Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жүргізілген эксперименттің нәтижелері 2 page





1.1 Жалпы ерекшеліктер.Бір пән туралы, бір тілде жазылған оқулықтан бірінші байқағанымыз, ол шамалы болсада кейбір жекелеген сөз, ұғым арасындағы диялектикалық айырмашылықтардың кездесуі. Мысалы, біздегі оксид сөзін олар тотық деген, зерделеу, пайымдау дегенді, парықтау деп атаған; жиі деген сөзді үнемі, тұндыру ұғымын сүзу, жүзгінді, суспензия деп атаған және т.б. Оларға түсінікпен қарап кейбір түзетулер алып барылды.

Сол сияқты бізде (кесте 6, бірінші бағана) тоғыз тарау 53 тақырыпқа таралып берілсе, ҚХР оқулыгы (кестедегі бірінші бағана онекі тарау 36 тақырыпқа бөлінген. Есесіне ҚХР оқулығы (кестедегі екінші бағана) тәжірибелік жұмыстар көбінде сабақ өту барысына көрсетілу көп негізге алынғын. Ал ҚХР қазақ оқулығындағы мынадай бірнеше тақырыптар Қазақстан оқулығанда жоқ. Мысалы: Бірінші мазмұндық бөлігіндегі 2-тақырыпты химия-тәжірибені негіз ететін ғылым, 3-тақырыбы химия тәжірибеханасына қадам; Төртінші мазмұндық бөліктің 2-тақырыбы ион; Алтыншы мазмұндық бөлік. Көміртегі және оның қосылыстары анық түсіндірілмеген; Жетінші мазмұндық бөліктің 1-тақырыбы жану және өртті сөндіру, 2-тақырыбы жанар зат және жылу мөлшері, 3-тақырыбы жанар заттардан пайдаланудың ортаға ықпалы; Он екінші мазмұндық бөлік 1-тақырыбы адамзаттың маңызды қоректік заттары, 2-тақырыбы химиялық элементтер және ажам денсаулығы, 3-тақырыбы органикалық синтездік материялдар. Керісінше, біздегі мына тақырыптар ҚХР қазақ оқулығында жоқ. Мысалы: §17. Зат мөлшері. Моль, мольдік масса; §23. Химиялық элементтердің жылу эффектісі; §38. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы; §46. Тотығу дәрежедесі. VIII тарау. Авогадро заңы. Газдардың мольдік көлемі және IХ тарау. Галогендер – бұлардың барлығы келесі (10) сыныпта өтіледі.

1.2Теориялық деңгейіндегіайырмашылықтарды салыстырғанда төмендегідей ерекшеліктерге ие болған (Кесте 7):

 

Кесте 7.

Теориялық деңгейдегі айырмашылықтарды салыстыру

ҚР оқулығында ҚХР оқулығында
Атом – заттың химиялық бөлінбейтін ен ұсақ бөлшегі. Атом – химиялық өзгеріс барысындағы ең кішкене бөлшек.
Молекула – құрамы мен химиялық қасиеттері заттың өзімен бірдей болып келетін көптеген заттардың ең ұсақ бөлшектері. Молекула – заттың химиялық қасиетін сақтайтын ең кішкене бөлшек.
Химиялық элемент – атомдардың белгілі бір түрі. Химиялық элемент – ұқсас ядро заряд санына (яғни ядродағы протон санына) ие атомдардың жалпы аталуы.
Күрделі зат – әр түрлі химиялық элементтер атомдарынан түзілген заттарды күрделі заттар дейміз Қосылыс – ұқсамаған элементтерден құралған жай зат қосылыс деп аталады.

 

1.3 Оқулықтағы берілген заңдардың саны мен берілетін анықтама, түсінік, ұғым, ұстаным мазмұндары түрліше. Бізде “Зат құрамының тұрақтылығы заңы”, “Заттар массасының сақталу заңы”, “Д.И.Менделеевтің периодтық заңы”, және “Авогадро заңы” сияқты бірден төрт заң мазмұндалса, ҚХР оқулығында “Зат құрамының тұрақтылығы заңы”, “Массасының сақталу заңы” сияқты заң мазмұнын қарастырылады.

1.4 Деректі материялдар. ҚХР оқулығында атом құрлысын түсіндіргенде, мысалы атомдар қарапайым да бөлуге болмайтын іші бітеу шар дене болмастан, қайта атомның центірі орналасқан оң зариядта атом ядросы мен ядроның сыртындағы теріс зариядты электрондардан құралатындығын айта келе, атомның құрам схемасын сурет арқылы, ал атомды құрайтын бөлшектердің электрлігімен массасын, сондай-ақ, бірнеше түрлі атомның құрлымын кестемен салыстырып түсіндірген. ҚХР оқулығында валенттілікті оң және теріс зарядпен зариядталған санмен көрсетілсе, біздердегі оқулықта рим цифрімен таңбаланған. Сол сияқты ҚХР-оқулығында ерігіштік қасиеті сызба-сурет түрінде өрнектелсе, бізде ол мүлдем берілмейді.

1.5 Тәжірибелер. ҚХР оқулығындағы тәжірибе жасау жұмыстарының саны біздің оқулықпен салыстырғанда біршіма көп. Ондағы тәжірибелер көрсетпелі (көрнекті) тәжірибе, оқушылар тәжірибесі, үйден оқушылардың өздері жасауға арналған шағын тәжірибе және таңдамалы тәжірибе болып бөлінеді. Бірақ көбінде көрсетпелі тәжірибені негіз еткен. Ал жоғарыда айтылған соңғы екі тәжірибе түрлі ҚР оқулығында кездеспейді және оқулықта тәжірибе саны аздау.

1.6 Оқулық құрылысы. Кесте 6-данбайқауға болады. ҚХР оқулығында қайсы бір тараулар мен тақырыптардың орындары, орналасу реті алмасқан. Бұған мына төмендегідей мысал келтіруге болады.

1.6.1 Оқулықты қалай пайдалану керек. Бірінші мазмұндық бөлік химия дүниесіне қадам. 1-тақырып заттардың өзгерісі және қасиеті, 2-тақырып химия – тәжірибені негіз ететін ғылым, 3-тақырып химия тәжірибеханасына қадам.

1.6.2 Біздегі екінші тарау оттегіне, оксидтерге, жануға арналған алты тақырыпты мазмұндаса, ҚХР-дағы нақ осы екінші мазмұндық бөлікте ауа, оттегі және оттегін алу сияқты үш тақырып мазмұны ашылған.

1.6.3 Біздегі әрбір тарау соңында тұжырымдама берілмесе, ҚХР- оқулығында әрбір тараудан соң қосымша қортынды келтіріледі. Бұл жай әдістемелік тұрғыдан алған дұрыс шешім, өйткені оқушы екінші рет оқиды, көңіл аударады, негізгі мазмұнды қабылдайды.

1.6.4 Бұрында айтылғандай оларда зертханалық жұмыстардың түрі мен саны басымдау, әрине бұл да өзінің оң әсерін қалыптастырады. Сол сияқты олар әрбір тараудағы тақырыпты бөлек нөмірлесе, біздердікі оқулық тізе, бір реттілікпен нөмірленген және саны 53 тақырыпқа тең. Мұныңда дұрыс екендігі айқын.

Жалпы сағат саны.Қазіргі ҚХР қазақ орта ҚХР мектебіндегі сабақ бағдарламасыбойынша отілетін сағат саны(Кесте 8).

 

Кесте 8.

Бағдарлама бойынша сағат саны айырмашылықтары

 

Сыныптар Сағат саны
ҚР ҚХР
Апталық сағат Тәжірибе сағат саны Жалпы сағат саны Апталық сағат Тәжірибе сағат саны Жалпы сағат саны
8-сынып              
9-сынып       2/5    
10-сынып 2/1   68/34      
11-сынып 2/1   68/34 3/5   72/120
               

 

Қытай қазақ оқулығанды ең алдымен әлемдегі заттардың өзгерісте болатынын, олардың өздеріне тән көрсететін химиялық, физикалық қасиеттері болатынын. Жалпы химия ғылымы тәжірибені негіз ететінін айта келіп химия тәжірибеханасында ең оңай деген бірнеше мазмұнды түсіндіре кетіп, онан кейінгі мазмұндық бөлікте ауаны, оның құрамы мен физикалық қасиеттерін түсіндіреді. Онан кейін ауаның күрделі екендігін дәлелдей келіп, оның құрамына енетін оттегіні бейнелі сипаттап, қасиетіне тоқталады. Осы кезде судың құрамы және атом мен молекуланы түсіндіреді де, олардың химиялық формуласы мен, таңбалану ретімен таныстырады. Сосын дәл осы рет бойынша сумен, оның құрамы мен қасиеттеріне тоқталып, оның құрамындағы сутегін жеке бөліп алады да оның қасиетімен, атомдық және молекулалық таңбасмен, формула арқылы өрнектеу тәжірибемен тиянақты таныстырады. Көміртек элементін мысалға алсақ, мұнда да яғни физикалық және химиялық қасиеттері; көміртегінің жай заттары: Көміртегінің тотықтарымен бірге, атомдық, молекулалық таңбасын, химиялық формуласымен жеке-жеке тиянақты таныстырылған соң, жанар зат және оны пайдаланудың ортаға ықпалы, сондай-ақ, металл, металл материалдары және металл байлықтарын пайдалану, оны қорғау мен таныстырады. Соңында адамзаттың маңызды қоректік заттарын, химиялық заттар мен адам денсаулығы тақырыбында және органикалық синтездік материялдар туралы қысқаша таныстырған. Жалпы мұндай жай заттан күрделіге, қарапайым ұғымнан жалпы тұжырымға дейін ұластыру оң нәтиже береді. Мұндай тимді әдістемені пайдалана білу өз жемісін берері даусыз. Оны жаңа оқулықтарды дайындау кезінде ұтымды пайдалана білген тиімді.

1.7. Оқулық мазмұны. Мұнда да келтірілген кесте 6-ға сілтеме жасап күллі оқулық мазмұнын қарастыра бермей, тек мазмұндағы әдістемелік ерекшеліктерге барынша ықшамдалған, мағынасы жинақы, ойы шымыр, ұстанымы нық сәттерге ғана тоқтағанды жөн көрдік. Сонымен қатар шағын шолуымызды олардығы, яғни Қытайдағы немесе кестедегі екінші бағана бойынша жүргіздік. Бұрында да айтқанымыздай кейбір әдістемелік мағынасы бар көрсетпелі тәжірибелер мен сұлба – сызбаларды қосымшада келтіріп, қалғандарына назар аудармадық. Ал өзіміздікін қарастырмадық та, өйткені ол өзімізге белгілі және оны кез келген сәтте әр кім өзі бағдарлай алады.

Сонымен кіріспеде басталатын оқулықтың бірінші мазмұндық бөлік үш тақырыптан құралған, онда әлемдегі алуан түрлі материалдардың дүниенін құрайтынын, сол заттардың және олардың өзгеріс ерекшеліктерін тану табиғи құбылыстары мен заңдылықтарын ұғынудың маңызын түіндіру арқылы заттың химиялық қасиеті мен физикалық қасиеттеріне тоқталады. Химия – тәжірибені негіз еткен ғылым екенін, химиядағы көптеген ірі тақырыптар мен табыстар тәжірибе арқылы қолға келетінін өте ұғынықты тілде түсіндіру арқылы химия тәжірибеханасына қадам жасайды. Яғни, тәжірибе – ғылыми іздену-зерттеудің маңызды тәсілі, химияны үйренуде химия тәжірибеханасына сөзсіз қадам тастау шарт екенін, үйткені химия тәжірибеханасы ғылыми іздену – зерттеу жүргізетін маңызды орын, онда көптеген аспаптармен реактивтерді пайдаланып заттарға және олардың өзгеру қасиетттеріне зерттеу жүргізілетіні түйінделе келе оқушылардың химияға деген қызығушылығын арттырған.

Екінші мазмұндық бөлік үш тақырыптан құралған, ауа және оның құрамына арналады, онда шағын қорытындылар, көрсетпелі тәжірибелер, кейбір реакция теңдеуі де берілген. Ауа, оттек, азот және сирек кездесетін газдар жайлы мәлімет келтірілген. Оттектің физикалық өзгерісінен физикалық қасиеті, химиялық өзгерісі мен химиялық қасиеті баяндалып, көміртек, фосфор элементтері мен парафиннің оттекке жануы, баяу жану мен тез жанып, қопарылыс беретін, оттекті зертханада және өнеркәсіпте қалай алатыны, ондағы жаңа кейбір реакциялар беріліп, оттектің маңыздылығы мен қолданылуы баяндалады, сонымен бірге ауадағы оттегі мен азотты ауадан бөлу әдісін түсіндіреді. Бұған орай осы тарауда тотығу реакциясына, қосылу реакциясына және катализаторға анықтама берілген.

Үшінші мазмұндық бөлік төрт тақырыптан түрады, су мен судың құрамындағы сутек атомдарына арналған алты тақырыпты қамтиды және оларды төрт деңгейдегі мазмұн арқылы баяндайды. Оны мынадый жүйеге топтастырған. Әуелі деңгейдегі мазмұндауда адамзат өміріндегі судың маңызына, құрамына, элементтер кестесіндегі бірінші элемент – сутекке баса назар аударса, келесі деңгейдегі мазмұндауда судың құрамындағы сутекпен оттек элементіне, олардың сутектен бөліну реакциясына, сутекті зертханада алу жолдарымен кипаппаратының құрлысына, оның жұмыс жүйесіне көңіл бөлінген. Ал үшінші деңгейдегі мазмұндауды алдыңғы ойларды әрі жалғастырап әрі толықтырып әрі ондағы ұстанымдарға тірек жасай отырып күрделендірген. Онда орын басу реакциясы сутектің электорлы құрлысы, валенттілік мазмұндалған. Соңғы деңгейдегі мазмұндауды сутек, литий, натрий және аргон сияқты элементтердің электрондық құрылысына, сыртқы электрондық қабатының тұрақты болу шартына, иондық қосылыс пен ортақ, біздіңше коваленттілікке баса көңіл бөлініп, тұжырымдар берілген. молекула, атом, элемент және оның таңбасы, химиялық формула және оның негізінде молекулалық массаны есептеу жүйесі туралы бірнеше деңгейдегі мазмұндаудан тұрады. Бірінші деңгейдегі мазмұнға сәйкес молекула, атом, элемент таңба, формула жайлы алғашқы элементтермен түсініктер берілген.

Төртінші мазмұндық бөлікболса олда төрт тақырыптан құралған болып, мазмұнды атом құрлысы, ядро, электрон, протон және нитрон сандарының арасындағы тәуелділікпен байланысты, сандық қатынасты, сол сияқыт сулба түрінде берілген заттан пратон, нитронға дейінгі табиғи байлнысты жатқызуға болады. Бір не бірнеше атомнан тұратын молекула және күрделі зат молекуласы, формула бойынша валенттілікті анықтап, есептеулер жүргізу жолдары мазмұндалады. Атомдағы электрон мен ядро, ядродағы нитрон мен пратон, салыстырмалық масса туралы ұстанымды түсініктер мен тұжырымдар беріліген. Әлбетте, бұлар білім мазмұнын айқындай түсетін әдістемелік ерекшелктерге енеді.

Ал келесі бесінші мазмұндық бөлік химиялық теңдеулерге қатысты зат массасының сақталу заңы, химиялық теңдеулердің түрі мен сипаты, химиялық теңдеулер бойынша есептеулер жүргізу жолы мен амалдары және шағын қортындыларға арналған. Олда төрт деңейде мазмұндау арқылы баяндалған және де оны мынадый қортынды сулба ретіндегі қортынды мазмұн түрінде берген. (4-кесте) мұныда мазмұндаудағы сәтті әдістемелік шешім деуге болады.

 

 

Сурет -3 Химиялық реакция теңдеуіұғымынығ айырмашылықтары
Әрбір химиялық реакцияның нақтылы мағынасын, жүру ретін, табиғатын бейнелейді.
Қамтылатыны: 1-реагент пен өнім; 2-әрбір зат арасындағы массалық байланыстар; 3-реакция шарты; 4-валенттілік.  
Химиялық теңдеу  
Нені көрсетеді: химиялық реакцияны; реакция түрін, типін; Есептеу амалы.  
Теориялық негізі – ол массаның сақталу заңы мен эквиваленттілік  

 


Алтыншы мазмұндық бөлік өзінің мазмұнына үш тақырыпты қосатын көміртек элементі мен оның қосылыстарына арналған. Онда көміртегінің аллотропиясы, мысалы: алмаз– оның қасиеті (м: әйнек кесетін пшақтың ұшында кішкене ғана алмаздаң орнатылуы, оның табиғи күйінде сақталған ең қатты зат екенін т.б. қасиеттерімен таныстырылған); график– оның қасиеті (м: график электроды немесе қарындаш өзегін өткізгіш сымға жалғайық, электр көзіне жалғанғаннан кейін, лампаның жану-жанбауын тексеру тәжірибесін жасағанда лампаның жанғанын көруге болады. Міне бұл графиттің электр тогын тамаша өткізетін қасиетін түсіндіреді және қарандарш өзегін тек графиттен жасалынғанда қарандыш өзегі оңай сынады әрі оңай ұсатылады. Сондықтан, өндіру барысында графит ұнтағына сағыз топырақ қосу арқылы оның қаттылығын арттыралды). Міне осыдан қасиеттерін түсіндіре келе, алмаз бен графиттің көміртегі атомының орналасуы ұқсамағандықтан, олардың физикалық қасиеттерінде орасан зор парық бар екенін дәлелдеген; аморфты көміртегі - әдетте ағаш көмірі, кокс, активтенген көмір, күйе сияқтылар аморфты көміртегі делінеді. Жарымына дейін су құйылған коныс тәрізді кішкене шөлмекке бір тамшы қызыл сия тамыздарыланда, су қызыл түске өзгереді. Одан соң бірнеше кесек ағаш көмірін (активтенген көмір) салып, ақырын шайқағанда ерітінді солғынданып түссізденгендігін көруге болады. Міне бұл ағаш көмірінде адсорбциялану қабілеті бар екенін дәлелдейді; Қарадәрі– қытай елінің ертедегі төрт ірі тапқырлығының бірі. Агаш көмірі, күкірт ұнтағы және азот қышқыл калиді (KNO3) белгілі қатынас бойынша қосу арқылы қара дәрі жасауға болады. Қара дәрі қоспа зат, ол от алғанда реакция сұрапыл жүріліп көп мөлшерде газ пайда болады, әрі көп мөлшерде жылу бөлініп шығарады да, газ күйдегі түзілген заттың көлемі кенет ұлғайып, қара дәрі көлемі екі мың есе ұлғаяды. Қопарылыс жасаған кезінде қатты күйдегі түзілген заттың микробөлшектері газдың ішіне таралып қою түтін пайда қылады. Көміртегінің екі түрлі тотығы (м: СО, СО2), олардың физикалық, химиялық қасиеттерімен табиғатта кездесуі мазмұндалады. Сол сияқты көміртектің оттекпен шала тотықпен және металл тотығымен, атап айтқанда мыс тотығымен әрекеттесу реакциялары талданған. Әдістемелік тұрғыдан қарастырғанда, аталмыш тараудың біздегіден екі ерекшелігі байқалады. Бұл тарауда органикалық қосылыстар туралы алғашқы әлеметтер беріліп, метан, спирт, сірке қышқылы химиялы және физикалық тұрғыдан сипатталып, тас көмір мен мұнай жайлы баяндалады. Осы арқылы органикалық заттардың ортақ қасиеттімен таныстырады. Ал екінші ерекшелікке түрлі жағдайға арналған көрнекілік тәжербиелерін жатқыздық. Олар бес түрлі, әрі нанымды, әрі табиғатта байқалатын, әрі тәжербиені жүргізуге жеңіл, әрі көрнекі. Оларды қосымшада келтіріп, әзірше тек мазмұнын атап өтейік. Сонымен бірінші тәжірбиеде көмір қышқыл газының ауадан ауырлау екендігін таразыда өлшеп көрсетсе, келесіде осы газдың жануды қолдамайтындығы дәлелденеді,үшіншіде айғақкер қағаз лакмус қағазы (индикатор) көмегімен сынап, оның қышқылдық сипатта болатындығы нұсқалады, төртінші тәжербиеде көмір қышқылын қыздырғанда сумен газға ыдырайтындығы көрсетілсе, соңғы тәжербиеде қалайша жасанды жолмен жаңбыр жаудыруға болатындығы көрсетілген.

Жетінші мазмұндық бөлік үш тақырыптан тұрады. Бірінші тақырып жану және өртті сөндіру болса, екінші тақырып жану жанар зат және жылу мөлшері, үшінші тақырып жанар заттардан пайдаланудың ортаға ықпалысияқты тақырыптар. Бұл мазмұндық болікті қортындылағанда жанудың үш шарты мен өртті сөндіру қағидасы сондай-ақ, жанар зат энергия қайнарындағы бір түрі. Адамдар жанар заттарды пайдалануда жанар заттардың жану реакциясы бөліп шығырған жылудан пайдалану. Жылу тұрмыс пен өндірістің көптеген жақтарына пайдаланылатыны және жанар затты таңдауда байлық қайнары, экономика, техника және орта сияқты көп жақты бірге ойластыру тиіс, әсіресе байлық қайнарын қорғау және жану өнімдерінің ортаға жасайтын ықпалы мәселесіне назар аудару тис екендігі қарастырылған.

Сегізінші мазмұндык бөлікүш тақырыптан құралған. Бірінші тақырып метал материалдарына араналса бұнда металдардың көптеген физикалық ортақ қасиетке ие болатындығы, метал материалдар темір, алюминий, мыс сияқты таза металдармен қортпаларды қамтитыны жайында айтып металға кейбір металдарды немесе бейметалдарды қыздырып балқытып қосқаннан кейін қортпа алынатындығы әрі оның қасиетінде өзгеріс болатындығы айтылған. Осы негізде қортпалар жайында тоқталып отсек.

Шойын мен болат – екеуі де бір элемент – темірден тұлғанымен олардың қасиеттері, әсіресе физикалық қасиеттері өзгеше болады. Оның басты себебі, шойын мен болаттың құрамындағы көміртек элементінің түрлі шамада болуында. Егер темір кенінен балқытып алынған металл құймасындағы көміртек мөлшері 2 пайызға дейін болса, болат, ал 3-4пайыз болса шойын дейді. Темір кенінен шойынды балқытып алудың негізгі реакциясы– жоғарғы температурады темір тотықтарын көміртек (ІІ) тотығымен тотықсыздандыру. Ал шойын балқымасынан болатты алудың негізгі химиялық реакциясы– әлі балқып тұрған шойын балқымасына оттекті үрлеп немесе темір тотығын қосып, оның құрамындағы – көміртекті газға немесе басқа қосымша қосылысқа – айталық пеш қоқысына– қозға (шлакқа) – айналдырып, көміртек мөлшерін азайту. Темірдің қасиеттері сан алуан реакциялар арқылы көрсетіліп, өндірістегі орны айтылып, оны таттанудан, каррозиядан – жемірілуден қорғау, оның алдына алу мәселесі нанымды мазмұндалған, Ал бұл тақырып біздегі 9– сыныпта қарастырылған. Екінші тақырып металдардың химиялық қасиетінде, көптеген металдар оттегі, тұз қышқылы, күкірт қышқылы сияқтылармен реакцияласатындығы, бірақ реакцияның қиын оңаайлығы мен сұрапылдық дәрежесінің ұқсамайтындығы, бір түрлі жай затпен бір түрлі қосылыс реакцияласып, басқа бір түрлі жай затпен басқа бір түрлі қосылыс түзетін реакция орынбасу реакциясы деп аталытындығын және металдардың тұз қышқылымен, сұйық күкірт қышқылымен реакциясы, сондай-ақ темір мен күкірт қышқыл мыс ертіндісінің реакциясы сияқтылардың бәрі орынбасу реакциясына жататындығы сонымен қатар металдардың активтік қатарын оның металдардың ертіндіде орын басу реакциясын тудыра алу-алмауына тұжырым жасаудың негізі екендігі қарастырылған. Үшінші тақырып метал байлығынан пайдалану және оны қорғау. Темірге негіздей отырып, темір рудасынан темір қортыудың күрделі барыс екенін, оның негізгі реакция қағидасы жоғары температурада көміртек тотығы темір рудасындағы оттегін тртып алып темірді тотықсыздандырып шығаратындығы, темірдің таттануының бсты шарты ауа мен және сумен тіклей жанасу, егер ауа және судан бөлектесе, темірдің таттануынан белгілі дәрежеде сақтануға болатындығы. Болат-темірдің сыртын майлау сырлау, үйкеліске және коррозияға төзімді хром жалату сондай-ақ коррозияға төзімді тат баспайтын болат сияқты қортпаларды жасау арқылы болат-темірдің таттануынан сақтануға болатындығын айта келіп метал байлығын қорғаудың өнімді жолы металдардың коррозиялануынан сақтану, жарақсыз металдарды қайта жинап пайдалану, үйлесімді, өнімді түрде кен ашу, сондай-ақ металдардың балама бұйымдарын табу сияқты мазмұндар қамтылған.

Date: 2016-06-06; view: 556; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию