Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






азақ тәлім-тәрбиесі» Қ,Жарықбаева,С.Қалиев





 

 

YI-YIII ҒАСЫРЛАР МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ ТӘРБИЕЛІК ОЙЛАР. Түркі тектес халықтардың барлығына ортақ алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің дамуы VІ-ІХ ғасырлардан бастау алады, бұл қоғамдық сананың алғаш дүниеге келу кезеңі (Орхон-Енисей жазу ескерткіштері, Қорқыт ата тағылымдары, т.б.) болып табылады.

Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі жазбалардың жастарға, кейінгі өскелең ұрпаққа лепті үнмен мәнерлеп ғибрат айту, көтеріңкі сарынмен үндеу тастау түрінде берілуімен тәрбиелік мәні орасан зор. Олардың педагогикалық мазмұнын талдай отырып, мынадай тұжырымдар жасауға болады:

- бұл ескерткіштерде тотемдік дүниетаным мен мифтік ой-санамен қатар тұлғаның адамгершілік бейнесінің қалыптасуын, адамның үйлесімді дамуын дәріптейтін құнды педагогикалық идеялар айқын көрінеді;

- ескерткіштердегі жазулардың негізгі басты түйіні халқы, елі үшін адал қызмет ету, «қасық қаны қалғанша» күресу, халқының бірлігін сақтап, елдігін жоғары көтеру болып табылады, мұның өзі елінің қажетін өтейтін, халқына қызмет ететін саналы азаматтың тұлғасын тәрбиелеу мақсатына бағытталады;

- Күлтегін мен Тоныкөк бейнесі арқылы ақылдылықты, батырлықты, данышпандықты, қайсарлықты, адалдықты, табандылықты дәріптейді, бұл ескерткіштердің мазмұны тұлғаның бойында адамгершілік сапаларды қалыптастыруды қамтамасыз ететіндігін дәлелдейді;

- ескерткіштерде тәрбиенің мазмұнын адамгершілік, патриоттық, еңбек және ақыл-ой тәрбиесі туралы ой-пікірлер құрайды.

Орхон-Енисей ескерткіштерінен кейін түркі тектес халықтардың алғашқы педагогикалық ой-пікірлерінің дамуы Қорқыт есімімен байланысты. «Қорқыт ата кітабында» ел басына қиын-қыстау күн туғанда халқын жаудан қорғап, қамал бұзған қас батырлардың ерлігі, халқына ақыл-өсиет айтып, өз заманында елге ұйтқы болған ақылгөй даналардың, дуалы ауыз шешендердің өнегесі жырланады. Сонымен бірге аталмыш шығармада тәлім-тәрбиелік мәні зор афоризмдер, қанатты сөздер мен ұстаздық тағылымдар жиі кездеседі. Мұның өзі баба кітабының тарихи-этнографиялық шығарма ғана емес, сол дәуірдегі түркі тектес халықтардың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын педагогикалық туынды екендігін білдіреді. Тоныкөк,Күлтегін жырларының кейінгі ұрпаққа берері көп,тәрбиелік мәні бар мұра болып табылады.

ХV-XIX ҒАСЫРЛАР КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОПЕДАГОГИКА МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ДАМУЫ:

Қазақтың тәрбие мектебi — ақын-жазушылар мен билердiң өсиеттерi, ғибраттары және халық мақал-мәтелдерi, тыйым сөздерi мен ұлттық салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халықтық осы қағидалар шын мәнiсiнде жас ұрпақ түгiлi, ересек адамдарға да үлкен әсерiн тигiздi, ұлттың сана-сезiмiн оятты, тәлiмдiк-тәрбиелiк, танымдық мектебiне айналды. Жалпы ХV-ХIХ ғ.ғ. акын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшiн еткен еңбегiне, ой қиял өрiстеу өресiне, қимыл, әрекет-iсiне қарай үш топқа бөлiп: жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтамбердi, Махамбеттер); мәмiлегер (Асанқайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлiмгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп шартты түрде жiктеуге болады. Ақын-жыраулар өлең-жырларымен де, өнегелi iсiмен де халыққа белсене қызмет етiп, ел ұйытқысы, тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұстазы бола бiлдi.

Тәуке ханның “Жетi Жарғысы”— бүгiнгi Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың (Конституциямыздың} негiзгi iргетасы болып саналады. Сондай-ақ сол кезеңдерде дұниеге келген Мұхаммед-Хайдар Дулатидың “Тарихи-и-рашиди”, “Жаханнама”, Қадырғали Қосынұлы Жалайыридың “Жамиғат тауарих” (Жылнамалар жинағы), халық туындылары: “Наурыз бәйiтi”, “Нысабнами казах” (“қазақтар шежiресi”) т.б. ұрпақ танымы үшiн аса зор тәлiмдiк мәндi шығармалары едi.Бұл дәуiрде мал шаруашылығы, егiн шаруашылығы, ою-өрнек пен зергерлiк бұйымдар жасау, кiлем, алаша тоқу, ер-тұрман, құмған, ыдыс-аяқ (керамика) жасау, музыкалық аспаптар жасау сияқты кәсiптер жедел дамып, еңбек және эстетикалық тәрбие берудiң негiзгi құралына айналды.

1650—1730 жылдар арасындағы қазақ-жоңғар соғысы қазақ хандығын өте-мөте әлсiреттi. XVIII ғасырдың басында Тәуке хан өлгеннен кейiн қазақ елi үш жүзге бөлiнiп, үш хан сайлап, бiртұтас қазақ хандығының бiрлiгi мен қуатын әлсiретiп, жоңғарларға жем болды. Кiшi жүздi — Әбiлқайыр, Орта жүздi — Сәмеке, Ұлы жүздi — Жолбарыс хан билеп, әрқайсысы ұлы хан болуға таласып, ақыры “Ақтабан шұбырынды” атты қайғылы жағдайға душар етiп, халықты зор қырғынға ұшыратты.1730 жылы Кiшi жүздiң ханы Әбiлхайыр өз билерiмен келiсе отырып, қазақ халқын сақтап қалу мақсатында, Ресей империясына бодан болуға мәжбүр болды. Көптеген хандар мен сұлтандардың қарсылық бiлдiргенiне қарамастан, Ресей қазақ жерiн отарлап алу саясатын әрi қарай жүргiзе бередi. Қазақ жүздерiнiң бастарын қосуда қазақ халқының атақты, данышпан ханы – Абылай хан өте үлкен саяси-дипломатиялық күрес жүргiздi.Бұл жайында “қазақтың көне тарихы” атты кiтапта: “XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей өкiметi қазақ арасында хандық үкiметтi бiржолата жойып, ел басқарудың жалпы ресейлiк тәртiбiн жақындатуға тырысты...”,— деп, қазақ елiнiң отар елге айналғаны жайында әңгiмелейдi.Қазақ жерiне қоныстана бастаған орыстар шұрайлы егiстiк жерлердi, мал жайылымдарын заңсыз тартып алды, бағынбағандарды жазалады. Мектептер мен шiркеулер салынып, балаларды шоқындыру мен орыстандыру саясатын жүргiздi. Патшалы Ресей бай-сұлтандардың балаларына арнап орыс-қазақ мектептерiн ашты. Осындай мақсаттағы оқу орындары Қазақстанда 1789 жылы Омбы қаласында “Азиатское училище” және 1841 жылы Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасында қазақ бай-феодалдарының мектептерi ашылды. Орыстандыру, отарлау саясатын қатты сынаған Мұрат Мөңкеұлының, Шортанбай Қанайұлының, Дулат Бабатайұлының шығармалары халық арасында кең тарады. Отарлау саясатына қарсы Сырым Датұлы, Исатай Махамбет, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерiлiсi Қазақстан даласында 15-20 жылға созылды.XIX ғасырдың екiншi жартысында Қазақстан даласында Ресейдiң алдыңғы қатарлы демократиялық ой-пiкiрдегi (Герцен, Белинский, Радищев, Чернышевский, Ушинский т.б.) оқымыстыларының жолын қуушы А.Янушкевич, Ф.Достоевский, Э.Михаэлисс, Н.Долгополов, С.Гросс, Т.Шевченко т.б. зиялы-демократтар жер ауып келiп, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты қазақ демократ-ағартушыларымен достасып, олардың саяси-идеялық, ағартушылық көзқарастарының қалыптасуына игi әсерiн тигiздi (44, 6).Қазақ даласында бiлiмнiң дамуы мен қалыптасуына белгiлi қоғам қайраткерi, педагог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин өте үлкен еңбек сiңiрдi. Ы.Алтынсарин патшалы Ресейдiң орыстандыру, шоқындыру және байлардың балаларына жеке мақсаттары үшiн бiлiм берудi| көздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ мектептерiн ашу туралы мәселелердi насихаттаумен қатар, Алтынсарин тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн пайдалануды қуаттады. Осы принцип негiзiнде құрастырылған өзiнiң “Қазақ хрестоматиясын” (1879 ж.) жазып, ұсынды.Халық ағартушылары, қоғам қайраткерлерi: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен өнердiң, мәдениеттiң, философияның негiзiн салды. Шоқанның ашқан ғылыми жаңалықтары, Абай өлендерi мен қара сөздерi және Құрманғазының музыка өнерi жас ұрпақтарды жетiлдiрiп төрбиелеуде зор ықпалын тигiздi.

 

 

 

 

 

Date: 2016-05-24; view: 1066; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию