Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жүргізілген эксперименттің нәтижелері 1 page





Бірінші тарауда айтылғандармен қазіргі жағыдайды талдап, саралай келіп, біздер жалпы Қытайдағы өткен,яғни ХХ ғсырдағы білім беру жүйесін өзімізше шартты түрде болса да үш кезеңге бөлдік: бірінші кезең – Қытай Халық Республикасы орнағанға (1949)дейінгі; екіншісі осыдан кейінгі және үшіншісі –әлемдегі болып жатқан саяси экономикалық өзгерістермен бірге келіп,орныға бастаған кезең (1980-1990)[56,57,58,59].

Біріншікезеңді ХІХ ғасырдың соңғы жылдарынан бастадық, өйткені осы тұста жаратылыстану пәнінің құрамына енетін химия пәні өз ерекшелігімен жеке бөліне бастайды. Бұрын ретсіз орналасқан пәндер, чин империясы билік жүргізген кезде жүйелене бастайды. Орта мектептің оқу мерізімі бес жыл болып, осы уақытта химия сабағының апталық жүктемесі орташа есеп бойынша 4 сағат болды. Мысалы, 1922 жылы 6 жылға өзгерді. Мұнан кейінгілерін кесте 4-ден байқауға болады.

Мұндағы А және Б мектеп екі топқа бөлініп, бірінші топта, яғни А тобында химия пәні аптасына 5 сағат, екіншіде-4 сағат екендігін көрсетеді және де бұл сабақтар екінші жылынан басталады. Ал жақшадағы сандар біздегі сыныптарға сәйкес, шамалас.

 

 

Кесте4.

Екінші кезеңдегі химия пәні

Жыл Орталау мектеп, сынып Орта мектеп,сынып
1(5) 2(6) 3(7) 1(8) 2(9) 3(10)
             
    4/3     7/6  
             
            A5,Б4
             

 

Екінші кезең. Бұл кезең елдегі билік өзгерісіне тікелей байлансты, оны әлемдегі оқу үрдісіне бағытталу кезеңі десе де болады. Қытайдың саяси-әлеуметтік, экономикалық жүйесіне түбегейлі әсер еткен КСРО мұраты-идеологиясы ағарту жүйесіне де орасан зор ықпал етті. Нәтижеде олар сол КСРО бағдарламасы мен оқулықтарын негізге алып, өздеріндегі ерекшеліктерін ескере отырып, елдегі білім беру жүйесін әрбір бес жылдық сайын, тіпті кейде әрбір жыл сайын жетілдіре өзгертіп отырады. Мұны біздер кесте 5-те жинақтап, келтірдік. Онда да жақшадағы сан біздегі сыныпқа шамалас, ал Е-ескертуді білдіреді.

 

Кесте 5.

Екінші кезеңдегі химия пәні, оған бөлінген сағаттық жүктеме

 

Апталық сағат жыл Орталау мектеп Орта мектеп Жүктеме жиыны сағат Жүктеме үлесі %
1(5) 2(6) 3(7) 1(8) 2(9) 3(10)
                5,6
                6,3
      2/3         5,0
                5,9
1963-Е1               6,2
1978-Е2               7,2
1981-Е3               6,9
1981-Е4               7,8
1981-Е5               5,2

 

Осы кесте 5+ да көрініп тұрғандай қытайдағы орта білім жүйесіндегі пәндер арасында химия үлесі айтарлықтай екендігін байқаймыз. Оған жалпы жүктемеден 288-432 сағат аралығында бөлінген және оның үлесіне 5.7-7.8% келеді. Мұндағы келтірілген әрбір жылда оқу жүйесіне едәуір өзгерістер енгізілген, ал E1-E5 пен ескертілген жылдары түбегейлі реформмалар жасалған. Мысалы, E1-ескертуін алайық, 1963 жылы жалпы оқу мерзімі 12 жыл болатын орта білім беру жүйесі бастауыш, орталау және орта білім болып жіктелді және жаратылыстану сияқты бағыттағы пәндер тиесілі жүктемелік сағат санының өзара қатынастары мен оларға үйлесімді жүретін құбылыстар да өзгерді. Ал 1978 жылы қайтадан он жылдық білім жүйесіне ауысып,бастауыш мектеп пен орта мектептің оқу жоспары жетілдіре өзгертілді. Үшінші ескертуге сәйкес келетін 1981 жылы күрделі реформалар жүргізілді. Айталық, әуелі алты жыл оқитын орта мектептің(Е3) оқу жоспары өзгертілді, сосын нақ осы жылы бұл жоспар екі топқа не деңгейге бөлінді(Е4 Е5). Оған сәйкес оның бірінші деңгейінде жаратылыстану пәндеріне басымдық берілсе, яғни 432 сағат не 7,8% үлес еншілесе (Е4), екіншісінде саяси- қоғамдық пәндерге басымдық беріліп, яғни химия үлесі азайды, яғни 5,2 пайыздық үлестегі 288 сағаттық жүктеме (Е5). Сонда осы екі бағытта білім беретін жекеленген немесе бағытталған мектептер жүйесі пайда болды.

Үшінші кезең. Бұл кезең сол 1981 жылы басталып, 1985жылы айқындала келіп, онан дами отырып, өз бағытын қалыптастырады да 1990 жылдары орнықты. Демек, осы кезең қалайша ұзаққа созылып басталса,ол солайша нық та тұрақты жүруі керек. Ол әлемдік білім жүйесіне кіріккен, одан оң тәжірибені қабылдай отырып, оңтайлы дамуы керек.Бұған дәлел ретінде екінші кезеңге қатысы бар 6-кестедегі 1981 жылғы деректі келтіруге болады. Елдегі білім беру жүйесін осы бағытта дамытты, ондағы жалпы жүктемелі сағат саны мен үлесі, орта білім беру жүйесіндегі екі бағытта 1985-1990 жылдар бойы сақталып, жіктеліп, дамып келді. Ал енді біздер осы кезеңге қатынасы бар, орта білім беру жүйесіндегі химия пәнінің оқыту мәселесіне тоқталайық. Ол үшін химияны оқыту мазмұны мен әдістемесін алайық.бұрын да айтылғандай оқыту мазмұны мен әдістемесінің арасындағы байланыс – аса маңызды да табиғи ішкі бірлікте болатын әрі философиялық, әрі психологиялық, әрі педагогикалық құбылыс. Оларды бөле қарау мүмкін емес. Өйткені мазмұнсыз әдістеме жоқ, әдістемесіз мазмұн жоқ. Олар бірін бірі туындатады, толықтырады және дамытады.

Химия пәнін оқушылар өз деңгейінде жақсы меңгеру үшін пән мазмұнын баяндау әдісінің маңызы зор. Оқытудың ең маңызды құралы –оқулық. Өз кезегінде оқулық мазмұны оқу бағдарламасына, оқу стандартына, оқу сұранысына, елдегі саяси –әлеуметтік, экономикалық жағыдайына, елдің білім деңгейі мен сол білімге деген көз қарасына және т.б. тәуелді.

Өткен ғасырдың бел ортасында өз билігін орнатқан ҚХР ел экономикасын жөндеу мен қатар білім жүйесіне де баса көңіл бөлді. 1952 жылы алғашқы рет химия пәнін оқыту бағдарламасы жасалды. Әрине, ол ең әуелі ҚХР тәжірибесіне сүйенді. Осы бағдарлама Қытайдағы орта білім жүйесіндегі химия пәнін оқытудың негізгі мазмұны, оны оқыту міндетін, әдістемесін көрсететін басты құжат еді. Оған негізделген оқулық келесі жылы баспадан жарық көрді. Бұл оқулық КСРО-дағы орта мектеп оқулығына негізделініп жасалынды, ол төрт бөлімнен тұратын, орталау және орта мектепке арналды. Осы кездерде химия пәні 8-сыныптан басталатын және оған бөлінген жүктемелік сағат саны 336 сағатқа дейін кеміді.

Арада үш жыл өткенде, яғни 1956 жылы аталмыш бағдарлама өзгерді. Онда химия бөліміне, сабақта тыс ісіне, емтихан нәтижесіне, оқыту мазмұны мен міндетіне зор көңіл бөлінді. Осы бағдарламаға баытталған оқулықтың екінші басылымы 1957-1958 оқу жылына қарай жарық көрді. Бұл оқулық та КСРО оқулығының өңделіп аударылған нұсқасы еді. Әйтсе де онда кейбір өзгерстер, тақыптар мен тараулардың орын алмасуы болады. Мысалы, ондағы бір бөлім тек теориялық ілімді жинақтады. Онда Д.И.Менделеевтің периодтық заңы, ион, атом, молекула құрылысы туралы ғылыми түсініктер, теориялық ілім болды. Осы бөлімді орта мектептің үшінші жылында оқытудан екінші жалдығына, яғни оны оқытуды бір жыл бұрын бастады, ал органикалық химияны біздің елдегідей соңғы яғыни жоғары саныптарына оқытуды жөн коріп, оны орта мектептің екінші жылынан үшінші жылына орналастырды. Сол сияқты мазмұны бір не физикада, не биологияда, не табиғаттану сияқты пәндерде қайталанатын түсініктер біріктірілді, ал газдың эквиваленттік заңдары мен одан туындайтын түсініктерді оқыту орта меатептің екінші жылдығынан бірінші жылдыққа, яғни алға қарай жылжыды немесе онымен танысуды бір жыл бұрын бастайтын болды.

Өткен ғасырдың соңғы он жылдығы басталысымен Қытай Халық Республткасындағы білім жүйесіне деген тағыда бір реформалау басталды. Оның ішінде бізге, зерттеуімізге еншілес ұғым, ол елде міндетті түрде тоғыз жылдық білім алу мерзімі болды да,орта білімнің жоғарғы сатысы, біздіңше 10-12- сыныптары, лицей, гимназия, колледждерге ұласты, әйтсе де негізгі орта білім де сақталды. Осыған сәйкес оқулықтарда біршама өзгерстерге тап болса да, олардың мәні мен мазмұны өзгерссіз қалды. Тек кейбір оқу сатылары мен түріне орай қайсыбір тараулар не үйлесімді қысқарып, не кеңейтіліп, не біріктіріліп, не орындары ауысты. Сол сияқты оқулықтар орталық бір орыннан шығып тұрды, мұны күллі елдегі мекендер (мұндайды Қытайда сирек райондар дейді) де тұтынады. Ал орталық халқы көп те тығыз орналасқан мекендер (райондар) үшін, сол орталықтан шыққан оқулық негізіндегі жер мен елдің, өндіріс пен кәсіпорынның, кен орны мен табиғи байлығын ескеретін өзгерстер мен қосымша материялдар енгізген, өздеріне арналған оқулық нұсқасы баспадан шығаруға, оны ұтымды пайдалануға рұқсат беріп отырды.

Демек, мұнан соңғы жылдары Қытайдағы оқулықтар мен оқулық мазмұнының тұрақтала быстағанын байқаймыз. Олай болса, Қытайдағы орта білім беру жүйесі де, оның құрамына енетін химия пәні де, сол химияны оқыту жүйесінің мазмұны мен әдістемесі де әлемдік талапқа жақындай түсті.

Оқыту әдістемесі білім беру жүйесіндегі аса маңызды да ауқымды мәселе, онымен әлемдегі елдердіңбарлық үстаздары, ғалым педагогтары шұғылданып келеді, ол жоғарыда айтып отырғандай оқыту мазмұнымен, сол мазмұнның өзі іспеттес оқулықпен табиғи ішкі байланыста болады және де олар бір-бірімен дамытылып, толықтырып отырады.

Өткен ғасырдың бел ортасынан бергі уақыттағы, яғни қытай халық республикасының әлемдік арнаға шыққан кезінен бастап, барынша жалпыланған әдістемелір ретінде тоқталайық. Онда, ең алдымен сол елдегі күрделі өзгерспен үндес туындаған, 1950 жылы орта білім беру жүйесіндегі жаңашыл Лю Жин Кун ұстаздың бастамашылығын айтуға болады[58]. Өздері мұны шабыттандыру сипатындағы оқыту әдістемесі деп атады. Бұл бұрыңғы КСРО дағы активизация, қазақстандағы белсенді оқу әдістемесіне мағыналас. Онда оқытылатын пән мазмұнын барлық оқушылардың барынша толық игеруіне жетекшілік жасайтын іс әрекетті, бағдарлай оқыту арқылы біліктілікті қалыптастыратын жүйені, оқушылардың өзіндік жұмысын жандандыруды қамтиды. Осы және олармен сабақтас болып келетін жайлар оқушының ой –өрісіне ықпал етіп, оқуға, тианақты білім алуға деген ізгі ниеті орнықтырылып, оқыушының өзін қалыптастырыды. Әлбетте оқыту әдістемесіне оң ықпал етті. Нәтижеде көп салалы зертеулер мен тәжрбибелер пайда болып, жалпы мақсатты, яғни оқыту әдістемесін кемелдендірілді.

Бертін келе аталмыш әдістеме шетел тәжірбииесін оңтайлы пайдаланып, дами түсті: кейбір келеңсіздеу сәттерден арылып, құнарлы ұстанымдармен қаруланды, жоғары тәжірибелермен толықты. Нәтижеден бұл жаңа әдістемеге итермеледі, 1980 жылдары Тян жин нән – кәй орта мектепбіндегі химия кафедрасы “оқыту, тәжірбие жасау, жаттығу, талқылау, бақылау, сөйлеуді үйлесімді ету” деп аталатын біріккен тақырып аясындағы әдістемелік зертеуді ұсынды. Бұл әдісті педагогилалық сынақтан өткізу үшін, оған елдегі озық ойлы ұстаздар мен біраз орта мектеп ұжымдары белсерді қатынасты, бұл өз кезегінде елдегі күллі оқушылардың белсенділігін айтарлықтай жоғарлатып, әдістеме жұйесін бір сатыға болса да көтерді.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары жаңа әдістеме жүйесі пайда болды. Ол өзінің бастағы басталуын АҚШ ғалымы Буломның “игеру үшін үйрену”, (оқу үшін үйрену, білім үшін үйрену, білім үшін үйрену) атты теориясынан бастайды. Олар осы аталмыш теорияны өздеріне қарастырып, оны икемді түрлендіріп, дамыта жетілдіреді де “нысаналы оқыту” әдісі деп атайды. Бұл қазақстанда бағдарлай оқыту дегенге сайатын сияқты. Солай болса да біздер оны, яғни “нытаналы оқыту” әдісін сол қүйі қалдыруды және де жиі қайталаудан ойды оқшау үстау мақсатымен кейде оны НО әдісі деп қысқартуды жөн көрдік [60-61].

Ал нысаналы оқыту әдісі, осыған дейнгі жинақталған оң көзғарастар мен жетекші ұстанымдарды, тиімді өзгерістерді дұрыс пайдалануды мұрат етеді[60-61]. Енді осыларды талдап көрейік:

1. Нысаналы оқытудың негізгі ерекшеліктері.

1.1 Оқытуға деген дайындықтың ойдағыдай икмелді болуы мен

ерекшеленеді. Оқулықтың ішкі мазмұнын зерттеп, оны ішкі сатыларға жіктей отырып, нақтылы талдау жасайды, сосын ондағы оқыту жүйесіндегі нысандарды бөледі де, оларға сәйкес келетін қалыптастыру сипатындағы сауалдарды құрастыруға болады.

1.2 Нысаналы оқыту сабағы басталысымен оқытушының оқыту нысанысы мен оқушының оқып үйрену, ұғынып білу нысанасы айқын көрсетіліп, оқушылардың үйренуге, білуге деген қызығушылығы мен әуесқойлығы барынша қозғалысқа еніп, іс-әрекетке түрленеді.

1.3 Оқыту барысын ретке келтіру және жаттығу. Мұнда дәстүрлі оқытуда жаттап алу, құйып қою сияқты субьективтік оқыту әдісінен бас тартып, әрбір мазмұнды рет-ретпен түсіндіру арқылы нақтылы әуесқойлықты, қызығушылықты туындату, оны қайталау арқылы жаттығу.

1.4 Оқыту әдісі әсерлі де сапалы болады. Бұл ерекшелік барлық артықшылықты жинақтай келіп, ашық сабақ түрінде жүргізілетін оқыту жүйесі болып табылады.

1.5 Оқытудың әмбебептылығы мен біртектілігі. Бұл ерекшелік оқыту әдісіне ешбір жаңалық енгізілмесе де, оқыту көрсеткіштерін сәтті сапаландыру, оқыту мазмұнын жақсы меңгеруді, оқыту мұратын оң жаққа қарай дамыта әдісін жетілдіре жаңартуды, оқыту нәтижесін тиянақты тексеруді және оқыту нәтижесін нанымды да көп балдық жүйемен бағалауды қамтиды.

1.6 Оқыту нәтижесі айқын да сенімді болады. Мұндағы әрбір басқыш не саты бекітіледі, нәтижеде әрбір бір сағаттық жеке сабақ шартты түрде қабылданған сандармен (балл түрінде) бағаланып отыратындығы болатындығы оқытушының да оқушының да көңілінде белгілі сан түрінде (мәнінде) орнығады.

2. Қосымша оқыту әдістемесіндегі негізгі іс-әрекеттер реті.

2.1 Бірінші саты. Оқыту алдындағы дайындық жұмыстар.

Бұл жұмыстардың буын-оқыту нысанасын құру болып табылады.

2.1.1 Оқытушылар жақсы оқыта алады, оқушылар жақсы үйрене алады деген сенімді орнату.

2.1.2 Әрбір сабақтың нысанасын көрсету (нұсқау) қажет.

2.1.3Үйренуді бірнеше шағын бірнеше бөліктерге бөліп алады да, сосын оқыту нысанындағы әрбір сатыға сәйкес келетін әрбір бөліктің нысанасын анықтау керек (бөлшектер мазмұнымен тығыз байланыста болады және мазмұнның өзі байланыстарға сәйкес бөлінеді).

2.1.4 Әрбір бөлшектің нысанасына орай келетін оқыту іс-әрекетін, оқыту материалын, жаттығу тетіктерін белгілеп алу қажет.

2.1.5 Оқушылардың қабылдау, игеру қабілетін білу үшін, білімді қалыптастыру сипатындағы тексеруге арналған сауалдарды (сұрақтарды) әзірлейді.

2.1.6 Әрбір бөлшектердің нысанаға жету өлшемін белгілеу керек.

Әдетте жалпы оқушылардың сабақты нақтылы игерген дәрежесі 4 балдан жоғары болуды өлшем етеді.

2.1.7 Қолданылатын оқулық пен оны (оқулықты біліммен) толықтыру тәсілін дайындау қажет.

2.1.8 Нысанаға жеткен оқушылар үшін оқулыққа қосымша ретіндегі материялды құрастыру керек.

2.1.9 Қортындылауға қажетті материялдарды қарастыру керек.

2.2 Екінші саты. Оқыту мазмұнын меңгеруге арналған нысананы белгілеу.

2.2.1 Оқушылардың барлығы да пәнді қабылдай алатын оқыту әдісін қолдану керек.

2.2.2 Оқу жылының соңындағы емтихан нәтижесі бойынша бағалау.

2.2.3 Оқушылардың бірін екіншісімен салыстырмай, олардың әрқайсысын белгілеген өлшем бойынша жеке-жеке бағалау.

2.2.4 шеткі өлшемге жете алмаған оқушыларға мүмкіндігенше көмек көрсетіп, олардың оңтайлы игеруіне ықпал ететін әдістерді пайдалану.

2.2.5 Қалыптастыру сипатындағы тексерудің мақсаты-оқытушы мен оқушының өлшемге жеткен жағдайын бағдарлау, ондағы қатені дер кезінде түзету және толықтырыу, осы негізде оның өзін құрастыру. Бұл бағытта ешбір баға қойылмайды, түрге бөлінбейді.

2.2.6 Түзету мен толықтыру орындалған соң екінші реткілікті тексеру жүргізіледі, ол оқушылардың тек өлшемге ғана жеткенін нұсқайды.

3. Нысаналы оқытудың ерекшілігі.

3.1 Нысана көрсету. Үйренуге қолайлы болу үшін жүргізіліп жатқан сабақты еске сақтау, оны түсіну және қолдану сияқты үш сатыға бөлінеді және де оған 2-3 минут уақыт қажет.

3.2 Алдын ала тексеру. Болжамдау жолымен тексеру үшін оқушылардағы білімнің орныққандығын саралайды, оған 3-5 минут керек.

3.3 белгілі деңгейге жеткізе оқыту. Бұл сыныптағы негізгі түйін, сабақ өтудің жаңа басқышы. Ол оқытудың әртүрлі амалы мен тәсілін, оқушының өз ерекшелігін көрсете нұсқайды. Бұған жұмсалатын уақыт 20-25 минут.

3.4 Қалыптастыру кезеңі. Жаңа сабақ мазмұнын баян еткен соң, оқушылардың жаңа тақырыпты меңгергенін не меңгермегенін тексеру, яғни оқушылар білімнің белгілі бір деңгейге жеткен не жетпегенін байқау және де сол арқылы оқушы білімін толықтыра түсу. Мұнымен қатар осының бәрі қойылатын сұраулар мен зейінді арттыруға арналған талапқа үйлесуі керек (10-15 минут).

3.5 Қайтымдық басқышы арқылы түзету және толықтыру. Оқушыларға түрлі бағыттағы сауалдар қою арқылы жаттығу амалын жүргізеді (5-10 минут).

3.6 Жоғары дәрежелік нысаналы оқыту. Мұнда берілетін сауалдар біршама күрделі болады, ол әрине біліктілігі мен білімі орнықтылау оқушыларға бағытталады (3-5 минут).

Қазақстандағы қазақ орта мектептерінде химия пәнінің төл оқулығы, яғни қазақша жазылған оқулықтары болмады. Олар тек орталықтан шыққан аударма оқулықтарды ғана пайдаланып келеді. Химияны оқыту 8-11 сыныптарда Қазақстан республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары негізіндегі дайындалған жалпы білім беретін оқу орнының негізгі және жоғары сатысындағы базистік оқу жоспарлары, бағдарламалар және ҚР жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері арқылы жүзеге асырылады. Химия оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беруге арналған базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентерінің бірі болып саналады.

Химия оқыту Қазақстан жағдайының сәйкес болған химиялық білім мазмұнымен орындалады. Қазақ мектептерінің химия пәніне білім беру сапасын жетілдіру бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе болып отыр. Себебі, білім беру жүйесі бір типті жүйеден әр типті жүйеге ауысу кезеңін бастан кешіруде. Қытайдағы қазақ орта мектептері қытайшадан қазақшаға аударылған оқулықтарды тұтынады. Біздер орта мектептердің 8 және 9-сыныптарында оқытылатын химия пәнінің мазмұнын салыстырып, ерекшеліктерін айқындап, сипаттауды басшылыққа алдық. Зерттеу жұмысының міндеті мен мақсатына сай, екі елдегі бір тілде оқытылатын бір пәннің мазмұнының пайдалы тұстарын ұтымды пайдаланып, қолданысқа ұсыну. Ол үшін педагогикалық эксперимент жүргізу керек. Алдымен қазіргі кезде қолданылып жүрген химия пәнінің оқулығын алып, қысқаша мазмұнын салыстырайық (Кесте 6)[62,63].

 

 

Кесте6.

Химия пәні бойынша 8-сыныпқа арналған оқулықтардың мазмұндық ерекшеліктерін салыстыру

 

ҚР 8-сынып оқулығы ҚХР 9-сынып оқулығы
   
Оқулықты қалай пайдалану керек I трау. Химиялық алғашқы ұғымдар §1.Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттері
6 кестенің жалғасы
§2. Таза заттар және қоспалар

§3.Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялар

§4. Молекулалар және атомдар

§5. Жай және күрделі заттар

§6. Химиялық элементтер

§7.Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы

§8. Химиялық элементтердің таңбалары

§9. заттар құрамының тұрақтылық заңы

§10. химиялық формулалар, салыстырмалы молекулалық масса

§11. Химиялық элементердің валенттілігі

§12. Элементтердің валенттілігін қосылыстардың формулалары бойынша анықтау. Валенттілік бойынша химиялық формулалар құру

§13. Атом-молекулалық ілім

§14. Заттар массасының сақталу заңы

§15. Химиялық теңдеулер

§16. Химиялық реакциялардың типтері

 

§17. Зат мөлшері, моль, мольдік масса. Химия кабинетінде жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік техникасының ережелері

Лабораториялық тәжірибелер

1-практикалық жұмыс

2-практикалық жұмыс

II тарау. Оттегі. Оксидтер.Жану

§18. Оттегінің жалпы сипаттамасы және табиғатта кездеуі

§19. Оттегін алу

§20. Оттегінің қасиеттері

§21. Оттегінің қолданылуы. Оттегінің табиғаттағы айналымы

§22. Ауа және оның құрамы

§23. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі

§24. Отын және жағу тәсілдері

Лабораториялық тәжірибелер

3-практикалық жұмыс

III тарау. Сутегі, қышқылдар, тұздар

§25. Сутегінің жалпы сипаттама және табиғатта кездесуі

§26. Сутегін алу

§27. Сутегінің қасиеттері және қолданылуы

§28. Қышқылдар

§29. Тұздар

Лабораториялық тәжірибелер

4-практикалық жұмыс

IV тарау. Су. Ертінділер. Негіздер.

§30. Су-еріткіш. Ерітінді

§31. Су

§32. Негіздер

Лабораториялық тәжірибелер

5-практикалық жұмыс

V тарау. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі мағлұматтарды жинақтап, қортындылау

§33. Оксидтер

§34. Негіздер

§35. Қышқылдар

 

§36. Тұздар

6-практикалық жұмыс

VI тарау. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Атом құрлысы

§37. Химиялық элементтерді жіктеу

§38. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы

§39. Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі

§40.атомның құрлысы

§41.периодтық заңның маңызы

§42. Д.И.Менделеевтің өмірі және қызметі

§43. Химиялық элементтердің теріс электірлігі

§44. Химиялық байланыстың негізгі типтері

§45. Кристалл торлар

§46. Тотығу дәрежесі

Лабораториялық тәжірибелер

VIII тарау. Авагадро заңы. Газдардың мольдік көлемі

§47. Авогадро заңы

§48. Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынасы

IХ тарау. Галогендер

§49. Галогендердің периодтық жүйедегі орны және атомдарының құрлысы

§50. Хлор

§51. Хлорсутек

§52. Тұз қышқылы және оның тұздары

§53. Галогендердің салыстырмалы сипаттамасы.

Лабораториялық тәжірибелер

7- практикалық жұмыс

8- практикалық жұмыс

Қосымша

9- жылдық 1-бөлім Алғы сөз. Химия дүниені тіптіде көріктендіреді. Бірінші мазмұндық бөлек. Химия дүниесіне қадам 1-тақырып. Заттардың өзгерісі және қасиеті. 2-тақырып. Химия тәжірибені негіз ететін ғылым. 3-тақырып. Химия тәжірибеханасына қадам. Бірінші мазмұндық бөлек бойынша емтихан сұрақтары. Екінші мазмұндық бөлек. Айналамыздағы ауа 1- тақырып. Ауа. 2-тақырып. Оттегі. 3-тақырып. Оттегін алу. Екінші мазмұндық бөлек бойынша емтихан сұрақтары. Үшінші мазмұндық бөлек. Табиғат дүниесіндегі су 1-тақырып. Судың құрамы. 2-тақырып. Молекума және атом. 3-тақырып. Суды тазарту. 4-тақырып. Су байлығын аялау. Үшінші мазмұндық бөлек бойынша емтихан сұрақтары. Төртінші мазмұндық бөлек. Зат құрлымының сыры. 1-тақырып. Атомның құрлымы.   2-тақырып. Элемент. 3-тақырып. Ион. 4-тақырып. Химиялық формула және валенттілік. Төртінші мазмұндық бөлек бойынша емтихан сұрақтары. Шеріктік емтихан сұрақтары. Бесінші мазмұндық бөлек. Химиялық теңдеулер. 1-тақырып. Массаның сақталу заңы. 2-тақырып. Қайткенде химиялық теңдеуді дұрыс жазуға болады. 3-тақырып. Химиялық тедеулерді пайдаланып қарапайым есептеулер жүргізу. Бесінші мазмұндық бөлек бойынша емтихан сұрақтары. Алтыншы мазмұндық бөлек. 1-тақырып. Алмаз, графит және C60 2-тақырып. Көміртегі қос тотығын алуды зерттеу. 3-тақырып. Көміртегі қос тотығы және көміртегі тотығы. Алтыншы мазмұндық бөлек бойынша емтихан сұрақтары. Жетінші мазмұндық бөлек. Жанар зат және одан пайдалану. 1-тақырып. Жану және өртті сөндіру. 2-тақырып. Жанар зат және жылу мөлшері. 3-тақырып. Жанар заттардан пайдаланудың ортаға ықпалы. Жетінші мазмұндық бөлек бойынша емтихан сұрақтары. Маусымдық емтихан сұрақтары. Сұрақтар жауабы. 9- жылдық 2-бөлім Сегізінші мазмұндық бөлек. Металдар және метал материалдар. 1-тақырып. Метал материалдар. 2-тақырып. Металдардың химиялық қасиеті.   3-тақырып. Метал байлығынан пайдалану және оны қорғау. Тоғызыншы мазмұндық бөлек. Ертінді 1-тақырып. Ертіндінің түзілуі. 2-тақырып. Ерігіштік дәрежесі. 3-тақырып. Ерігіштің массалық үлесі. Оныншы мазмұндық бөлек. Қышқылдар және негіздер 1-тақырып. Үнемі кезігетін қышқылдар және негіздер. 2-тақырып. Қышқыл мен негіздер арасында қандай реакция пайда болады. Он бірінші мазмұндық бөлек. Тұздар, химиялық тыңайтқыштар 1-тақырып. Тұрмыста үнемі кезігетін тұздар. 2-тақырып. Химиялық тыңайтқыштар. Он екінші мазмұндық бөлек. Химия және тұрмыс 1-тақырып. Адамзаттың маңызды қоректік заттар. 2-тақырып. Химиялық элементтер және адам денсаулығы. 3-тақырып. Органикалық синтездік материалдар.  

 

Date: 2016-06-06; view: 534; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию