Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ахмет иассауидіҢ діни софылыҚ ойлары. 7 page





Мысалы, Құламергеннің баласы Жоямерген, Тобықбай сынықшының баласы Толыбай туралы ертегі-аңыздар осы пікірді дәлелдейді. «Атадан ұл тумас болар ма, Ата жолын қумас болар ма» деген мақал - сол пікірдің айғағы, қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара бөлісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып мергендік кұруға, қолөнер шеберлігін үйренуге, мал таууға, отбасын асырауға әкелері үйреткен. «Әке - шаңырақтың негізгі тірегі» Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.Әке отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің тірегі,қамқоршысы.Әкенің мінез құлқы,өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі - баланың көз алдындағы үлгі,өнеге алатын,оған қарап өсетін нысанасы,оның тәрбиелік рөлі өте зор.«Әке - балаға сыншы»дейді халқымыз.
Ер бала әкесімен сырлас,дос,жолдас.Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады.Ер баланың өсіп,жетіліп,өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына,қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше.Қазақ халқында «Бір бала бар - атадан өте туады,бір бала бар - кері кете туады»деген тұжырымға,баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫЛАР. «Этнопедагогика» терминін ғылыми айналысқа алғаш енгізген профессор Г.Н. Волков еді. 1970—1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың прогрессивтiк мәнiн ғылыми тұрғыда қарастырып зерттеу iсi бiртiндеп қолға алына бастады. Халық педагогикасын кеңестiк дәуiрде ғылыми-теориялық, методологиялық жағынан жан-жақты тұңғыш зерттеушi академик Г.Н.Волков болды. Халық педагогикасын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеудiң қажеттiлiгi туралы пiкiрлер (1970—1990ж.ж. арасында) профессорлар: В.Ф.Афанасьев, В.X.Артюнун, А.Ш.Гашимов, И.Я.Ханбиков, К.Пирлиев, А.Ф.Хинтибизде, А.Э.Измайлов т.б. еңбектерiнде де айтылған болатын. Этнопедагогикалық зерттеулердiң Кеңестiк дәуiрдегi маңызы мен мәнi, қажеттiлiгi мен көкейкестiлiгi жөнiнде және оны ғылыми педагогиканың құрамдас бөлiгi деп қараудың керектiгi туралы педагог-ғалымдар: И.Т.Огородников, В.М.Коротов, А.Г.Гордина, М.Ф.Шебаевалар да кезiнде келелi пiкiрлер айтқан едi. Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерiнде XVII-XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретiнде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөлiп қарастырамыз.
Бiрiншi - XIX ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрiп, қазақтың ұлттық тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi мен салт-дәстүрлерi жайында тұңғыш зерттеу еңбектерiн жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд. т.б.) қолжазбалары десек, екiншi - XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл iстi ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, X.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни, бұл кезеңдi қазақ этнопедагогикасының ғылым ретiнде туып, қалыптасу кезеңi деп қараймыз. Үшiншi кезең - 35-40 жылдық үзiлiстен кейiн (1970-2000 ж.ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуiрi деп аламыз.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1990 жылдардың басынан бастап қазақ этнопедагогикасы зерттеу ерекшеліктеріне байланысты жеке салалар бойынша: қазақ этнопедагогикасының ғылыми-методологиялық және теориялық негіздері (С.Қ.Қалиев, К.Ж.Қожахметова), қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәлім-тәрбие мәселелері (Қ.Бөлеев, К.А.Оразбекова), қазақ этнопедагогикасының тарихы (Қ.Жарықбаев, Т.Әлсатов, З.Әбілова, Ә.Табылдиев, Ш.Жұматаева), халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие (Н.Қ.Сарыбеков, С.Ысқақов, Ж.И.Жанұзақова, Г.М.Сәбденәлиева, Ш.Ж.Арзымбетова) халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие (С.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев), қазақ этнопедагогикасы материалдарын мектеп практикасына ендіру (Р.Қ.Дүйсембінова, Т.Ә.Қоңыратбаева, Ә.Сәдуақасов), қазақ халқының этномәдени мұралары негізінде ұлттық тәрбие беру (Ж.Наурызбай, Б.Е.Қайырова ). Ұлттық тәрбие мәселелерiне арналған С.Кенжеахметовтың, С.Сауытбековтың, М.Әлiмбаевтың, педагог-практиктер Қ.Нұрғалиевтың, Р.Нұртазинаның, А.Айтқалиевтың, Қ.Бітібаеваның, Ж.Кәрімованың, С.Жиенбаевтың, М.Махановтың, Қ.Базарбаеваның еңбектерi мен іс-тәжірибелерін атап өткен жөн. Этнопедагогика мен халық педагогикасы деген ұғымдар бір ме?Болмаса олардың өзіндік ерекшеліктері,ғылыми анықтамасы бар ма?Бар болса,ол қандай?Этнопедагогиканың зерттеу объектісі не?Енді осы мәселерге арнайы тоқталайық.

Тарихи-педагогикалық әдебиеттердесоңғы уақытта "Халық педагогикасы" деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшы төрт тұрғыдан қарастырып жүр.Олардың біріншілері:халықтың санасына тән рухани құбылыс /феномен/ деп қараса,екіншілері:әр халықтың педагогикалық тәжірибесі,ал үшіншілері:халықтық педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі,төртіншілері:халық тәрбиесі туралы ғылым деп қарайды.

Халық педагогикасының теориялық негіздерін зерттеуші ғалым Е.Л.Христова халық педагогикасын-"халықтың таптық педагогикалық санасы"деп,ал"дәстүрлі педагогиканы-белгілі ұлттық педагогиканың санасы" ретінде қарастырады.

Зерттеуші педагог Г.С.Виноградов халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып,оны"жүйе" дегеннен гөрі,"білім мен дағдылар жиынтығы" деген пікірді құптаған.Виноградовтың пікірі бойынша,халық педагогикасын педагогикалық теория емес,педагогикалық практика,халықтың бала тәрбиелеу тәжірбесі ретінде қарастыруы қажет.

Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып,кемелі үлес қосқан көрнекті ғалым Г.Н.Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңғыш рет "этнопедагогика" деген ұғымды енгізген."Этнопедагогика-халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы,олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым.Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді..Халық педагогикасы-халықтық ауыз әдебиетінде,салт-дәстүрлерінде,ырымдарында,балалар ойындары мен ойыншықтарында мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы.Халық педагогикасы-халыққа қажетті қасиеттерді қалыптастыру үшін пайданылатын педагогикалық мақсаттың,міндеттердің,әдіс-құралдардың,тәсілдердің,жиынтығы мен өзара байланысы" дей келе,"...бұл білім мен мағлұматтар,әдетте,ауызша таралады.Оның зерттеу тақырыбы-тәрбие,ал тәрбие объектісі-адам,тұлға",-дейді Г.Н.Волков.

Ал педагог және философ ғалым Г.Н.Филоновтың анықтамасы бойынша:"Халық педагогикасы-жергілікті халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс-тәсілдері.Бұлар ұрпақтан-ұрпаққа өмір барысында білім мен дағдылар арқылы жасалып отырады.Халық педагогикасы қоғамдық тәжірибенің,мінез-құлық,жүріс-тұрыс ережелерінің,қоғамдық дәстүрлердің,белгілі идеологияның жалғасуын бағыттап отырады.Халық педагогикасы моралъдық заңдар мен салттарда көрініс табады"

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ.

Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемi белгiлендi, оның мәнi “сегiз қырлы, бiр сырлы” шынайы, отаншыл, азамат тәрбиелеу едi. Мiне, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғынадарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелi мал шаруашылығын жете игеру, еңбек сүйгiштiк, қиыншылыққа төзе бiлу, ел намысын қорғау, жаудан бетi қайтпау, ата тегiн жадында сақтау, сөз асылын қадiрлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкендi, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың меселiн қайтармау, көршi хақын жемеу, қайырымды, iзгi жүректi, бауырмал болу т. б.). Осындай қоғамдық қатынастарды кiшкентайынан көрiп-бiлiп өскен адамдарда мүдделестiк, өмiрге көзқарастың сәйкестiгi кiсiлiк қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкiндiк қалдырмаған, психологиялық жағынан “бiрауызды қауымдасқан жандар” үнемi өзiнiң рулық одағына етене сiңiскен салттар мен дәстүрлердi ұстанды. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетiнiң сипатын айқындайтын факторлар болды.

ргерлердің ғасырлар бойы еңбек етуінің нәтижесінде халықтың өзіне тән ұлттық ою-өрнектері бар.Кілем,алаша,шекпен тоқу өнерін жастарға уйрету ісі өз жалғасын тауып келеді. «Ұшқыш кілем»өрнектерін қиялдаған халық өз шеберліктерімен қалы кілем,түкті кілем,т.б. кілем түрлерін тоқуды жастарға үйретіп келеді. Аңшылық- халықтың ең көне кәсібі. Тұзаұ салу,садақ ату,ит қосу,құс салу кәсібі,көбінесе,әулеттік кәсіп болған.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ МӘДЕНИЕТІНІҢ КӨРІНІСІ-ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ.

Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат.Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны Ахмет Ясауидің бейітінің басына орнатылған. Бұл ғажайып ғимарат Әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауиге зор құрмет ретінде, оған деген халықтың шексіз сүйіспеншілігіне орай, Әмір Темірдің бұйрығымен 1397 жылы салына бастаған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады: Қазандық; Үлкен Ақсарай; Кіші Ақсарай; Құдықхана; Кітапхана; Асхана; Көрхана; Мешіт;

Ол порталы оңтүстік-шығысқа, ал бүйір беттері тиісінше оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығысқа қарайтын етіп салынған. Келген адам орталық залға бас порталдың сәнді есігі арқылы кіреді. Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең үлкені, диаметрі 18,3 метрлік күмбезбен көмкерілген. Бұл бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Ясауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады. Көрхананың қос қабат күмбезін кейде Мұхаммед Ханафия порталы деп те атайды. Қазандықтан өзге бөлмелерге қарай қос қатарлы сегіз дәліз тарайды. Бұл дәліздер ғимаратты сегіз дара блокқа бөледі. Солтүстік-шығыс блокта құдықхана, ал солтүстік-батыс блокта Үлкен Ақсарай орналасқан. Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жақтарының орта тұсында өзінің архитектуралық тұрқы жағынан біртектес, қабатты залдар — Кіші Ақсарай мен кітапхана бар. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде және оның төңірегінде Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б. белгілі адамдар жерленген.

ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ, КЛАСИФИКАЦИЯСЫ, БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ.

Мақал-мәтелдер халықтың танымдық-интеллектуалдық, өндірістік, эстетикалық, адамгершілік-рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады. Олар халықтың өткені емес, халықтың тірі дауысы: халық өз жадында бүгінге қажеттілері мен ертеңге керектерін ғана сақтайды.Мақалды кұрастырушы - халық, сондықтан ол халықтың ұжымдық пікірін білдіреді. Онда халықтың өмірді бағалауы, бақылауының нәтижесі көрініс табады. Мақалдардың формасы еске сақтауға ыңғайлы, бұл өз кезегінде оның этнопедагогикалық құрал ретіндегі маңызын арттыра түседі. Мақал-мәтелдерде балалардың тууы, олардың халық өміріндегі орны, тәрбиенің кұралдары мен әдістері туралы, сондай-ақ еңбек жэне адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, балаларды мадактау мен жазалау, ата-аналардың мінез-құлқының балаларына берілуі, тұқым қуалау жэне тұқым куалаушылық, қоршаған орта мен қоғамдық ой-пікірдің тұлғаның калыптасуына әсері сияқты педагогикалық идеялар көрініс тапқан.

ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ БАСТАУ КӨЗІ

сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен алынады. ХІІ-ХІІІ ғасырлардан бізге жеткен жазба ескерткіштердің тілінде мақал да, мәтел де баршылық. Мысалы, Орхон жазбаларында «Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген», «Өлімнен ұят күшті» сияқты мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Ал Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат-ат түрік» сөздігінде «Ұлы болсаң, кішік бол, халық үшін бөлік бол», ал «Құтты білікте» «Біліп сөйлеген білекке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр» деген мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Ұлы Абай да өз өлеңдерінде халық ауыз әдебиетінің осы бір жанрын тамаша қолданған. Мысалы, «Сап-сап, көңілім, сап, көңілім» өлеңінде «Не күн туды басыңа», «Сабыр түбі - сары алтын», «Ауру да емес, сауда емес», «Ағын судай екпіндеп» деген жолдар кездеседі. Ал 39-Қара сөзінде «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» сияқты мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Сондай-ақ оның «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты еңбегінде 10 мақал талданған.

Мақал-мәтелдерді нақты жинап, қағазға түсіру, баспасөз беттерінде жариялау 18-ғасырдың 2-жартысында басталды. Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген Шоқан Уәлиханов болды. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жарияланып келді. Атап айтқанда, қазақ мақал-мәтелдерінің нұсқалары Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиеттерде 1879 жылы Орынборда шыққан, 1906 жылы толықтырылып, қайта басып шығарылған Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясында» бірнеше тақырыптарға бөлініп, жүйеленіп берілген.

Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуі 20-ғасырдың 50-жылдары кең қолға алына бастады. Белгілі ұстаз-ғалым М.Ғабдуллин «Қазақ халық ауыз әдебиеті» атты еңбегінде мақал-мәтел жөнінде: «Қай мақалды алсақ та, оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға, әңгімелер жатады, мақал соларға берілген даналық қорытынды, тұжырымды түйін болып отырады. Ал мәтелдерде бұл секілді мазмұнды, оқиғалы әңгімелер өте аз кездеседі. Мәтелдерде көбінесе, сөз айшығы, көркем теңеу, сөз образы ретінде қолданылады. Мысалы: «Көппен көрген ұлы той», «Тілге тиек жасап», т.б. Егер мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырса, мәтелде бұл екеуінің бірі ғана болады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей, жанама түрінде, әр түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Бұл мәтелді өзіне тән ерекшелігінің бірі болып табылады», - деген.

Халық мақалдарында тәрбиені неғұрлым ерте бастау қажеттілігі ерекше атап көрсетіледі: «Малды баққан өсірер, баланы тапқан өсірер», «Алты жасар бала атка мінсе, алпыстағы шал алдынан шығып, атын ұстар», «Бір бала атаға жете туады, бір бала атадан өте туады, бір бала кейін карай кете туады». Бала тәрбиесіндегі ата-ананың шешуші рөлі туралы да мақал-мәтелдерде ерекше сөз болады. Ата-ана сөзі де ұрпақтан ұрпаққа жеткен халық даналығы сияқты жоғары бағаланады. Ата-ана тәрбиеші ретінде бұл жерде халықтың атынан сөйлейді, балалар мен халықтың, өскелең ұрпақ пен аға ұрпақтың арасын байланыстырушы болып табылады: «Шешесін ұкпайтын, әкедеи ықпайтын ұл болмайды», «Ата-ананың қарызы, ұрпақтың өмірлік парызы», «Әкесіне қарап ұлын, шешесіне қарап қызын таны», «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің», т.б. Ана мектебіне ерекше мәртебе беріліп, алдыңғы орынға қойылады. Мысалы, қазақ халқында: «Анасын көр де, қызын ал», «Ағайын - алтау, ана - біреу», «Алып - анадан, ат - биеден», орыс халқында: «Какова матка, таковы и детки», т.б.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

Қазақ этнопедагогикасы дегеніміз қазақ философиясы, этностар теориясы, этнопсихология және мәдениет теориясы ғылымдары тоғысқан, аталмыш ғылыми пәндердің фундаменталдық ережелері мен әдіснамалық негіздеріне сүйенген педагогика ғылымының ажырамас, біртұтас белігі. Қазақ этнопедагогикасы - бірегей, оның нақты тарихи этноәлеуметтік жағдайда құрылған өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ этнопедагогикасының нысаны: ұлттық жэне дәстүрлі-тұрмыстық, этнопедагогикалық мәдениет. Қазақ этнопедагогикасының пәні: қазақтың этникалық тәрбиесі үздіксіз үрдіс тұрғысынан адаммен өмір бойы жүреді. Нәтижесі: этникалық құндылықтарды, этноәлеуметтік рольдерді, этникалық нормаларды меңгеру, этникалық сана-сезімін, өзінің халқына, оның тарихына, тіліне, мәдениетіне жағымды қарым-қатынас қалыптастыру. Қазақ этнопедагогикасының мақсаты мен міндеттері:

- педагогикалық білімдер жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасының орнын анықтау;

- қазақтың этникалық тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу;

- тәрбиенің ұлттық мәнін айқындау;

- ұлттық мінез және өзіндік санасын қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу. Негізгі қызметтері:

- танымдық: ата-баба тәрбиесі заңдарының мәні, халық тәрбиесінің мақсатын, әдістерін, тәжірибесін және т.б. сипаттау және талдау;

- ұлттық дүниетанымын және ұлттық ділін қалыптастыру;

- патриотизмге, қазақ халқының тілі мен тарихын аялап, сақтап, дамытуға тәрбиелеу;

- ұлттық мәдениет құндылықтарына тәрбиелеу;

- отбасындағы этникалық тәрбиенің жағымды тәжірибесін насихаттау;

- қазақ халқының этникалық тұрмыс-тіршілігін сақтау.

Қазақ этнопедагогикасының ғылыми әдістері: талдау, жинақтау, индукция, дедукция, идеализация, салыстыру, бақылау, өлшеу.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ. Қазақ этнопедагогикасының негізгі қағидалары:

1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқой, арлы, өміршең азамат болуын тілеу. Жас нәрестенің дүниеге келуі ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшілікке зор қуаныш әкелумен бірге, борыш та жүктейді. Дәлірек айтсақ, ұрпақты тәрбиелейтін халық мектебінің есігі сәбидің алғаш дүниеге келген күнінен бастап айқара ашылады.

2. Баланы жастайынан еңбек сүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік жырлары мен тұсау кесер жырларында, бата, тілек, терме өлеңдерде өзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардьң бойына сіңіру отбасындағы еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзірлеуге, мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар (қамшы, шідер, жүген, тері илеу, т.б.) жасауға әзірлеу, қора салу, зергерлік өнерге үйрету көзделсе, қыз балаларды үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, ас пісіру, қонақ күтуге үйреткен.

3. Халық педагогикасында «Бірінші байлық - денсаулық» деген ұғым өзекті орын алған. «Дені саудың - жаны cay», «Ac - адамның арқауы», «Ауру - астан» деп, рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күнінен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп, шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйыктаудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.

4. Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. «Жаным - арымның садағасы» деп, арды адамгершілік қасиеттің үлгісі санаған.

5. Гуманизм мен патриотизм - халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. «Отан - отбасынан басталады» деп ұққан ата-бабамыз отбасының, ананың, рудың, Отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп бағалаған. «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы - көпке ортақ», «Халқын сүйген қор болмайды» деген өсиет сөздер бала тәрбиесінде өзекті орын алған.

6. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ете алатын азамат болу үшін денені шынықтыру қажет. Халық педагогикасында «Шынықсаң, шымыр боларсың» деп ой қорытқан ата-бабамыз үлттық ойынға жаттықтырып ұйрету (күрес, теңге алу т.б.) арқылы дене тәрбиесіне баса көңіл бөлген.

7. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен білім деп түсінген халқымыз жастарға «Өнерлі өлмейді», «Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады», «Білім - таусылмас кен, өнер - өлмес мұра» дегенді насихаттап, ертегі, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер ұсынған.

Date: 2016-05-24; view: 1837; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию