Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ЛттыҚ салт – дӘстҮрлер мен адамгершілік тӘрбиесініҢ сабаҚтастыҒы





Халықтық салт-дәстүр – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие – тұтас дүние. Оның мақсаты – адам тәрбиелеу. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.

Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен орныға бастайтын аян. Сол себепті халық даңалығы: «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деуі заңды. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, ауыл болып көңіл бөлген. Мысалы: үлкен кісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаушылыққа жататын, оны байқап қалушылар тентегін тезге салып отыратын. Жалпы салт-дәстүр – халқымыздың келбеті, рухани мәдениетінің қазығы. Халық даналығына оның ұрпақ тәрбиесінде атқарар қызметіне зер салып, ықылас аудармаған ақын-жазушы, ұстаз-ғалымдар кемде-кем, әсіресе, Абай, Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан сияқты ғұламалардың еңбектерінде негізгі арқауы - өз елі, халқы, болашақ ұрпақ тағдыры, оның тәрбиелі, парасатты,адамгершілігі мол азамат болып өсуі жайында кең толғаныс, өнегелі өсиет жатады. Халқымыздың аса көрнекті ақыны М.Жұмабааев та педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген «Педагогика» атты еңбегінде. Ғалым Б.Уахатов «Бесік жыры» - ананың «монологы», - деп, өте орынды көрсеткен. Себебі, ананың бесік жырымен, әлдиімен өзінің туған тілінің әуенінен тұңғыш рет нәр алады. Тәрбие бастауы – бесік тәрбиесі. «Ел болам десең, бесігінді түзе» деген Әуезов даналығы – осының айғағы. Д.Айдаров «Дәуір және дәстүр» деген еңбегінде әдет-ғұрып, салт-дәстүр қоғамдық дамудың барысында пайда болады. Сөйтіп, ол ұрпақтан-ұрпаққа тарап, мәңгі бақи өмір сүреді. әдет-ғұрып тұрмыстық қарым-қатынасқа байланысты қалыптасады. Мысалы: тілек білдіру, жас сәбидің дүниеге келу құрметіне шілдехана өткізу, бесік той, қонақ күту, наурыз тойы т.б. түрлі жоралғылар, салтанаттар өтетініне тоқталғаг. Дәстүрдің аса әсерлі күшін көрсететін белгілердің ішінде ерекше ретінде оның бұқаралығын, көпшілікке ортақтығын айтамыз. Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың өзінің қалыптасуына байланысты. Әрине, әр халықтың өзіне тән дәстүрі, әдет-ғұрып болады. Олар сол халықтың басқа халықтан ерекше бір белгісі болып санала береді. Қазіргі ғылыми дәлелдеулер қазақ ұлтының қалыптасуын IV-V ғасырдан басталады деп көрсетеді. Олай болса, сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрып, салт-дәстүрі дамыды. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бізге жетті. Тұрмыс мәдениеті, халқымыздың салттары мен дәстүрлері – адамдардың рухани байлығының маңызды элементтері. Тұрмыс мәдениеті дегеніміз – бұл отбасына көзқарас, адамдардың өзара қарым-қатынас ережелері, үлкенге, аналарға деген шынайы құрмет, бұл сонымен бірге ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

Ойын-өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады, ұстамдылығы іскерлігі дамиды.

Ойын-балалар үшін күрделі әрекет. Дене тәрбиесі немесе спорт сабақтарында балаларға ойынның бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалаған жөн. Өйткені, мұның балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор. Жан-жақты дамыған денсаулығы мықты дара тұлғаларды тәрбиелеу ежелден-ақ халық дәстүрі.

Халқымыздың ұлттық ойындарының көпшілігі «ойлауды қажет ететін ойындарға»жатады. Балабақшада өткізілетін қимылдық ойын түрлері баланы ептілікке, зейінділікке, ұқыптылыққа баулиды. Балаларға арналған ұлттық ойын түрлері, мысалы: «Айгөлек», «Қанталапай», «Арқаласпақ», «Тақия тастамақ», «Түйілген орамал», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Асық ойын», «Хан», «Бес тас», «Тартыс» т.с.с. ойындар- балалардың дене бітімінің ғана емес, ақыл-ойының жаттықтырушысы.

Дене қимылының төмендеуі балаларға өте қауіпті. Ондай жағдайда бала бойында иммунитеті едәуір төмендейді. Баланың дене белсенділігінің төмендеуі сымбатының бұзылуына, омыртқаның қисаюына әкеп соқтырады. \

Балалардың сәби шағынан бастап, дене бітімінің дұрыс жетілуіне мән беріп, дәстүрлі жаттығулар мен қимыл ойын түрлерін қолдана білгені дұрыс.

Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.

Ұлттық ойын-салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы.Сабақ кезінде немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы.Жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты- халықтың ұлттық ойындары болып табылады.
Ұлттық ойындарды қолдануың негізгі мақсаты бала бойындағы дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдірумен қатар, оның мінез-құлқы мен адамгершілік қабілеттерін сәби кезеңнен тәрбиелеуге ұлттық ойындардың пайдалы ықпалы бар екендігін көрсету тақырыптың өзектілігін айқындай түседі
.«Қазақ елінің жолаушы қонаққа көрсететін құрметімен бірге ұлттық ерекшеліктері, ұлттық күрестері мен ат жарыстары өзіндік ерекшелігімен сүйсіндіріп, сырт адамды қызықтырады»
(А.Гумьбольд)

Қазақтың ұлттық ойындарының жастарға тигізетін тәрбиелік мәні орасан зор және де дене тәрбиесінің баға жетпес құрамы болып саналады. Ұлттық ойындар тек ойын- сауық қана емес ол спорт, ол өмір сүру үшін маңызы бар үлкен тәрбие жолы, сонымен қоса ұлттық ойындар ерлікті, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты тағы басқа мінез ерекшеліктерін қалыптастырады. Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындар бала денесін шынықтырады, рухани жағынан өсіреді, ой-өрісін кеңейтеді. Ұлттық қозғалыс ойындарын дене тәрбиесі сабағының үрдісіне еңгізе отырып, осы пәнге деген қызығушылықты арттыру артқылы студенттер мен оқушылардың жалпы ден саулығының деңгейін жақсарту үшін, қандай әдістерді қолданса, дене дайындығының негізгі физиологиялық көрсеткіштері болып саналатын: қан айналымын, тыныс алу жолдарын, зат алмасу процессін және жүйке жүйелерінің жұмысын нығайтуда маңызыдылығы артатындығы бар бағыттарды дәлелдеу басты мәселе. Қазақтың ұлттық ойындары дененің шынығуын жан-жақты қажет етеді. Сол секілді қозғалыс спорт ойындары да, адамның еңбекке деген қажырлығын және шыдамдылығын талап етеді. Бала жасынан ойнаған ойындарының әсерінен болашақ жұмысшы ғана тәрбиеленіп қоймайды, қозғалыстың арқасында мүсінді, дені сау, қоғамның қиындығына төзімді азамат шығады, - деп атақты педагог А.С.Макаренко айтқандай, дене қозғалыстарын жүйелі қалыптастыру Отанымыздың болашақ азаматтарын жан-жақты үилесімді тәрбиелеуге әсерін тигізеді. Ұлттық ойындарымен шұғылданған ұлдар мен қыздардың қандай іске болсын қабілеттерінің артатындығын, жылдамдық, шыдамдылық сияқты дене дайындығының қасиеттері сапалы өсетіні байқалады [1]. Бұл қасиеттердің дамуы ақыл-ойының өсуі мен денесінің дамуына жәрдемдеседі. Ұлт спортының да, спорттың басқа түрлері сияқты, барлық спорттық ойындармен ұқсастығы бар. Мысалы: доп ойнау, қуыспақ, жасырынбақ, атысу ойындарын барлық ұлттың балалары ойнайды. Осы қозғалыс ойны процесінің барысында, қоғамыздың дамуындағы ең маңызды мәселелерінің бірі болып саналатын ұлт аралық татулықты тәрбиелеу іс де ескеріледі.

Тоғыз аяқ, тоғыз табақ

Ойын сауық, әдет-ғұрып ойындарының бір түрі - "Тоғыз аяқ, тоғыз табақ". Бұл әсіресе қазақтың баласын үйлендірерде қыздың әкесіне барып, құда түскенде, екі жақтың келісімі жарасқан шат-шадыман, туыстық жарастық көңіл күйді білдірген. Осы құда түсу кезінде қонақ сыйларын "тоғыз аяқ, тоғыз табақ" деп атаған. Халықтың әдетінде жайшылықтағы қонақ асы бөлек те, құданың асы бөлек берілген. Құдалардың арасындағы сөз әбден келісіліп болғаннан кейін, енді құданың қайтардағы қонақ асасы тағы бөлек - "құйрық-бауыр" болған. Мұнда құйрық май мен бауыр туралып, оған қосымша айран араластырып, қайтар жолда жесең де жейсің, жемесең де жейсің деген ойын-кәде жасаған. Жемесең тойғаныңның белгісі деп, құдаларға асатқан кезде айранды бет-аузына дейін түгелдей жағып шыққан. Құда енді бұл асатудан тек кәдесін жасап барып әрең құтылған. "Құйрық-бауыр" асататын көбінесе жас келіншектер болып келеді де, олар асататын адамдарына арнайы ән айтумен болады. Қатынасушылар көбінесе тапқырлық, шапшаңдық көрсетіп жазадан құтылып кетуге, асатушылардың саусақтарын тістеп алуға тырысады.

ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТУРЛЕР МЕН ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ.

Ұлттық салт-дәстурлерге-бата беру,бесікке салу,тұсау кесу,атқа мінгізу,ат ұстау,сәлем беру,қонақ күту,қазан ұстау,табақ тарту. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшiн қажеттi факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмiрiнiң, тiлi мен мәдениетiнiң, әлеуметтiк психологиядағы сол ұлтқа тән кейбiр этникалық ерекшелiгiнiң ортақтастығы болып табылады.Ұлттық психикалық құрылым мен ұлт мәдениетi арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелiк ұлт мәдениетiнiң түрлерiнен көрiнiс бередi. Мысалы, бiз ән-күйлердi, билердi тыңдай отырып, немесе ою-өрнектi, зергерлiк әшекей заттарды көрiп, оның қай ұлтқа тән екенiн бiрден айырамыз.Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелiгi адамдардың әлеуметтiк қарым-қатынасынан, киiм киюiнен, спорттық ойын түрлерiнен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келiн түсiру, қыз ұзату, қонақ күту, өлiк жөнелту рәсiмдерiнен т. б.), ұлттық тағам түрлерiнен байқалады.
Ұлттық психикалық құрылым үш бөлiктен тұрады: ол ұлттық сезiм, салт-дәстүрлер және ұлттық мiнез. Осы үш бiрлестiк ұлттық мәдени ерекшелiктiң шартты белгiлерi болып табылады. Ұлттық сезiм дегенiмiз — адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тiлiне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйiспеншiлiктi бiлдiруi. Ұлттық сезiм адамды қоршаған ортаның әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкiлiне тартқан ерекше табиғи сыйы. Ұлттық сезiм басқа сезiмдер сияқты адамның жеке басының қанағаттану, шаттануымен немесе риза болмай, қанағаттанбауымен байланысты ой-қиял, әсер сезiмiнiң сыртқа шыққан көрiнiсi. Мысалы, “Елiм-ай” әнiн ести отырып, елiнiң басына түскен ауыртпалық, шапқыншылық әрекетке езiлiп мұңаюы немесе “Саржайлау”, “Сарыарқа” күйлерiн ести отырып, тыңдаушының туған жер табиғатына деген сүйiспеншiлiк, шаттық сезiмiнiң оянуы табиғи заңды құбылыс. Адамның ана тiлiне деген сүйiспеншiлiгi де ұлттық сезiмiнiң ерекше түрi., ұзақ уақыт елден жырақ жат жұртта жүрiп, көпшiлiк iшiнен өз ұлт өкiлiнiң ана тiлiнде тiл қатуына елең етпейтiн, iш тартпайтын адам болмайды. Өйткенi, ана тiлi адамның iшкi сезiмiн басқаға жеткiзуде ой-қиялға етене жақын, жүрегiне жылы күштi құралы. Айталық, сұлу қызды аспандағы айға, күлiмдеген күнге, судағы құндызға теңеу. (“Ай десе аузы, күн десе көзi бар” деу) немесе “Ай мен күндей, әмбеге бiрдей бiр сұлу қыз болыпты” деп басталатын ертек қазақ ұғымына, ұлттық сезiмiне жақын теңеулер. Қазақ әдебиетiнде сұлу қызды “Ботакөз” деуi, туған баласын әке-шешесiнiң “ботам”, “құлыным”, “қозым” деуi ұлттық ұғымға, ұлттық сезiмге жақын көркем сөз айшықтары. Ұлттық салт-дәстүрлерге ана тiлiне деген сүйiспеншiлiктi, ұлттық өнер түрлерiн: ән-күй, зергерлiк қол өнерi, бейнелеу-сурет өнерi, ұлттық ойын мен спорттың түрлерiн, ұлттық тағамды, киiмдi, мерекелердi, тарихи ескерткiштердi т.б. жатқызуға болады. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жоралар, көзқарас түсiнiктер жатады. Ұлттық салт-дәстүрлердiң ерекшелiктерiн патриархалдық, рулық салт дәстүрлерiмен шатастыруға болмайды. Мысалы, қазақтардың қызды қалың малға сатуы немесе барымтасы мен өзбек әйелдерiнiң пәрәнжi жамылуын бүкiл қазақ, өзбек халықтарының ұлттық салт-дәстүрi деп қарамауымыз керек. Ол феодалдық, рушылдық қарым-қатынастан қалған ескi дәстүрлер.
Салт-дәстүрлер халықтардың тiршiлiк кәсiбiне, наным-сенiмiне, өмiрге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзгерiп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетiндерi жойылып, өмiрге қажеттiлерi дамып, жаңа мағынаға ие болады. Мысалы, қазақтар жаугершiлiк заманда ақ қой сойып, қанына найзасын малып, бiр-бiрiмен төс түйiстiрiп, анттасып дос болатын болған. “Достықты бұзғанды ант атсын” — деп серттескен. Феодалдық қырғын соғыс кезiнде ол батырларды бiрлiкке тәрбиеледi. Ал бертiн капиталистiк қоғамның дамуымен байланысты, анттасу салты қажет болмай, мүлде жойылды.
Немесе бүгiнгi күндерде ерлi-зайыпты қариялардың алтын, күмiс тойларын өткiзу де салт- дәстүрлердiң өзгерген түрi. Оның ұрпақ тәрбиесi үшiн үлкен прогрессивтiк, тәрбиелiк мәнi зор. Ұлттық мiнез адамның iс-әрекетiнен көрiнетiн тұрақты құбылыс. Ұлттық мiнез осы ұлтқа тән темпераменттiк, психикалық рухани сапасымен ерекшеленiп, көзге түседi. Мысалы, қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық, өзбектердiң сыпайы мiнездiлiгi, дiншiлдiгi, орыс халқына тән қарапайымдылық пен кеңпейiлдiлiк, американдықтардың құнттылығы, ағылшындардың салқын қандылығы, немiстердiң ұқыптылығы, француздардың жинақылығы, испандықтарға тән қызу қандылық ерекшелiктер байқалады. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда жоқ, кездеспейдi деген ұғым тумайды. Ол қасиеттер әр халықта әр түрлi қырынан көрiнiс табады. Әр ұлттың өзiне ғана тән этностық таза мiнез-құлықтың болуы мүмкiн емес. Мысалы, орыстарға тән дейтiн төзiмдiлiк қытайларға да тән қасиет болып келедi. Немесе грузиндердi қызба қанды халық деймiз. Ал ол мiнез испандықтарға да ортақ. Академик С.Кон өзiнiң ”Ұлттық мiнез-құлық ерекшелiктерiнiң проблемасы” атты еңбегiнде ”Ұлттық мiнез-құлықты анықтауда әр ұлтқа тән этностық мiнез-құлықты шартты түрде алып қарау керек”, — деуi орынды. Дегенмен, бiр халықта ерекше басымырақ болып көрiнетiн мiнез-құлық сипаты сол халықтың психикалық ерекшелiгi болып саналады.
Ұлттық дәстүрлер ұлттық психологиядан көрiнiс тапқанда, кейбiр психикалық әлпеттiң жалпы адам баласына, барлық ұлтқа тән ортақ қасиетке ие екенiн байқауға болады. Мысалы, қонақжайлық, үлкендi сыйлау, балажандылық сияқты мiнез-құлық өлшемдерi барлық халыққа ортақ қасиет.

ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІК. Ою-өрнек лат.тілінен аударғанда сәндеу,әсемдеу деген. Оләртүлізаттарды,архитектуралықғимараттардыәшекейлеугеарналғанжүйеліырғақпенқайталаныпотыратынәрүйлесімділіккеқұрылғанөрнек.Оюдегенсөзбенөрнекдегенсөдіңмағынасыбір.Бұлсөздіңұғымындабірнәрсеніойып,кесіпалыпжасаудегенмағынажатыр.Алөрнекдегенімізәртүрліою,бедер,бейненіңкүйдіріп,жалатып,бояп,батырып,қалыптапістегенкөркемдіктүрлердің,әшекейлердіңортақатауыіспеттес.Сондықтаною-өрнекдепқосарланыпайтылады.Жалпықазақхалқыою-өрнектіқадіртұтқан.Баскиімдегіою-өрнеккеқарап,қайұлттыңұрпағыекенінтаныған,кімніңқазақ,кімніңұйғыр,татарекенінбілген.Қырғыздарда «қошқармүйіз», «тұмар», «текемүйіз»,ұйғырларда «бадам», «шәдә»,өзбектерде «пахтагүл», «бадам» депатаған.Қазақтың ою-өрнегі үй жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық, бұйымдарменкиімдердінақыштап безендіругеқолданылатынөрнектер.Қазақстанаумағындаою-өрнектіңеңқарапайымэлементтеріАндроновдәуіріненжеткенкөнеәшекейлеріненбайқалады.Мұндайәшекейлернүкте,иректәріздесболыпкеледі.Ою-өрнектүрлітүрлігеометриялықпішіндердеқұралып,дәнекерлеуоймалау,кестелеу,құйма-жапсыруәдістеріарқылыжасалады.Ғалымдардыңпайымдауынша,қазақою-өрнектерінің230-дайтүріғанаанықталған.Халықарасындаеңкөптарағаны «мүйіз» тектесою-өрнек.Мүйізоюы – қазақхалқыныңою-өрнегініңтөркінідеугеболады,өйткенібарлықжаңаэлементтерсоныңнегізіндежасалып,тек атауларығанаөзеріпотырған.Мысалы: «қошқармүйіз», «асқармүйіз», «бұғымүйіз», «қырықмүйіз», «төртқұлақ», «түйетабан», «қаз-табан».

ҰЛТТЫҚ ОЙЫННЫҢ ТҮРЛЕРІ, ОЙН МЕН ӨНЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ

Көкпар - көкпарда «Дода және жеке тартыс» аталатын екі түрлі әдіс қазақ арасында көп қолданылады. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. Қазір көп жерде дода тартыс қана ойналып жүр. Жеке тартыс әдісі ұмытылған не іске қосылмаған. Көкпардың бұл түрі көреременді қызыққа бөлейтін әдіс. Жеке тартыстың шарты бойынша қарсылыстар өз тобынан екі-екіден тартыскерлер шығарады. Сайланған төрт жігіт өздерінің қайрат-күшін елге танытады. Тартылатын серкені бір бала өңгеріп алып, алдын ала сарапшылар белгілеген бір жарым шақырымдай жерге апарып тастайды.Тартысқа шыққан жігіттер серкеге барғаннан кейін таласа-тармаса тұрып, жерден іліп алу амалын жасайды. Қайсысы бұрын іліп алса, тақымына басып, қарсыласына ырық бермеуге тырысады. Ол да жармасып, бос сирақты тақымға басып, тартыса бастайды. Серіктері жолдастарын жебейді. Қайсысы көкпарды жұлып алса, серігіне береді. Ол топқа қарай ала қашады. Қарсыласы қуалайды. Жетіп ұстаса, қайта тартысады. Сөйте-сөйте көрерменге жақындайды. Осы арада көкпарды жұлып алған жігіт тез қимылдап, қарсылас топқа апарып тастайды. Ал аты ұшқыр, жүйрік жігіттер түптегі тартыста-ақ лақ қолына тисе, жеткізбей кетуі мүмкін. Көкпар тартуға араласа алмайтын қартттар, балалар көкпаршы жігіттердің осы ойынынан ләззат алады. Жүйрік атпен мықты жігіттің қайратына сүйсінеді. Біраздан кейін серкенің терісі жыртылып, сүйегі сөгіле бастайдыда, ел жапа-тармағай тартысқа кіріседі. Бұл дода деп аталады. Мұнда да мықты жігіттермен жақсы ат көзге түседі. Мықты жігіттер жүйрік атты жігіттерге топтан көкпарды шығарып береді. Олар ала қашып, ерекше бір жақсылығы бар үйге апарып тастайды. Салт бойынша ол үй жаңа көкпар береді. Осыдан арғы көкпардың бәрі дода әдісімен өтеді.

Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.
Қыз қуу ойыны бір тегіс, жұмсақ топрақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетеін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады. Қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылыр бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойының шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап, сүюге міндетті. Ал жігіт оған үлгермей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гулеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің тапқырлыған, сынаптай сырғыған ептілікті, шабандоздық шеберлікті таныты білулері керек.

Күрес -қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Адамның жеке күш-қайраты сынға салынады.Бұл тұста ел жастарды «Күш – атасын танымас» деп қайрайды. Бұл күштілерді дарақылыққа итермелеу емес. Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуге тиіс. Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Курес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл боліп, дәріптеген.
Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбіне қыз ұзатылатын және сүндет тойларының думанында ойналады. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Кейде бір ауылға келін ұзағырақ жылдардан кейін түсіп, беті ашылғаннан кейінгі сайранда ырым үшін де ойналады. Сонда жас келін өзінің шолпысын не алқа күмістерін орамалға түйіп, бір қарыстай терең қазылған,қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып қояды. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Кімде-кім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі.Оны өзі алып қалмайды, қалаған адамына сыйлайды.
Ақ сүйек - ай сүттей жарық түндері, жазды күні қыздар мен жігіттер, балалар араласып ойнай береді. Кешке мал келіп, қораланып болғаннан кейін күзет түрінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ерте кезде ірі қараның қу жілігі пайдаланылған. Күн көзінде ұзақ жатқан жіліктің құрап, ақсөнке болып қалатыны белгілі. Ол кезкелген жерден ұшырайды. Соған орай ойын да «Ақсүйек» атанған. Ойынға келгендер екі топқа бөлінеді. Бастаушы ақсүйекті әуелетіп, алысқа лақтырады. Басқалар ай сәулесіне шағылыса жарқылдаған ақ сүйектен көз айырмай қарап, қай шамаға түсетінін бақылайды. Ақ сүйек жерге түскен соң, бастаушы: «Ал, іздеңдер» деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақ сүйекті тапқаны: «Мен таптым!» деп айқайлайды да, ақ сүйекті жоғары көтеріп көрсеткеннен кейін сөреге қарай жүгере жөнеледі. Қарсыластары оны қуып жетіп ұстап алуға тиіс. Ұсталып қалса, ол ақсүйекті өзін ұстаған ойыншыға береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Сөйтіп ақ сүйекті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, қарсы топтағылар жеңілген есебінде ән салып береді. Ойын осылайша жалғаса береді.
Сақина салу – жеребе арқылы бір қыз, бір жігіт ортаға шығады. Басқалары екі қолдарын уыстаған күйі тізелерінің үстіне қойып отырады. Қыз қолындағы сақинаны әр ойыншының уысына салғандай ыңғаймен ойынға қатынасушыларды түгел аралып өтеді. Содан кейін жігітке: «Сақинаны тап!» деп бұйырады. Барлық ойыншы сақинаны іздей бастаған жігітке қарап, қуыстанып сезіктегендей кейіп байқатады. Жігіт өзі ұйғарған ойыншыдан: «Сақинаны бер!» деп сұрайды. Тапса, сақинаны ұстап отырған ойыншы айып тартады. Таппаса, іздеушінің өзі айып тартады. Ал айыптың өтеуі көпшіліктің қалауы бойынша орындалады. Оның түрі де ән салу, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, салмақ көтеру секілді қызықты болғаны жөн. Осыдан кейін ортаға келесі жұп қыз бен жігіт шығарылады. Бұл ойында қыздар жағы тек сақина салушы ғана болады. Іздеуші- жігіт. Ол әр ойыншының алдына барғанда әзіл айтып, күлдіріп жүріу керек. Сол әдіс арқылы сақинаны ұстап отырған ойыншыны сезіктендіріп барып тауып алуыда ықтима
Бастаңғы – ауылдағы үлкен кісілер бір жаққа қонаққа немесе басқа себептермен қотарыла кеткен жағдайда қыз-келіншекткр бас қосып, бір үйге жиналады. Қазақ салтында ерулік, ас беру, сүндет тойы секілді кәделер аса кәдірлі іс. Сондай кәденің біріне шақырған кісінің ниетін сыйлап, шақырылған ауылдың үлкен кісілері түгел баруға тырысады. Қыз балалар ондайда оңаша қалады. Сонда бастаңғы ойынын бастайды. Емін-еркін ойнап-күліп, қысылып-қымтырылмай сырласады. Бұл ойынға қыздардың қалауы бойынша жас жеңгелері де қатысады. Қазақтың отбасы тәрбиесіндегі «Қызға қырық үйден тыйым» деген қатал тәртібі қыз баланың албаты секеңдеп, ербеңдеп жүруіне жол бермейді. Қазақта қыздың ары қатты ардақталады. Ол бүкіл отбасының абройы. Сондықтан қыздың өз үйінен себепсіз не рұқсатсыз ұзап шығуы ата-ананың намысын қорлайды да, оған қатаң тыйым салады. Бойжеткен қыз шешесімен не жеңгесімен үй шаруасымен шұғылданады. Бос уақытында кесте тігеді, ою ойып, терме тоқу өнерін үйренеді. Сөйте жүріп өзінің төсек-орнын, жасауын, үй мүлкін де қамдап алады. Бастаңғы – қыздардың үй іші шаруасында өз бетімен еркін әрекет етуінің бір шарасы. Бастаңғыға жиналған қыздардың әр қайсысы тәтті-дәмдіні, құрт-майды үйден ала келіп, ортақ дастарқанға салады. Тамақты өздері әзірлейді. Бұл ойынның астарында үлкен тәрбиелік мән жатады. Қыздар осы ойын арқылы қонақ күтудің, табақты мүшелеп тартудың жөнін іс жүзінде орындап байқауға бейімделетін түрі бар. Тағы бір шарты – өлең айтылмайды, шу болмайды. Алайда басқа ойын ойнап, көңілдерін көтереді. Үлкен кісілер байқаусыз келіп қалып, көздеріне түспеу үшін құрт-май, тәтті беріп, үй маңында сенімді, тіл алғыш балаларды қарауыл қаратып қояды. Өйткені бұл қылықтарын үлкен кісілердің біліп қоюын әбестік деп ұғады. Бастаңғы- қазақ қыздарының ежелден келе жатқан дәстүрлі ойыны.

Алты бақан –қатысушылар санына шек қойылмайды. Алты бақан далада, алаңда, алаңқайда көбіне көктем, жаз кештерінде өтеді. Алты бақанды әзірлеу және ойын шарты: тербелетін тұғыр жасау үшін ұзындығы 3,5-4 метрлік алты бақан және үш мықты арқан керек. Алты бақан әрқайсысы үш-үштен мосы тәрізді етіліп ара қашықтығы 50-70 сантиметрге жерге төбелері түйістіріліп орнықтырылады да оған көлденең арқалық ағаш байланады. Ал үш арқанның ұшын сол көлденең арқалыққа бекітеді. Арқанның ұзындауы аяқ тиреуге, қалған қысқалау екеуі – отыруға бейімделеді. Әдетте қыздар мен бозбалалар жұп-жұп болып, алма-кезек ауысып тербеледі де әуелете ән шырқайды. Қалған ойыншылар өз кезектері келгенше әнге қосылып, көңілді күлкі, шат думан түннің біруағына дейін созылды.
Тоғыз құмалақ – жарыстың жеке кісілік, жеке командалық және командалық түрлері бар. Тоғыз құмалақты арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды. Тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (оны кіші отау деп те атайды), әрқатар үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар екі түске ақ пен қараға боялады. Әр ойыншыға 81-ден екі ойыншыға 162 құмалақ (оның бұршақ, жүгері дәні болуы мүмкін) беріледі. Олар әр үяға 9-дан орналастырылады. Тоғыз құмалақты тақтада немесе қалың қағазға ұялар мен қазанның кескінін сызып та ойнайды. Тіпті болмаған жағдайда ұяларды жерден қазып та ойнай береді. Әр ұяның 1-ден 9-ға дейін өзінің реттік саны болады, олар солдан оңға қарай есептеледі. Әр ұяның оң жақ (1-ден 4-ке дейін) және сол жақ (6-дан 9-ға дейін) қапталы бар. 5-ұя орталық ұя деп аталады. Ойын ережесі: тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы өзінің кезкелген отауына бір құмалақты ғана қалдырып, өзгесін қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап, бояу түсіне қарамастан бір-бірлеп ұяларға салады. Егер ең соңы құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны (2,4,6,8,10т.б.) жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты түгел алып, өз қазанына аударады. Ойының барысында ойыншылардың біреуінің ұясында 2 құмалақ қалса және оған серіктесі жүріс барысында өзінің ең соңғы тасын түсіріп үлгерсе, ол үш тасты түгел алады да, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Содан әрі қарай сол ұяға түскен тастар «тұздық» иесінің қазанына көшіп отырады. Әр ойыншы өз қарсылысының жағында тек бір ғана «тұздыққа» ие болады. Қазанына 82 құмалақ жинаған ойыншы ұтады.
Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алтыатар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған Үштабан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді.Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі жиып иіреді. Қімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан кем, я болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады. Алтыатар ойыны бұдан басқаша. Көндегі кенейледің бір шетіне түпте қалған (сақасы шықпаған) баланың сақасы тігіледі. Кенейдің арасында саңлау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1м жерден су (сызық) ал 5-6 м жерден қарақшы белгілейді. Кімде кім түптегі сақаны жұлып кетсе (судан шығарса) бүкіл кенейді сол алады. Ал сақаға тимей кенейді ұшырса, оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны-6 рет. Алғаш сақасы шыққан бала, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған кенейдің бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі.

«ҰЛЫ ЖАСАҚ»ТӘРБИЕСІ

Яса – әскери - құқықтық заңдар жинағы. 1206 жылы Шыңғысханның басқаруымен өткен түркі - моңғол ақсүйектерінің құрылтайында құрастырылған;[1]

Яса — Шыңғысхан тұсында қабылданған моңғолдардың әдет-ғұрып зандарының жинағы. 13 ғасырдың басында моңғол мемлекетінің құрылуы мемлекетті баскару үшін ортақ, жазбаша баянды етілген құқыктық нормалар мен заң ережелерін әзірлеу қажеттігін туғызды. Жаңа жағдайларға сай келетін, кодификацияланған әрі өзгерістерге ұшыраған әдеттегі құқык осы мақсатқа орайластырылды. Заңдар мен ережелердің бұл жиынтығы Шыңғысханның "Ұлы ясасы" деген атқа ие болды. Яса (неғұрлым толық формасы ясак, моңғол дзасак) "қаулы", "заң" дегенді білдіреді. Жувейнидің айтуы бойынша, Шыңғысханның зандары мен қаулылары орамаларға ("тұмар") жазылып, Ясаны терең білетін неғұрлым беделді ханзадаларда сақталған. Яса түпнұсқада сақталмаған және үзінділер мен мазмұны қысқаша баяндаулар түрінде ғана белгілі.[2]

Ұлы жасақ — Шыңғысхан тағайындаған заңдар кодексі.

Ұлы жасақтың кейбір баптары:

1. Нәпсіқұмар, оның әйелі бар-жоқтығына қарамастан, ешбір ерекшеліксіз өлім жазасына кесіледі.

2. Кімде-кім қасақана өтірік айтса, біреудің ізіне түсіп аңдыса немесе келіспей тұрған екеуінің біреуіне барып жақтасса, ол өлім жазасына кесіледі.

3. Кім суға немесе күлге дәрет алса, ол да өлім жазасына кесіледі.

4. Кім тауар алып, ақысын қайтара алмаса, тағы да тауар алып, ақысын қайтара алмаса, ол үш мәртеден соң өлім жазасына кесіледі.

5. Кім тұтқынға рұқсатсыз тамақ пен киім берсе, ол өлім жазасына кесіледі.

6. Кім қашқан құлды немесе тұтқынды тауып алып тұрып, иесіне қайтармаса, өлімге бұйырылады.

7. Кімде-кім ас ішіп жатқан адамдардың қасынан өтсе, аттан түсіп, олармен бірге ауқаттануы тиіс, ал аналар бұған қарсылық көрсетпеуге міндетті.

8. Әбу Әлидің ұрпақтары мен үрім-бұтағы, сол сияқты Құран оқушы факирлер және заңгерлер, емшілер, ғұлама ғалымдар, дәрәуіш-кезбелер, азаншылар алым-салықтардан азат етіледі.

9. Әскерлер соғысқа кеткенде, әйелдер ерлердің жұмысын істеуі міндетті.

10. Егер әмірлердің бірі кінәлі болып, қаған жаза қолдану үшін оған шені ең төменгі қызметкерді жіберген күннің өзінде ол қарсыласпай, хан бұйырған жазаны құлдық ұра қабыл алуы тиіс.

11. Әрбір адам діндердің кез-келгенін құрметтей білуге тиісті.

12. Мемлекет ішіндегі жай-жағдаяттардан дер кезінде хабардар болып отыру үшін нояндар мен сұлтандар байланыс жүйесін жолға қоюға міндетті.

13. Кісі өлтірген қылмысы үшін мұсылманға қырық алтын теңге (балаш), қытайлыққа бір есек түрінен құн төлеп құтылуға рұқсат етіледі.

14. Кімнен ұрланған жылқы табылар болса, ол атты иесіне тоғыз жылқы қосып қайтаруға міндетті.

15. Кәнизактан туған балалар заңды болып есептелінеді һәм әкесінің бұйрығы болған жағдайда дүние-мүліктен енші алуға құқылы. Дүние, мүлікті бөлу былайша жүзеге асырылады: жасы үлкеннің үлесі де үлкен, кішісі әке шаруашылығын иемденіп қалады. Балалардың үлкенді-кішілі жолдары олардың шешелерінің жол-жоралғысына қарай анықталады. Әйелдердің жол реті некеге тұру уақытына орай белгіленеді.

16. Әкесі өлген жағдайда оның мұрасына баласынан басқа адамның қақысы жоқ.

17. Ешкімнің де нояндар мен сұлтандар және басқа да шонжарлардың Жалпы кеңесте алдын-ала сайлауынсыз қаған жариялануға құқы жоқ. Мұндайда өлім жазасына бұйырылады.

18. Хан тұқымынан бөтен былайғы жұрттың құрметті лауазымға ие болуға қақысы жоқ.

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БИ-ШЕШЕНДЕДІҢ ТӘЛІМ ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ(ТӨЛЕ БИ, ҚАЗБЕК БИ, ӘТЕКЕ БИ, ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН)

Шешендік сөздер – құнды мұра, асыл қазына. Төле би. Қазыбек би. Әйтеке би.
Білімділік мақсат: шешендік өнердің алуан сипаттарын,шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұматты тереңдете түсу;халқымыздың даналығының-шешендік асыл қазынасының тәлім-тәрбиелік сипаттарын,ғасырлар бойы халық сынынан екшеліп өткен құнды мұра екендігін таныту;шешендік сөз өнерінің «өнер падишасы» саналатындығын,шешендіктің шалқар шабыт,шалқыған сыр мен сезімнен туатынын,даналық ой, көркем сөз өрілімін талдай оқу.
Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би өмірлері жайлы мәлімет беру; олардың көркем сөзден «сарай салған» шешендіктерімен бірге қазақтың әйгілі де айбарлы билері екендігін таныту; ділмар шешендіктеріне байланысты әңгіме, аңыздарды талдата оқыту: сөз астарының мән-мағынасын ашқызу, мазмұнын меңгерту, құрылысын таныту.
Дамытушылық мақсат: оқушылардың шешендер сөздеріндегі оралымды өткір ойды анық танып,талдай білулерін жетілдіре отырып,ой белсенділігін дамыту;шығармашылық ізденіске бағыттау;оқылған жайға көзқарасын анық жеткізу дағдыларын,мәнерлеп оқу шеберлігін,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер менТұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылғандары – пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз тұрақты, түсінік сөз ауыспалы мағынада келеді. Шешендік сөздер жазба әдебиетке жақын жанр. Оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би, Аяз би,Жиренше шешен), шешен, билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы. Ол түркітектес халықтардың көпшілігінде кездеседі.[1] Төле бидің айтқандары

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол.

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол.

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала,

Өзегің талса, өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.

Өзіңе-өзің кәміл бол,

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол,

Досыңа адал бол.

Қазыбек бидің айтқандары

Ауыл ақсақалы шала болса,

Жігіттері алту ауыз ала болса,

"Ә" десе, "Мә" дейтін.

Жасы үлкеніне жасы кішісі "сен" десе,

Сол ауылдың берекесі кетеді.

 

Әйелің қабағын түйіп керілсе,

Шай құйып беруге ерінсе,

Ұлың ұрысқа сай болса,

Келінің керіске сай болса,

Қызың сумақай болса,

Сол үйдің берекесі түгел кетеді.

Әйтеке бидің айтқандары

Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң, арқырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң, тоқырар.

Кісі берге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған бәлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады.

*****

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.

Бай болып елге пайдаң тимесе,

Батыр болып жауға найзаң тимесе,

Елден бөтен үйің күйсін!..

******

Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса,

Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.

Жақсылардың белгісі сол емес пе,

Қара қылды қақ жарған әділ болса!?.

 

 

Ш

ШАЛКИІЗ ЖЫРАУДЫҢ ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІК ҰҒЫМДАРЫ:

Шалкиіз жыраудың жырлары жақсыдан жаманды айыра білуге, жақсының жақсылығын кезінде бағалауға шақырады."...Жаманға жақыным деп сөз айтпа, Күндердің күні болғанда, Сол жаман өз басыңа айғақ-ты..." деген жыр шумағы "қолда барда алтының қадірі жоқ, қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай" деген ой пікірді дәріптейді. "Әділ төре ел бастар, Батыр жігіт қол бастар, Шешен адам сөз бастар" деп жастарға айтқан ақыл-кеңес,халықтың "8қырлы 1сырлы" деген түсінігімен ұштасып жатыр.Шалкиіз өзінің жырларында батырлардың ерліктерін, өзіндік ерекшеліктерін,кескін келбетін балаларға үлгі өнеге етіп ұсынды. "Атқан оғын оздврған, Дұшпанның тобын тоздырған, Бір ойында алпыс ала балта сындырған, Айсаның ару ұлы Қопай батыр бар." бұл үзінділерде батырлардың бір біріне ұқсай бермейтін қасиеттерін,айбарлы кейпін аңғартады,жаугершілік заманнан елес береді,балаларды батырлыққа ерлікке қайраттылыққа шақырады.Жыраудың көптеген нақыл сөздері сол кезден бері мақал мәтелге айналып,халық арасына тарап кетті:"Ақылсыз достан,ақылды дұшпан артық","Жаманнан шыққан жақсы бар,адам айтса нанғысыз;Жақсыдан туған жаман бар,бір аяқ асқа алғысыз","Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді",т.б. Мақалдың ең алғаш Шал/ң аузынан шыққанын зерттеушілер дәл/п отыр.

Ш.УАЛИХАНОВТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЛАРЫ:

Ш.Уалиханов - қазақ топырағында ағартушылық идеялардың туын алғаш көтерген ғалым. Ол орыс үкіметінің Қазақстанға өз заңдарын механикалық түрде көшіруге қарсы шықты. Қазақтардың жазалау шаралары еуропалық кодекстерге ұқсаған жоқ.Қазақта қылмыс үшін тек қана жеке адам емес ру түгел жауап береді. "Ал рудың заңдары,-деп жазды қазақ ағартушысы,-рулық қатынастар кезінде өмірге көп пайда келтірді".Ол "Тәңір","Қырғыздардағы шаманизм іздері" деген мақалаларында дінді адамгершілік мақсатта қолдануға қарсы болған жоқ. Халық мұрасын зерттеген Шоқан 1856 жылы Жанақ ақыннан "Қозы Көрпеш - Баян сұлуды" жазып алды. Батырлар жыры, ертегі,мақал-мәтел,қылқобыз, домбыраны,блгілі адамдар туралы ел аузындағы аңыз әңгімелерді зерттеген.Шоқан қазақ халқының жаттап алу қабілетін, шешендігін жоғары бағалап, мұндай қабілеттіхалық сауатты болып, ғылым үйрену керектігін анықтап айтқан.Қазақ халқының 4түлік малды киелі жануарлар ретінде қастерлейтінін,соның ішінде жылқы малын 7қазынаның бірі деп танып,қатты қастерлейтінін айтып, ұрпаққа берілетін ұлттық тәрбиені құрметтеуге шақырады.Ол "даладағы мұсылмандық" деген еңбегінде татар молдаларының схоластикалық мақсаты халқына қайткенде де білім беру,оқыту,дүниетануға жетелеу,оны реформа арқылы іске асыру. Қазақ даласындағы оқу,мектеп ісін ғылыми негізде құрып,оқу білімнің табиғат сырларын ашуға бағыттауын,халқының алдыңғы қатарлы елдерді қуып жетуін аңсаған.оның еңбектерінде "білім жалпы халыққа бірдей,ортақ болсын" деген идея басым. Шоқанның көзқарастары материалистік бағытта болды. Психологияны, оның ішінде этнопсихологияны, оның этнопсихологияның табиғатын түсінуі, оның әртүрлі факторларын толықтыруы соны көрсетеді. Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Түркістан халқының психологиялық ерекшелігі туралы мәселені Ш. Уәлиханов жалпы мәдениетті дамыту және "халықтық рухты" қайта ояту проблемаларымен берік байланыста етіп шешуге тырысты. Ғалым Шоқан халық мінезінің сипатын, оның пайда болуын көп жоспарлы, сан қилы мақсатта қарастырды. Сөйтіп, ол өзінің көптеген шығармаларында халық тұрмысын, әдет-ғұрпын, тілін, өзара қарым-қатынасын, дінін, оның әрқайсының ерекшелігін асқан дәлдікпен талдау жасады.

Date: 2016-05-24; view: 2746; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию