Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жүргізілген эксперименттің нәтижелері 4 page





Тексеру ісін жетілдіру дамыту мақсатында санаулы түрдегі тест түрлері де пайдаланылады. Олардың бәрінде дерлік бір ізділік пен жүйелікті сақтау отырып, оқушыларға берген негізігі білім мазмұнын жан-жақтан қойылатын сауалдар арқылы толықтырдық. Енді солардың арасынан бір қатар мысал келтірейік.

 

1.Бос орынды толтыруға арналған сұрақтар (Кесте 11)

1.1 Кесте түрінде беріледі, ондағы бос орындарды толтырады

 

Кесте 11.

Элементтердің сипаттамасын толтыру кестесі

 

Элемент аты Элемент таңбасы Реттік нөмері Ядролық саны Электронның орналасуы Орналасқан периоды мен тобы
Көміртек          
Натрий          
Хлор          

1.2. Сауал түрінде берілген сөйлемдегі бос орынды тиісті сөзбен, сөз тіркесімен не химиялық формуласымен толтырыңдар.

1.2.1. Сөндірілмеген актың химиялық формуласы __________, ол сумен әрекеттесіп _____ түзеді, оның химиялық формуласы ________. ол ауадағы көмір қышқыл газын өзінде ерітіп, сіңіреді де _____ қосылысты түзеді және оның химиялық теңдеуі _________________.

1.2.2. Негіздердің аталуы оның құрамына енетін теңдеуі ________ ионы мен катионның аты бойынша, мысалы, “ тотығының гидраты” деп аталады. Айталық, Mg(OH)2 __________ аталады. Ал төмені валенттіліктегі __________ ионынан түзілген негіз “пәлен шалатотығы гидраты” деп аталады, мысалы Fe(OH)2 __________

1.2.3. күкірт қышқылы мен натрий гидрокситінің әрекеттесу реакция теңдеуін жаз: __________________________________________________.

1.3. Мұндағы бос орындарды химиялық реакцияны түрі, типіне теңдеуі арқылы толтырады.

1.3.1. Темірдің тотығуын жаз ______________________________.

1.3.2. Сөндірілмеген әк пен судың әрекеттесу реакциясын жаз __________ ____________________________________________________________.

1.3.3. Химиялық реакцияның төрт түрін жаз ____________________.

2. Таңдап алып, дұрыс жауапты табуға арналғанн сұрақтар.

2.1. Күкірт қышқылы, натрий гидроксиді ертінділері және су берілген. Осы үш сұйықты орналастырғанда рН мәніне сәйкес орналасқан түрін табыңдар.

A. H2SO4 > H2O > NaOH

B. NaOH > H2O > H2SO4

C. H2SO4 > NaOH > H2O

D. H2O > H2SO4 > NaOH

2.2. Берілген заттардың қайсысы негіздік тотыққа жатады:

A. сөндірілген әк;

B. сөндірілмеген әк;

C. күйдіргіш натрий;

D. темір гидрототығы.

2.3. Келтірілген қосылыстардың арасындағы қандай қосылыс топырақтың қышқылдығын төменетеді:

A. тотяйын;

B. күйдіргіш натрий;

C. сөндірілген әк;

D. ас тұзы.

Енді осы сауалнамалар негізінде, әрбір тарау бойынша жүргізілген қиындық бақылауларды бірнеше рет қайталап, нәтижесін кесте 12 де жинақтап, ол оқушылардың ол оқушылардың білім деңгейін анықтау үшін өлшемдері деп аталынды. Онда эксперименттік және бақылау топтарының дұрыс және дұрыс емес орташа жауаптарын, яғни жинақталған орташа пайыздық өлшеммен бірнеше бағыт-бағдар бойынша берілді. Экспериментпен жалпы 107-дей оқушы қамтылды, олардың 57-сы эксперимент тобын, ал 50-і бақылау тобын құрады. Оған №136 мектебінен 47, ШҰАР Дөрбілжін 2-орта мектебінен 60, оқушы қатынасты. Эксперимент топтарында химия материалы екі елдегі оң тимді әдістеме ретінде байқалған оқу материялын пайдаландақ. Ал бақылау тобына Қазақстандағы эксперименттік топқа енген 8-сынып оқушыларына ҚХР-дағы қазақ орат мектебіндегі химия пәніне арналған бағдарлама мен оқулық бойынша жүгізілді. ҚХР 8-сынып оқушыларына ҚР- қазақ мектебінің химия пәніне арналған бағдарлама мен оқулық бойынша жүргізілді.

 

Кесте 12.

Білім деңгейін анықтау өлшемдері (%)

 

Химиялық білімді меңгеру өлшемдері Эксперименттік тобы Бақылау тобы
Дұрыс Дұрыс емес Дұрыс Дұрыс емес
1. Жауаптың нақты, ғылыми негізді болуы. 80,8 19,2 64,7 35,3
2. Жауапты мысал арқылы дәйектеу. 87,2 12,8 71,4 28,6
3. Берілген сұрақтардың шығармашылықпен айқындалу. 75,7 24,3 68,0 32,0
4. Химиялық теңдеудегі мәліметті ұғынуы 83,8 16,2 69,7 30,3
Орташа жиыны 81,875 18,125 68,45 31,55

 

Егер оқушылардағы айтылар ойының мәні мен мағнасының толықтай алып, оның маңызды белгілері түгел қамтылып, нақты мысалдар келтірілсе, онда мұндай жауапты дұрыс деп санадық. Ал егер оқушылардағы айтылатын ойының мәні мен мағнасы толымды ашылмаса нақты да сенімді мысал келтірілмесе, онда мұндай жағдайдағы жауапты дұрыс емес деп қабылдадық. Сол сияқты мұндай өлшемдерді анықтауды, сол арқылы бағалап, оны есептеуді шама жүргізсе оқушылардың өздері жүргізгенін айту орынды деп санаймыз. Әрине мұндай бақылауға арналған карточкалардағы-оқушының аты, тегі, яғни кімдікі екендігі көрсетілмеді және олар бұл туралы алдын ала ескертіліп отырылады. Бұл әдістеменің сенімділігін нақтылай, бекіте түсті деп есептейміз. оны сурет 5-тегі диаграммадан көруге болады.

Мұнымен қатар оқушылар жауабындағы әрбір әрекетті ескеріп отыру арқасында және осының нәтижесінде жауаптың барынша толымды да дәйекті бағалану үшін әрбір үпайды 20 есе арттырып, жалпы үпай санын100-ге жеткіздік. Бұл оқушының әрбір іс-қимылын, дұрыс бағыттағы ниетін ескеруге мүмкіндік береді, үйткені бағалау мүмкіндігі, яғни сан шамасы артқан сайын, оның дәлдігі де жоғарлайды және бұл пайыздық үлескеде оңтай.

Нақ осы жүйемен, яғни 100 ұпаймен бағалау үшін жеке тарауға және 8-сыныптағы барлық тарауға арнап бақылау жұмыстарын жүргіздік. Мұнда да дидактикалық карточкаларды пайдаландық және өңдеп, бағалауға оқушылардың өздері қатынастырылды. Ондағы сенімділік пен дәйектілікті жоғарлату үшін жауаптары толық, толық емес, теріс және мүлдем жауабы жоқ деген сияқты төрт деңгейге бөліп бағаладық. Төмендегі кесте 13-те V тараудағы көміртек тақырыбы бойынша жүргізілген бақылау жұмыстарының жиынтықты нәтижесін келтірдік және де олар белгілі бір пайызға сәйкес келеді.

 

 

Эксперимент тобы
Бақылау тобы

 


 

 

Сурет - 5. Игерілген білімнің пайыздық үлесі

 

Кесте 13.

Оқушылардың көміртек туралы білімді меңгеру нәтижесі

 

реті Топтары Оқушылар саны, % Жауаптар саны, %
Толық Толық емес Теріс Жоқ
  Эксперимент 176=100 96=54,5 72=40,9 6=3,4 2=1,2
  Бақылау 172=100 63=36,6 54=31,4 32=18,6 23=13,4

 

 

Кестеден көрініп тұрғандай, эксперимент тобындағы толық жауап нәтижесі бақылау тобымен салыстырғанда 18 пайызға жоғары, ал теріс жауабы 15 пайызға кем. Бұл эксперимент тобы үшін екі жақтағы оқулық мазмұн ерекшелігін нақты айқындап, оны тимді әдістеме ретінде пайдаланғандығымызды көрсетеді және оны сурет 6-дағы диаграммаданда пайқауға болады.

 

 

Сурет 6. Эксперимент және бақылау тобындағы салыстыру диаграммасы

 

Ал кесте 14-де эксперименттік сынақ жұмыстары жүргізілген бес мектептің мысал ретінде тек екі мектеп нәтижесін ғана келтірдік.

 

 

Кесте 14.

Оқушылардағы химиялық білімді меңгеру дәрежесі, %

 

Реті Оқу жылы Мектеп Топтар Жауап, %
Толық Толық емес Жоқ
    2015-2016   2015-2016 2-орта мектепте №136 мектепте   Қосынды   Эксперимент Бақылау Эксперимент Бақылау Эксперимент Бақылау      

 

Онда Қытайдағы 2-орта мектепте және өзіміздегі №136 мектеп – гимназиясындағы мәліметтер берілген, ал қалғандар болса, осы шамада болғандықтан, қысқарттық. Сол сияқты соңғы екі деңгейден біреу жасадық, өйткені теріс жауап пен жауабы жоқ деңгей екеуі де бір мағнада деп санадық. Мұнда кестені жеңілдету мақсатымен оқушылар санын келтірмей, білім деңгейі пайыздық өлшеммен берілді. Мұнда да эксперименттік сыныптағы қосынды да орташа толық жауаптың 63% құрап, 20% жоғары болғанын, толық емес жауаптың үш пайызға төмен екенін және жауапсыз қалғандар үлесінің 17 пайызға аз екенін кесте 14-ден және оны көрнекілейтін сурет 7-ден де анық байқалады. Бұл да екі жақтағы оқулық мазмұнындағы ерекшелікті ұтымды пайдаланғандықтан дәлелдейді.

 

Сурет -7. Эксперименттік және бақылау сыныптарындағы пайыздық өлшем деңгейі

 

Сонымен жүгізілген экспримент талдаулардың нәтижесі төмендегіше тұжырымдалды:

Ерекшеліктерді әдістемелік тұрғыдан саралап оқыту, сол арқылы оқушылардың химиялық білім деңгейі жоғарлататынын көрсетеді. Бұл зерттеу болжамдарының оң нәтиже бергендігін білдіреді.

 

 

Орытынды

Біздер жүргізген зерттеу нәтижесі мен осы кезге дейінгі ғылыми әдебиеттерді ертеден көрші отырған екі елдегі орта білім беру жүйесін салыстыра зерттеп, олардағы оң ерекшеліктерді оқыту мазмұны мен әдістемесіне қолдануға болады. Осы жұмысты талдап, зерттеу тақырыбының аясындағы жүргізілген ғылыми-әдістемелік жұмыстар мынадай қорытынды жасап, бастапқы ғылыми болжамды нақтылай түйіндеуге мүмкіндік берді.

1. Әлемдегі жетекші ғалымдар мен педагогтардың баяндауы бойынша білім беру жүйесін жетілдіру нақтылы туындайтын қарама-қайшылықтармен байланысты пайда болып, сонымен бірге дамиды, ал оны ой елегінен өткізіп, қоғамдық түйсікке кетірудің педагогикалық, ғылыми мен практиканың өркендеуіне әкелді.

2. Екінші тарауда әлем елдеріндегі орта білім беру құрамында енетін химиялық пәнін оқытуды, оның мазмұнын, сол сияқты көршілес екі елдегі, яғни Қытай мен Қазақстан орта білім беру жүйесіндегі химия пәні қарастырылды.

3. Қытай еліндегі қазақ орта мектептерінде химия пәнін оқыту жүйесіне шолу жасалып, оның ерекшеліктеріне көңіл бөлінді. Онда АҚШ педагогы-психологы Булом ұсынған әдістемелік жүйеге назар аударылып, оның құрамдас бөліктері талданды, сабақ үлгісі келтірілді.

4. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасындағы қазақ орта мектептерінде оқытылатын химия пәніне арналған 8- және 9-сынып оқулықтарының құрылымы, мазмұны салыстырылды. Олардың басты ерекшеліктері айқындалды.

Зерттеу нәтижесі келесі ұсыныстарды жасауға мүмкіндік берді:

- Бір тілде жазылған екі елдегі химия оқулығы арасындағы байланысын қарастырудың әдістемесін мамандар дайындауда арнайы курстар мен семинарларға енгізу болды.

- Осы байланыста жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын, әдістемелік нұсқаулар да дайындау кезінде пайдалануға болады.

- Салыстырмалы білім беру негізінде жасалған талдаулар негізінде әлемдік білім беру білім беру стандарттарының тимді түстары ескеріледі.

 

 

Date: 2016-06-06; view: 930; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.013 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию