Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жүргізілген эксперименттің нәтижелері 3 page





Мұнан кейін тоғызыншы мазмұндық бөлік өзінің құрамына суспензия – жүзгін, эмулься, ерітінді, қаныққан және қанықпаган ерітінді, ерігіштік дәрежесі, сүзу және кристалдану, ерітінді құрамын көрсету әдістері сияқты бес тақырыпты еңгізіп, ерітінділер деп аталатын осы тақырыпты мазмұндайды. Онда тақырып атаулары көрсетіп тұрғанындай, дәстүрлі біліммен қатар, ерітіндіде еріген заттың массалық үлесін, ерігіштің– дәрежесін көрсеткішін еептеуді үйретіп, ерігішті сипаттайтын қисық сызбаларды келтіріп, сүзу және кристалдану құбылысын нанымды да оңтайлы баян етеді. Мұны сұлба түрінде беруге болады, ол қайталау үшін әдістемелік қосымша құрал қызметін атқармақ. Одан мынадай шағын қорытынды жасалған(Сурет 4):

 

Ерігіш +еріткіш
Ерітінді
Ерітінді концентрациясы (таралымы)  
Ерігіштік көрсеткіш – дәрежесі – ЕК
Қанықпаған қаныққан
Массалық үлесі Көлемдік үлесі


Сурет- 4 Ерітінді тарауынан шағын қорытынды

 

Оныншы мазмұндық бөлік жалпы екі тақырыптан құралған. Негізгі мазмұндарын нұсқайтын болсақ:

1. Екі не одан да көп элементтен қосылу арқылы түзілген, тұрақты құрамдық қосылысты күрделі химиялық қосылыс дейді. Күрделі химиялық қосылыс иондағы (біздіңше диссоциацияланған) кезде ыдырайтын катион суттектің оң зарядталған ион–катион болса,онда мұндай қосылыстарды қышқыл деп атайды. Мұндай қышқылдар құрамында оттек болса, оттекті қышқыл, ал оттек жоқ болса, оттексіз қышқыл деп жіктеледі. Ионданған кезде түзілетін сутек катионының санына сәйкес бір негізді қышқыл, екі негізді қышқыл, үш негізді қышқыл деп бөлінеді.

2. Күрделі химиялық қосылыс ионданған кезде туындайтын анион, яғни теріс зарядталған гидроксил тобы болса, онда мұндай қосылыстарды негіз дейді. Демек негіз дегеніміз кез келген маталл катионы мен теріс зарядталған гидроксил анионынан тұратын күрделі химиялық қосылыс.

3. Күрделі химиялық қосылыс ионданған кезде металл катионы мен қышқыл қалдығына– анионға бөлінсе (ыдыраса –диссоциацияланса) онда мұндай қосылысты тұздар дейді. Оларды құрамына қарай қалыпты (орташа), қышқылды және негіздік тұздар деп бөледі.

4. Кез келген элементтің оттекпен қосылысын – күрделі қосылысты тотық (оксид) деп атайды және олардың қыщқылмен не негізбен әрекеттескен кездегі тұз және су түзетін қасиетіне қарай қышқылдық тотық және негіздік тотық деп бөлінеді.

5. Осы тарауда келесі химиялық реакция түрлері мазмұндалған:

- Қосылыс реакциясы: А+B→АВ;

- Айырылу реакциясы: АВ→А+В;

- Орын басу реакциясы: АВ+С→АС+В;

- Алмасу реакциясы: АВ+АD→AC+BD

Жалпы реаация кезінде тұнба пайда болып, газ бөлінеді, реңі өзгеріп, су түзіліп т.б өзгерістер байқалса, онда реакцияның жүргені.

6. Металдардың активтілік– белсендігі қатары да орынды қарастырылған.

7. Ерітінділердің кейбір қасиетін, суттектік көрсеткіш рН арқылы сипаттау сәтті келтірілген.

- егер, ортадағы рН=7 болса, бейтараптық қасиет байқалады;

- егер, ортадағы рН<7 болса, қышқылдық қасиет байқалады;

- Егер ортадағы рН>7 болса, негіздік қасиет байқалады;

Он бірінші мазмұндық бөлік жалпы екі тақырыпты қамтиды. Бірінші тақырып тұрмыста ұнемі кезігетін тұздар, яғни, хлорлы натрий, көмір қышқыл натрий, қышқыл көмір қышқыл натрий, көмір қышқыл калций сияқты тұздар тұрмыс пен өндірісте кең көлемде қолданылатындығы, тұздардың, қышқылдардың, негіздердің арасында алмасу реакциясы жүріп, реакцияның шарты тұнба, газ немесе су түзілу. Сондай-ақ, құрамында көмір қышқыл қалдығының ионы немесе қышқыл көмір қышқыл қалдығының ионы бар тұздар тұз қышқылымен реакцияласып көміртегі қос тотығын түзетіні және сүзу буландыру сияқты әдістер арқылы қоспаларды бөліп ажыратуға болатындығы сияқты мазмұндар тілге тиек етілген. Екінші тақырыбында тұздармен танысудаауыл шаруашылық дақылдарына орасан зор апайдасы болған химиялық тыңайтқыштар туралы түсіндірме өте анық жеткізілген. Мысалы: Азотты тыңайтқыш – бұл дақылдардың сабағы бітік өсуін, жапырақ түсінің қою жасыл болуын тездетеді; Фосфорлы тыңайтқыш– бұл дақылдардың тамыр жүйесін жетілдіріп, суыққа, қуаңшылыққа қарсы тұруын арттырады; Калилы тыңайтқыш– бұл дақылдардың мүлтіксіз өсіп жетілуін жеделдетіп, сабақ діндерін жуандатады әрі қатайтады; Күрделітыңайтқыштар– бұл құрамында екі немесе екіден артық қоректік элемент бер тыңайтқыштар (NH4 H2 PO4 т.б.); Микоэлементті тыңайтқыштар–бұның істетілу мөлшері өте аз, алайда микроэлементті тыңайтқыштартапшы болғанда өсімдіктердің өсіп жетілуіне ықпал жетеді, әрі дертке қарсы тұру қуаты әлсірейді.

Сонымен соңғы он екінші мазмұндық бөліктеадамзаттың маңызды қоректік заттары, химиялықэлементтер және адам денсаулығы, органикалық синтездік материалдар сияқты үш тақырып қамтылған. Мазмұнда, қоректік заттар белок, қанттар, майлар, витаминдер, минерал тұздар және су сынды үлкен алты түрді қамтитыны, бұнда белок болса клетканы құрайтын негізгі зат, организм денесін өсіретін әрі зақымдалған ткандарды толықтайтын шикізат екені, қанттармен майлар болса адам денесінде тотығу арқылы энергия бөліп шығарып, дененің ұимылын және дене темпера турасын тұрақты сақтауды энергия мен қамдайтынын, ал витаминдер зат алмасуды реттеу аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау рөлін атқаратыны, сондай-ақ, адам денесінің 50 неше түрлі элементтен құралатындығы олардың мөлшерінің аз көптігіне қарай, көп элементтер және микро элементтер деп жіктейтіні әрі олардың өзіндік мөлшерлері айтылған. Ал органикалық қосылыстардың бәрінің құрамында көміртек элементі болатыны, бірақ құрамында көміртек элементі бар қосылыстардың бәрі органикалық қосылыстар бола бермейтіні, органикалық үлкен молекулалы қосылыс дегеніміз салыстырмалы молекулалық массасы органикалық синтездік материалдардың жарыққа шығуы табиғи байлық жөнінен бір түрлі толықтыру, химия органикалық синтездік материалдарды дамытуда маңызды рөл атқаратыны сияқты мазмұндар қамтылған.

 

Кесте 9.

Химия пәні бойынша 9-сыныпқа арналған оқулықтардың мазмұндық ерекшеліктері

ҚР 9-сынып оқулығы ҚХР 10-сынып оқулығы
   
І-тарау.Электролиттік диссоциациялану §1.Электролиттік диссоциациялану процесінің мәні §2.Қышқылдардың, сілтілердің және тұздардың диссоциациялануы §3.Күшті және әлсіз электролиттер.Диссоциациялану дәрежесі §4.Ион алмасу реакциялары §5.Тотығу-тотықсыздану реакциялары §6.Тұздар гидролизі Лабораториялық тәжербиелер 1-Практикалық жұмыстар ІІ- тарау. Оттек топшасы §7.Күкірттің сутекті қосылысы §8.Химиялық элементтің периодтық жүйесіндегі оттек топшасы, ондағы элементтердің орны, атом құрылысы §9.Жай заттардың құрылысы Аллотропия. Табиғаттағы күкірт және оны алу   §10.Күкірттің физикалық қасиеттері §11.Күкірттің химиялық қасиеттері §12.Күкірттің қолданылуы §13.Күкірт қышқылы лобароториялық тәжербелер ІІІ-Тарау. Химиялық реакциялар жүруінің негізгі заңдылықтары §14Химиялық реакциялар жылдамдығы және олардың жүру жағдайына тәуелділігі
9 кестенің жалғасы
§15.Химиялық тепе – теңдік, оның ығысуы

§16.Күкірт қышқылын жанасу әдісімен өндіру

Лабораториялық тәжербие

2-Практикалық жұмыс

VI-тарау. Азот топшасы

§17. Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі азот топшасы элементтерінің орны, олардың атом құрылысы

§18. Азот. Азоттың физикалық және химиялық қасиеттері

§19. Аммиак

§20. Аммоний тұздары

§21. Азот қышқылы

§22. Азот қышқылының тұздары

§23. Азоттың табиғаттағы айналымы

§24. Фосфор

§25. Фосфор оксиді

§26. Фосфор қышқылы. Ортафосфаттар

§27. Минералды тыңайтқыштар лобароториялық тәжербелер

3-Практимкалыл жұмыс

4-Практикалық жұмыс

V- тарау. Көміртек топшасы

§28. Химиялық элементтер периодтық жүйесіндегі көміртек топшасы элементтердің алатын орны, атомдарының құрылысы.

§29. Көміртек

§30. Көміртек (ІІ) оксиді

§31. Көміртек (ІV) оксиді

§32. Көміртек қышқылы

§33. Көмір қышқылының тұздары

§34. Көміртектің табиғаттағы айналымы

§35. кремний және оның қасиеттері

 

§36. Кремний оксиді

§37. Кремний қышқылы

§38. Кремний қышқылының тұздары

§39. Силикат өнеркәсібі

Лобароториялық тәжербелер

5-практикалық жұмыс

VІ- тарау. Металдардың жалпы қасиеттері

9 кестенің жалғасы  
§40. Периодтық жүйедегі металдардың орны және атом құрылысының ерекшеліктері

§41. Металдардың табиғатта кездесуі және оларды алудың жалпы әдістері.

§42. Электролиз.

§43. Металдардың физикалық қасиеттері.

§44. Металдарға тән химиялық қасиеттері.

§45. Құймалар.

§46. Металдар коррозиясы және одан сақтандыру.

Лабораториялық тәжірибелер.

VІІ тарау. Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесінің негізгі топшасындағы І-ІІІ топтарының элементтері.

§47. Сілтілік элементтердің сипаттамасы.

§48. Магний мен кальцийдің сипаттамасы.

§49. Кальций және оның қосылыстары.

§50. Алюминий.

Лабораториялық тәжірибелер.

6-практикалық жұмыс.

§41. Металдардың табиғатта кездесуі және оларды алудың жалпы әдістері.

§42. Электролиз.

§43. Металдардың физикалық қасиеттері.

§44. Металдарға тән химиялық қасиеттері.

§45. Құймалар.

§46. Металдар коррозиясы және одан сақтандыру.

Лабораториялық тәжірибелер

VІІ тарау. Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесінің негізгі топшасындағы І-ІІІ топтарының элементтері.

§47. Сілтілік элементтердің сипаттамасы.

§48. Магний мен кальцийдің сипаттамасы.

§49. Кальций және оның қосылыстары.

§50. Алюминий.

Лабораториялық тәжірибелер.

6-практикалық жұмыс.

VІІІ тарау. Темір

§51. Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі темірдің орны және оның атомының құрлысы.

9 кестенің жалғасы  
§52. Темірдің табиғаттағ кездесуі, оны алу және қасиеттері.

§53. Темір қосылыстары.

7-практикалық жұмыс. 8-практикалық жұмыс.

ІХ тарау. Металлургия.

§54. Металлургия туралы ұғым. Осы замандағы техника.

§55. Металдарды өнеркәсіптік жолмен алу әдістері.

§56. Шойын өндіру.

§57. Болат өндіру.

§58. Металлургиядағы қалдықсыз өндіріс тауқыметі және қоршаған ортаны қорғау.

§59. Металлургиялық өндіріс қызметтерінің мамандықтары.

Қосымша.

10-жылдық 1-бөлім. І-тарау. Химияның тәжірибелерін үйрету. §1. Химиялық тәжіріибені негізгі әдістері. §2. Химиялық өлшемдердің тәжірибеде қолданылуы. Жинақтау және реттеу. ІI-тарау. Химиялық зат және оның өзгерісі. §1. Заттарды жіктеу. §2. Иондық реакция. §3. Тотығу-тотықсыздану реакциясы. Жинақтау және реттеу. ІII-тарау. Металдар және оның қосылыстары. §1. Металдардың химиялық қасиеті.   §2. Бірнеше түрлі маңызды метал қосылыстары. §3. Кең көлемде қолданылатын метал материалдар. Жинақтау және реттеу. ІV-тарау. Бейметалдар және оның қосылыстары. §1. Бейорганикалық бейметалдардың бірегейі кремни. §2. Теңіз суына жиналған элемент хлор. §3. Күкірттің және оның тотықтары. §4. Амиак, азот қышқылы, күкірт қышқылы. Жинақтау және реттеу. Қосымша Салыстырмалы атомдық масса кестесі. Ішінара қышқылдардың негіздердің және тұздардың ерігіштік кестесі (200C) Үнемі кезігетін элементтің ағылшын, қытайша, қазақша салыстыру кестесі. 10-жылдық 2-бөлім. І-тарау. Зат құрлысы элементтердің периодтық заңы. §1. Элементтердің периодттық кестесі. §2. Элементтердің периодттық заңы. §3. Химиялық байланыс. Жинақтау және реттеу. ІI-тарау. Химиялық реакция және энергия. §1. Химиялық энергия және жылу энергиясы. §2. Химиялық энергия және электор энергиясы. §3. Химиялық реакция жылдамдғы және шегі. Жинақтау және реттеу.   ІII-тарау. Органикалық қосылыстар. §1. Ең қарапайым Органикалық қосылыс – метан. §2. Мұнайдан және тас көмірден алынатын химия өнеркәсібінің екі түрлі шикі заты. §3. Тұрмыста жиы ұшырайтын екі түрлі органикалық зат. §4. Негізгі қоректік заттар. Жинақтау және реттеу. ІV-тарау. Химия мен табиғи байлықтарды ашып пайдалану. §1. Метал минералдарын және теңіз суы байлығын ашып пайдалану. §2. Байлық қайнарынан жалпы беттік пайдалану. Қоршаған ортаны қорғау. Жинақтау және реттеу. Қорытынды сөз. Қосымша Салыстырмалы атомдық масса кестесі. Ішінара қышқылдардың негіздердің және тұздардың ерігіштік кестесі (бөлме температурасында) Үнемі кезігетін элементтің ағылшын, қытайша, қазақша салыстыру кестесі.

 

Байқағанымыздай Қазақстандық химия білім мазмұны оқулықтар, оқушылар үшін жасалған жұмыс дәптері, есеп және жаттығу жинақтары және мұғалімдерга арналған әдістемелік нұсқаулар арқылы орындалады. Оқулық және мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар мұғлімдерге кез-келген технологияны және әдісті пайдалануға оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына көмектеседі. Көмектесетін басқа де қосымша әдістемелік оқу құралдары химиялық преператтар, реактивтер, көрнекіліктер, фильмдер, зертханалық материалдар, технологиялық оқу құралдары арқылы химия пәні оқытылады.

Қазақстан мектептерінде бағдарлап оқыту енгізілгендіктен және ол мектептің жоғары сатысында болғандықтан, химияны оқыту екі түрлі қарастырылған мектептің негізгі және жоғары сатыларында химия пәнінің оқытылуы бөлек болады. Қазақстан мектептерінде оқушылар химия пәні және жалпы химиялық тақырыптармен негізгі сатыда алғаш рет танысады.

Қазақстан мектептерінде орта мектептің негізгі сатысы 8-9 сыныптарды қамтиды. 5-сыныптан бастап оқылған жаратылыстану пәнінде жалпы химиялық ұғымдар туралы түсінік алған оқушылар 8-сыныптан бастап химиялық біліктілігін толықтырады. Жалпы қарағанды 8-сыныпта химиялық ұғымдар, химиялық теориялар және химиялық элементтер туралы жалпы білім беріледі. 9-сыныпта химиялық элементтер туралы білім толықтырылады, диссоциация туралы білім тереңірек беріледі. Сондай-ақ 8-9 сыныптардағы химияның базалық курсы оқушыларға жоғарғы сыныптарда химияны және жаратылыстару пәндеріноқып үйренуге қажетті химия білімінің негізін қалайды және арнайы орта оқу орындарында, кәсіби дайындық алуға мүмкіндік береді.

Енді осы екі жақтың оқулығындағы тимді де әдістемелік оңтайлы жайларды пайдаланып, педагогикалық эксперимент жүргіземіз.

Әдістемелік салыстыру мақсатына орай және алдын ала жасалған болжамды тексеру мақсатында педагогикалық эксрепименттік сабақтарын жүргіздік. Бұл сабақтарды Алматы қаласындағы № 136 мектеп гимназиясында және Қытай Халық Республикасы Шынжаң ұйғыр автономиялы районы Дөрбілжін аудандық 2-орта мектепте өткізілді. Оларды дәстүр бойынша эксперименттік топқа бөлдік. Біздігі, яғни қазақстандағы эксперименттік топқа енген 8-сынып оқушыларын оқыту Қытайдағы қазақ орта мектебіндегі химия пәніне арналған бағдарлама мен оқулық бойынша жүргізілді. Ал олардағы, яғни Қытайдағы эксперименттік топқа енген 8-сынып оқушыларын оқытуды біздегі химия пәніне арналған бағдарлама мен оқулық бойынша өткіздік. Осы кездегі бұл топтар үшін екі жақтағы бізге оң құбылыс ретінде байқалған соңғы әдістемелерді де пайдаландық. Ал, екі жақтарындағы бақылау топтарындағы сабақтар ешбір өзгеріссіз, өздерінде қалыптасқан дәстүрлі үрдіс бойынша жүргізілді.

Ал енді өзіміздегі химия пәнін оқыту үрдісі белгілі болғандықтан, олардағы 8-сыныпқа арналған сабақтың бір сағаттық үлгісін және оны жүргізу кезіндегі кейбір көріністерден шағын үзінді келтірейік. Сонымен, химия сабағы 45 минут жүреді және оны шартты түрде алты түрлі деңгейге немесе амалға жіктеуге болады.

- мақсатты көрсету, мұнда оқушылардың нені оқитыны, оның не үшін керектігі және оларды игеру үшін не істеу керектіг жан-жақты баяндалады. Мұны түсіну, есте сақтау, қолдану сияқты ішкі үш сатыға бөліп айтуға болады. Мұның бәріне 2-3 минут уақыт жетеді.

- алдын ала тексеру, яғни болжам қойып тексеру арқылы оқушылардың жалпы білім деңгейі мен білігін тексеру. Мұндағы басты мақсат, сабақты неден және қалай бастауды анықтап, оқытушы өзі үшін өтілетін сабақ мазмұнын айқындау. Бұған 3-5 минут уақыт жұмсалады.

- қойылған мақсатқа жеткізіп оқыту. Бұл сыныптағы негізгі түйін. Мұнда оқытудың ең соңғы да тимді, түсінікті де жеңіл әдістерімен қатар әрбір оқушының жеке қабілеті мен жас ерекшелігін, шәкірттің ішкі дайындығын ескерген ләзім. Жұмсалатын уақыт 20-25 минут шамасында.

- Қалыптастыру кезеңі. Мұнда өтілген жаңа сабақты оқушылардың игергенін не игермегенін тексереді, яғни оқушылардағы білімнің белгілі бір дәрежеде қалыптасқанын байқау. Бұл сұрау, сырласу, әңгімелесу, пікір алысу түрінде жүргізілетіндіктен, ол қайталау арқылы білімді толықтырады, орнықтырып 10-15 минут жұмсалады.

- Бұл басқыш алдыңғының жалғасы іспеттес. Мұндада сұрау қою арқылы жаттығу жүргізеді. Нәтижеде білім мазмұны қайталанып, қалыптасу реті түзетіледі, толығады. Бұған да 5-10 минут қажет.

- Жоғарғы дәрежелі оқыту. Мұндағы берілген сауалдар, алдында не сабақ кезінде берілген білімге тірек жасай отырып, біршама күрделі құралады. Демек, бұл сауалдар оқушылардан өзіндік шығармашылықты талап етеді. Қайталау түріндегі осы деңгей кезінде, жақсы игерген, орташа игерген, әлсіз не сенімсіз игерген оқушылардың ойын, пікірін араластыру арқылы олардағы орташа мәнге, яғни жоғарылау білімге ұмтылады. Бұған 3-5 минут жұмсалады.

- Осы деңгейлер мен ондағы берілген уақытқа сайкес, төмендегі Қытай оқулығы мазмұнда орналасқан бесінші тараудың бесінші тақырыбана (Көміртек (II) оксидіне) арналған бір сағаттық сабақтың толық үлгісін жасап, оны қосымшада бердік те, нақ осы арада одан мысал ретінде шағын үзінді келтірдік. Ол негізінен үш бөліктен түрады:

1. Оқыту нысанасы.

- Көміртек (II) оксидінің (CO) физикалық қасиетін түсіну, оның оттегі газымен, метал тотықтарымен болған реакциясы және CO газының улы газ екенін, ауаны ластауы жөнінде екенін білу.

- CO газын сутегі газы, көміртегі қатарлы заттар мен салыстырып оқыту, осы арқылы оқушылардың дұрыс үйрену әдісін, ойлану қабілетін арттыру.

- Оқушыларға жалпылық және даралық дүниетанымдық тәлім-тәрбие мен қатысты рта қорғау тәрбиесін орнату.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Оқытудың маңызды және қиын түйіні:

Маңызды түйін: CO газінің химиялық қасиеті;

Қиын түйін: CO газының метелл тотықтарымен болған реакциясы.

Оқыту әдісі.

Реакция мен тірбие бірге, жалпылық оқыту әдісі.

Оқыту құралы.

Оқыту барысы.Бұл мұғалім мен оқушының бір сағаттағы іс- қимыл, яғни оқытушының іс- әрекеті; Оқыту мазмүны; Оқушының іс- әрекеті. Осыған төмендегідей қысқаша түсіндірме берілді (Кесте 10).

Ғылыми зерттеу жұмысы барысында жеке оқушының білім дәрежесі, мектептегі педагогикалық үрдісі және жалпы білім беретін мектеп бағдарламасының химиялық білімді оқытуға байланысты туындайтын талаптарының орындалуы да талданады. Сабақ кезінде менсыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы химия негізін ұғындыруға арналған жаңа технологияларды қолдану мақсаты орындалады.

Педагогикалық оқыту эксперименті кезінде әр тақырыптан кейін оқушылардың материалды қандай дәрежеде немесе деңгейде, яғни қаншалықты меңгергенін бақылау үшін (бақылау қиындысын), жеке дидактикалық карточкалармен жұмыстар жүргізіп, олардың нәтижелері қортылып отырды. Мұндай карточкаларды пайдалану біріншіден, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, екіншіден, қисынды ойлау жүйесі, реті дамиды, үшіншіден, қабылданған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына мүмкіндік береді.

Кесте 10.

Сабақ оқыту барысы

 

Оқытушының іс-әрекеті Оқыту мазмұны Оқушының іс-әрекеті
     
Кіріспе     Тақтаға жазу   Мазмұны Откен сабақтар көміртектің (IV) жиі кездесетін оксидін, оның қасиеті мен және қолдануымен таныстық. Енді біздер көміртектің басқа оксидімен, яғни көміртек(II) оксидімен танысамыз... Сабақтың тақырыбы, жоспар жазылады Бұған дейінгі біздер көміртек(II) оксидін арнайы оқымасақ та, оны күнделікті тіршілікте жиі кездестіреміз. Оны иіс газы, шамалы тотық, Өткенді еске алып, жаңа тақырымқа көңіл аударады     Еске алу, тыңдау    
Сұрақ   Тақтаға жазу Сұрақ   Тақтаға жазу ... улы газ депте айтады... Көміртек оттекте шала жанса, яғни толық тотықпаса, қандай қосылыс, не зат түзіледі? С + О2 = СО2 Жоғары температурадағы көміртек (IV) оксиді мен көміртек арасында қандай реакция жүріп, тағы қандай зат түзіледі? СО2 + С → 2СО ... Жауап берді   Ойлану   Көру, ұғыну, еске сақтау ...

 

Date: 2016-06-06; view: 600; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию