізденісі мен өзінше ойлануна онша мән берілмейді. Орта оқу орындарындағы білімдендіру жүйесінде осы жол етек алған. Педагогика тарихында И.Гербарттық деп аталып дәстүрлік бұл жолдан көптеген мұғалімдер шыға алмай шармалап келеді, өйткені жаттандылық түріндегі оқтуға тым бейімделіп кеткендікпен қатар, екінші жағынан пәндік әдістемелік әдебиеттер осы жүйеге бағдарланған.

Мұғалімнің іс- әрекеті: проблемалы ситуация туғызу, проблеманың мән- мазмұны туралы ойлауды ұйымдасрырады; тиісті қарама- қайшылыққа байланысты туындап отырған болжам жорамалды шешуді ұйымдастырады; болжам жорамалды тексеріп көруді ұйымдастырады; жүзеге асырылмақ нәтижеге байланысты тұжырымдама жасауды ұйымдастырады.

Білім алушының іс- әрекеті: кедергі мен қайшылық неде екенін аңғарып, оны зеріттеп білу; шешуші тиісті проблеманы айқындау; тиісті мәселеге байланысты өзінше болжам, жорамал жасап оны шешуге талпыну. Болжам -жорамалға талдау жасап, қойылған міндетті шешеуді тәжірбеде сынап байқалады. Қол жеткен нәтижені талдап, тиісті қорытынды жасап, алған білімін жүзеге асырады. Проблемалық оқытудың пайдалы жағы білім алушыны шығармашылыққа бейімдеп, күрделі мәселені шешу жолындағы ізденіске құлшындырып, ойлау қабілктін дамытады. Ол білім алушының ойлауын жетілдіріп, ой еңбегіне қызықтырып, ақылсанасын өрістетуге ықпал етеді. Проблемадан туған кедергіні жеңіу жолындағы ізденісі мен талпынысы шәкірттің білім білігінің нәтижелі, таным- түсінігінің жоғары деңгейге көтеріле түсудегі мүмкіндігін арттырады. Білім алушыны ой еңбегі саласында тиісті дәрежеге жеткізеді, іздеп таба білуге машықтандырады.

Ойын арқылы оқыту технологиясыі – оқушыларға білім беру мақсатында және оқу үрдісінде қалыптасқан проблемаларды шешу үшін қолданылатын ойынның мынадай түрлері бар: оқу, имитациялық, рөлдік, ұйымдастырушылық-қызметтік, іскерлік- басқарушылық, әскери, инновациялық, т.б.

Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы койылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына карамастан, ойын өзіне тартып тұрады».

Атақты француз ғалымы Луй де Брайль

Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі — сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету — адамның негізгі қайраткерліктері. Ойын - әркашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайыңдайды. Ойынды алданыш және көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі. Ойын барысында тұлғаның мінез құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К.Ушинский, П.Блонский, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, шетелде З.Фрейд, Ж.Пиаже және т.б.жасады.

Іскерлік ойын алғаш рет 1930 жылы Ленинградта өткізілген, бірақ әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты жалғасын таппаған. 1950 жылы АҚШ-та қайтадан енгізілді. Қазір іскерлік және оқу ойындарының 100-ден астам түрлері бар. А.А. Вербицкий іскерлік ойындарды маманның болашақ кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын ашатын форма деп көрсетеді. Іскерлік ойын кезінде оқушы ойын ішіндегі ситуацияға толығымен енеді, өзара қарым-қатынас дами түседі, эмоциялары (ойын кезіндегі қуану, ренжу) айқын көрінеді. Бұл әдістің басқа әдістерден ерекшелігі – оқушының ойын түрінде берілген тапсырманы орындау үшін ең тиімді құралдармен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік туады. Бұл ойын түрінде жүргізілгенімен, оның негізінде болашақ маманның маңызды элементтері жатады. Ә рбір ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдістері сабақта жиі қолданылады.

Іскерлік ойындардың негізгі мақсаты – оқушының оқу белсенділігін арттыру, білім, іскерлік дағдысын қалыптастыру. Іскерлік ойындардың тәрбиелік мақсаты– өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, ерік-жігерін қалыптастыру, бірлікке, достыққа тәрбиелеу. Дамытушылық мақсаты – зейін, қиялын, шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, оқу әрекетінің мотивациясын дамыту.

Іскерлік ойындар технологиясы. Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін моделдеу, елестету.

Адам тәжірибесінде ойын іс-әрәкеттілі мынадай қызметтерді орындайды:

- көңіл көтеруші: (бұл ойынның негізгі қызметі – шаттану, ләззат алу, қызығушылық ояту);

- коммуникативтік: қарым-қатынас диалектикасын меңгеру;

- ойын-терапевтикалық: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу;

- диагностикалық: өзін-өзі тану ойын үдерісінде (ережеге сай мінез-құлықтың ауытқушылықтарының пайда болуы);

- коррекция қызметі: тұлғаның құрымдылық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу;ұлтаралық коммуникация қызметі бойынша: барлық адамға ортақ әлуеметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру;

- әлеуметтендіруші: адамдардың қоғамдасып өмір сүріп нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде бекіту

Ойынды қолдана отырып оқыту технологиясының мақсаты да – білім алушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын-ала болжай білуге үйрету.

Date: 2015-07-10; view: 2213; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию