Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Г.Волков,А.Исмайлов,Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаев,С.Қалиев,Қ.Қожахметова,Т.Табылддиев,Р.Төлеубекова,т.б 4 page





Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбиенің мәні мен мазмұны

Эстетикалық тәрбие– жаратылыс дүниесіндегі немесе өнер туындысындағы сұлулық пен әсемдікті қабылдап, ғибраттануға баулитын, адамның эстетикалық сезімін, талғамын қалыптастыратын тәрбие.Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Эстетикалық тәрбие арқылы бала қоршаған ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті көре білуге, алған әсерін шығарм. жұмысында көрсетуге, бейнелей білуге үйренеді. Мектепте Эстетикалық тәрбие барлық оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Баланы тәрбиелеуде әдебиет, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының, сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор. Эстетикалық тәрбие ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиелерімен тығыз байланысты. Ол адамды рухани байытып, көркем-шығарм. қабілетін дамытуға ықпал етуге тиісті. Эстетикалық тәрбие берудегі негізгі бастау қайнар көз дәстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қордаланған құндылықтар жүйесі, рухани мұралары, халық ауыз әдебиеті болуы, жаїандану дәуіріндегі рухани азғындау қаупінен сақтанатын бірден-бір жол

“ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ” МЕН “ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ” АЙЫРМАШЛЫҒЫ: Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Даму кезеңдерiн өзiндiк ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтiн педагогиканың ғылыми бiр саласы этнопедагогика пайда болды.Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, келелi үлес қосқан көрнектi ғалым Г.Н.Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңғыш рет “этнопедагогика” деген ұғымды енгiздi. “Этнопедагогика — халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесi туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым.Ал бұрынғы КСРО Педагогика ғылым академиясының корреспондент-мүшесi, профессор И.Т.Огородников, Г.Н.Волковтың “Этнопедагогика” атты еңбегiне жазған кiрiспесiнде: “Егер халық педагогикасы мен этнопедагогикаға арналып екi хрестоматия жасалған болса, оның бiрiншiсiне бала тәрбиесi жөнiндегi ауыз әдебиетi үлгiлерi мен халықтың салт-дәстүрлерiне арналған этнографиялық тәлiмдiк жазбалары енгiзiлген болар едi де, ал екiншiсiне халық педагогикасы мен халықтың тәлiм-тәрбиелiк ойларын зерттеуге арналған педагог-ғалымдардың еңбектерi енген болар едi” (16, 6), - деп, халық педагогикасының таза тәжiрибеге негiзделген тәрбиенiң эмпирикалық түрi екенiн және оның этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектiсi болып саналатынын ашып көрсетедi.

ХАЛЫҚ ӨНЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ, ӨНЕР ТҮРЛЕРІНІҢ АТАДАН БАЛАҒА БЕРІЛУІ, ЖАЛҒАСУЫ.

Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған матерялдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды: 1.мекендік немесе пластикалдық (кескіндеме, мүсін, графика, көркем фото, архитектура, т.б.) яғни, көркем бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері, 2.мезгілдік (сөз және музыка өнері), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде құратын өнер түрлері. 3.мекенді-мезгілдік (би, актерлік өнер және осыған негізделген аралас түрлер – театр, кино, телевизия, эстрада, цирк, т.б.), яғни көркем бейнені белгілі бір уақыт кеңістікте түзетін өнер түрлері.

Сөз өнері іштей – жазба әдебиет, ауыз әдебиеті болып бөлінсе, музыкылдық өнер – вокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді. Сахналық өнер – драмалық, музыкалдық, қуыршақ, эстрада, цирк, т.б. болып жіктеледі. Ауыз әдебиеті – эпос, лирика, драма сияқты тектерге бөлінуімен қатар, бейнелеу өнері – портрет, пейзаж, натюрморт, сахна өнері, комедия, трагедия, водевил, т.б. жанрларға бөлінеді.

ХАЛЫҚ ӘН-САЗ АСПАПТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ.

Ата-бабаларымыздан қалған рухани мұрамыз өте көп. Ауыз әдебиеті, қолөнер, ақындық-шешендік өнер, құсбегілік, ат баптау, спорттық түрлі ойындар, ән-күй тағы басқа көптеген әлем халықтарынан ұлттық бояуымен өзгешеленіп тұратын ерекше өнерлер мұра болыпқалды.Солардыңбірі,бірегейіұлттықсазаспаптары.Ертедесазаспаптарынағаштан,түрліөсімдіктерден,малдыңтерісінен,сүйегінен,мүйізінен,қылынанжасаған.Қызметінежәнеойналуерекшелігінеқарайсазаспаптарымынадай5топқабөлінеді: 1.Үрмеліаспаптар -дыбысынүруарқылышығаратынаспаптарсазсырнай,қоссырнай,сыбызғы,ұран,керней.2. Ішектіаспаптар -дыбысыішекарқылышығарылатынаспаптаржетіген,шертер,домбыра,қылқобыз. 3.Жіңішкесымарқылыдыбысшығаратынаспап -Шаңқобыз. 4.Ұрмалыаспаптар -аспапқатартылғанкөнарқылыдыбысшығаратынаспаптардаңғыра,дауылпаз,дабыл,шыңдауыл. 5.Аспаптыңбасынатағылғанқоңырауларарқылыдыбысшығаратындартобы -асатаяқтыңбірнешетүрлері.Асатаяқ-қазақхалқыныңежелгімузыкалықаспабы.Оныабыздар,бақсыларпайдаланған.Әдетте,оларастаяқтықылқобызбендаңғыраныңүнінеқосып,қолданатынболған.Олардыырғақтатып,сілкіпойнайды.Асатаяқемен,үйеңкі,қайың,доланасекілдіқаттыағаштарданжасалады.

ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚҰРАЛДАРЫ?

Санамақ,жаңылытпаш,өлең-жырлар,тақпақтар,жұмбақтар,айтыстар,мақал-мәтелдер,шешендік сөздер,салттар,ырымдар,әңгімелер.

ХАЛЫҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ МЕН НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ-ЕЛЖАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ҚҰРАЛДАРЫ?

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады.Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір - бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады.Мақал-мәтелдер балаларға терең ой салып, көркем, образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады.Бала тәрбиесіндегі халқымыз асыл сөзін, даналық ойларын мақал-мәтелдер арқылы үлгі-өнеге ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған.Мыс:Ер елінеде гүл жерінде...Өз елінде көртышқанда батыр..Отан үшін күрес ерге тиген үлес..

.Орағың өткір болса,қарың талмайды,

Отаның берік болса,жауың алмайды...Елінен безген ер болмас,Көлінен безген қаз болмас...Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ САЛТ-ДӘСТҮР:

Халықтық педагогика салт дәстүр, жол жора, қонақ күту рәсімдері, ел жұрт, ру тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім тәрбиенің түрі. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптары мен байланысты туады. Салт дегеніміз – халықтың кәсіп, сенім, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын дәстүрдің бір түрі. Ұлттық дәстүр дегеніміз – тарих барысында қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мінез-құлық қалыптары. Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, сүйінші сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу тойлары; үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, келін түсіру тойлары, қалын-мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде-ырымдар, өлген адамды жерлеумен байланысты: арыздасу, қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау, өлген адамның жетісін, қырқын, жылын беру т.б. ырым-жырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Мұны салт-дәстүрлері деп атайды.

Тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.

ХАЛЫҚТЫҢ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІ

Қазақ халқының негізгі ұлттық кәсібі – мал бағу. Қазақ халқы ғасырлар бойы мал күтудің рәсімдерін қастерлеп қалыптастырған.Өйткені жартылай көшпелі халықтың тіршілігі мал өсірумен тікелей байланысты болды.Мал күту әрекетімен малды сүю, оны қадірлеу, бағу арқылы кәсіптік әдептілік қалыыптасып, дәстүрге айналған.Түйенің пірі – Ойсылқара, сиырдың пірі – Зеңгі баба, жылқының пірі – Қамбар ата деп, сол пірлерді ұстанып, төрт түлікті күтуді қасиетті іс – әрекет деп таныған.Сонымен бірге уақытты көңілді өткізудің жолы ретінде аң аулап, саятшылықты кеңінен пайдаланған.

Халық аңшылық пен мал бағудан кейінгі кәсіп – көмекші, қосалқы рөл атқарған егіншілікті қастерлеп, жоғары бағалаған.Халық қоғамға ерекше пайдасы бар, елдің тән азығы мен жан азығына үлесін қосатын кәсіпті «атакәсіп» дейді.Ұсталық,зергерлік,саяткерлік,тігіншілік – қыр-сыры мол, халық қастерлейтін атакәсіптер.Ал әншілік, күйшілік,жыршылық,ақындық – атагендік дарын нышандарының кәсіптік дағды арқылы біткен өнерпаздық.

ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ ҚҰРАЛДАРЫ

Халық педагогикасының негізі еңбек тәрбиесіне байланысты.Біздің арғы ата – бабамыз ұрпақты еңбекке тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген.Жер өңдеумен байланысты ауыл шаруашылық еңбегінің түрлері пайда болды.Ол біріншіден тіршіліктің көзі еңбек екеніне балалардың көзін жеткізе тәрбиелесе, екіншіден, жастарды еңбекке тәрбиелеу арқылы айналадағы өмірмен таныстырды.Еңбек қолөнері жөніндегі көптеген мақал – мәтелдер шығарып еңбекке тәрбиелеудің маңызы мен мәнін балаларға үнемі түсіндіре тәрбиелеу көзделді.Мысалы: «Еңбексіз өмір сүру, тек көк аспанды түтіндету», «Қолы жоқ пендеше, құр пешке қарап отырма», «Еңбек адамды тамақтандырады, ал еңбексіз адам аштықтың азабын тартады», «Еңбексіздікке үйренбе, қол өнерін үйрен».Еңбек сүймейтін жалқауларды айыптап, ақыры олардың аштан өлгенін көпшілікке паш етеді.Жастарды жастайынан еңбек сүйуге, батыр, епті, халықшыл болуға баулыды. Отбасында ұл бала мен қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Әкелері өз өнерін баласына үйретті. Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған. Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ киім (етік, мөсі, кебіс, шоқай, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген тартып, өмілдірік, қүйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген.
Ағаштан - ашамай, арба, шанажасайтын балташыларды темірден - құрал-сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды халық жоғары бағалаған.

Адамның іс-әрекетіне бағыт беретін білімдерден тәрбие құралдары бөлінеді.Олар – қазақ этнопедагогикасындағы негізгі білімдер: халық білімдері, дәстүрлер, әдет – ғұрыптар, рәсімдер, ережелер.Еңбек тәрбиесінің құралдары заттардан, сезімдерден, білімдерден, іскерлік, дағдылардан тұрады.Олар: бесік және бесік жырлары; ойын өлеңдері; қозғалмалы ойындар; балалар фольклоры; қоғамдық тәрбиешілер институты; балалар мен жастардың дәстүрлі мерекелері; ақыл айту; ата – бабалар өсиеті; руын білу.

 

Ұ

Date: 2016-05-24; view: 1185; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию