Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстан Республикасында химияны оқыту





Қытай педагогикасы тарихшыларының (Мао Ли-жуй, Чжан Ань-го және т.б.) пікір бойынша, сол сияқты Қытайдағы білім беру тарихы бойынша ағылшынның көрнекті тарихшы-ғалымы Г.Голтаның (H.Galt) зерттеуіне трек жасағанда, қытайдағы бірінші оқу орындары Шан-Инь дәуірінің (біздің дәуірімізге дейінгі 1766-1122 жылдар) алғашқы кезінде пайда болған. Бұл тұстағы оқу орындарының аталуы келесідей болады: Сян, Сюй, Сюэ, ертедегі Қытайдың білім беру жүйесі өзіне алты пәнді қосатын және ол “Лю-и” мәдениеті деп аталды: әдеп тану, жазу, есептеу, саз-музыка, садақ ату мен доңғалақты басқару өнері. Бертін келе бұл дәстүр дами келіп, Шығыс Чжоу дәуірінде (біздің дәуірімізге дейінгі 770-249 жылдар) флософиялық мектептің негізі қаландыжәне оған сійкес педагогикалық ойлар мен ұстанымдар туындай бастады. Қытайдағы алғашқы жеке меншіктегі мектепті Конфуций бастап, оны орнықтырды. Конфуций ертедегі Қытайда пайда болып, өз уақытында алға басушылық еткен, елде оңтайлы орныққан тәлім-тәрбиелік тәжірибелерді жинақтап, жалпылай тұжырымдады, осыған сүйене отырып әдептану (этика) мен саяси-әлеуметтік шілімді жасады. Бұл ілім Қытайда өз тамаырын өте терең жібереді және ол өз ықпалын өткен XX ғасырдың бастапқы кезіне дейін сақтады. Тек 1902 жылы ғана білімберудің ескі жүйесімен қалыптық схоластикалқ “Багувэнь” стилі тоқтатылды. Ал мемлекеттік емтихандар жүйесі 1905 жылы тоқтатылды. 1902 жылы көрнекті мемлекет қайракері Чжан бо-си (1847-1907ж.ж.) ұсынысы бойынша, халықта “Жэньинь” деп аталған жаңа білім беру жүйесі енгізілді, оның жалпы құрлымы мынадай: бастауыш мектептің бірінші сатысы деп аталған, балалар бақшасы (4 жыл); бастауыш мектептің екінші сатысы (3 жыл) және орта мектеп (4 жыл). 1903 жылдың қараша айында бұл жүйеге қосымша өзгеріс енгізді, оның нәтижесі бойынша жаңа “Гуймао” жүйесі орнықты; 9 жыл оқытылатын (оның өзі 5 және 4 жылдын тұратын) бастауыш мектеп және оқу мерзімі 5 жыл болатын орат мектеп. Осы тұста халық ағарту министірлігі болып қайтадан ұйымдастырылды.

Монархия тағынан тайдырған 1991жылғы Синхай төңкерісі, Қытай мектептерінің алға қарай дами түсіуіне жаңа серпіліс берді. Қытайдың бірінші халық ағарту министірі Цай Юань-пэнің (1868-1940ж.) бастамасы бойынша, 1912 жылы білім реформасы жасалып, жаңа “Жэньцзы” жүйесі қабылданды: 4 және 3 жылдық екі кезеңнен тұратын жеті жылдық бстауыш мектеп пен 4 жылдық орта мектеп. Демек бұл реформа нәтижесіндегі жүйеге сәйкес орта білім беретін мектеп 11 жылдық болды. 1917 жылы Ресейде болған Қазан төңкерісінің ықпалымен 1919 жылы “4 мамыр” қоғамдық саяси қозғалысы пайда болды, оның Қытайдағы мектептердің мұнан ары демократиялана дамуы үшін үлкен мәні мен мағнасы болды. Ал 1920 жылы барлық мектептерге, осыған дейін оқытылып келген, естіуге түсініксіз, ескі әдебиетке сүйенетін вэньяань оқу тілінің орнына, жалпы халық үшін түсінікті, күнделікті де оңтайлы байхуа тілі енгізілді.

1922 жылдан кейін де Қытайға бірқатар американдық педагогтар келді: Дж. Твисс, Е. Паркхерст, У. Килпатрик және т.б. мектептің білім беру бағымына кәсіби және өндірістік бағытта оқыту сияқты бөлімдер енгізілді және осы тұста таза америкаға тән болатын, ауқымы тар, бір ғана кәсіпті игеруге арналған жүйе орнады.

Қытай елі гоминьдан мен жапон билігінен босатып, 1949 жылы Қытай Халық Республикасы (ҚХР) орнаған соң, Қытай мемлекеті халық ағарту ісін жоспарлы да жүйелі түрде дамытуды қолға алды.

1953-1957 жылдарға арнаған халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдық жоспарын орындау кезінде оқу-тәрбиелеу мекемелері мен ондағы оқушылардың саны едәуір арта түсті.

1958 жылдың 4 тамызында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті мен ҚХР Мемлекеттік кеңесі халыққа білім беру ісін басқаруды орталықтан алып, оны жергілікті үкімет органдарына беру туралы қаулы қабылдады. Бұған сәйкес енді жергілікті басқару органдары оқу жоспарларын, бағдарламаларын, құралдарын жергілікті жағдай мен мүддені ескере отырып өзгерту, барлық сатыдағы оқу орындарын ашу сияқты мәселелерді шешуге, сондай-ақ білім жүйесіне түзету мен ескерту енгізуге құқық алды.

1960 жылы ҚХР-дағы білім беру жүйесін жетілдіру жайлы жаңа ұсыныстар туындап, оны шешу туралы мәселе үкіметке қойылды. Онда жалпы білім беру мерзімін қысқарту, тарих, география сияқты пәндердің бағамын қысқарта өзгерту, ал матеметика, тіл, және т.б. мәселелер көтерілді. Онда Қытай халқы 18 жыл бойы оқиды. Әрбір азамат өз оқуын жеті жасында бастап, 24 жасында өзі қалаған жоғары оқуды аяақтайды. Жүйе бойынша: 1)-саты (буын)-бала тәрбиесіне арналған, ол 7 жасқа дейін отбасында, балалар бақшасында өтеді:2)- бастауыш мектепте білім алу, ол 7-12 жас аралығында болып, 6 жылда бітеді және ол 4 және 2 жылдық екі сатыдан (басқыштан) тұрады: 3)-орта мектепте білім алу, ол 13-18 жас арасында болып, 3 жылдық екі сатыдан тұратын 6 жылға созылады: 4)-екінші сатыдан педагогикалық училищелерде білім алу,ол 16-18 жас арасында болып, 3 жылда бітеді:5)-екінші сатыдағы кәсіби-техикалық училищелерде оқу, ол 12-19 жас арасында өтіп, 4 жылда аяқталады: 6)-бірінші сатыдағы педагогикалық училищелерде білім алу, ол 13-16 жас арасында өтіп, 4 жылда бітеді: 7)-бірінші сатыдағы кәсіби-техникалық училищелерде білім алу, ол13-16 жас арасында болып, 4 жылда аяқталады: 8)-жоғары оқу орындарындағы білім беру, ол 19-24 жас арасында жүріп, 6 жылда бітеді.

Демек, ҚХР-дағы білім беру жүйесін үлкен бес буынға бөлуге болады. Оның біріншісі отбасы мен балалар бақшасында өтетін тәлім-тәрбие буыны -7 жыл, екіншісі -7-ден 12 жасқа дейінгі бастауыш білім -6 жыл (4+2),үшіншісі –13-18 жасқа дейінгі орта білім – 6 жыл (3+3), төртіншісі -19-24 жас арасында өтетін жоғары білім -6 жыл, бесіншісі-аспирантура мен докторантура. Осындағы бірінші, екінші, төртінші және бесінші буындар, жеке тұрғанда үшінші буын, орта білім беру құрамына түрлі кәсіби-мамандықтарға үйрететін, бәрінші және екінші сатыдағы педагогикалық, кәсіби-техникалық училищелер енеді.

Әлемдегі қытайдың білім жүйесін талдағанда көңіл аударатын тағы да бір өкімет қаулысы бар. 1958 жылғы 13 наурызда ҚХР халық ағарту министрлігі қытай тілінің фонетикалық транскрипциясын (әліпбиін), яғни ғибарасын бастауыш және орта білім беретін мектептерде оқыту туралы қаулы қабылдады. Қытай тілінің мұндай нұсқасын мектеп практикасында қолданудың тура да нақтылы айырмашылығы бар екені ешқандай дау тудырмайды. Біріншіден, оны иероглифтердің транскрибирлеп жазылуы үшін қолдануға болады, яғни иероглифті есте ұстап, жаттап алу үшін. Екіншіден оны жалпығы түсінікті путунхуа тілін жазу үшін де пайдалануға болады, бұл өз ретінде қытай тілінің ауызша айтылуын оңайлатады. Мұнан басқа да артықшылықтар және олардың бәрі дерлік оқу ісін әрі жетілдіреді, жеңілдетеді, әлемдік жүйеге тез кіріктіреді. Сондықтан да аталмыш қаулы 2-3 жылда-ақ күллі білім жүйесіне енеді. Бұл да әлемдік білім жүйесінің өзара ықпалдастық әсері[18-20].

Орта мектептерге білім беру жүйесінің де тиімділігін арттырудың мүмкін тәсілдерінің бірі шетелдің педагогикалық тәсілдерінің оқып үйрені және қолдану боп табылады. Білім және ғылым әлемдік тәжірибеден бөлек дами алмайды. Дидактикалық ізденістердің мазмұны мен тенденцияларын анықтау, әлемдік теория мен оқыту тәжірибесінде бекітілген оқу процесіне ендіру жолдарын танып білу аса маңызды. Қазіргі білім берудің жалпы жолдарын анықтауға ұмтылу әлем елдері тәжірибесін зерттеуге құлшыныс туғызуда.

 


 

ІІ бөлім ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕР 2.1 Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы химияны оқыту әдістемесі

Өзімізге қойылған міндетті шешу үшін халқаралық ақпаратты пайдаландық. Ол үшін TIMSS мәліметін қарастырдық [23]. Математикалық және жаратылыстану ғылыми білім сапасын үшінші халқаралық зерттеу (Third International Mathematics and Science Study - TIMSS) - оған қатынасушы елдер сонымен және зерттейтін мәселесі бойынша білім саласындағы өткен ғасырдың ең кең ауқымда жобасы. Жобаның негізгі де басты мақсаты - әлемдегі түрлі елдердегі мектеп оқушыларының математикалық және жаратлыстану ғылымдары бойынша дайындығын тексеру және оқыту нәтижесіне әсер ететін себептерді айқындау. Бұл жоба әлемнің 45 елінде 2012-2013 жылдар арасында жүргізілді. TIMSS зерттеуін оқу жетістігін бағалауға бағытталған халқаралық ассоциация - IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) жүргізген. Онда жекеленген оқу пәндері бойынша білім сапасын салыстырмалық тұрғыдан бағалаудағы, оның 35 жыл бойы жинақталған осы ұйымының мол тәжірибесі пайдаланылған. Сонымен, енді біздің сол халқаралық TIMSS зерттеуінің нәтижесін салыстырмалық тұрғыдан алып, хал қадірімізше талдап көрелік.

TIMSS құрамына енген елдердің мектептерінде химияны оқыту ерекшеліктері. Осы берілген бағыттағы зерттеулерге қатынасқан елдердің арасындағы (бәрі 45 ел) 39 ел мектептерінде жаратылыстану пәндері енгізілген бағаммен жүргізіледі. Жаратылыстану ғылыми білім берудің мұндай құрлымы мен мазмұнын талдау нәтижесі нанымды көрсетіп отырғанындай сол 39 елдердің жаратылысынан сәл астамы, яғни 54% құрайтын 21 елдерде химия кіріктірілген. Оған негізгі мектепте жаратылыстану ғылыми білімінің деңгейі әр түрлі болатын және түрлі континентте орналасқан елдер жатады: еуропалық сегіз ел (Австрия, Англия, Ирландия, Испания, Каир, Норвегия, Швейцария, Шотландия) АҚШ, Канада, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағының елдері (Австралия, Гонконг, Корея, Сингапур, Жаңа Зеландия, Жапония және т.б.) сондай-ақ басқада елдер. Құрамына тек еуропалық елдер ғана енетін 18 елдің негізгі иектептеріндегі оқушылар жаратылыстану ғылымына жататын жекеленген пәндерді оқиды. Бұл топқа бұрынғы социялистік елдер мен бұрынғы кеңес республикалары (Латвия, Литва), сол сияқты Бельгия, Гермения, Франция, Швеция және т.б. жатады.

TIMSS тестеріндегі химия бөлігінің сипаттамасы. Негізгі мектептердің 13-14 жастағы оқушыларының жаратылыстану ғылыми дайындығын зерттеу, оқу игерілгендігіне арналған тестер көмегімен жүргізілді. Олар қатынасушы елдердің мамандары жасаған тапсырмалар жиыны жаратылыстанудың түрлі бөліміндегі 135 тапсырмадан тұрады, оның 14% химия үлесіне тиесілі. Тестінің көпшілігін жауапты таңдап алу тапсырмаларын құрады, алайда онда еркін жауап беру тапсырмасы да болды.

Бұрында айтылғандай жаратылыстану ғылыми білім мазмұны мен құрлымын баян ететін “шеңберлік” құжатта, химия бағамына қатынасы болатын сауалдар “Физикалық ғылым” тарауына қосылған. Әйтседе химияға арналған тестерді жасағанда және олардың орындау нәтижелері бөлек топқа бөлінеді. Демек, атом-молекулалық ілімге қатынасты сауалдардың бәрі дерлік химиялық топқа кірген. Ресей және Қазақстан мектептеріндегі бұл материялдар химияға да, физикаға да енетіні баршаға белгілі жай.

Енді сол тестегі тапсырмаларды шартты түрдегі бес топқа бөліп, олардың әрқайсысына мысалдар келтірейік.

I топ.Алғашқы химиялық түсініктерді оқушылардың игергендігін айқындайтын тапсырмалар. Мұндай түсініктерге жататындар: атомдық-молекулалық ілім ережесі, таза заттар мен қоспалар; заттардың қасиеттері, химиялық реакция және оның жүру жағдайы. Кейбір тапсырмалар химиялық элементттердің атомдары мен ядросының құрлысы жайлы қарапайым білімді айқындауға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмалардың мысалын келтірейік.

1. Егер бейтарап атом электронын жоғалтса, онда мүндай кезде не түзіледі?

А. Газ Б. Ион В. Қышқыл Г. Молекула

2. Қоспаға жатпайтыны?

А. Ауа; Б. Қан; В. Апельсин шырыны; Г. Тұз

3. Қандай газ шаланың түтануын қолдауы мүмкін?

А. Неон; Б. Оттек; В. Азот; Г. Көмір қышқыл газы

4. жануарлар көптеген атомдардан тұрады. Жануарлар өлген соң атомдармен қандай құбылыс жүреді?

А. Атомдар қозғалысын тоқтатады

Б. Атомдар қоршаған ортаға оралады

В. Атомдар баынша қарапайым бөліктерге бөлініп, сосын олар басқа атомдарға бірігеді.

Г. Жануардың денесі ыдыраған соң атомдар жойылады

5. темір мен күкірт ұнтағының қоспасы қыздырылды. Осы кезде не түзілді?

А. Бір элемент

Б. Басқа екі элемент

В. Ертінді

Г. Балқыма

Д. Қосылыс

6. Сүзілу бөліп алу үшін қолданылыуы мүмкін

А. Судағы мыс сульфатының ертіндісін

Б. Судағы натрий хлоритінің ертіндісін

В. Су мен спирт қоспасын

Г. Су мен балшық қоспасын

Д. Ағаш ұнтағы мен құм қоспасын

7. химиялық реакцияға қайсы мысал болады?

А. Мұздың еруі

Б. Тұз қиыршығының ұнтақталуы

В. Отынның жануы

Г. Шалшық бетінен судың булану

8. химиялық өзгеріске не мысал бола алады

А. Судың қайнауы

Б. Темірдің таттануы

В. Ағаштың жануы

Г. Нанның пісуі

9. Мына жағдайдың қайсысында химиялық реакция жүреді

А. Элемент болғанмен жұқа қабықшаға жайылады

Б. Элемент қыздырылады да, сұйыққа айналады

В. Элемент ауада түсін жасыл көкке өзгертеді

Г. Элемент майда ұнтаққа езіледі

10. мұнай жанған кезде жүретін реакция

А. Тек энергияның бөлінуімен

Б. Тек энергияның жұтылуымен

В. Энергия бөлінбейді де, жұтылмайды да

Г. Мұнай құрамына тәуелділік жағдайында энергия бөлінеді немесе жұтылады

II топ.Оқушылардың экологиялық дайындығын тексеретін тапсырма. Мұндай тапсырмаға бір мысал.

11. Аспаннан қышқылдық жауынның жауатын себебі не және оны туындататын себеп мәні не?

А. Химиялық зауыттардың қышқылдық қалдықтарын өзендерге ағызу

Б. Химиялық зертханада қолданылатын қышқылдардың ауаға булануы

В. Көмір мен мұнай жанғанда түзілетін газдар атмосферада болатын суда ериді

Г. Кондиционер мен тоңазытқыш жұмысы кезінде түзілетін газдар атмосфераға барады

III топ.Табиғаттағы құбылыстарды түсіндіру үшін іс жүзінде қолдануға болатын химиялық білімге арналған тапсырмалар. Ондай тапсырмаларға да үш мысал.

12. көмір қышқыл газы кейбір өрт сөндіргіш жабдықтардағы басты зат болады. Көмір қышқыл газы қалайша отты сөндіреді?

13. жанып тұрған пілтені төңкерілген шыны банкімен жапса, ол сөнеді. Бұл неліктен болады?

14. Болаттан құралған темір көпірді он жұмысшы бір жағынан бастап екінші жағына дейін бояп шығуы үшін екі жыл уақыт керек. Бояу үшін пайдаланылатын бояудың тұрақтылығы екі жыл, сондықтан жұмысшылар көпірді бояп бітісімен, оны бояуды қайтадан бастауы қажет.

А. Болаттан құралған көпірді не үшін боу керек?

Б. Жаңадан ойлап табылған бояудың құны бірдей болсада оның темірде тұрақтанып, бұзылмай тұу мезгілі төрт жылға тең. Жаңа бояуды пайдаланудың қандай салдары болмақ. Оған екі мысал келтіріп, баян етіңдер.

IV топ.Ғылыми таным әдістерімен байланысқан білім мен білікті тексететін тапсырма және оған бір мысал.

15. оқушы шала жанып, бықси, шала жанып тұрған ағаш көмірінен бөлінген газды жинап алады. Сосын бұл газды шыны ыдысындағытүссіз ізбес суы арқылы жібереді де, оқушы мынадай есеп жазада: “банкідегі ізбес суын газ енген соң, ізбес суы сүттей ақ түске өзгереді. Бұл........ болады.”

А. Бақылау

Б. Тұжырым

В. Жалпылау

Г. Зерттеудің басталуы

Д. Болжам

V топ. Жаратылыстану ғылыми пәндері кіріктіретін бөлімге арналған тапсырма, оғанда бір мысал.

16. кездеме, жіп, талшық сөздерін келесі сөйлемде қолдануға болады:

кездеме-жіптерден тұратын, ол талшықтан жасалған. Молекулалар, атомдар және клеткалар деген сөздерді пайдалана отырып, мына сөйлемдегі бос орынды толтырыңдар: _____ _____ ден құралған, ал ол _____ дан құралған.

Бұл топтар бойынша тапсырмалардың орналасуы шартты түрде алынған, ол басқаша орналасуы абден ықтимал. Келтірілген тапсырмалардыңмазмұнын талдау көрсетіп отырғанындай, TIMSS зерттеуінде пайдаланылатын оқуға жету тестілерін бағалаумен қатар, ол оқушылардың жалпы дамуын да бағалауға мүмкіндік береді. Тапсырмалардың арасындағы қайсыбірі оқушылардағы жалпы оқулық және жалпы ғылыми біліктілікті де тексереді, мысалы 15 тапсырма ақпаратпен жұмыс істеуді және бақылау жүргізуді, экспериментті жоспарлауды, деректі жинақтап, оны талдауды қамтиды. Мұнан басқа, олар өмірдегі әр түрлі жағдайларды пайдалана біліуді және қолданбалық бағыттылықты қамтиды, мысалы 12-14- тапсырмалар. Тексеруге экологиялық және әлеуметтік мәселелермен байланысты тапсырмалар да қосылған, мәселен 11 және 14 тапсырмалар осыған дәлел, бұл оқушылардың қоршаған ортада бағыттала білу біліктілігін айқындауға мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламаларында болатын өзгешеліктерге орай әрбір елдер үшін тестілердің мазмұны оқыту мазмұнына немесе оқушылардың дайындығына қойылатын талаптарға әр түрлі дәрежеде сәйкес болады. Мысалы, Ресейдегі VIII сыныпта оқытылатын кейбір материялдар, өзге елде бақа сыныптар және өзге пәндермен кіріктіріле өтіледі.

Химия бойынша тапсырмалардың нәтижесін талдау үшін TIMSS тестілерінің Ресей оқушылары химия пәнін VIII сыныптан бастап жүйелі оқи бастайды, сондықтанда халқаралық тестілеудің нәтижесін талдауда негізінен осы сынып оқушылары үшін жүргізіледі.

Тестердің орындау нәтижесін талдау, химия бойынша тапсырманы VIII сыныптағы Ресейлік оқушылардың жұрыс жауаптарының орташа пайыздық үлесі (57%) барлық елдердегі оқушылардң осы тапсырмаға дұрыс берген жауаптарының орташа үлесін (51%) жоғары екенін көрсетті. Бұл орташа көрсеткіштер VII сынып үшін Ресейлікте (42%), басқа елдікте (41%) оқушылар үшін шамалас екен. Кесте 3-те. Бұл деректер Ресейдегі химия пәнін жүйелі оқытуды VIII сыныптан бастап енгізудің басқа елдердің оқушылар мен салыстырғанда тимді екендігін көрсетеді. VIII сыныптағы химия бойынша Ресейлік оқушылардың орташа жету деңгейін тек бес елдің ғана оқушылары алда тұр, олар Сигапур, Оңтүстік Корея, Жапония, Чех республикасы мен Венгрия.

 

Кесте 3.

Жаратылыстану бойынша орындалған тестілердің нәтижесі

 

Сынып Елдер Дұрыс жауаптың орташа көрсеткіші (ауытқу)
Тестің жиыны Жер туралы ғылым биология физика химия экология
VII Ресей Басқа елдер 50(0,8) 50(0,1) 54(0,7) 53(0,1) 57(1,0) 53(0,1) 50(0,9) 50(0,1) 42(0,9) 43(0,1) 43(0,8) 47(0,2)
VIII Ресей Басқа елдер 58(0,8) 56(0,1) 58(0,8) 55(0,1) 62(0,7) 59(0,1) 57(0,9) 55(0,1) 57(1,3) 51(0,2) 50(0,8) 53(0,2)

 

Енді оқыту нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік педагогикалық-факторларды айқындау мақсатымен, тестілеумен қатар онымен бір сәтте оқушылар мен сауалдамада жүргзілді. Сауалнаманың талдау тесінің Ресейдегі жаратылыстану бөлігін орындау нәтижесінін мынадай факторлардың әсер еткенін көрсетті: мектептердің аймақтық орналасуы, отбасының әлеуметтіе-экономикалық мәртебесі (ата-ананың сауаттылығы, отбасының материялдық қамтамасыз етілу деңгейі, отбасындағы кітап саны мен компютердің болуы), оқушылардың оқытылатын пәнге қатынасы және т.б.

Халқаралық TIMSS зерттеулерінің нәтижесін талдау, химияны қосқандағы, жаратылыстану ғылымына енетін барлық пәндерді оқытудың әдістемесін жетілдіруге бағытталған ұсынысты оөытушыларғы нұсқауға мүмкіндік береді. Оқу ұрдісінің сапасы мен нәтижелігін жоғарылатуға ықпал ететіндер:

- түрлі пәндерді оқыған кездегі алынған жаратылыстану ғылыми білімінің кіріктілуін күшейтіу және әр түрлі бағамдарда оқытылатын жаратылыстану ғылымындағы негізгі түсініктердің қалыптасуына әкелетін амалдарды жасақтай жетілдіру;

- бағамдардағы мазмұнның қолданбалық бағыттылығын күшейту; оқушылардың күнделікті өмірінде оларды қоршаған заттарды, нысандарды, түрлі құбылыстар мен үрдістерді біліуі, зерттеп зерделеуі;

- оқушылардың оқу әрекетіндегі зейінді өзгерту: қайталау әрекетінің үлесін азайту есебінен оқушылардың адамгершілік дамуына бағытталған оқыту әрекетін кеңінен қолдану.

Оқу кезіндегі жетістікті бақылау жүйесін жетілдіру үшін:

a) Табиғи құбылыстарды түсіндіруге арналған білімді қолдануы басым болатын тапсырмасы бар әр түрлі тексеруші әрекет түріндегі тапсырманы пайдалану;

в) Оқушылардың қате түсінігін айқындауға деген ниетті күшейту, олардың пайда болу себептерін анықтап, реттеу әдістемесін жасақтау;

c) Түрлі сызба, кесте, сулба және диаграмма түріндегі ақпараты бар және әр түрлі нысан бойынша тесеруге болатын тапсырмаларды қосу;

Мектепте алған білімді кеңірек қолдану үшін оқушылар мектептен тыс әр алуан көздерден алған білімді есепке алу керек.

Енді Қазақстан орта білім жүйесіндегі химия пәнін оқыту мәселесінде көңіл аударайық.

Ата Түрік “Білім – өмірдегі ең бірінші мұғалімің” десе, даншыпан Абай “Кайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті” – деген, ал Ел басы Н.Ә.Назарбаев “білім жүйесіне қызымет ету – еліміздің болашағына қызымет ету” – деп бағалады. Қазақстанды XXI ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетті әлемнен орын алуына ықпал ететін бірден бір құдірет – білім, білімді ұрпақ. Еліміз тәуелсіздік алған мерзімде, қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси қалыптасу өзгерістері ғылым мен өндірістің барлық салаларында жұмыс істейтін мамандарды даярлау сапасын жетілдіру тәрбие мәселесіне байыппен қарауды педагогикалық жұртшылықтан талап етеді.

Қазіргі қоғамдағы басты да басым бағыттардың бірі – білім. Ол – қоғамдық қатынас жағдайымен және қоғамдық сананың барлық түрімен тығыз байланысқан экономика мен, қоғамдық-саяси құрлыммен бір тұтас болып біріккен жүйенің саласы. Нәтижесінде білім жүйесі қоғамдық басқарудың жетекшілік қызметіне ұмтылып, еліміздің болашағын айқындауыш себепкер қатарына енеді.

Химиялық білім, басқада іргелес ғылымдар сияқты, тіршілікте өзімізді қоршаған заттар мен құбылыстар әлеміне ондағы заңдылықтардың қалыптасуына бұтіндей қарап, мәдениетті ойлауды, түйсіне ұғыуды, парасатты болуды орта мектептен бастайды. Химия – орта мектептің VIII – ХI сыныптерында, орта кәсіби-техникалық училищеде, арнаулы орта оқу орындарында, кейбір лицейлер мен колледждерде міндетті түрде оқылатын пән. Мектептегі химиялық білім беру мәселесінің маңызы өте үлкен, өйткені, әуелі, еліміздегі жастардың басым көпшілігі химиялық дайындықты орта мектептен алады, сосын жоғары мектеп жүйесіндегі химиялық білім берудің өзі де, ондағы кейбір кәсіби мамандыққа арналған пәндер де, сол орат мектепте алған білімге негізделеді, сүйенеді және тек жетілген жалғасы ғана.

Соңғы үш он жылдық шамасында орта білім беру жүйесіндегі химяны оқытудың әдістемесіне оның барлық саласына арналаған түбегейлі ғылыми- зерттеу жұмыстар жүргізілді (Н.Н. Буринская, И.Я.Курамшин, В.П.Гаркунов, И.Л.Дрижун, Д.П.Ерыгин, Л.А.Коробиникова,Н.Е.Кузницова, Е.Е.Минчинков, Т.С.Назарова, М.С.Пак, Г.Е.Рудзитис, И.М.Титова, А.Р.Тыльдсепп, А.Ю.Штейнберг және т.б.). Ал химия пәнін оқыту әдістемесінің мәселесәне ұстаздар мен ғалымдар да көңіл аудара бастағаны аса құптарлық жай. Олардың арасында ғалым-химиктер В.Г.Айнштейн, Н.С.Ахметов, И.В.Березин, Б.А.Бірімжанов, Е.И.Гладышевский, М.Х.Карапетьянц, Н.Н.Нұрахметов, Т.Т.Омаров, Һ.Қ.Оспанов, Н.А.Плате, В.М.Потапов, М.А.Пракофьев, А.Х.Сармурзина, Е.М.Сакаловская, В.Ф.Тикавый, Д.Н.Трифонов, Я.А.Угай, Е.Д.Щукин, Х.М.Якубов және т.б.; әдіскерлер О.С.Зайцев, А.А.Макареня, философтар С.Н.Войцеховский, М.Ш.Жанбылова, В.И.Кузницов, Е.И.Янчук және т.б.; психологтар И.П.Колошина, З.А.Решатова, Н.Г.Салмина.

Еліміз егемендік алған уақыттан бері, көптен бері зерттеп жүрген жұмыстарын жинақтаған жоғары мектеп жүйесіндегі химик ұстаздар да баршылық (И.Н.Нұғманов, Ж.Ә.Шоқыбаев, Г.Қ.Нұртаева, Х.М.Рақымбек, С.Ж.Жайлау).

Кез келген пәнді оқыту әдістері, сол оқылатын пәннің, мазмұны мен мағнасымен де өте тығыз, үйлесімді ұласа, табиғи негізде іштей қабыса байланысқан. Педагогикалық, әдістемелік зерттеу жұмыстарына шолу жасап, химияны оқытудың ғылыми бағыттылық ретінде қалыптасуын талдап, оған үлес қосқан үстаз-ғалымдар мен әдіскер-жаңашылдардың еңбектерін атауға болады.

Біздер қарастырып отырған химияны пән ретінде оқыту әдістемесі, ең алдымен оны сол химия ғылымының даму жолымен, сосын оны оқыту мазмұнымен, соңында осы мазмұнды оқу пәні ретінде көпшілік қауымға жеткізетін оқу құралы, оқулық, әдістмелік нұсқаулармен оны кеңейтіп, мағнасын ашып, ерінбей еңбектеніп жүрген оқытушы-ұстаздарға байланысты. Осы орайда, еліміздегі химия ғылымының да химия пәнінің де оған байланысты туындайтын ғылыми-педагогикалық зерттеулерде, тіпті оқулықта, әсіресе тарих еншісіне берілгелі тұрған ғасырда, Ресеймен тығыз байланысты болғаны шындық.

Әдіскер ғалымдар А.А.Макареня, Н.Н.Сұртаева, С.В.Телешев зерттеген еңбектеріне келсек, олар химия пәнін, оқыту әдістемесін сонау 1746 жылы М.В.Ломаносов немісшеден орыс тіліне аударған [24] оқу құралының бастап, осы кезге дейінгі аралықты қамти зерттеп, бес кезеңге жіктейді. Бірінші кезеңді 1864 жылға дейін деп белгілейді, оған басты себеп, Д.ИМенделеевтің [25] тұрақты оқу құралының жарық көріп, химия ғылымы жалпы табиғаттану ғылымынан бөлініп, оның пән ретінде жүйелі оқытыла бастауы болса керек. Бұл кезеңді авторлар тәжірибе мен оқу құралының жинақталуы деп атаған. Екінші кезең 1864 -1900 жылдар аралығы және ол қолдағы қордаланған тәжірибені, оқыту мазмұнын, түрін, әдісін іс жүзінде сынау, байқау деп аталады. Расындада осыншама қысқа (35 жылда) химия ғылымында кереметтей жаңалықтар ашылды. Ол әрине оқыту мазмұны әсер етті. Үшінші кезең 1901-1939 жылдар арасы, оны химияны оқыту әдістемесінің өз алдына жеке ғылым ретінде туындауы, зерттеу бағыты мен бағдарының жүйелі анықталып ондағы шешілетін мәселе ауқымы айқындалды. Бұл кезде де кеңес елі мен әлемдік химия ғылымы күрделі күйзелістерге, соны жаңалықтарға душар болды. Егер екінші кезеңде бірінші дүние жүзілік соғыс болса, үшіншіде – екінші дүние жүзілік соғыс болғаны белгілі. Төртінші кезең 1940-1991 жылдар аралығы және химия пәні осы тұста басқа ғылым салалары мен кіріктірілді, тіпті әлемдік әдістеме құрамына енеді [26]. Бұл кезеңнің аяқталуы, КСРО елінің ыдраған, бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөлнумен тікелей байланысты. Соңғы бесінші кезең 1992 жылдан басталады, ол жалры жалрлау, жетлу(қажетты, күтілген) кезеңі дер аталады. Бұл Ресей империясы ұшін соңғы кезең болса, біздң тәуелсіз Қазақстан республикасы үшін бірінші кезең болмақ.

Соңғы үш кезенге қатнасты, осы ғасырдағы химия панін оқыту әдісіне үлес қосыр, өзінің әдіскерлік мектебін ашып, есімі химияпәнін оқту әдісімен жапсарласа біргіп кеткен ғылым-педагогтар жұмысына талдау тұрғысынан емесб уақытрен байланысты тарихи қалыртасуреті бойынша қысқаша тоқталайық.

В.Н.Верховский қазан төңкерісінен кейінкейын, орта мектепке арналған химияны оқытудың тұңғыш бағдарламасын (1920), бірнеше рет өңделір қайта басылған химия оқулығын (1932), химия оқыту әдстемесін (1934) баспадан шығарды. Оның өзі және басқа авторлармен орта мектерке арнар, бірге жазған оқулықтары 10-13 рет жарық көрді, кеңсе өкіметіндегі орта білім беру жүйесіндегі химияны оқыту әдістемесінің негізін салушы атанды [27].

Ұлы отан соғысынан кейін Глинка Н.Л. “Жалпы химия” оқулығын жазып, баспадан шығарды. Бұл оқулық химия мамандарын дайындамайтын, яғни химиялық емес, көбіне техникалық жоғары оқу орындарына арналған. Автор жоғары мектеп жүйесіне арналған өз оқулығын, химиялық есептер мен жаттығуларға арналған оқу құралымен толқтырды. Осы оқулықтар мазмұны сәтті таңдалып алынған, оңтайлы орналасумен қатар түсінікті де жеңіл оқытылатын тілмен жазылған. Ол жоғары мектер жүйесіне арналған, бірнеше рет, тіпті қазіргі кезге дейін қайтадан басылып келе жатқан оқулық және ол бірнеше тілге, соның ішіне қазақ тіліне де, орта мектептегі оқулықты есептемегенде, алғашқы болып аударылған химия пәні. Оқулықтың әлде өз тұтынушысын табуы, оның әдістемелік педагогикалық талаптарға сай екендігін дәлелдесе керек [28].

Алғашқы әдіскер В.Н.Верховскийдің шәкірті, онымен авторлық бірлестікте бірнешеорта мектер бағдарламасын, оқулығын, оқу қуралын жазған Л.М.Сморгонский, орта мектепте химия пәнін оқыту әдістемесіне теория тұрғысынан келді [29].

Көп жылдар бойына орта мектептегі химия пәнін оқыту әдістемесіне назар аударып, ондағы мәселені тынымсыз зерттеген ғалым-ұстаз Д.М.Кирюшкин. Ол тіпті В.Н.Верховскийден кейінгі екінші “Орта мектепте химияны оқыту әдістемесі” атты оқулықты жазды. Кезінде бұл оқу құралын тұтынбаған бірде-бір химия пәнінің оқытушысы болмаған. Ол бұл мәселені өзі жазған оқулыққа сүйене зерттеп, педагогика әдістеме теориясына қомақты үлес қосты [30].

С.Г.Шаповаленко еңбегімен таныс ғалым, педагог, әдіскерлердің бәрі де оқу-тәрбиелік мәселесін кең қамтуы бойынша, оны түсіндіру мен мазмүндаудың теориялық деңгейі бойнша, химияддағы әдістемелік әдебиеттер арасында, оған ұқсас, теңдес дүниенің жоқ екенін біледі. Оның бірінші рет мазмұнды таңдап алумен оқу пәнін құраудың ғылыми-педагогикалық негізі мазмұндалған және ол күні бүгінге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ; психология мен қисындық мәліметтің, танымдылықтың ғылыми заңдылқтарын талдау негізінде, политехникалық білім мен біліктің қалыптасу әдістері мен түрі сипатталған;оқу пәнінің тәрбиелік мүмкіндігі барынша мол айқындалған.[31].

Орта мектептегі химияны оқыту кезінде, көрнектілік құрал ретінде, тәжрибелік жұмыстар пайдалану мәселесіне бірінші болып, педагог-ғалым В.С.Полосин балды. Бұл зерттеу, химиялық білімнің қалыптасуындағы негіз ретінде, мектептегі осы пәнді оқыту тұсында, тәжірибені пайдалану мәселесіне арналған. Онда түрлі химиялық тәжірибелердің мәні, дидактикалық қызыметі,танымдық және тәрбиелік мағыналар айқындалды, тәжірибелік жұмысты көрсетуге арналған және оқушылардың машықтану жұмысын таңдап алудың басты ұстанымдары анықталып, оларды тиімді үйлестіру шарты табылды, әдістеме мен химиялық тәжірибені жүргізу реті және оны түсіндіру, көрнекілеу және зерттеу мақсатында сан алуан түрін пайдалану сауалдары жан-жақты қарастырылған[32].

Ғалым-әдіскер Г.И.Шелинский мектептегі химия бағамының мазмұнын жетілдіру мәселесіне арналған зерттеуін тұжырымдады. Ол ертеректе А.Д.Смирновпен бірлесіп, орта мектептің сегізінші сыныбына арналған тұрақты химия пәнінің оқулығын жазды. “Химиялық байланыс және оны орта мектепте оқыту” және “Химиялық реакцияның энергетикалық негізін оқыту” мәселесіне арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгізді. Бұл оқулықтар аса құнды болғандықтан елімізде кең де тез таралып, шетел назар аударып, өздерінде басып шығарды. Бұл кітаптың басты ойлары, автордың көптеген ғылыми мақалаларында жарияланып, мектептегі химия пәнінің теориялық деңгейін көтеруге себепкер болды[33].

Сексенінші жылдары орта мектептегі химия пәнінің теориялық деңгейі айтарлықтай жоғарлауды қажет еткенімен оны жүзеге асыруға керек әдістемелік зерттеулер, оқулықтар, ілімдік негіздеулер әлі жоқ еді. Бұрын да осы мәселемен шұғылданып, мектепте тәжірибелік жұмыстар жүргізген В.П.Гаркунов орта мектептерге химия пәніне қатынасты теориялық материалды оқытудың әдістемелік негізін тұжырымдады.Ол жаңа идеяларды дамытып,оқушылардағы дамушы теориялық білімнің қалыптасуы жолдарын жасауды және осының негізінде химиялық деректерді болжауды,оны түсіндіруді ұсынады. Оқтушылардың теориялық дайындығын арттыру мақсатымен,ол кейбір алғашқы химиялық түсінік ұғымдарын “Өлі табиғат ” бағамына ауыстыру мүмкіндіктерін тексерді.Бұл құнарлы да құнды ой қазіргі кездегі V-VII сыныптарға арналған “Табиғаттану” бағдарламасында ескеріліп, онда химия пәнінің алғашқы түсінігі туралы, басқа ғылым саласымен үйлесімді берілген [34].

Орта мектеп жүйесінде өтілетін сабақтар мазмұнының, әсіресе, жаратылыстану бағытындағы пәндердің өзара ішкі байланысы маңызды. Мұндай биология мен химия пәнаралық мәселесін шешуге бағытталған ғылыми­­­-әдістемелік зерттеуін Д.П.Ерыгин қорытындылады. Көбінесе, пәнаралық байланыс пен шұғылданғанда, кейбір химиялық құбыдыстарды түсіндіру үшін, физикалық білімге тірек жасайтынымыз немесе математикалық есептеумен дәлелдеуге ұмтылатынымыз бар. Автор мектептегі биология мен химия пәндерінің арасындағы байласты зерттеу мәселесін дамытады, оқушылардағы пәнаралық түсінікті қалыптастыру мақсатымен және табиғаттағы құбылыстарды толығырақ түсіндіру үшін оларды жүзеге асыру жолдарын нұсқайды. Бұл зерттеудің мектептегі табиғи-ғылыми білімдерді өзара кіріктіріп, жалпы білім жүйесінде оң әсер ететіні даусыз[35].

А.А.Тыльдсепп “Жалпы білім беретін мектептегі жүйелі білімді қалыптастырудың әдістемелік негіздері” атты еңбегін ұстаздар назарына ұсынады.Ол оқытушларда қалыптасатын білімнің бөлікті болатынын әділ байқап,олардың жекеленген құрамдастары арасындағы өзара баланыстң нашар байқалатын, химияны оқыту тұсындағы айтарлықтай кемшілік ретінде қарастырып, оқушыларда жүйелі білімді қалыптастыру мақсатын қоя білген және оны сәтті шешеді.Химия бойынша игерілген жүйелік білім,нақтылы мәлімет,түсінік, заңдар, теория мен теориялық ілімдер арасындағы байланыстың көрінісі болуы керек және осы арқылы заттар мен химиялық процестер арасындағы шынайы байланысты іске асырады [36].

Е.Е.Минченков “Мектептегі химия бағамын құрылымдаудың және мазмұнын таңдап алудың ғылыми-әдістемелік негіздері” атты еңбегін жария етті.оқу бағдарламасын қайта қарағанда,әсіресе бейорганикалық химия бағамы туралы әр түрлі,тіпті қарама-қарсы пікірлер айтылды.Нақ осы мысалда автор оқу пәнінің құрылу мәселесін зерттейді. Оқу пәнінің әуелі ғылым негіздерінен құрлымданатыны белгігі. Осы мәселеге назар аудару және химия ғылымының дамуы жаңа тұжырымға әкелді. Әдістемеде бейорганикалық химиядағы басты-химиялық элементтер туралы ілім деп есептелгені белгілі, ал олар туралы білімді ең жоғарғы жалпылау –периодтық жүйе деп саналады, ендеше, ол ғылымның негізін құрайды да, оны тану қажеттілігі оқу бағамының құрлымы және оның мазмұны мен анықталады. Зерттеуде бұл түсінік кеңейтілді. Химия негізі деп, барынша жалпыланған табиғи ғылымилық теориямен теориялық деңгейдегі ғылым ядросының (оның құрамындағы түсініктің негізі) бірегей дамуын ашуға мүмкіндік беретін мазмұнды қабылдайды. Сондықтан оқу пәні үшін зат, оның құрамы, құрлысы, қасиеті туралы, химиялық реакция заңдылықтары мен атомдардың атомстикада деңгейіне дейін ашылуы, периодтық заңды, атом құрлысы туралы теорияны және т.б.таңдап алады [37].

Химияны оқыту кезінде “түсінік” деген жиі кездеседі.Нақ осы ұғымның қалай жүйеленіп, теориядағы орны туралы көптен шұғылданып жүрген Н.Е.Кузнецова да “Химияны оқытудағы түсінік жүйесінің қалыптасуындағы теориялық негіздері” атты тақырыпты әдіскер,педагог, ғалым, көпшілік ұстаздар қауымына жаиялады.білімінің қажетті әрекетшілдігі мен жүйелілігін қамтамсыз етпейтін, бірақ та,тек жеке түсінікті игеру тұсында ғана оң әсер беретін, оқу ісінде химиядағы негізгі түсінікпен қатар жол-жөнекей нақтылы материялды қарастырғанда пайда болатын мәселені дұрыс шешу үшін, Н.Е.Кузнецова зат туралы, химиялық реакция туралы, химиялық технология, білімінің жалпылануы мен қызмет етушілігін жоғарлататын, оқушылырдың іс-әрекетіндегі теориялық түсінік белсенділігін, олардың творчестволық ойлауын дамытатын түсініктің теориялық жүйесін ынталы қалыптастырудың ғылыми негізделген әдістемесі мен тұжырымдамасын жасады.Түсініктің жалпы жүйесін құрастыру арқылы түсінікті жіктеуге және жасалынған ұстанымдарды таңдап алуға негізделген олардың мазмұны мен құрлымына сипаттама берілген.Таңдап алынған түсінік төрт буыннан – бөліктен тұрады: стехиометриялық түсінік,құрылымды қызметшілік түсінік, кинетикалық түсінік, технологиялық түсінік. Екінші дәрежедегі (қосымша) түсініктерді алып тастау есесінен жоқ түсініктер енгізілді: қосылыс түрі, реакцияға қабілеттілік, заттарды құрлымдық тұрғыдан ұйымдастыру (топтастыру), ауыспалы күй және т.б. түсінік жүйесінің мазмұндағы маңызды бөлінді ретінде оқу материалының білімнің бөлінді буындары мен олардың жекеленген түсініктерімен (түсіндіру, болжамдау, кіріктіру қызметін)салыстырғанда, жаңа қызметі мен мақсаты болатын, қисынды-мазмұндық байланстары шығады.жұмыста өзіне терминологияны, номенклатура мен символиканы қосатын химия тілін қолдану мен оқытуға жаңа жолдар ашылады. Тілдің барлық құрамдас ретіндегі түсініктің қалыптасуы мазмұнымен тығыз байланста жүреді: оқытылатын түсініктің теориялық деңгейі өзгерген кезде, білімді айту түрін ашып, таңбалық ақпарат қайта белгіленеді де, бір қызметте жүреді [38].

Осы кезге дейін зерттелінбей келген сияқты бір жетіспеушілік болатын,ол химияны оқытудағы көрнекті құралдардың орны. Бұл мәселемен И.Л.Дрижун шұғылданған. Ол өзінің “Химияны оқытудағы техникалық құралды іс жүзінде қолдану және теориялық негіздері” атты ғылыми –зерттеулік еңбегін жаиялады. Автор мектептегі оқытуда және педагогикалық институттарда химия оқытушысын дайындаудағы әдістемелік жүйеде аудио, көрнекті құрал-жабдықтар пайдаланудың тұтастай ғылыми негізделген әдістемесін жасады. Зерттеуде болашақта пайдалануға болатын компьютерлік жабдық пен оқу үрдісіне қосу көзделген. Педагогикалық жүйеде қолданылатын техникалық құралдар қатарында телевидениені байланыс жүйесіндегі ең әсерлісі, өзінде ең көп мәлімет тұтушысы құрамына оқулық телевизия сабағы, олрадың оқытушылардың тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін әдістемелер хүйесі, телевизиялық оқу сабағын жасақтау және оны жүргізуді ұймдастыру енеді.жұмыс нәтижесінде алты телевизиялық сабақтан тұратын, қырық екі хабар жасақталып, қолданысқа ұсынылды [39].

А.Ю.Штейнберг польша халық республикасындағы мектеп оқушыларына химия пәнінен білім берудің сапасын жоғарлатудың әдістемелік негізіне арналған өзінің педагогикалық, ғылыми-зерттеулік жұмысын еліміздің ұстаз-әдіскерлеріне пікір алмасу ретінде ұсынады. Бұл жұмыста мектептегі химияны оқытудың аса маңызды мәселесі зерттеледі­-білім,оларды алу, танымдық қызығуды дамыту, оқушыларға әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарау. Арнайы құрлымдалған тапсырманы –тестіні тек білім деңгейін тексеру үшін ғана емес, оны беру, алу үшін де қолдануға болатыны түйінделген.мұндай жағдайда ол химияны оқытудың тиімділігін арттырушы құрал ретінде болады [40].

Алдымен оқытуда алгоритдік жолға негізделген тестерді пайдаланады. Осы кезде химиялық формаулаларды, теңдеулерді құрастыру, химялық қосылыстағы элементтің масалық үлесін анықтау жане басқа да біліктілік қалыптасады.сосын үйге берілген тапсырманы орындау үстінде оны өздігінен тексеруді жүргізіп, оқушылар құбылыстарды болжамдауын жетілдіре алатындай, болжамалаушы тестілерді енгізді. Бұдан кейін, оқытылалатын нақтылы нысандарды жіктеуге бағытталған тестіні және содан химиялық реакцияларға қатысты оқытатын тестіні енгізеді.

Мінеки, ослайша химиядан алатын білім сапасын жақсарту негізінде тірек болатін мысал ретінде тестер қойлған, химияны оқыту кезінде оның құрылымы алгоритмдікті, көтеріңкі көңіл күйді қамтамасыз етеді. Тестер жүйесі өзгертіп беймідеуге болатындықтан оқушылардағы көптеген жалпы ғылыми біліктілікті жетілдіруге кепілдік береді. Тестер жүйесін компьютерге негшздей құрауға да болатындығын бейсик тіліндегі ЭЕМ (ЭВМ) мысалында көрсетілген [40].

Т.С.Назарова еліміздегі педагог ғалым, ұстаз-әдіскер ретінде өз еңбегін “орта мектептегі химияны оқытуға материалдық құралдар жүйесін пайдалану және теориялық негізін жасау” атты еңбек түрінде ұсынды. Оқыту құралын жасау, көрнекі жасау, көрнекі құралдар жасақтау, химия бөлмесін жабдықтау біздің көпшілілігімізде кездейсоқ, ретсіз жүреді және құралын жасауды жалпы жүйеге біріктіретін теория, ілім жоқ. Химияны оқытудағы материалды құралдар жүйесін қалыптаструды ұсынады.

Оқу құрал-жабдықтарынның кешені жүйенің құрылымды қызмет атқаратын бірлігі болады. Белгілі тақырыпты оқыту үшін жеткілікті құрал мен қажетті кешенді (бірнеше жүйені) енгізеді.әрбір деңгей үшін кешенді тұрғызу мақсатында оқу құралын таңдап алады да талдайды, сосын зат, химиялық реакция, химиялық өндіріс, білік пен дағды туралы түсінікті оқытады. Осы тұста, оқушылардың білмеуден түсініктің өз ерекшелігі, олардың қызметтік мүмкіншілігіне орай болатын тәуелділігін тиімді үйлестіру сияқты ерекшеліктері ескеріледі.бұлардың бәрі өнеркәсіпте дайындап, олармен химиялық бөлмелерді қамтамасыз ету мақсатында “оқу жабдығы мен оқу көрнектілеу құралдары” атты еңбегін жазуға мүмкіндік берді [41].

И.Н.Буренская өзінің көп жылдық еңбегі мен осы мерзімде жарияланған ғылыми-зерттеу мақалаларының негізінде “Қазіргі мектептегі химияны оқытуда политехникалық ұстанымды жүзеге асырудың әдістемелік негіздері” атты еңбегін жариялады. Сол кездегі әлеуметтік,ғылыми-техникалық прогресс жағыдайында, материялдық өндіріс ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне негізделіп дамып келе жатқан, оқу пәнінің политехникалық мазмұнын тұрақты жаңартуды талап еткенде, оқушыларды политехникалық дайындау әдістері айтарлықтай дамыды. Зерттеуші, мазмұндық, іс жүргізушілік жағдайы үшін химияны оқыту ұстанымындағы политехникалық даму тұжырымдамасын жасады [42].

Алдымен сол кездегі мектепте химияны оқытудың политехникалық ұстанымының дамуын сипаттайтын, басым мақсаты айқындалды: политехникалық мазмұнды құрайтын негізгі өзек құрамындағы химиялық теория мен заңдылықтардың рөлі өседі; жалпы білімдік құбылыс политехникалық сипаттағы білімге ойыса түседі; қолданбалық материялдарды оқытқанда, оқушылардың есін жай дерек-ақпаратпен толтырудан политехникалық ойлауды дамыту жағына қарай ығысады; химиялық өндірісі оқытуды жеке бөліп, көрніс түрінен, анағұрлым жалпылап оқыту жоспарына ауыстыру ұсынылады.

Жасалған тұжырымға сәйкес, политехникалық білім мазмұны, тек нақтылы химиялық өндіріс туралы білімді енгізіп қана қоймай, ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бағыты туралы, өндірістегі жетістік пен шешіліп жатқан мәселелер жайлы, прогрессивті технология, жаңа материалдар, негізгі мамандардың жұмысы мен еңбегінің сипаты жайлы да мол мәлімет беріп отырады. Демек, химия өндірісі статикалық, яғни ылғи қозғалыста, өзгерісте, дамуда болатын құбылыс ретінде қарастырылады. Химиялық технологияның даму бағытында айтарлықтай көрніс табатын, материалдарды таңдап алудың шектері ұсынылады,осылардың негізінде пәннің политехникалық мазмұнын жаңарту жолдары көрсетіліп, ол іс жүзіндегі тәжірибеде тексеріліп,ұсыныстар жасады. Мәселен, қазіргі өндірісте катализдің кеңінен пайдалануын химия бағамында көрсету мүмкіндігі мен қажеттілігі нұсқалған және сол сияқты катализдегі күшті физикалық күш әсерін, аса қуатты қондырғылардың пайдалануын, шикізат қорындағы құрлымдық өзгерісті, энергияны үнемдейтін, қалдықсыз және экологиялық таза өндірісті, өндірісті үзілістіден үзіліссізге ауыстыруды нақтылы мысалдар көмегімен баяндауға болатыны көрсетілген.

Жұмыста политехникалық оқыту әдісіне, оқыту мен химиялық өндірістің, ғылымның арасындағы табиғи байланыс айқындалып, олардың біртұтастығы, ажыраспай, керісінше бірін–бірі толықтыра дамитындығы көрсетілген. Зерттеуде кәсіби бағыттылық мәселесі де педагогикалық деңгейде көрсетіліп, теорияны толықтыратын пікірмен байытылған. Бұлар химияны оқыту әдістемесіне қосылған үлкен үлес [42].

Осы шолудың соңғы он жылына (1980-1990жж) назар аударғанда, педагогика ғылымының химия пәнін оқыту әдістемесіне қосылған ғылыми-зерттеу жұмыс санының айтарлықтай еселеп көбейгенін,сапасының артқанын, тақырыбының көп бағытта тармақтала дамығанын көреміз. Демек, бұл салада да өзінің маңыздылығы жағынан басқа ғылым салалары сияқты мемлекеттік, қоғамдық, саяси –әлеуметтік қажеттілігі туындай бастағаны, ал осы жай өз кезегінде аталмыш саланың өрлеу алдында тұрғанын меңзейді, мұнымен қатар, химияны оқыту әдістемесіне де математика, физика, биология саласындағыдай химик-ғалымдар да ауыса бастады, әрине, бұл жайт әдіскер қатарын тек жай ғана көбейтіп қоймастан, оларды біршама сапаландырды да.

Сонымен, тарих еншісіне өткелі тұрған ХХ ғасырдың соңғы он жылдығына тиесілі үш сәтке тоқталайық. Олардың арасындағы аса маңыздысы және бастаушысы-ол бұрынғы КСРО-ның ыдырап, тәуелсіз мемлекеттердің салтанат құруы. Олар оқушылардың химия мамандығына кәсіби бағытталуының теориясы мен әдістемесі[43],жоғары мектеп жүйесінде іс- әрекет ілімі негізінде жалпы химияны оқыту әдістемесі[44],кәсіби орта мектептегі оқушыларды жалпы ғылыми және арнайы химиялық дайындаудың динамикалық негіздері [45],химияны дамыта оқытудың әдістемелік негіздері [46], польша польше пединституттарындағы химия мүғалімін кәсіби–әдістемелік дайындаудың компьютерлік теориясы мен машығы [47] және жалпы химияны жоғарғы оқу орындарында оқыту мен химик педогогтер дайарлау ісі деп қарастыруға болады. Ал үшіншісі егемен еліміздегі педагогика бойынша химияны оқыту әдістемесі жайлы. Алғашқы жұмыс, ұзақ жылдар бойы бұрынғы Абай атындағы педгогикалық институттағы, қазіргі Алматы мемлекеттік университет қабырғасында жүргізілген, ол химия тілінің оқыту кезіндегі атқаратын қызметі мен оның дидактикалық негіздері [48] туралы болса, келесі Алматыдағы мал-дәрігерлік, зооинженерия және агрономия сияқты ауылшаруашылығына қатысты мамандық бойынша оқитын студенттердің кәсіби бағдарын қалыптастырудағы мамандандырылған оқу кітаптарының дидактикалық негіздерін педогогикалық, әдістемелік тұрғыдан зерттеуге арналған [49].

Химиялық білім, басқа да іргелі ғылымдар сияқты тіршілікке өзімізді қоршаған заттар мен құбылыстар әлеміне, ондағы заңдылықтардың қалыптасуына бүтіндей қарап, мәдениетті ойлауды, түсіне ұғынуды парасаты болыуды орта мекткптен бастап тәрбиелеу

Date: 2016-06-06; view: 591; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию