Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ахмет иассауидіҢ діни софылыҚ ойлары. 8 page





8. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға, әсемдікке тәрбиелеп келген. Бұл туралы әлденеше жұмбақ, өлең, жыр, аңыздар шығарған. Мұның бәрі сайып келгенде «сегіз қырлы, бір сырлы», еңбексүйгіш, арлы азамат тәрбиелеуден туған халықтық қағидаға негізделген. Ұлттық тәлім-тәрбие этнопедагогика негізінде беріліп, жүзеге асады. Ал ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, адамгершілікті, иманжүзді, сұлу да сымбатты, халқын, елін, туған жерін, оның табиғатын сүйетін ұлтжанды, ата-бабамыз армандаған «Сегіз қырлы, бір сырлы» кемел адам болып өседі. Сондықтан да этнопедагогика - болашақтың педагогикасы, болашақ ізгілікті қоғамның педагогикасы деуге болады.

ҚАЗАҚ БИЛЕРІ МЕН ШЕШЕНДЕРІНІҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ ТАҒЫЛЫМДАРЫ?

Қазақ билерінің мұраты «кәміл адам» тәрбиелеу болды. Ондай дәрежеге жеткен жағдайда халықтың төрт құбыласы түгел болады деп есептеді. Ол үшін жігітке, бірінші – білім керек, екінші – ғылым керек, үшінші – ұғым керек. Сонан соң отты жүрек, батыл тіл керек. Бұл орайда билер көзімен қарасақ «білім» деп ақылды, «ғылым» деп оқуды, «ұғым» деп оқығанды тоқуды пайымдасақ керекті. Оның үстіне білгеніңді батыл айтар жүрегің, жеткізе айтар тілің болмаса не пайда?

Билердің өз ұстанымдары мен қызмет-құрылым негіздерінде, бір жағынан, демократия мен халық билігінің ортағасырлық көшпелі қоғамға тән қалыптарын анық байқатса, енді бір жағынан, адам табиғатының киелі қасиеттеріне арқа сүйеген. Дәл осы соңғы аталған ерекшелік билер әділ сотының мәртебесін айқындап, ұлттық деңгейден асуға мүмкіндік берді. Бұл орайда, билер адамгершілік тұрғысындағы қадір-қасиеттерді дарытып, қызмет барысында қолдану арқылы өзінің әлеуметтік-экономикалық негізін қалай білді.

Билер даналығы – бүгінімізге үлгі, қазіргі заман билері өз құндылықтарымыздан терең дәріс алса игі болар еді.

ҚАЗАЗ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ЕЛЖАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ?

Елжандылық –өз ұлтын халқын жерін ана тілін дінін мәдениетін сүйетін оны дамыту мен қауіпсіздігін сақтауды қоғам мұратымен тығыз байланыста іске асыратын өзге халықтарға бөтен ниеті жоқ ұлт адамына жарасты қасиет.Елжандылық-бұл Отанға елге өзің туып өскен жерге деген сүйіспеншілік.Елжандылықтың мәні отанға деген терең және саналы сүйіспеншілік,оған берілгендік,оның табыстары мен жетістіктерін мақтан ету,оны бұрынғыдан да көрікті,құдіретті етуге ұмтылу.Отанға деген сүйіспеншілік адамдарды еңбек және жауынгерлік ерліктерге шабыттандырады,олардың өміріне қоғамдық маңыз береді және рухани байытады.Б.Момышұлының анықтамасы бойынша ұлттық елжандылық мыналардан тұрады:

-өз халқына сүйіспеншілік

-өз халқымен қан жағынан териториясы,ана тілі,тұрмыс-тіршілігі,тарихи дәстүрі,психологиялық ерекшеліктерін сақтап,дамытуға,оны өз ұрпақтарына өткізіп беруге бейімділік.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ МАТЕРИАЛДАРЫН ОРТА АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ БАҒЫТТАРЫ?

Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастерлеп, тұтынып келген ар-намыс, ождан, инабаттылық, имандылық, мейірімділік, кішіпейілділік, атамекеніне, еліне деген суйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Сондықтан, қазіргі білім беру үрдісінде этнопедагогикалық материалдарды пайдаланудың формаларын, әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет. Бұл міндетті жүзеге асыру бастауыш буыннан басталатыны белгілі.Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдерде болған. Мәселен, мақал-мәтелде – адамгершілік, имандылық, тәрбиесіне байланысты, әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақ пен айтыстарда – ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр, дастандарда әсемдік тәрбиенің негізгі принциптері, ал халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде ертегілер пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика – тәлімдік, тәрбиелік ой-пікірдің бастауы, халықтың мұрасы. Қазақ халқының тәсілдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде көптен кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚАЛЫПТАСЫП,ДАМУЫ

«Этнопедагогика» терминін ғылыми айналысқа алғаш енгізген профессор Г.Н. Волков еді. 1970—1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың прогрессивтiк мәнiн ғылыми тұрғыда қарастырып зерттеу iсi бiртiндеп қолға алына бастады. Халық педагогикасын кеңестiк дәуiрде ғылыми-теориялық, методологиялық жағынан жан-жақты тұңғыш зерттеушi академик Г.Н.Волков болды. Халық педагогикасын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеудiң қажеттiлiгi туралы пiкiрлер (1970—1990ж.ж. арасында) профессорлар: В.Ф.Афанасьев, В.X.Артюнун, А.Ш.Гашимов, И.Я.Ханбиков, К.Пирлиев, А.Ф.Хинтибизде, А.Э.Измайлов т.б. еңбектерiнде де айтылған болатын. Этнопедагогикалық зерттеулердiң Кеңестiк дәуiрдегi маңызы мен мәнi, қажеттiлiгi мен көкейкестiлiгi жөнiнде және оны ғылыми педагогиканың құрамдас бөлiгi деп қараудың керектiгi туралы педагог-ғалымдар: И.Т.Огородников, В.М.Коротов, А.Г.Гордина, М.Ф.Шебаевалар да кезiнде келелi пiкiрлер айтқан едi. Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерiнде XVII-XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретiнде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөлiп қарастырамыз.
Бiрiншi - XIX ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрiп, қазақтың ұлттық тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi мен салт-дәстүрлерi жайында тұңғыш зерттеу еңбектерiн жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд. т.б.) қолжазбалары десек, екiншi - XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл iстi ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, X.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни, бұл кезеңдi қазақ этнопедагогикасының ғылым ретiнде туып, қалыптасу кезеңi деп қараймыз. Үшiншi кезең - 35-40 жылдық үзiлiстен кейiн (1970-2000 ж.ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуiрi деп аламыз.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕЛІК ОЙЛАР.

Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар поэзиясында ерлік тақырыбынның басымдық алып,өз мемлекеттің тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыру жолында күрескен батырлардың ержүректігі мен қайтпас қайсарлығын жырлау ең өзекті мәселе болды.Жыраулар билеушілердің және адамдар жоқшылық дегенді білмей,молшылықта өмір сүретін қоғамның мінсіз бейнелерін жасады.Жыраулар поэзиясы ұлттық болмысымыздың қалыптасуында аса қуатты ықпалдылығымен ерекшеленеді.Мемлекетті басқарған хандардан бастап,балаға тәлім-тәрбие беретін эстетикалық есті дүниелер қалдырды.Қазақ халқы сөз өнерін киелі санайды."Сөз-сүйектен,таяқ еттен өтеді"-дейді дана халқымыз.

Жыраулар поэзиясының атасы,абызы Асан Қайғы болатын.Оның толғауларынан Қазақ хандығының құрылу дәуірінің тарихи белгілерін көреміз.

Асан Қайғының,Қазтуғанның,Доспамбеттің,Шалкиіздің,Жиембеттің,Марғасқаның,Ақтамбердінің Тәтіқараның,Үмбетейдәі,Бұқардың толғауларында қазақтың ата мекендері шығармалардың тақырыптық-идеялық,көркемдік-стильдік әртүрлі ерекшеліктеріне орай жырланады.Жыраулар поэзиясындағы жер-су атауларының ішінде Алтын Орда дәуіріндегі қазақ халқының иеленген мекендері сағынышпен,қимастық сезіммен жырланады.

Қазақ хандығының мемлекеттік құрылу дәуірінде өмір сүрген көркем сөз шеберлері-қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясының қалыптасуында Доспамбет пен Шалкиіз жыраулардың алатын орны ерекше.Доспамбет жырау поэзиясында атамекенді сүю,ардақтау,отаншылдық –патриоттық рух өте басым.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ИДЕЯЛАРЫ.

«Этнопедагогика» терминін ғылыми айналысқа алғаш енгізген профессор Г.Н. Волков еді. 1970—1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың прогрессивтiк мәнiн ғылыми тұрғыда қарастырып зерттеу iсi бiртiндеп қолға алына бастады. Халық педагогикасын кеңестiк дәуiрде ғылыми-теориялық, методологиялық жағынан жан-жақты тұңғыш зерттеушi академик Г.Н.Волков болды. Халық педагогикасын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеудiң қажеттiлiгi туралы пiкiрлер (1970—1990ж.ж. арасында) профессорлар: В.Ф.Афанасьев, В.X.Артюнун, А.Ш.Гашимов, И.Я.Ханбиков, К.Пирлиев, А.Ф.Хинтибизде, А.Э.Измайлов т.б. еңбектерiнде де айтылған болатын. Этнопедагогикалық зерттеулердiң Кеңестiк дәуiрдегi маңызы мен мәнi, қажеттiлiгi мен көкейкестiлiгi жөнiнде және оны ғылыми педагогиканың құрамдас бөлiгi деп қараудың керектiгi туралы педагог-ғалымдар: И.Т.Огородников, В.М.Коротов, А.Г.Гордина, М.Ф.Шебаевалар да кезiнде келелi пiкiрлер айтқан едi. Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерiнде XVII-XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретiнде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөлiп қарастырамыз.
Бiрiншi - XIX ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрiп, қазақтың ұлттық тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi мен салт-дәстүрлерi жайында тұңғыш зерттеу еңбектерiн жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд. т.б.) қолжазбалары десек, екiншi - XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл iстi ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, X.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни, бұл кезеңдi қазақ этнопедагогикасының ғылым ретiнде туып, қалыптасу кезеңi деп қараймыз. Үшiншi кезең - 35-40 жылдық үзiлiстен кейiн (1970-2000 ж.ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуiрi деп аламыз.

ҚОРҚЫТ АТАНЫҢ ІЗГІЛІК,ДОСТЫҚ,БОЛАШАҚ ЖАЙЫНДА АЙТҚАН ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРІ:

ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата-ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мәселелерін көтерді. Қорқыттың кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен- жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды». Қорқыт ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: «Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ. Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп серп етпе. Жер қадірін ел біледі, ер қадірін ел біледі. Құлын құдыққа түссе құрбақа құлағында ойнайды. Көп қорқытады, терең батырады. Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас, ұл атадан көрмейінше үгіт алмас. Ежелгі жау ел болмас, ескі мақта жіп болмас, қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөптің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды қумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы. Адам қанша қажетсінгенімен, ол өз үлесінен артық жей алмайды», т.б.

ҚАЗІРГІ ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ ЭТНОПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУДАҒЫ ҒАЛЫМДАРЫ:

Date: 2016-05-24; view: 1194; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию